Факультеті: Жаратылыстану Мамандығы: Химия-биология Орындаған 1507-22 тобының студенті: Кадырбек Алуа Қабылдаған



бет1/9
Дата28.09.2023
өлшемі62,96 Kb.
#182951
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Кадырбек Алуа 1507-22 Психология (1)


Факультеті: Жаратылыстану
Мамандығы: Химия-биология
Орындаған 1507-22 тобының студенті: Кадырбек Алуа
Қабылдаған: Паримбай Г.
Психология пәні
1. Психологияның теориялық және қолданбалы міндеттері
2. Психология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері.
3. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.
4. Психологияның негізгі салалары.
5. Психологияның әдіснамалық принциптері.
6. Психологияның зерттеу әдістері.

Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрәкеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып-үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы он жылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмприкалық мәлметтермен толығуда. Б.Ф.Ломов «Психологияның әдіснамалық және теориялық проблемалары» деген еңбегін қазіргі кезеңдегі ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта «психология ғылымының әдіснамалық мәселелерін және оның жалпы теориясын өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда» деп атайды.


Психология зеттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі – сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттері, үрдістерді қамтиды. Бұл құбылыстардың кейбіреулері жеткілікті зерттелген ал басқаларын сипаттау қарапайым бақылаулуарды тіркеумен ғана шектеледі. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау – теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де және т.б. кіреді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер пайда болады. Егер теориялық зерттеу айқындамаған әдістемелік принципке сүйенсе, онда теорияляқ білімнің эмприкалықпен алмастырылуының қаупі туады.
Психикалық құбылыстардың мағынасын түсінудегі диалектикалық материализм дәрежесінің рөлі маңызды болады. Б.Ф.Ломовтың аталған еңбегінде психологиялық ғылымдардың негізгі дәрежелері анықталып, олардың жүйелік өзара байланысы, әрқайсысының жалпыға ортақтығы, сондай-ақ бір-біріне келтірілмейтіндігі көрсетілген. Психологияның төмендегідей негізгі дәрежелері бөлініп айтылған: бейнелеу дәрежесі, сондай-ақ жалпыламалық деңгейі боцынша дәрежеге теңелетін ұғымдар бұл «әлеуметтік» және «биологиялық» ұғымдар. Адамның әлеуметтік және табиғи қасиеттерінің объективтік байланыстарын, әлеуметтік және биологиялық дерминанттарының даму барысындағы қатынасын анықтау – ғылымның күрделі міндеттерінің бірін білдіреді.
Алдыңғы он жылдықтағы психология пәнінің теориясы басым болғаны белгілі. Оның қазіргі уақыттағы қоғам өміріндегі рөлі қарқынды түрде өзгерген. Ол өнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медецинадағы, мәдениеттегі, спорттағы, білім беру жүйесіндегі және т.б. ерекше кәсіби практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды практикалық міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларын да маңызды өзгеріске ұшыратады. Шешілуші психологиялық кұзырды талап ететін, факторының рөлінің көтерілуімен анықталатын мәселелер қоғам өмірінің барлық салаларында әр түлі түрде пайда болады. «Адам факторы» деп адамдардың нақтылы әрекеттерінен көрінетін адам бойындағы әлеуметтік-психологиялық, психологиялық және психо-физиологиялық қасиеттердің кең шеңберін түсінуге болады. Бұл жерде біз психология алдына қоғамдық тәжірибе (олардың саны көп, өйткені адам бар жердің бәрінде шешілуі «адам факторын» қажет ететін мәселелер бар) қойып отырған бәрлық міндеттерді атап айтпаймыз, бала психикасының дамуын түсінудегі психологияның маңыздылығына қысқаша тоқталамыз. Халық ағарту жүйесінің барлық қатарларына (мектепке дейігі білім беру, орта, жалпы білім беру мектебі, арнайы орта білім беру, жоғары мектеп) психологияға тиісті мәселелер туады. Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелдей дерлік – тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап, психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік заңдылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы, қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор.
Психология ғылыми шешетін қолданбалы мәселелердің рөлін қоғамының мойындауы білім беру мекемелерінде тармақталған психологиялық қызметті қалыптастыру идеясына әкелді. Қазіргі уақытта мұндай қызмет өзінің дайындалу, даму кезеңінен өтуде және ғылым мен оның нәтижелерінің тәжірибеде қолданылуы арасындағы байланыстырушы қатар болады деп ойластыруда.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет