Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Суицид әрекеті дегеніміз - саналы түрде өз өмірін қандайда бір жолдармен қиюға бағытталған, бірақ соңы өліммен аяқталмаған іс-әрекет. Өз өмірін қиюға немесе басқа мақсатқа бағытталған әрекет қайтымды немесе қайтымсыз болуы мүмкін.Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсаған барлық түрлерінің көбісі жанжал және бейберекет жайсыздықтан: үлкендердің ұрып соғу әрекетіне тап болу қорқынышы, өзінің қоршаған орта жағынан (мектептегі қиыншылықтар, достарымен қатынасы, ата-анасының елемеуі) көрініс алатын жанжал мен қарым-қатынас, тас жүректік.
Суицидке жетелейтін негізгі факторлар
1. Отбасындағы жайсыздық (түсінбеушілік, тұрмыстың төмендігі, әке-шешенің ажырасуы, ішкілікке салыну т.б)
2. Дағдарысты күйге тап болу.
3. Проблеманы ашып көрсетуден гөрі үндемей қалуды жеңіл көреді.
Мұндай жағдайда балаларда кездесетін депрессия да әсер етуі мүмкін. Балаларда депрессия - әрбір ұсақ түйекке мән беріп, айтқанды тыңдамау мен үйдегі күнделікті айқай-шу, іш пісу мен шаршағандық сезімдері, ішімдік пен есірткінің әсерінен болады. Жасөспірімдерде кризистік кезеңдер осы жағдай көптеп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |