Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет49/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

«Екі сезімдер әлемі» жаттығуы 
Уақыт: 10 минут 
Материалдар:
жұмыс дәптері 
Процесі: 
«Сезімдер сөздігі» және сезімдер рейтингі туралы ақпаратты оқушылардың естеріне түсіріңіз. 
Кез келген қоғамда «тыйым салынған» сезімдер болады, оларды әдетте «жаман» деп атайды. 
Ондай сезімдерді ашық білдіруге, тіпті өз бойыңда бар екенін мойындауға болмайды. 
Әлеуметтік тұрғыдан қабылданатын және әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз сезімдерден басқа
жеке сезімдер де болады. Әдетте оларды көпшілік алдында көрсеткің келмейді. Оны көрсетсек 
те, жақын адамдарымызға ғана немесе өмірдің нақты кезеңдерінде ғана көрсетеміз. Бірақ көп 
жағдайда ішімізде сақтаймыз. Ол «су асты сезімдер әлеміміз» болып табылады. Оқушыларға 
осы су асты әлемге сапар шегуді ұсыныңыз: онда қандай құпия әрі зерттелмеген нәрсе бар? Ал 
қандай сезімдер «су үстінде» болады, неге оларды көпшілік алдында көрсету оңай? 
Біз «су асты және су үсті әлемдері» деген метафораны таңдадық, себебі ол жұрт алдында оңай 
көрсететін және көрсетпеуге тырысатын сезімдерімізге сәйкес келеді.
Оқушылар өздерін тыңдап, белгілі бір себеппен көрсеткісі келмейтін сезімдерін еске түсірсін. 
Сонымен қатар, оңай көрсететін сезімдерін еске түсірсін. 
Оқушылар өздеріне жайлы кез келген орынға барып, онда орындық қойып отыруларына 
болады. Бәрі өз орындарын тапқаннан кейін жұмыс дәптерінің ___ бетін (№ алдын ала қараңыз) 
ашуды ұсыныңыз, онда парақ үстіңгі және төменгі бөлікке бөлінген. Үстіңгі бөлігінде «су үсті» 
әлемі болса, астыңғысында «су асты» әлемі болады. Жаттығуды орындау үшін жеткілікті 
уақыт беріңіз. 
Бәрі дайын болғанда оқушылардан қандай сезімдері қай әлемде екенін сұраңыз. Бұл ретте 
оқушылар нәтижелерімен бөлісуге дайын болуы тиіс.
Мынадай сұрақтар қойыңыз: 
-
Қандай сезімдерді жасырып, қандай сезімдерді айтқымыз келеді? 
-
Қандай сезімдер басым? 
-
Екі әлемдегі сезімдердің айырмашылықтары қандай? 
Оқушылар сезімдердің не үшін керек екені, оларды не үшін білдіретініміз туралы ойлансын. 
Еріктілерге ойларын білдіруге мүмкіндік беріңіз. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
62 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет