БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
58
Тіпті оларды еңсере алмайтындай боламыз. Кейде адам – кішкентай қайық, ал сезімдер –
қайықты ары-бері лақтыратын дауыл сияқты болады. Оқушыларға «қайықтарын» тиісті түрде
бағыттау үшін психолог болып, сезімдерді жан-жақты зерттеуді ұсыныңыз. Себебі бір нәрсені
жақсылап түсіну үшін оны жақсылап меңгеру керек. Қазір барлық оқушыларда өз сезімдер
әлемімен жұмыс істеу мүмкіндігі туады.
Алдымен оқушылар сезіп көрген сезімдерді таңдап, олардың астын бір сызықпен сызады. Жиі
сезетін сезімдердің астын екі сызықпен сызады. Бәрі дайын болғанда келесі кезеңге өтіңіз.
Олар жиі сезінгісі келетін сезімдерді дөңгелектеп, ал ешқашан сезінгісі келмейтіндерді мүлдем
сызып тастасын.
Бәрі тапсырманы орындағаннан кейін сөздіктегі кейбір сезімдер фаворит, кейбірі – аутсайдер
екендеріне оқушылардың назарын аударыңыз. Өмірде адамдардың бәрі сезінгісі және аулақ
болғысы келетін сезімдер болатынын айтыңыз. Мұны қоғам да қолдауы мүмкін, яғни сезімдер
әлеуметтік тұрғыдан мақұлданған және әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз болады. Түрлі
қоғамдарда бұл санатқа түрлі сезімдер түсуі мүмкін.
Оқушыларға топ сезімдерінің рейтингін жасауды ұсыныңыз.
Ол үшін әр сезім қанша қолдайтын, қанша қарсы дауыс жинағанын санаңыз. Соның негізінде
3 ең қалаулы және 3 ең жағымсыз (қабылданбайтын) сезімдерді анықтауға болады.
Әр оқушының пікірін ескеру маңызды. Себебі біреу үшін жалғыздық қалаулы сезім болса,
басқасы оны қабылдағысы келмеуі мүмкін.
«Сезімдер сөздігімен» жұмысты қорытындылаңыз.
Оқушыларды топтардың сезімдер
рейтингімен таныстырыңыз. Адамдар өз сезімдеріне түрліше қарайтынын атап өткен жөн. Бір
адам әлдебір сезімді ұнатса, екіншісі ұнатпай, одан бас тартуы мүмкін. Нәтижелерін
оқушылармен талқылаңыз. Олар жаңа нәрсе үйренді ме? Оларды не таңғалдырды?
Достарыңызбен бөлісу: