Ф-мк-003/048 «Тұлғаның психологиялық денсаулығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет32/83
Дата23.05.2020
өлшемі186,17 Kb.
#70868
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83
Байланысты:
ТПД экзамен

Есту синестезиясы — кейбір адамдардың шын мәнінде ешқандай дыбыс болмаса да, қозғалатын денелер мен жарқылдардың "дыбыстарын" есту. Бұл түр Калифорниялық технология институтынан Мелисса Саэнс және Кристоф Кох атты американдық ғалымдармен ашылды.

Дәм синестезиясы — әртүрлі сөздер мен бейнелерден туындайтын адамның дәм сезуі. Мысалы, "медаль" сөзін естігенде металл дәмін сезу, сүйікті өлеңінді тыңдағанда шоколадтың дәмінің келуі және т.б.

Синестезия феномені ғылымға 300 жылдан аса уақыт белгілі. Оған деген қызығушылық XIX және XX ғасырларда өрістеді. Ол кездерде сезімдердің араласумен тек дәрігерлер ғана емес, өнер адамдары да қызықты. Міне, осылай 1915 жылы Александр Скрябиннің "Прометейінде" жарық партиясын орындау үшін арнайы музыкалық аспап даярланды. 1970-жылдарда "музыка+жарық" іспеттес концерттер өте танымал болды.

     Сенестопатия

      Бұл топқа көбіне сеэімдік танымның әр түрлі бұзылуымен сипатталатын психикалық аурулардың  симптомдары бірігеді. Бұлардың көпшілігінің пайда болуы абстрактық танымның бұзылуына айғақ болады және кей-кейде аурудың мінез -құлқының өзгеруімен байқалып отырылады. Солай болса тұрса да танымның сезімдік негізінің зақымдалуы ең алдымен осы қатардағы симптомдарды сипаттайды.

      Г и п е р с т е з и я – қалыпты жағдайда бейтарап табиғи сыртқы тітіркеніштердің қабылдағыштығының жоғарылауы. Әдетте күндізгі жарық көзді қарықтырады, қоршаған заттардың болуы әдетте айқын болып, оларды формалары ерекше анық, жарық пен көлеңке контрасты келеді. Дыбыс құлақ тұндырады, есіктің жабылуы атысқа ұқсап естіледі, қойылған ыдыстың сыңғыры адам төзгісіз болады.

      Г и п е с т е з и я – гиперстезияға қарама-қарсы кесел. Сыртқы тітіркену қабылдауының төмендеуінен бөлінеді. Маңайдағылардың бәрі анық, ашық көрінбейді, алыста, тұман арасында тұрғандай болып көрінеді. Маңайдағы заттардың бояуы солғын, жұтаң, қалқыңқы, түрінен айрылған сипатта келеді.

      С е н с т о п а т и я -  әр алуан шектен жағымсыз, ауыр сезім: буу, күйдіру, қысу, жанға бату, құю, аударылу және басқа да әсерлер дененің әр жерінен шығып жатқандай болады. Бұлардың пайда болу себептерін зерттеудің соматикалық әдістерімен айқындаудың реті келмейді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет