БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
59
Мысалы:
Пайдасы
Зияны
Қорқыныш
Ойланбай әрекет етуден қорғау
Қауіп-қатер туралы ескерту
Қалайтын нәрсені істей алмайсың
Еркіндікті шектейді
Қуаныш
Күш-қуат береді
Өмірді қызықты қылады
Кейде қажетті нәрсемен айналысуға
кедергі келтіреді
Қайғырып отырған адамның қасында
қуанып жүрсең, оны ренжітіп алуың
мүмкін
Нәтижелерін оқушылармен бірге талдаңыз.
Оларды не таңғалдырды? Олар үшін жаңалық болған нәрсе бар ма? Барлық сезімдер пайдалы
ма? Несімен пайдалы?
«Сезімдер туралы ертегі» жаттығуы
Уақыт: 5 минут
Процесі:
Мұғалім: «Қазір сендер ойларыңнан ертегі құрастырасыңдар. Барлықтарың өмірде бақытты,
қуанышты, мейірімді, көңілді болғыларың келетін шығар. Ертегі құрастырайық. Оның
кейіпкерінің әрдайым жолы болсын. Оған Сезімдер сөздігінен алынған қалаулы сезімдерді
береміз. Бірақ бір шарт бар – кейіпкеріміздің одан басқа сезімдері болмайды».
Оқушыларға Сезімдер сөздігінен қалаулы сезімдерді естеріне түсіруді ұсыныңыз. Кейіпкерге
ат қойып, сезім беріңіз.
Ертегіні өзіңіз айта бастаңыз, сюжеттің бағытын анықтаңыз. Мысалы: «Баяғыда Әлішер деген
бала болыпты. Ол тек махаббат, қуаныш пен рақатты ғана сезініпті. Бір күні ол…»
Оқушыларға ертегіні шеңбер бойынша (немесе қалаулары бойынша) жалғастыруды
ұсыныңыз. Кез келген жағдайда ертегі кейіпкері белгілі бір сезімдерді ғана сезеді (махаббат,
қуаныш пен рақат). Жаттығу көңілді сарында өтеді. Топ сюжетті қуана-қуана дамытып,
Әлішерге түрлі жағдайлар ойлап табады, онда кейіпкеріміз үшін жағымды сезімдер ғана
қолжетімді болады. Негізінен ол жағдайлар күлкілі, бірақ кейде қайғылы да болуы мүмкін.
Ертегіден кейін оқушылардан Әлішер шектеулі сезімдермен қалай өмір сүргенін сұраңыз.
Айналасындағы адамдар қалай өмір сүріпті? Себебі біздің сезімдеріміз басқаларға да әсер етеді
ғой. «Қалаулы» сезімдерді ғана сезіну оған көмектесті ме? Пайдалы әрі зиянды сезімдер бола
ма? Әлішердің орнында кім болғысы келер еді?
Достарыңызбен бөлісу: