Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет3/4
Дата21.07.2017
өлшемі0,56 Mb.
#21356
1   2   3   4

ІІ Тарау


2.1 Көркемдік тілдегі ортақ қолданыстар
Орхон ескерткіштерін арнайы зерттеген ғалымдар М.В.Стеблева, Ғ.Айдаров, М.Жолдасбеков, Қ.Өмірәлиевтер жанры жөнінде әр түрлі пікірде.

Бірі қара сөз, бірі өлең, бірі өлең мен қара сөз аралас жазылған деп бағалайды. Осының ішінде біраз толымды, дәлелді пікірді М.Жолдасбеков айтты. Ол кісі қазақтың жыр дәстүріне ұқсас екендігін нақты зерттеп, қазіргі тілге солай аударып шыққан. Біз осы аударманы пайдаландық. Енді қойнына талай сыр бүккен тастағы жазу не дейді?! Соған келейік. Жыр басы Білге қағанның ел-жұртына үндеуімен ашылады.

Тәңірідей, тәңіріден жаралған,

Түрік білге қаған

Бұл шақта отырдым,

Сөзімді түгел естіңдер:

Бүкіл жеткіншегім, ұланым,

Біріккен әулетім, халқым,

Оңында шад, апа бектер

Солында тархан, бұйрық бектер

Тоғыз оғыз бектері, халқы,

Бұл сөзімді мұқият тыңда,

Терең ұқ.

Содан соңғы ой арнасы – елдің тәуелсіздігі – бірлігі Түркі қағанатының тарихын еске түсірейік, ел есінен жаңылып, тәуелсіздік тізгінінен айырылып қалған уақыты 630-680 жылдар арасы болатын. Осы уақыттың қайғысы жырда күңіріене суреттелген.

Жырдағы оқиғаны ұйымдастырушы негізгі тұлға - Күлтегін. [24] (Х.Сүйіншәлиев)

Жырдың айтуынша, түркілердің тауғаштарға кіріптар болу себебі екі түрлі: Бірі – тауғаштардың алтын, күміс дүниесі, жібек матасына алданғаны. Оны аярсықпен беріп, жырақтағы түркілерді өзіне жақындата түсуді көксегенін түсінбеуі. Жырға назар аударайық:

Соңындағы інісі ағасындай болмады,

Ұлдары әкесіндей болмады.

Біліксіз қағандар отырған екен,

Әміршілері де біліксіз екен,

Жалтақ болған екен.
Түркілердің оның ішінде қазақтардың, ежелден намысқой халық екендігі «Жаным - арымның садағасы» дейтін мақаланын да көруге болады.

Қазақ үшін намысына тиетін сөздің ең үлкені – оң жақта әлпештеген қызының жау қолында кетуі, ата-ана моласының аяқ асты болуы, өз елін тастап, басқаның қолына кіруі. Бұрынғы қазақтар осы үш нәрседен қатты сақтанған. Тиым сөздерге мақал-мәтелдерге тиек етіп, ұлы қызының құлағына құйып, «Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деуі. Абайдың «өлген мола туған жер жібермейді» деуі сонда. Осындай дәстүрлі психология «Күлтегін» жырында да көрінеді.

Тауғаш халқына ұлдары құл болды,

Пәк қыздары күң болды.

Түркі бектер түркі атын жоғалтып,

Тауғаш бектерінің тауғаш атын тұтынып,

Тауғаш қағына бағынды,

Елу жыл ісін – күшін берді.

Түркілердің «Елді халық едім, елім қазір қайда қағанды халық едім, қағаным қайда, қандай қағанға күш-қуатымды беремін»- деп қиналғаны да жазылған. [ 19 бет] А.Қыраубаеква

Тоңұқты жыраулар қатарына қосу себебіміз: «Түркі Білге қағанның еліне арнап жаздырдым, Мен Білге Тоңұқұқ»- деуіне қарағанда, біз әңгімелеп отыған жырларды шығарушы Тоңқұқық болуы мүмкін дейді М.Жолдасбеков. Ежелден ұлы жыраулар ханның қасында отырып, ақылшы кеңесші болған. Жарыққа бірге шыққан, әрі жауынгер, әрі білікті сөз ұстаған адамдар еді. Тарихтағы Бұхар жырау, Қазтуған, Доспамбеттер де дәл осындай тұлғалар. Тоңқұқық та Елтеріс Қапаған, Білге үш ханның тұсында жебеп-жекелеген.

Тоңқұқық – сол кездегі түркі қағанатының саяси-әлеуметтік және әскери ісінің барлығы өз қолынан өткізген дана абыз.

Орхон жазбаларын оқи отырып, түрк халықтарының алғаш қалыптасу процесін, өлең жасаудың, ақындық тәсілдің әдепкі адымдарын, бұл ескерткіштерді жасаған қауымның ой-дәрежесін анық байқауға болады. Тасқа басылып, еш өзгеріссіз жеткен Орхон жазуларының осындай деректік мәні өте-мөте күшті-ақ.

Ата-бабадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ сөз өнерінің үлкен мектебі бар. Бірі - өмір жайында терең толғанатын шежіре-шешендік, философиялық данышпандық мектеп. Мұның аты сақталып, бізге жеткен түпкі атасы- Асан қайғы, одан бұл өнер ғасырлары аттап, кешегі біздің ұлы Абайдың қолына тиді. Екіншісі - өле-өлгенше көмейі күмбірлеп, жағы сембеген дария-даңғыл жыраулар мектебі. Мұның әзірге жұрт білетін түпекі арнасы – Сыпыра жырау. Оған іліктес Қазтуған, Шалкиіз, Бұқар, Майкөт жыраулар аталады. Сондай ұлықты жыраулардың ең соңғы үздігі Жамбыл мен Нұрпейіс еді.

Ал Асан Қайғы, Сыпыра жыраулардан да бұрын талай-талай ойшылдардың, ақын-жазушылардың өткендігі даусыз.

Мәселен, біз сөз еткен Орхон жазуларында немесе одан беріректегі (ІХ ғасыр) «Оғыз-нама», «Қорқыт тәрізді түрк дәуірінің әр циклды тарихи-шежіре, ерлік жырларында әлі де қалыптасып бітпеген, дараланбаған ойшылдардың, ақын-жазушылардың аттары аталады. Орхон ескерткіштеріндегі Йоллығ тегін мен Тоныкөк (ҮІІІ ғасыр), «Оғыз-намадағы» Ұлығ Түрк (ІХ ғасыр), «Қорқыт» аңыз-жырларындағы дана Қорқыт (ІХғасыр)- осы ойымыздың айқын дәлелі бола алады.

Орхон ескертікштеріндегі Тоныкөк талай ханға ақылшы болған, Күлтегіннің жорықтарына дем берген қарт данышпан ретінде көрінеді. Демек, жыраулардың ақындық өнері, ойшылдығы оларды сол тайпалық дәуірдің өзінде-ақ ел құрметіне бөлеп, ру-тайпаның ақсақалы, ақылгөйі дәрежесіне дейін көтерген. Ол дәуірдің бектері мен хандары алдағыны сол жырауларға болжатып отырған. Осы дәстүрді тіпті беріде (ХҮІІІ ғасыр) өмір сүрген Бұқар жыраудан да анық көреміз. Жорыққа шығар алдында Абылай үнемі алдағына Бұқарға жорытқан. Ол Абылайдың түсін жорып, алдағы істі көбіне дәл болжап отырған.

Тоныкөкке, дана Қорқытқа жуық бейнені «Оғыз-намадан» да көреміз. Ол – Ұлық Түрк. Ұлық Түрк те көп жасап, көпті көрген көнекөз ақылшы, батыр бастаған жорық-сапарлардың айнымас серігі. Жас шағында аттанып, жорықтан еліне қартайған шағында оралған Оғыз батырдың түсін жорып, Оғыздың тақтан тайып, тұғырдан түсетін мезгілінің жеткенін де болжайтын – сол Ұлық Түрк.

Егер аты бізге жеткен ежелгі қазақ жырауларының бәрі шетінен батыр болғандығын ескерсек, онда тапқырлығымен, болжампаздығымен, шешендігімен дараланатын Ұлық Түрк «Оғыз-наманы» тудырушы жыраудың өзі болуға тиіс.

Задында, Тоныкөк пен Асан қайғы, Сыпыра жыраулардың екі аралығындағы жеті-сегіз ғасырдай уақыт мөлшерінде де сөз өнерін дамытуға ықпал жасаған басқа да көптеген ақын-жыраулар өткендігі даусыз. Өкініші – солар әлі күнге дейін анықталмай отыр. Қазір әбден толысқан, ең озық идеялармен қаруланған бүгінгі ғылымымыздың бұрынғы өткен ойшылдарды, ақын-жырауларды анықтап, олардың шығармашылығын кеңінен зерттеп, бағалауға мүмкіндіктері толық жетеді.

Орхон жазбалары, «Оғыз-нама», «Қорқыт» тәрізді ескерткіштерден бөлек әлемдік түркология ілімі «Құдатғу білік» (ІХ ғасыр), Ахмет Яссауи, ахмет Иүгнаки, Сүлеймен Бақырғани (ХІІ ғасыр); «Мұхаббат-наме», «Жүсіп-Зылиқа», «Гүлстан» (ХІҮ ғасыр) тәрізді түрк халықтарына ортақ мәдени мұраларды, ақындарды атайды. Бұларды да арнайы зерттеу – кезектегі міндет.

Орхон ескерткіштерін оқудан, танудан зерттеуден туған ойлар, міне, осындай.

2.2 Көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстар.
Көне түркілердің шынайы көне тарихы мен тасқа қашап жазылған дастандарды өзара салыстыра отырып, Күлтегін жәдігерліктері жылнама шежіре емес, сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрінен жазылған әдебиет үлгілері деген түйін жасаймыз.

«Күлтегін» жыры әрқайсысы өз алдына дербес әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз циклдан тұрады: Әрбір цикл мазмұны жағынан бір-бір хикая болып келеді. Оның бірінші циклы – қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі; екінші циклы Түрік қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді; үшінші цикл түріктердің әскери жорықтарын хикая етеді; төртінші цикл – көршілес табғаш халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме; бесінші цикл – табғаштармен қатынасу түріктерге ажал қатерін төндіретіні жайында хикая; алтыншы цикл түркі халқының көреген емес екенін өкінішпен жырлауға арналған; жетінші цикл – түркі халқының даңқын көкке көтерген Білге қаған екендігі жөнінде айтылған жыр, сегізінші цикл – осы ескерткіш жырды жазуға себеп болған жәйттерді баяндауға арналған.

Бірінші хикаяның бірінші топтамасына талдау жасап көрейік:

1. Осы циклдің басталуы үш жол өлеңнен тұрады. Мұнда жер мен көктің және адамның жаралуы туралы әңгіме болады:

Биікте- көк тәңірі,

Төменде қара жер жаралғанда,

Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
2. Циклдың екінші бөлімінде оқиға өрістей түседі: Білге қағанның ата-бабасы адам баласы үстіне билік жүргізу үшін отырғаны екі жол өлеңде айтылады:

Адам баласы үстіне ата-тегім –

Бумын қаған, Істемі қаған отырған.
3. Осы циклдың қорытынды бөлімінде – екі жол өлеңде Білге қағанның ата-тегінің билік жүргізуі бүкіл түркі халқы үшін игілік әкелгені баяндалады:

Отырып, түркі халқының ел-жұртын

Қалыптастырған, иелік еткен.
«Күлтегін» жырының ерлікті, елдікті мадақтаған дәстүрлі қазақтың батырлық жырында өз жалғасын тапты. Мәселен, қазақтың «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» сияқты жырларында батырдың жастық шағынан бастап, өмірінің соңына дейінгі ерлік істері жырланған. Түрік қағанатының есімі мәшһүр әскери қолбасшы, даңқты батыры Күлтегіннің он алты жастан бастап, қырық жеті жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі ерлік істері эпостық сарынмен жырланады. Күлтегін тарихи адам болса да, жырда ол бейне бір аңыз қаһарманындай, ешқашан жеңілуді білмейтін батыр ретінде көрсетілген.

«Күлтегін» жыры тарихи фактілер тізбегі емес, ежелден еркіндік аңсаған түркі халқының бақытты өмір жайындағы арман-қиялын, тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы жүргізіп келген ерлік күресін, кескілескен шайқастарда қол бастаған хас батырларын жыр еткен батырлық эпосының алғашқы үлгілері деп танығанымыз жөн сияқты.

Қазақ ауыз әдебиеті бай, әсіресе ежелгі дәуірден көненің көзіндей сақталып келе жатқан дәстүрлі дастандар – батырлық жырлары көбірек дамыған деуге болады. Эпикалық шығармалар желісінде қара бастың қамы емес, халықтың мұрат-мақсаты үшін күрескен батырлар мадақталады. Қамбар батыр, Қобыланды батыр және Алпамыстың ел үшін атқарған ерлік істері, олардың туған жері, елі үшін өз басын ажалға тігуі бұл сөзімізге толық дәлел.

Түркі халықтарын сыртқы жаудан қорғау үшін «түн ұйықтамай, күндіз отырмай», тыным таппай жүрген Күлтегіннің қанды шайқастардағы ең жақын көмекшісі, оның мінген тұлпары болып көрінеді. «Ер қанаты – ат» екені «Күлтегін» жырында да айтылады. Қанды шайқастарда Күлтегін батыр өзінің жеңіске жетуінің бір себебі – астындағы тұлпары деп біледі. Күлтегін сан түрлі шайқастарда әр түрлі сәйгүлік аттарға мініп, қан майданға шығады. Небір тұлпарлар Күлтегіннің мінісіне шыдамай, бірінен соң бірі құлап жатады. Мұның өзі батырдың қыруар күш-қуат иесі екенін аңғартып тұрған сияқты. Күлтегіннің жекпе –жекке түсетін қарсыласы неғұрлым күшті, айбарлы болса, батырдың майданға мінетін сәгүлігі де соғұрлым жүйрік, даңқты болып келеді. «Күлтегін» жырында Түргеш елімен болған соғыс кең көлемде жырланған деуге болады. Бұл соғысқа Күлтегін әскері Інжу өзенінен өтіп барады. Мұнда автор Күлтегін әскерінің «аты арық, жемі жоқ еді» дейді. Бұларға қарсы шыққан жау «қорқынышты кісілер, алып кісілер болатын». Күлтегін шағын қолмен оларға қарсы барды. Жойқын соғыс ашты. Жаудан жасқанбады. Өйткені Күлтегіннің мінгені – Алып Шалшы ақ ат болатын.

Сөйтіп, «Күлтегін» жырында шығарманың басты қаһармандарының бірі ретінде батырдың жорыққа мінетін сәйгүлік аттары бейнеленген. Күлтегін соғысқа мінген Боз ат пен Торы ат, Алып шалшы мен Азман арғымақтар туралы Йоллығтегін сүйсіне жырлайды. Түрік қағанатының әскери қолбасшысы мінген сан түрлі сәйгүліктер туралы оқи отырып, қазақтың батырлық жырындағы «әр аяғы келідей, он екі құлаш Шұбар» тұлпарды, «бір өзі он екі биені» еміп өскен ат – Ғиратты, «бір төбенің шаңын бір төбеге қосатын Тайбурылды», «бір күн шапса, айшылық жолды алатын Байшұбарды» еске түсіреміз.

«Күлтегін» жырындағы сияқты қазақтың батырлық жырларында жорыққа мінетін сәйгүліктің түр-түсіне, сыртқы сипатына ерекше мән беріліп отырады.

Мәселен, «Қамбар батыр» жырында Қосай батыр мінетін Сары аттың түр-түсі егжей-тегжейлі бейнеленген. Сары атқа тіл бітіп, Қосай батырға ақыл-кеңес беріп отырады. Бұл жырда Сары ат мейілінше мадақталады:

Астындағы Сары аттың,

Көкте екенін білмеді.

Жерде екенін білмеді,

Қос қанатын салады

Қазақтың ежелгі жауларымен сан рет шайқасқа шыққан Бөген батырдың астынан да «жер тепкілеп тұрған он екі құлаш Шұбар атты» көреміз. «Бөген батыр» жырында да «қарсақ жортпас қара айдан, түлкі жортпас түлейден» желдей ағып өтетін қос қанатты Шұбар ат тек Бөген сияқты алып батырға ғана лайықты болып көрінеді.

Шұбар аттың бауыры

Қырық кездей созылды.

Шапқан жерін қарасаң,

Жер ошақ болып қазылды.

Сонымен, Орхон жазба жәдігерліктері мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы көркемдік дәстүр жалғастығын талдай келіп, төмендегідей түйін жасауға болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады. Біз сөз етіп отырған «Күлтегін» жыры тарихи тақырыпқа жазылған дастан. Соның өзінде бұл жырда қазақтың батырлық эпосына тән шынайы белгілер айқын көрініп тұрғанын аңғару қиын емес. Елдің қамын ойлаған ержүрек батырға тән басты белгілер:

- батырдың текті ортадан шығуы;

- жастайынан халық қамын ойлауы;

- өзінің ерлік бейнесін елге ерте танытуы;

- нағыз батырға лайықты тұлпар таңдауы;

- елін сыртқы жаудан қорғау үшін сан рет шайқасқа шығуы;

- батырдың шайқастарда міндетті түрде жеңіске жетіп отыруы;

- халық құрметіне бөленуі сияқты болып келеді.

Ал бұл қасиеттердің бәрі Күлтегін батырдың бойынан табылады.

«Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. Ал Қапаған қаған жөніндегі шындықты айтудың өзі Күлтегіннің беделіне нұқсан келтірер еді. «Күлтегін» жырының авторын қатты қызықтыратын нәрсе – Түрік қағанатында болып жатқан сан алуан тарихи оқиғалар емес, «іші ассыз, сырты тонсыз, бейшара, мүсәпір халықты» Күлтегін батыр қалайша дәулетті, бақытты еткенін көркем сөз арқылы жеткізу болып табылады. Күлтегін батыр өзі туралы:

Өлімші халықты тірілттім,

Жалаңаш халық тонды,

Кедей халықты бай қылдым

Аз халықты көп қылдым,- дейді.

Сонымен көне түркілердің шынайы көне тарихы мен тасқа қашап жазылған дастандарды өзара салыстыра отырып, Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері жылнама шежіре емес, сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері деген түйін жасауға болады. Әрине, көркемдік дәрежесі мейілінше жоғары, шешендік сөздері мол, көріктеу құралдары айшықты болып келетін «Күлтегін» және «Тоныкөк» сияқты ғажайып дастандардың ғайыптан, өзінен-өзі өмірге келуі мүмкін емес. Демек, бұл дастандарды жазған Йоллығтегін өзінен бұрынғы түркі поэзиясының көркемсөз дәстүрін жақсы меңгерген ақын. Басқаша айтсақ, Йоллығтегін сақтар мен ғұндар дәуірінің «Алып Ер Тоңға», «Оғыз қаған», «Атилла шу», «Көк бөрі» «Ергенекон» сияқты дастандарды үлгі тұтқан.

Ежелгі түркі жұртында қалың қол бастап, халқын сыртқы жаудан қорғаған дарабоз батырлары қайтыс болғанда бүкіл ел болып күңіреніп, аза тұтып, жүрек тебірентерліктей қасіретті жоқтау жырларын айтатын дәстүр болған. Бір адамның қайғысы бүкіл елдің қайғысына айналған. Сол арқылы ел қорғаудың киелі, қасиетті іс екені күллі қауымға жария етілген.

Қалай болған күнде де, тарихта ерлік дәуірі деп аталған ғұндар заманының ауыз әдебиеті Күлтегін, Білге қаған сияқты батырлар бейнесін жасауға өзіндік ықпал-әсерін тигізді. Әсіресе, батырдың мінген тұлпарын, асынған қару-жарағын, сүйген жарын, сағынған елін, туған жердің табиғатын суреттеу тұрғысынан ғұндар заманының эпосы бертін келе қалыптасқан Түрік қағанаты дәуірінің жазба әдебиеті үшін үлгі-өнеге болды.

Орхон жәдігерлерінің жанрлық ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келді. Бірі – Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға, ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп қарады.

Екіншісі – руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.

Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылар т.б. арасында алуан түрлі пікір таластарын тудырып келді. Ал қазір Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем туынды екеніне ешкім күдіктенбейді.

Орхон жәдігерліктерін поэзия ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі академик-жазушы М.Әуезов болды. Ол руна жазуындағы жәдігерліктердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп, былай деп жазды: «олардың мазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де соған орайлас. Күлтегін, Тоныкөк немесе Суджа жазуларында қанша адам, қанша ерлік бейнеленген десеңізші?! Оларда әралуан рулар мен тайпалардың кескілескен шайқастардың, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтардың шежіресі бар. Тіпті сол жазулардың бірталаййында Күлтегіннің ежелгі жырлардағыдай жеңілуді білмейтін батыр болғандығы баяндалады. Ол жазуларда хронологиялық тәртіп те бар.

Күлтегіннің он алты жастан қырық жеті жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі өміріндегі ерлік қимылдары баян етіледі. Мұнда батырдың жас шағынан бастап, өмірінің ақырына дейінгі ерліктерін жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік құрылысында ұқсастық бар».

Сонымен, түріктер елу жылға созылған бодандықтан құтылып, егемендігін алды. Енді түрік мемлекетінің тағына кім отыруы тиіс деген мәселе тұрды, түріктерде таққа мұрагерлік жөніндегі заң болды, ол бойынша тақты ағасы – інісіне, ал жиен нағашысына мұра етіп қалдырып отырған. Түріктер ескі заңдарында қалпына келтірді, сол бойынша Қапаған қаған болды.

Қапаған 716 ж көктемінде өз жиенінің даңққа бөленгенін қызғанып, тағуз-оғуздарға қарсы әскерін өзі бастап шықты. Күлтегін қосыны, хан ордасы, яғни Қапаған ханның әйелдері мен балаларын қорғауға қалдырылды. Осы қолайлы сәтті күтіп тұрған қарлұқтар түрік ордасына оқыстан шабуыл жасап, оларды құртып жібермек болды. Әйтсе де Күлтегін батыр қарлұқтарды тас-талқан етіп жеңіп өзін даңққа бөледі. Күлтегін ескі заңды бұзбады, қаған атағын қабылдамады, сөйтіп таққа «Білге қаған» деген құрметті атақты өз ағасы Могильянды отырғызды. Білге таққа өзінің сіңірген еңбегімен көтерілмегенін және өзі інісінің қолындағы қуыршақ екенін білді. Сондықтан да Білге Күлтегінді әскерлердің әміршісі, яғни қағанаттың нақты қожасы етіп тағайындады. Барлық ақсүйектердің арасынан тек жалғыз дана Тоныкөк қана, яғни жаңа қағанның қайын атасы ғана аман қалды.

Міне, біз айтып отырған оқиғалар – тарихи оқиғалар, яғни Қапаған қағанға қатысты деректер патша сарайындағы Күлтегін жасаған төңкеріс билік үшін болған қанды шайқастар Йоллығтегіннің тасқа қашап жазылған дастандарында мүлдем айтылмайды. Өйткені, «Күлтегін» жыры, «Тоныкөк» жыры өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған ресми тарих емес. Бұлар тарихи деректерге негізделген көркем туынды болып табылады. Соның өзінде Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі. Сөйтіп, «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырларында әдейі айтылмай қалған тарихи оқиғаларды танып білу арқылы ғана осы аталған дастандардың шын мәнін, құпия-сырын пайымдай аламыз.

Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық бейбіт орнатады. Күлтегін түркі халқын тәуелсіз етті, байлыққа кенелтті деген пікір айталады. Жырдың басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ата-баба жолын берік ұстауға шақыру болып табылады.

Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, жақсы өмір сүргенін жырлай келіп, ол жолдан тайып, дұшпаннан алданған сәттерінде:

Бек ұлдары құл болды,

Пәк қыздары күң болды,- дейді.

Жыр соңында Күлтегін өлгенде бүкіл Түркі халқы қатты қайғырып аза тұтқаны, оны жоқтап-жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көп елшілер, батырлар, тас қашайтын шеберлер, таңбашылар, бектер т.б. келгені айтылады. Күлтегін батырды жерлеуге удар-Сенгун, табғаш қағанынан – Іксиі-Лікең бастап келді. Күнбатыстағы Соғды, Бершекер, Бұхар ұлыстарының халқынан – Нең – Сенгун, Гархонұлы, «он оқ» елімен Түргеш қағаннан – Мақраш таңбашы және Оғыз Білге таңбашы, қырғыз Гардуш Чур Күлтегінді жерлеуге қатысқаны жырда зор шеберлікпен баяндалған.

«Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мамұны, композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады.

«Күлтегін» жыры тарихи фактілер тізбегі емес, ежелден еркіндік аңсаған түркі халқының бақытты өмір жайындағы арман-қиялын, тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы жүргізіп келген ерлік күресін жыр еткен батырлық эпостың алғашқы үлгілері болып табылады.

Біздің есебіміз бойынша Орхон ескерткіштері 727 жыр жолынан тұрады. Жыр жолдарының буын сандары түрліше болып келеді. 13 тен- 15 буынға дейін кездеседі.


Буындар

Үш буын

Төрт буын

Бес буын

Алты буын

Жеті буынды

8-15 буын ара-

лығы


Жыр жолдары

3

32

82

102

119

101

Пайыз есебімен

0,4

4,4

11,3

14,0

16,4

13,9

Келтірілген кестеден Орхон ескерткіштерінде жеті-сегіз буынды жыр жолдарының басымырақ екенін байқаймыз. Мұның өзі Орхон ескерткіштерін құрылыс жағынан қазақ жырларына тағы да жақындата түседі. Тегінде, Орхон жырларында өте жиі ұшырасатын: іші-тысы (ічі-тышын), ел-жұрты (ел-төрүсі), жылаған-сықтаған (йығны-сығытчы), ата-баба (ечүм-апам), ілгері-кейін (ілгерү-құрығару), атақ-даңқы (аты-күчі) тәрізді тұрақты мағыналық бірлікті білдіретін қос сөзді егіз тіркестер мен ыңғайлас мәндес синонимді сөздер тізбегі өлең жасаудың ең әдепкі тәсілдері болғанға ұқсайды. Ондай қос сөзді тіркестердің өзі кейде бір жағы мәнді, бір жағы мәнсіз (қыз-қырқын, жылаған-сықтаған, өлім-жітім тәрізді) кейде екі сыңары да мағыналы (қасы-көзі, ойда-қырда, ата-баба) болып келеді.

Біз жоғарыда Орхон ескерткіштерінің әлденеше тармақты шумақтардан тұратынын, түрліше ұйқасқа құрылатындығын ескерткен едік. Бұл бір.

Екіншіден, егер буын саны ұйқасқа нақпа-нақ дәл келіп отыру бұлжымас заң болатын болса, мұнда біз ондай қасиетті көрмейміз.

Ескерткіштегі тізбектердің өлшемі де, ұйқасы да түрліше болып, кейде ұйқаспай жатады. Күлтегінге, Тоныкөкке арналған жазуларды жырға жатқызуымыздың басты себептерінің бірі осында. Өйткені профессор Б.Кенжебаев айтқандай, “жырда өлеңдегідей өлшемнің, ұйқастың мәні соншалықты күшті емес. Жыр көп ретте сөз буынына, сөз ұйқасына емес, ой түйдегіне, ой ұйқасына, сөз ұйқасына емес, ой түйдегіне, ой ұйқасына қарай қиыстырылады. Көп жерлері, тіпті, ұйқассыз да келеді” (Б.Кенжебаев. Қазақ өлеңінің құрылысы туралы. – Алматы, 1957. 21-бет)

Ескерткіштегі үш тармақты сыңар (ааб) яки (бба) ұйқасты жыр үлгілері төмендегіше болып келеді.

“Құтым бар үчүн (а)

Үлігім бар үчүн (а)

Өлтечі будунг тірігрү ігітім (б)

Түрк будун үчүн (а)

Түн удымадым (б)

Күнтүз огурладым” (б)


Бағым болғандықтан,

Сәті түскендіктен

Өлімші халықты тірілттім

Түрк халқы үшін

Түнде ұйықтадым

Күндіз отырмадым.

Үш тармақты жыр үлгілері дәл осылай бола бермейді екен. Арагідік олардың әрбір жолы бір ғана сөзден тұратын шумақтары да кездеседі.

Мысалы:


“Сүңүсдіміз (а)

Санчыдымыз (а)

Қонун өлтүртүміз (а)

Соғыстық,

Шаныштық,

Ханын өлтірдік”

Біз келтіріп отырған шумақтардың бүгінгі поэзия тұрғысынан қарағанда тіпті өлеңге ұқсамауы да мүмкін, бірақ аталған ескерткіштің осыдан бір мың екі жүз жылдан астам уақыт бұрын жазылғандығын ескеруіміз керек.

Енді төрт тармақты жыр шумақтарына бірнеше мысал келтірейік. Олардың өзі ұйқасы буын саны жағынан да түрліше болып келеді.

1. Құл құлдығ болмыс ерті (7 а)

Күң күнліг болмыс ерті (7 а)

Інісі ечісін білмез ерті (10 б)

Оғлы қақын білмез ерті (9 б)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет