Фанфар 1-жүргізуші



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі73 Kb.
#80250
1   2   3   4
Байланысты:
Сценарий 8 наурыз 2020жыл 28.02

1 - жүргізуші: Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Абеев Серік Едігеұлына беріледі.
1 - жүргізуші:
* Беков Ернұрдың орындауындағы «Атақ» әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші:
Кім сендерді балалар сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай
Ана байғұс дамылсыз жүретұғын
Кім сендерді, балалар тербететін
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше ... дегендей,
Аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік концертіміз де аналарға арналады.
2-жүргізуші: Мы в вечном, неоплатном долгу перед матерью, чья любовь сопровождает нас всю жизнь. Поэтому нежно любите, уважайте, берегите ее, не причиняйте матери боли своими словами и поступками.
 Дорогие наши мамы,
Мы всегда гордимся вами,
Умными, спокойными.
Будем вас достойными!
Пусть звенят повсюду песни
Про любимых наших мам!
Мы за все, за все, родные,
Говорим: Спасибо вам!
Низкий Вам поклон!
1-жүргізуші: Ұлағатты ұстаздар Нескен Қуандықовна,Ғалия Кеңесовна, Баян Қайыржановна, Жаниза Әдірбековна, Гүлнар Мәденовна, Замзагүл Армеевна, Айгүл Өмірзақовна ! Мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, келесі музыкалық номеріміз *«Испан биін» қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші: Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.
Жұмақтағы жібек желден,
Мәңгі жайнап тұрған гүлден
Жаратылған әйел сұлу!
Періштелер лебізінен,
Шын махаббат теңізінен
Жаратылған әйел сұлу!
2-жүргізуші:  Однажды к Богу явился мужчина и попросил сотворить ему женщину. Бог взял немного лучей солнца, задумчивую грусть луны, ласковый взгляд сирены, трепет лани, кротость голубя, красоту лебедя, нежность пуха, легкость воздуха, свежесть воды.  И во избежание приторности прибавил непостоянство ветра, болтливость сороки, слезливость облаков и все ужасы от грома и молнии. Все это тщательно перемешал, и из этой смеси получилась красивая женщина
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар: Роза Рысболатовна, Айман Қаирполлаевна, Гүлнар Амангельдиновна, Бағдат Нұржановна, Салтанат Қонысовна, Құралай Хамитовна, Қымбат Балтабековна, Алмагүл Сыздыковна! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз!Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналарды
Ән жолдайтын аналардың баласы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет