Ф-жоокб-01/018 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Терминдер, анықтамалар мен қысқартулар



бет4/41
Дата30.06.2020
өлшемі1,47 Mb.
#74729
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Дуйсенбаева Айнур

2. Терминдер, анықтамалар мен қысқартулар

Бұл магистрлік диссертацияда келесі терминдер сәйкес анықтамаларымен пайдаланылған:


 2.1 Терминдер мен анықтамалар

Магистр

 магистратураның білім беру бағдарламасын игерген тұлғаларға берілетін академиялық дәреже.

Магистрлік диссертация

 магистранттың өз бетінше ғылыми және зерттеу жұмыстарының белгілі пәнді біліктілік саласындағы нәтижесінің қорытындысы.

Матрица

Тіктөртбұрышты сандар кестесі

Анықтауыштар

a1b2 – a2b1 екінші ретті



2.2 Қысқартулар

АӘИУ

 Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

ҚР БҒМ

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ЖООКББ

 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі

СБНЕ

─Сызықтық бағдарламалаудың негізгі есебі

ЖБӘ

─Жасанды базис әдісі

СТ

─Симплекс тәсілі

ТЕ

─Тасымалдау есебі



КІРІСПЕ
Болашақ экономистер үшін қолданбалы математиканың ең маңызды саласының бірі-математикалық бағдарламалау; ол эксремальдық есептерді зерттеуге оларды шешу әдістеріне арналған. Бұл пәнді оқу студенттерге қарапайым экономика есептерінің математикалық модельдерін құрастыруда алғашқы қадам жасауға, олардың математикалық қойылуы мен шешу әдістерін үйренуге мүмкіншілік бөледі.[1].

Бұл пән жоғаpы математика куpсынан кейін оқылуға тиiс; бұл жерде сызықтық алгебра мен шектелген өлшемді кеңістіктегі дөңес жиындар теориясының рөлі аса маңызды. Математикалық бағдарламалауды оқу кезінде алған білімін студен мамандығы бойынша экономика саласының есептерінің экономика-математикалық модельдерін құрастыру, осыдан алынатын математикалық есептерді қою, оның алгоритмін құрастыру және есептеутехникасын пайдаланып, шешімдерін табу үшін қолданады.

Қойылу шарттарына байланысты математикалық бағдарламалау есептері екі түрге бөлінеді: сызықтық бағдарламалау есептері және сызықтық емес бағдарламалау есептері.Олардың ішінде сызықтық бағдарламалау есептері жақсырақ зерттелген; олар үшін қуатты шешу тәсілдері мен ЭЕМ үшін құрастырылған қолданбалы бағдарламалар пакеттері бар. Осыған байланысты көпшілік жағдайда сызықтық есептер қарастырылып, экономика есептерінің математикалық модельдерін сызықтық бағдарламалау есебіне келтіруге тырысады. Сызықтық емесбағдарламалау есептерін шешу тәсілдері де бар; бірақ олардың өзіне тән қиыншылықтары болғандықтан оған сәйкес модельдер әзірше азырақ қолдануда.

Математикалық бағдаpламалау ғылым саласы және оқу пәні ретінде кейінірек пайда болған.Күрделі экономика есептерін шешу қажеттілігі, үйлесімді шешімдер жиынынан ең тиімдісін (оптималь) таңдау және басқалар математика мен есептеу техникасын экономика саласына енгізуге себепші болды. Бұл математикалық экономиканың немесе математикалық бағдаpламалаудың пайда болуына әкелді.[2]

Қазіргі кездегі математикалық бағдарламалау бойынша көптеген оқулықтар, оқу құралдары және басқа да әдебиеттер жарық көруде. Бірақ олардың ішінде қарапайым есеп жинақтары өте аз және республика кітапханаларында жоқтың қасы деуге болады. Бұл пәннің есептерін шешуге арналған қазақ тiлiнде оқу құралдары мүлдем жоқ. Экономика мамандықтарында оқитын студенттер мен жоғарыда аталған мәселелер туралы білім алғысы және практикалық есептерді шешуге машықтанғысы келетіндерге арналған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет