Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Жұмыс 101 бетте баяндалған. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кестелердің, суреттердің, пайдаланылған әдебиеттер көздерінің саны. Магистерлік диссертацияда 4 сурет, 16 кесте, 2 формула және 64 әдебиет қолданылған.
Негізгі сөздердің тізбесі.
Дебиторлық берешек.
Дебитор.
Қаржылық активтер.
Коммерциялық несие.
Несиелеу саясаты.
ХҚЕС.
ҰҚЕС.
ХАС.
Саудалық дебиторлық берешек.
Күмәнді талаптар.
Резерв
Аудит.
Аудит бағдарламасы.
Алаяқтық.
Талдау.
Факторинг.
Басқару.
Зерттеу өзектілігі. Қарыздық міндеттемелерді есепке алу бухгалтерлік есеп жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Негізінен, жалпы есеп, соның ішінде, бухгалтерлік есеп өзара қарыздарды есепке алудан басталған десек қателеспейміз. Қарыздық міндеттемелердің негізгі түрлерінің бірі дебиторлық берешек болып саналады.
Қазіргі таңда ҚР Үкіметі жүзеге асырып отырған шараларға қарамастан төлемеушілік мәселесі, яғни, кәсіпорын берешектері жоғары деңгейде болуда. Осыған орай кәсіпорындардың ауқымды бөлігі өз дебиторлық берешектерін өндіре алмау және соған байланысты өз міндеттемелерін өтей алмау жағдайында болып отыр.
Экономикалық мәні бойынша дебиторлық берешек бухгалтерлік бақылаудың объектісі ретінде айналым капиталының элементі болып табылады. Бұл берешек құрамына кәсіпорынға заңды және жеке тұлғалардан тиесілі сомалар жатады. Дебиторлық берешек есеп айырысуларда контрагенттермен қарым-қатынас сипатына қарай түрлі себептерге байланысты пайда болады. Көптеген кәсіпорындарда дебиторлық берешектің жалпы көлемінің басымды бөлігі сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешегі немесе халықаралық терминологияға сәйкес төленуге тиіс шоттар болып табылады. Бұл дебиторлық берешек тауарлық мәміленің туындауы мен өтелу мерзіміндегі уақыт алшақтығына байланысты объективті түрде пайда болады. Сату көлемін ұлғайту және соған байланысты өткізуден пайданы жоғарылату мақсатында қазіргі нарық жағдайында кәсіпорындар тәжірибесінде өнім мен қызмет көрсетуді қарызға немесе коммерциялық несие шартында өткізу кең тараған.
Отандық экономиканың қазіргі заманға сай дамуы кәсіпорындарға өнім мен қызмет көрсету нарығын, бизнес серіктестері мен болашақ дебиторларды таңдауда толық шаруашылық дербестік ұсынылу жағдайымен тығыз байланысты. Сондықтан да, нағыз актив ретіндегі дебиторлық берешектің кәсіпкерлік қызмет аумағында атқаратын ролі маңызды болып саналады. Активтердің жалпы құрамындағы бұл берешектің ауқымды үлесі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін төмендетіп, қаржылық залалдар шегу тәуекелін жоғарылатады. Коммерциялық несиені дұрыс әрі орынды қолдану сату көлемінің, кәсіпорынның нарықтағы үлесінің ұлғаюына және қаржылық нәтижелердің жақсаруына айтарлықтай септігін тигізеді.
Дебиторлық берешек көлеміне ішкі әрі сыртқы факторлар әсер етеді. Сыртқы факторлар болып ел экономикасы мен елдегі есеп айырысулар жүйесінің жалпы жағдайы, ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының тиімділігі, елдегі инфляция, нарық сыйымдылығы және оның қаныққандығы табылса, ішкі әсер етуші факторлар келесідей - кәсіпорынның несиелеу саясаты, дебиторлық берешекке бақылау жүргізу жүйесі, кәсіпорында дебиторлық берешекті басқарумен айналысатын менеджменттің кәсіби және іскерлік сапасы.
Дебиторлық берешекті басқару жүйесі несиелеу саясаты және мерзімі өткен немесе күмәнді дебиторлық берешектің пайда болуына қарсы шаралар кешенінен құралады.
Дебиторлық берешекті басқару жүйесін ақпараттық қамсыздандыру дебиторлар берешектері жағдайы мен онда болған өзгерістер жайында құжаттамалық мағлұматтың болуымен түсіндіріледі. Бұл мағлұмат өз кезегінде бухгалтерлік есеп жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бухгалтерлік есеп дебиторлармен есеп айырысуларды аудиттік тексерумен, дебиторлық берешек құрылымы мен динамикасын талдаумен тығыз байланысты.
Дебиторлық берешекті басқару, есепке алу, талдау және аудиттік тексеру аясындағы зерттеу нәтижелерінің қажеттілігі мазмұны жағынан шарттардың әр түрлілігіне байланысты дебиторлық берешекті бағалау мен есептік тіркеу, күмәнді талаптар бойынша резерв құру мен қолдану мәселелеріне қатысты маңызды теориялық және қолданбалы ережелердің жетіспеушілігімен түсіндіріледі. Бұл қажеттілік отандық бухгалтерлік есептің реформалануы мен қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшумен байланысты болып отыр. Қазіргі заманғы экономикадағы ықпалдастық үдерістер ақпаратқа деген қызығушылық танытатын пайдаланушылардың объективті сұранысын қалыптастырады. Ұлттық және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құрастырылған қаржылық есептілік өкінішке орай ішкі әрі сыртқы пайдаланушылар үшін дебиторлық берешек жағдайы жөнінде қажетті мағлұматты толықтай көрсетпейді.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлар, біздің ойымызша, магистерлік диссертацияның зерттеу өзектілігі мен нәтижелердің бухгалтерлік есеп тәжірибесін жетілдіру үшін қажеттілігін анықтайды.
Зерттеу мақсаты. Магистерлік диссертацияның мақсаты – дебиторлық берешекті басқару, есепке алу, талдау және аудиттік тексеруді зерттей отырып, зерттеу объектілері мен шағын және орта қазақстандық кәсіпорындары үшін нақты ұсыныстар қалыптастыру.
Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер анықталды:
кәсіпорынның қаржылық активтері құрамында дебиторлық берешекті тану белгілері мен дебиторлар жайында пайдалы ақпаратты қалыптастыру мақсатында дебиторлық берешек жіктемесін анықтау;
дебиторлық берешекті басқару механизмдерін қарастыру;
дебиторлық берешекті есепке алу ерекшеліктері мен қаржылық есептілікте ашып көрсету жағдайларын зерделеу;
күмәнді талаптар бойынша резерв құру әдістерін айқындау;
дебиторлық берешектің аудиттік тексеруін ұйымдастыру бойынша амалдарды жалпылау мен үдеріс кезеңдерін анықтау;
кәсіпорынның дебиторлық берешегін талдау арқылы оны басқарудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі. Зерттеу пәні Қазақстан Республикасында дебиторлық берешекті есепке алу, басқару, аудиттік тексеру мен талдаудың теориялық және тәжірибелік мәселелері болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде «Қазақтелеком» АҚ Қарағанды филиалының Саран Қалалық телекоммуникациялар торабы, «Қазагрэкс» АҚ Қарағанды филиалы және Өскемен қаласындағы «СЕБ Жирень» ЖШС алынған.
Зерттеу әдістері. Зерттеу негізі ретінде есепті ұйымдастыруды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері, Толпаков Ж.С., Радостовец В.В., Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А., Абленов Д.О., Брег С., Нидзл Б., Энтони Р., Рис Дж., Ван Хорн Дж. К., Ларсон Кермит Д., Уайлд Джон Дж., Чиаппетта Б., Хендрексен Э.С., Ван Бреда М.Ф., Палий В.Ф., Бернстайн Л.А., Горбулин В.Д., Фокина О.Н., Покудов А.В. секілді ТМД және шетел ғалымдарының еңбектері, сонымен қатар зерттеліп отырған сұрақтар бойынша тәжірибелік материалдар мен кезеңдік басылымдар алынған.
Зерттеу жұмысында аналитикалық, графикалық, математикалық, салыстыру, нысандау секілді жалпы ғылыми зерттеу әдістері және құжаттау, шоттар, екі рет жазу, бағалау сияқты бухгалтерлік есеп әдістері қолданылған.
Алынған нәтижелер, олардың жаңалығы, ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жұмысының жаңалығы отандық кәсіпорындарда дебиторлық берешекті басқару, есепке алу, талдау мен аудиттік тексеруде кездесетін мәселелерді шешу жолдарын анықтап, оларды тиімді пайдалануға ұсыныстар негіздеу болып табылады.
Жұмыстың кіріспесінде зерттеу мақсаты, оған жету міндеттері, өзектілігі, ғылыми жаңалығы, сонымен қатар тәжірибелік маңызы анықталған.
Диссертацияның бірінші бөлімінде қаржылық активтер құрамындағы дебиторлық берешекті ХҚЕС сәйкес тану ерекшеліктері мен кәсіпорын қызметінде оларды есепке алу, басқару мәселелерінің маңыздылығы анықталған. Дебиторлық берешекті басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін онымен жұмыс жасау барысындағы нақты іс-әрекеттер, несиелеу саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру жолдары, дебиторлық берешекпен жұмыс жасаудың оңтайлы жолдары қарастырылды.
Зерттеу жұмысының екінші бөлімінде дебиторлық берешекті есепке алу ерекшеліктері қарастырылып, оларды жетілдіру және берешек құрылымындағы өзгерістерді бақылау мақсатында зерттеу объектісіне шоттар тізбегі ұсынылған. Күмәнді талаптар бойынша резерв құрудың маңыздылығы айқындалып, оны құрудың тиімді жолдары және қаржылық есептілікте дебиторлық берешекті ашып көрсету мәселелері қарастырылды.
Магистерлік диссертацияның үшінші бөлімінде кәсіпорынның дебиторлық берешегін аудиттік тексерудің отандық және шетел ғалымдарының әдістемесі зерттеліп, ішкі аудитті ұйымдастыру аспектілері мен берешек аудитін жүзеге асыру барысында аудиторларға жиі кездесетін бұрмалаулар мен алаяқтықтардың пайда болу негіздері қарастырылды. Дебиторлық берешекті талдаудың жалпы әдістемесі қарастырылып, зерттеу объектілері берешектерінің құрамы мен құрылымына, өтімділігіне, олардың айналым құралдарындағы динамикасына талдау жасалып, зерттеу нәтижелері негізінде нақты ұсыныстар жасалған.
Диссертациялық жұмыстың қорытындысында жүргізілген зерттеулер нәтижесіне сәйкес тұжырымдар жасалған.
Диссертациялық жұмыста зерттеу барысында қол жеткізілген келесі ғылыми нәтижелер қорғауға ұсынылады:
кәсіпорындарда дебиторлық берешекті басқарудың тиімді жолдары, атап айтқанда, несиелеу саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру амалдары, дебиторлық берешекті өндіріп алу есебі жүйесін автоматтандыру, дебиторларға шоттарды берілген мерзімнен ерте ұсыну мен төлемдерді қолма-қол ақшамен өтеуді ынталандыру, түскен төлем үшін сыйақыға сату бойынша менеджерлерді төлемдердің тез түсуіне әрекет жасауға ынталандыру, төлем мерзімі өткен күннен кейінгі күні бұлжытпай дебиторға төлем туралы айту, дебиторлық берешек шоттарын диффренциациялау секілді бірнеше ережелер ұсынылған;
қаржылық есептілікте дебиторлық берешек туралы ақпаратты толығырақ көрсету қажеттілігі айқындалған, яғни, ескертулерде ашылып көрсетілетін дебиторлық және кредиторлық берешек түсіндірілуін толығырақ көрсету үшін сенімділік деңгейі, операциондық сегмент пен қызмет түрі, географиялық сегмент және қамсыздандыру бойынша дебиторлық берешек жайында есептік ақпаратты құрылымдаудың қосымша сипаттамаларын қолдану;
кәсіпорындарға күмәнді талаптар бойынша резерв құру әдістері мен қажеттілігі нақтыланған. ХҚЕС сәйкес қаржылық есептіліктегі ақпарат адал әрі шынайы болуы қажет, сондықтан да есептілікте көрсетілетін дебиторлық берешек құны шынайы болуы үшін ол құрылған резерв сомасына шегеріліп көрсетіледі;
«резерв» сөзін қазақшаға «қор» деп аударудың орынсыздығы жайында дәлелдер көрсетілген;
зерттеу объектілерінде ішкі бақылау жүйесін ұйымдастырудың қажеттілігі мен маңыздылығы айқындалған. Бұл жүйе дебиторлармен есеп айырысу операцияларын ішкі бақылаудың сенімділігі мен тиімділігін бағалауға мүмкіндік беріп, кәсіпорын ішінде ұйымішілік аудит стандарты ретінде қолданылады;
кәсіпорын есептілік мәліметтері негізінде жасалған аудиттік тексеру мен талдау нәтижесінде зерттеу объектілеріне несиелеу саясатын және «1С Бухгалтерия 8.0» конфигурациясына қосымша «Дебиторлық берешекті өндіріп алуды басқару 2.0» шешімін қолданысқа енгізу ұсынылған.
Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде жасалған ұсыныстардың тәжірибелік маңызы келесіде:
дебиторлық берешектің бухгалтерлік есебін ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету;
дебиторлық берешекті басқару механизмдерін кәсіпорын тәжірибесінде қолдану;
кәсіпорынның айналым активтерін есепке алу, аудиттік тексеру, талдау мәліметтері негізінде басқару үдерісін қазіргі заманғы жаңа тетіктерді қолдану арқылы үнемі жаңартып отыру.
Жарияланымдар туралы мәліметтер.
Шакенова К.А. Бухгалтерлік есеп аясында дебиторлық берешекті басқару механизмдері // Жаңа ұрпақ Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының қазіргі мәселелері: VI аймақтық студенттердің ғылыми-практикалық конференциясының материалдары – Қарағанды: Форма-Плюс баспасы, 2011. – 360б.
Шакенова К.А. Дебиторлық берешекті басқарудың оңтайлы жолдары // Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл толу қарсаңында ел экономикасының даму моделі: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары – Қарағанды: ҚҚЭУ, 2011. – 438б.
Файзулина К.А. Создание резерва по сомнительным долгам с учетом экологической деятельности // Зеленый бизнес: жизнь ради будущего: тезисы докладов ІІ Международной научно-практической конференции – Киів: Обріі, 2012. – 344с.
Файзулина К.А. Күмәнді талаптар бойынша резерв құрудың өзекті мәселелері // Халықаралық ықпалдастық үдерістері жағдайларында біріккен экономикалық кеңістікке мүше-елдердің ұлттық экономикаларын дамытудың келешегі: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары – Қарағанды: ҚҚЭУ, 2012. – 522б.
Объем и структура диссертации. Работа изложена на 101 странице. Диссертационная работа состоит из введения, основной части, включающая три главы, заключения и списка использованной литературы.
Количество иллюстраций, таблиц, использованных литературных источников. Магистерская диссертация включает в себя 4 иллюстрации, 16 таблиц, 2 формулы и список использованных источников из 64 наименований.
Перечень ключевых слов. Дебиторская задолженность, дебитор, финансовый актив, коммерческий кредит, кредитная политика, МСФО, НСФО, МСА, торговая дебиторская задолженность, сомнительные долги, резерв, аудит, программа аудита, мошенничество, анализ, факторинг, управление.
Актуальность темы исследования. Учет долговых требований представляет собой важнейшую часть системы бухгалтерского учета. Не будет преувеличением утверждение о том, что учет, в том числе бухгалтерский, начинался с учета взаимных требований. Одним из основных видов требований является дебиторская задолженность.
На сегоднешний день несмотря на мероприятия осуществляемые Правительством РК проблема неплатежеспособности предприятий остается одной из важнейших. В связи с этим множество отечественных предприятий не могут взыскать дебиторскую задолженность и в дальнейшем не в состоянии погасить свои обязательства.
По экономическому содержанию дебиторская задолженность, как объект бухгалтерского наблюдения – это элемент оборотного капитала. Она включает в себя суммы долгов, причитающихся организации от физических и юридических лиц. Дебиторская задолженность может возникать по различным причинам – в зависимости от характера взаимоотношений с контрагентами в расчетах. У большинства предприятий в общей сумме дебиторской задолженность преобладают или занимают максимальный удельный вес долги покупателей, заказчиков, клиентов или согласно международной терминологии – счета к получению. Данная дебиторская задолженность объективно вызвана разрывом во времени между товарной сделкой и моментом ее оплаты. Более того, с целью увеличения продаж, а, следовательно, и прибыли от продажи, обычной практикой в условиях развитого рынка является продажа без требования немедленной оплаты, то есть в долг, или на условиях коммерческого кредита.
Современное развитие отечественной экономики неразрывно связано с предоставлением полной хозяйственной самостоятельности предприятиям в выборе ими рынков сбыта продукции, товаров, услуг, а, следовательно – партнеров по бизнесу, в том числе, будущих дебиторов. Поэтому дебиторская задолженность, как реальный актив, играет достаточно важную роль в сфере предпринимательской деятельности. Слишком высокая ее доля в общей структуре субъекта снижает ликвидность и финансовую устойчивость организации и повышает риск ее финансовых потерь. Разумное же использование коммерческого кредита способствует росту продаж, увеличению доли рынка и, как следствие, положительно влияет на финансовые результаты компании.
На объем дебиторской задолженности влияют внешние и внутренние факторы. Внешними факторами являются экономика и общее состояние системы расчетов в стране, эффективность денежно-кредитной политики, инфляция, емкость и насыщенность рынка, а внутренними – кредитная политика предприятия, система контроля над дебиторской задолженностью, профессионализм и качество менеджмента компании занимающегося управлением дебиторской задолженности.
Система управления дебиторской задолженностью состоит из политики кредитования предприятия и комплекса мероприятий против появления сомнительной дебиторской задолженности.
Информационное обеспечение управления дебиторской задолженности подразумевает собой документированные знания о состоянии задолженности дебиторов и произошедших в нем изменениях, что и обеспечивается системой бухгалтерского учета. Бухгалтерский учет дебиторской задолженности в свою очередь взаимосвязан с аудиторской проверкой счетов дебиторов, анализом структуры и динамики задолженности.
Востребованность результатов исследования в области управления, учета, анализа и аудита дебиторской задолженности определяется недостаточной степенью раскрытия ряда существенных теоретических и прикладных положений, связанных с учетной регистрацией и оценкой дебиторской задолженности, возникающей на основе различных по содержанию хозяйственных договоров, а также с механизмом образования и использавания резерва по сомнительным долгам. Вышесказанная необходимость обусловлена и процессом реформирования отечественного бухгалтерского учета и перехода на международные стандарты финансовой отчетности. Интеграционные процессы в современной экономике формируют объективную потребность в информации, максимально удовлетворяющей запросам заинтересованных пользователей. Отечественная финансовая отчетность и отчетность составленная по международным стандартам, к сожалению, не содержит в достаточном объеме полезной информации о состоянии дебиторской задолженности, необходимой внутренним и внешним пользователем.
Указанные выше обстоятельства предопределяют, на наш взгляд, актуальность данного исследования и полезность его результатов для совершенствования практики современного бухгалтерского учета.
Цель исследования. Цель магистерской диссертации – разработка рекомендаций для объектов исследования и субъектов малого и среднего бизнеса Казахстана путем исследования вопросов управления, учета, анализа и аудита дебиторской задолженности.
Для достижения поставленной цели определены следующие задачи:
определить классификацию дебиторской задолженности для целей признания дебиторской задолженности в составе финансовых активов предприятия и формирования полезной информации о состоянии дебиторов;
рассмотреть механизмы управления дебиторской задолженностью;
изучить особенности учета дебиторской задолженности и особенности раскрытия в финансовой отчетности;
рассмотреть методы создания резерва по сомнительным долгам;
обобщить способы организации аудита дебиторской задолженности на предприятии, а также определить этапы процесса аудиторской проверки;
определить эффективные способы управления в результате анализа дебиторской задолженности.
Объект исследования. Предметом исследования является комплекс теоретических и практических вопросов управления, учета, аудита и анализа дебиторской задолженности.
Объектами исследования являются Карагандинский филиал АО «Казахтелеком» Саранский городской узел телекоммуникаций, Карагандинский филиал АО «Казагрэкс», ТОО «СЕБ Жирень».
Методы исследования. Теоретической и методологической основой исследования послужили законодательные и нормативные акты Республики Казахстан, регулирующие организацию учета и аудита, работы известных отечественных и зарубежных ученых, таких как Ж.С.Толпакова, В.В.Радостовца, К.К.Кеулимжаева, Н.А.Кудайбергенова, Д.О Абленова, С.Брега, Б.Нидлза, Р.Энтони, Дж.Риса, Дж.К.Ван Хорна, Д.Ларсон Кермита, Дж.Джона Уайлда, Б.Чиапетты, Э.С.Хендриксена, М.Ф.Ван Бреды, В.Ф.Палия, Л.А. Бернстайна, В.Д.Горбулина, О.Н.Фокина, А.В.Покудова, а также периодические издания и практический материал по исследуемым вопросам.
В работе использованы такие общенаучные методы исследований, как аналитический, графический, математический, сравнение, формализация, а также методы бухгалтерского учета: документация, счета, двойная запись, оценка.
Полученные результаты, их новизна, научная и практическая значимость. Научная новизна исследовательской работы заключается в определении и решении комплекса проблем связанных с управлением, учетом, анализом и аудитом дебиторской задолженности.
Во введении работы определены цель исследования, задачи по ее достижению, актуальность, научная новизна и их практическая значимость.
В первой главе диссертационной работы рассмотрены особенности признания дебиторской задолженности в составе финансовых активов по МСФО, а также определены значимость учета и управления этим активом в деятельности предприятия. Рассмотрены мероприятия связанные с совершенствованием процесса управления задолженностью, разработка и пути осуществления на предприятии кредитной политики, оптимальная работа с дебиторами.
Во второй главе раскрыты проблемы учета дебиторской задолженности и пути совершенствования. С целью контроля за структурой и состоянием дебиторской задолженности объекту исследования предложено древо счетов. Определены значимость и методы создания резерва по сомнительным долгам, а также выявлены проблемы раскрытия в финансовой отчетности.
В третьей главе диссертационной работы были изучены методики проведения аудиторской проверки дебиторской задолженности отечественных и зарубежных ученых. Рассмотрены аспекты организации на предприятии внутреннего аудита и причины появления ошибок и мошенничеств, встречающихся аудиторам при аудите задолженности. На основе изучения общей методики анализа был проведен анализ состава и структуры, ликвидности дебиторской задолженности на исследуемых объектах и на основе его результатов были сформулированы конкретные рекомендации.
В заключении диссертационной работы сделаны соответствующие выводы по результатам проведенного исследования.
Выноситься на защиту следующие научные результаты, полученные в ходе диссертационного исследования:
рекомендованы наилучшие пути и механизмы управления дебиторской задолженностью на предприятиях. Это формирование на предприятии кредитной политики и пути ее реализации, автоматизация учета взыскания дебиторской задолженности, раннее выставление повторяющихся счетов, изменение условий выплаты комиссионных, поощрение оплаты кредитными картами, предоставление скидок за раннюю оплату, дифференцирование счетов;
разработаны положения для раскрытия информации о дебиторской задолженности в финансовой отчетности. Для этого рекомендуется в примечаниях финансовой отчетности при раскрытии дебиторской и кредиторской задолженностей дополнительно учитывать такие факторы как, операционные сегменты и вид деятельности, географический сегмент, степень надежности и дополнительные критерии по структурированию учетных данных по уровню обеспеченности дебиторской задолженности;
обоснованы необходимость и методы создания резерва по сомнительным долгам. В соответствии с МСФО информация финансовой отчетности должна быть справедливой и надежной, поэтому для достижения правдивой и надежной себестоимости дебиторской задолженности в отчетности следует ее корректировать на сумму созданного резерва по сомнительным долгам;
приведены аргументы о неаутентичности перевода термина «резерв» на казахский язык;
обоснованы необходимость и значимость организации системы внутреннего контроля на предприятии. Эта система даст возможность оценить надежность и эффективность внутреннего контроля над расчетными операциями с дебиторами, а также может использоваться в организации как внутрифирменный стандарт аудита;
на основе результатов аудита и анализа рекомендовано объектам исследования организовать на предприятии кредитную политику и использовать в хозяйственной деятельности модификацию «Управление взысканием дебиторской задолженности 2.0» дополнительно к конфигурации «1С:Бухгалтерия 8.0».
Практическая значимость рекомендаций, выработанных в результате проведенного исследования заключается в следующих аспектах:
обеспечение соответствия учета дебиторской задолженности национальным и международным стандартам;
использование на предприятиях механизмов управления дебиторской задолженностью;
на основе данных учета, аудита, анализа оборотных активов предприятия своевременно совершенствовать процесс управления путем использования современных решений, таких как кредитная политика и политика взыскания дебиторской задолженности, положения по работе с дебиторами и правила ведения управления над дебиторской задолженностью.
Сведения о публикациях:
Шакенова К.А. Механизмы управления дебиторской задолженностью в системе бухгалтерского учета // Новое поколение и современные проблемы экономического развития Республики Казахстан: Материалы VI региональной студенческой научно-практической конференции – Караганда: изд-во Форма-Плюс, 2011. – 360 с.
Шакенова К.А. Оптимальные пути управления дебиторской задолженностью // «Модель развития экономики страны на пороге 20-летия независимости Республики Казахстан» материалы международной научно-практической конференции – Караганда: КЭУК, 2011. – 438 с.
Файзулина К.А. Создание резерва по сомнительным долгам с учетом экологической деятельности // Зеленый бизнес: жизнь ради будущего: тезисы докладов ІІ Международной научно-практической конференции – Киів: Обріі, 2012. – 344с.
Файзулина К.А. Актуальные проблемы создания резерва по сомнительным долгам // Перспективы развития национальных экономик стран-участниц ЕЭП в условиях международных интеграционных процессов: Материалы международной научно-практической конференции – Караганда: КЭУК, 2012. – 522с.
The desertational work volume and structure : The desertational work consist of an introduction ,three chapters, a conclusion, a list of used bibliographies and also additions..The are 101 pages in it.
The number of tables, pictures, bibliographies, used in this work: 4 pictures, 16 tables, 2 formulas and 64 bibliographies have been used to create this work.
The list of keywords. Accounts receivable, debtor, financial assets, commercial loans, credit policy, IFRS, NSFR, ISA, trade receivables, doubtful debts, provision, audit, audit program, swindle, analysis, factoring, management.
Relevance of research topic. Accounting for debt is a critical part of the accounting system. There will be no exaggeration to say that the accounting begins with a consideration of mutual debts. One of the main types of debt is a receivable.
On the day for today in spite of the measures implemented by the Government of The Republic of Kazakhstan problem of insolvent companies is one of the most important. In this regard, many domestic enterprises can not collect accounts receivable and will not be able to repay their obligations.
On the economic content of accounts receivable, as an object of accounting surveillance - is an element of working capital. It includes the amount of debt owed to the organization from individuals and legal entities. Accounts receivable may occur for various reasons - depending on the nature of relationships with contractors in the calculations. The majority of enterprises in the total amount of accounts receivable is dominated or hold a maximum share of debt buyers, customers, clients, or as an international language - accounts receivable. This receivable is objectively caused by a break in time between the commercial transaction and the time of payment. Moreover, in order to increase sales and, consequently, profits from the sale, the usual practice in a developed market is the sale without requiring immediate payment, that is in debt, or on the basis of commercial credit.
The modern development of the domestic economy is inextricably linked with the provision of a complete economic independence of enterprises in the choice of markets for products, goods, services, and therefore - business partners, including future receivables. Therefore, accounts receivable, as a real asset that plays an important role in business. Too high, its share in total business entity reduces liquidity and financial stability of the organization and increases the risk of financial loss. Judicious use of the same commercial loan helps to increase sales, increase market share and, consequently, a positive effect on financial results.
The volume of receivables influenced by external and internal factors. External factors are the economy and the general condition of the settlement system in the country, the effectiveness of monetary policy, inflation, capacity and market saturation, and internal - the credit policy of the company, the system of control over receivables, professionalism and quality management company engaged in management of accounts receivable.
The control system consists of receivables from the credit policy of the company, and a set of measures against the occurrence of doubtful receivables.
Information security management of accounts receivable involves a documented knowledge about the state debt and the debtors have taken place in it changes, and ensures that the accounting system. Accounting receivable, in turn, correlated with the audit of accounts receivable, analysis of the structure and dynamics of the debt.
The demand for research results in management, accounting, analysis and audit of accounts receivable is determined by the degree of lack of disclosure of a number of significant theoretical and applied the provisions relating to registration and assessment of receivables arising from different content economic agreements, as well as to the mechanism of formation and reliance on provision for doubtful debts. The above is due to the need and the process of reforming the national accounting and the transition to international accounting standards. Integration processes in the modern economy form an objective need for information, as satisfying the needs of interested users. Domestic financial statements and reports compiled by international standards, unfortunately, is not sufficient to content useful information on the status of accounts receivable, the necessary internal and external users.
The above conditions determine, in our view, the relevance of this study and the usefulness of its results to improve the practice of modern accounting.
The research purpose: The purpose of the desertational work - development of recommendations for research facilities and small and medium-sized businesses in Kazakhstan by examining issues of governance, accounting, analysis and audit of accounts receivable.
Following duties were defined to achieve the purpose:
to determine the classification of receivables for the purpose of recognition of a receivable in the financial assets of the enterprise and the formation of useful information on the status of debtors;
to consider the mechanisms for managing accounts receivable;
explore the features of the accounts receivable and features of the disclosure in the financial statements;
to consider methods of making provision for doubtful debts;
summarize ways of organizing an audit of accounts receivable in the enterprise, as well as to determine the stages of the audit;
identify effective ways to manage through the analysis of accounts receivable.
The object of the study. The subject of this study is a set of theoretical and practical issues of management, accounting, auditing and analysis of accounts receivable outstanding.
The objects of research - Karaganda branch of JSC "Kazakhtelecom" the city of Saransk telecommunicationsnode, Karaganda branch of JSC "Kazagreks", LLP "SEB Zhiren".
Research methods. Theoretical and methodological basis of the study served as a legislative and regulatory acts of the Republic of Kazakhstan governing the organization of accounting and auditing work of famous domestic and foreign scholars, such as Zh.S.Tolpakov, V.V.Radostovets, K.K.Keulimzhaev, N. Kudaibergenov, D.O Ablenov, S.Bragg, B.Needlze, R. Anthony, Dzh.Rees, Dzh.K.Van Horn, D.Larson Kermit, Dzh.Dzhon Wilde, B.Chiapetty, E.S.Hendriksen, M.F.Van Breda, V.F.Paliy, L,A, Bernstein, V.D.Gorbulin, O.N.Fokina, A.V.Pokudov, as well as periodicals and practical material to the issues under investigation.
We used scientific methods of research such as analytical, graphical, mathematical, comparison, formalization, and the methods of accounting: documentation, invoices, double-entry assessment.
The received results, their novelty and scientific and practical importance. Scientific novelty of the research is to identify and address the complex issues related to management, accounting, analysis and audit of accounts receivable.
The introduction of the defined purpose of the study, the task of achieving it, the relevance, novelty, and their practical significance.
In the first chapter of the thesis describes the features of recognition of receivables as part of the financial assets under IFRS and identified the importance of accounting and management of this asset in the enterprise. Discuss activities related to improving the process of debt management, development and the implementation of monetary policy in the company, best work with the debtors.
The second chapter of the problems uncovered accounts receivable, and ways to improve. In order to control the structure and state of the accounts receivable facility studies suggested the tree account. Identified the importance and methods of making provision for doubtful debts, as well as the problems identified in the disclosure of financial statements.
In the third chapter of the thesis have been studied methods of conducting the audit of accounts receivable of domestic and foreign scholars. The aspects of the organization at the enterprise internal audit and the basis of errors and fraud, the auditors found in the audit of debt. Based on the study of the general method of analysis was the analysis of the composition and structure, liquidity, a receivable on the study sites and on the basis of the results were formulated specific recommendations.
In conclusion, the thesis conclusions are made based on the results of the study.
Imposed to protect these scientific results obtained during the dissertation research:
recommended best ways and mechanisms for management of accounts receivable in the enterprise. This formation of the company credit policy and the ways of its implementation, the automation of account receivable collection, early exposure recurring invoices, change the conditions of payment of commission, promotion of payment by credit cards, discounts for early payment, the differentiation of accounts;
developed provisions for disclosure of receivables in the financial statements. To do so, in the footnotes of financial statements in the disclosure of accounts receivable and payable in addition take into account such factors as the operating segments and the type of activity, geographical segment, the degree of reliability and additional criteria for the structuring of user data on the supply level of accounts receivable;
justified the need for and methods of making provision for doubtful debts. In accordance with the IFRS financial reporting information should be fair and reliable, so in order to achieve accurate and reliable value of accounts receivable in the accounts it should be adjusted to the amount of the provision for doubtful debts;
are arguments against the transfer of the term "reserve" in the kazakh language;
justified the need for and methods of making provision for doubtful debts. In accordance with the IFRS financial reporting information should be fair and reliable, so in order to achieve accurate and reliable value of accounts receivable in the accounts it should be adjusted to the amount of the provision for doubtful debts;
on the basis of audit results and analysis of objects of study is recommended to organize the company to use the credit policy and economic activity in the modification of "Managing the recovery of accounts receivable 2.0" in addition to the configuration of "1C: Accounting 8.0."
The practical importance of the recommendations made as a result of the study lies in the following aspects:
ensuring compliance with the accounts receivable of national and international standards;
the use of control mechanisms in enterprises accounts receivable;
on the basis of accounting, auditing, analyzing current assets of the enterprise in a timely manner to improve the management process through the use of advanced solutions, such as credit policy and debt collection policy, provisions for working with debtors andrules of control over the accounts receivable.
The information about publications:
Shakenova K.A. Mechanisms for management of accounts receivable in the accounting system // The new generation of contemporary issues and economic development of Kazakhstan: Proceedings of the VI Regional Student Scientific Conference - Karaganda: Publishing House of the form-Plus, 2011. - 360 p.
Shakenova K.A. The best way to manage accounts receivable // The model of the economy on the eve of the 20th anniversary of independence of the Republic of Kazakhstan: Materials of the international scientific conference - Karaganda: KEUK, 2011. - 438 p.
Faizulina K.A. Provision for doubtful debts based environmental activities // GreenBusiness: Life for the Future: Proceedings of the II International Scientific Conference -Kiіv: Obrіі, 2012. – 344p.
Faizulina K.A. Actual problems of creation of provision for doubtful debts // Prospects for the development of national economies of the countries participating in the EEA international integration processes: Proceedings of the International Scientific Conference - Karaganda: KEUK, 2012. – 522p.
Достарыңызбен бөлісу: |