Даму принципі
Дамудың дәрежесі, философия негізі бола тұрып, психология ғылымының ұғымдар жүйесінде де жетекші болып саналады. Даму идеясы психологияға Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен енді және баланың, ал кейінірек ересек адамның психологиясының қалыптасуына енгіз болды. Рубинштейн былыай деп жазды: “Психиканың дамуы біз үшін – зерттеудің тек қызықты саласы болып қана қоймай, сонымен қатар психологияның барлық мәселелерін зерттеудің әдісі немесе жалпы принципі де болды. Енді барлық құбылыстардың заңдылықтары олардың дамуында, олардың қозғалуы және өзгеруі, пайда болуы және жойылуы үрістерінде ғана танылады”.
Психология үшін даму принципі ерекше маңызды, өйткені ол зерттейтін құбылыстар, Ломоносовтың айтуынша, “ерекше жоғары динамикалығымен” айрықшаланады. Психикалық құбылыс шынацы даму үдісі кезінде пайда болып, өзгереді.
Психологияның әдістері
Ұйымдастыру әдістері
Зерттеудің екі негізгі түрі түрі арқылы психика дамуының ерек-шеліктері мен заңдылықтарын білуге білуге болады: көлденең және бойлық (лонгитюдтік). Екуінің де бірқатар ерекшеліктері мен кемшіліктері бар. Қазіргі лонгитюдтік зерттеулер баланың соматикалық және психикалық дамуын тіркеуді мақсат етеді.
Р.Готтшальдт егіздерге 20 жыл бойы лонгитюдтік психологиялық зерттеулер жасады. Конституциялық және әлеуметтік факторлардың әсерін зерттеу үшін, егіздер ыңғайлы модель болып табылады. Бұл мәселе егіздер әдісі деп аталатын, лонгитюдтік зерттеуді егіздерге қолдануды талап етті.
Көлденең кескін әдісіне қарағанда, лонгитюдтік әдістің ерекшеліктері көбірек:
Лонгитюдтік зеттеу жекелеген жас кезеңдері бойынша мәліметтерді көлденең өңдеуге мүмкіндік береді;
Ол екі кезең арасындағы дамудың өзгеріс шамаларын айқынырақ көрсетуге мүмкіндік береді. Лонгитюдтік зерттеулер әрбір баланың дамуының жеке динамикасы мен құрылымын анықтайды;
Тек лонгитюдтік зерттеу ғана, дамушы тұлғаның жеке компоненттері арасындағы байланыстар мен қатынастарды талдауға, дамудың дағдарыс кезеңдерінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Лонгитюдтік зерттеудің басты кемшілігі: оларды ұйымдастыруға және жасауға көп уақыт қажет.
Психикалық дамуы көлденең немесе кескінді зерттеулердің мәні мынада: дамудың ерекшеліктері туралы қорытындылар, әр түрлі жастағы, әр түрлі даму деңгейіндегі, әр тұлғалық ерекшеліктері, клиникалық реакциялары және т.б. бар, салыстырмалы балалар топтарының бірдей сипаттамаларын зерттеулер негізінде жасалады. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі: зерттеудің салыстырмалы жылдамдығы – қысқа уақыт ішінде нәтижелерге жету мүмкіндігі.
Достарыңызбен бөлісу: |