Парамнезия- (Гр para – жақын, осы арада + mneme – ес, естелік.) Жалған, қате естеліктер деген мағына береді. 4 түрі бар:
Псевдореминисценция- Науқас адам есінен жоғалған уақыт аралығын шын мәнінде, бірақ басқа уақытта болған оқиғалармен толтырады. Естің иллюзиясы деп те атайды.
Конфабуляция (латынша con + fabula -әңгімелеу, ертегі) - Науқас адам есінен жоғалған уақыт аралығын шын мәнінде болмаған, өзі шығаран оқиғалармен толтырады. Естің галлюцинациясы деп те аталады.
Криптомнезия (грекше kriptos-құпия +mneme-естелік) - Науқас адам кітаптан, түсінен немесе басқа адамдардан алған мәліметпен есінен жоғалған уақыт аралығын толықтырады.
Эхомнезия (Пиктің редуплицирлеуші парамнезиясы) - Науқас адамда осы шақта болып жатқан оқиғаға ұқсас оқиға өткенде болған тәрізді сезім туады. Déjà vu-ға қарағанда пароксизмальді қорқыныш сезімі жоқ және өткен мен қазіргі оқиға арасында тек ұқсастық сезімі бар.