Факультеті: Жаратылыстану Мамандығы: Химия-биология Орындаған 1507-22 тобының студенті: Кадырбек Алуа Қабылдаған



бет5/9
Дата28.09.2023
өлшемі62,96 Kb.
#182951
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Кадырбек Алуа 1507-22 Психология (1)
fiz okity
Басқару психологиясы адам әрекетін тиімді түрде ұйымдастыру басшылық ету ретінде қарастырылып, ұйымдастырудың белгілі бір мақсатын шешуге бағытталады. Сонымен қатар, басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап тілектерін ескеру, басшы қызметкердің тұлғалық қасиеті мен басқару тәсілін дұрыс жолға қою мәселелерін қарастырады.
Көркем, әдебиет пен ғылыми шығармашылыққа қатысты психология. Соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшелктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы ішкі түйсігі, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Бұл сала бойынша әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары туралы мәселелер қарастырылады.
Психологиялық аспектілерді қазіргі замандағы маңызды мәселелер ішінен (бейбітшілікті сақтау үшін күрес, қоршаған ортаны қорғау, ғарышты меңгеру және т.б.); адамдардың күнделікті өмірдегі сауалдардан(тұлғалар арасындағы дау-дамайларды шешу, эмоционалдық күйден шығару және т.б.) байқауға болады. Бұл табиғи құбылыс өйткені бұл мәселелер қалайда болмасын адамға қатысты, мұндай кезде бізді алдымен оның психикасы қызықтырады.
Жалпы психология салаларының ішінен ерекше орын алатынын айта кеткен жөн. Ол басқалармен бір қатарда тұратын психология ғылымының тармағы емес: бұл – психология айқындаған жалпы заңдылықтарды сипаттау кезінде қолданылатын ерекшк атау. Психологияның тарихы мен әдістемелерінің психикалық құбылыстыардың пайда болуының, дамуының және байланысының жалпы заңдарын зерттейтін теориялары мен әдәстерінің мәселелерін шешу жалпы психологияның міндеттеріне жатады. Ол танымдық және практикалық әрекеттерді зерттейді. Жалпы психология саласындағы зерттеудің нәтіжесі – психология ғылымының барлық саласы мен бөлімдерінің дамуына негіз болады.
Жалпы психология, пәні психологияның жалпы теориялық ұста-нымдары мен маңызды әдістері туралы ғылыми ұғым береді. Қарастыруға ыңғайлы болу үшін, бұл ұғымдар үш негізгі дәрежелерге біріктіріледі: психикалық үрдістер, психикалық күйлер және психикалық қасиеттер, немесе ерекшеліктер, тұлғалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет