Ф-мк-003/048 «Тұлғаның психологиялық денсаулығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет50/83
Дата23.05.2020
өлшемі186,17 Kb.
#70868
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83
Байланысты:
ТПД экзамен

Қабылдаудың бұзылулары, түрлері.

Қабылдау бұзылыстары :

  • Иллюзия- шындығында бар объектті қате қабылдау. Психикалық иллюзия дамуының бірден бір себебі сезім мүшелерінен түсетін ақпараттың жеткіліксіздігі болып табылады. Қараңғыда жарық күнмен салыстырғанда шатасу,бір затты басқа зат ретінде қабылдау оңай. Осыған байланысты иллюзия қандай да сезім мүшесі функциясы әлсіреген адамдар да кездеседі: мысалы саңырауларда есту, көзі нашар көретіндер де көру иллюзиясы. Иллюзияда ақпарат жеткіліксіздігі елестету арқылы толықтырылады. Кейбір психоздар қорқыныш, үрей,мазасыздық жақындаған қайғы қасіретті сезінуден басталады. Ауру өзіне төнген қауіпті сезінеді істің мәні неде екенін түсіну үшін қоршаған ортаға күдікпен қарайды. Өткінші адамдардың сөз үзінділерін көше дыбысымен біріктіріп өз көңіл күйіне қатысты қабылдайды.Бұл аффективті иллюзия деп аталады, бұл кезде сандыраққа дайындық бар.
    Интерпретативті иллюзия. Шизофрениямен ауыратын науқас айнаға қарап отырып бетінің төмендегі бөлігі алға қарай қозғалатындығын қасқыр тұмсығына ұқсайтынын көреді. Парейдолиялық иллюзия бұл қоршаған орта туралы ақпарат науқас санасының фантастикалық елестерімен бұрмаланады. қалтырау жағдайындағы балада сезім мүшелеріне түскен тітіркендіргіштер бір сәтте ертегі сюжеттеріне айналады. Мысалы түсқағаздағы дақтар, қабырғалардағы жарықтар. Одан әрі науқас жағдайының ауырлауына байланысты шынайы қоршаған ортамен байланыс біртіндеп жойылады,елестер басым бола түседі. Вербальдық иллюзия - нақты өтіп жатқан айналадағы әңгімесінің мазмұнын жалған қабылдауға байланысты болады. Ауруға мүлде қатыссыз тақырыптар болса да олар өздеріне арналған айыптауларды кінәлаулар, қорқытуларды естиді.

Галлюцинациялар
Объектсіз қабылдау,жалған қабылдау. Галлюцинация кезінде науқас шын мәнінде жоқ дауыстар естіп,адамдарды көреді.Бірақ науқас олардың бар екендігіне толық сенімді. Галлюцинацияны алғаш рет Ж. Эскироль сипаттаған, ол галлюцинатты қандай да бір жоқ затты көретініне, еститініне немесе басқа жолдар мен қабылдайтынына сенімді адам деп қарастырады. Элементарлы:Дыбыс,шуыл,тарсыл,дақтар көру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет