Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет10/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53
Байланысты:
treatise12053

 ғасырдағы Англияның əлеуметтік-экономикалық дамуы. ХІХ 
ғасырдың  алғашқы  онжылдығында  Англияда  капитализм  өте  тез  дамыды. 
Егер  ХҮІІІ  ғасырдың  аяғында  жеңіл  өнеркəсіп  күшті  дамыса,  енді 
индустрияның  басқа  салалары,  атап  айтқанда  ауыр өнеркəсіп дами  бастады. 
ХІХ  ғасырдың  басында  Англия  экономикалық  жағынан  дамыған  мемлекет 
болды.  1811  жылы  Англияның  сауда  жəне  өнеркəсібінде  халықтың  44 
пайызы  шұғылданды.  Еңбекшілердің  жағдайы  өте  ауыр  болды.  Ағылшын 
тауарлары  дүниежүзінің  барлық  елдеріне  шығарылды.  Бұл  үлкен  көліктік 
шығындарға  апарып  соқты,  сондықтан  да  өнеркəсіпшілер  жұмысшылардың 
еңбек ақысын азайту арқылы өнімнің бағасын төмендетуге тырысты. Сондай-
ақ 
өндірісте 
машиналардың 
қолданылуы 
қолөнершілер 
мен 
өнеркəсіпшілердің кедейленуіне, жұтауына əкелді. Өздерінің бақытсыздығын 
машиналар  деп  ұққан  жұмысшылар  машиналарды  қирата  бастады.  Бұл 
қозғалыс  машинаны  бірінші  болып  қиратқан  жұмысшы  Лудданың  атымен, 
луддистер  қозғалысы  деп  аталған  болатын.  Луддистер  қозғалысы  1811-1812 


37 
 
жылдары  кең  өріс  алды.  1813  жылы  үкімет  машиналарды  қиратқандарды 
өлім жазасына кесті.  
ХVІІІ ғасырдың аяғы –ХІХ ғасырдың басындағы Франция мен Англия 
арасындағы күрес салдарсыз болмады. Наполеон соғыстарынан кейін Англия 
бірнеше  жылдар  бойы  экономикалық  қиыншылықтарды  басынан  өткізді. 
Мемлекеттік қарыз 450 млн фунттан асып кетті. Жарты миллионға таяу адам 
əскерден  босатылды.  Заң  шығару  билігі  парламенттің  қолында  болды. 
Атқару  билігі  корольде  жəне  парламент  тағайындаған үкіметте болды.  Елде 
тіпті  ХVІІІ  ғасырдың  аяғында  қалыптасқан  екі  бақталас  партиялар  қызмет 
етті.  Тори  партиясы  жер  қожалығы  бар  ақсүйектер  мен  дін  басыларының 
мүддесін  көздеді.  Виги  партиясы  өнеркəсіп  жəне  қаржы  капиталистеріне 
сүйенді.  Ақсүйектердің  саяси  үстемдігін  сақтауға  Англияда  болған  сайлау 
жүйесі  көмектесті.  Жоғарғы  палата  лордтар  палатасы  пэр  ақсүйектерінің 
өкілдерінен  тұрды.  Ондағы  орын  мұрагерлік  жолмен  беріліп  отырды. 
Жоғарғы  палата  төменгі  палата  қабылдаған  заң  жобаларын  бекітті. 
Қауымдастық  палатасы  –  графтық  жəне  қалалық  сайланған  депуттардан 
тұрды.  Жоғары  мүліктік  шарт  қауымдастық  палатасына  сайлауға  жəне 
сайлану құқына тек ауқатты азаматтардың яғни «жаңа дворяндар», өнеркəсіп 
жəне қаржы капиталистерінің ие болуына əкелді. 
Англияда  көне  сайлау  жүйесі  сақталды.  Графтық  жəне  қалалық 
шекаралар  король  Яков  І  тұсында  анықталған  күйінде  қалды.  Бірыңғай 
сайлау цензасы болмады. 16 млн халықтың сайлауға тек 16 мың адамы ғана 
қатысты.  Парламенттік  сайлауға  дауыс  беру  құпия  түрде  емес,  ашық  түрде 
өтті.  Сондықтан  Англиядағы  əкімшіліктегі  жергілікті  ақсүйек  –  ірі  жер 
иеленушілер  оның  бай  арендаторлары-йомендердің  қалай  дауыс  бергенін 
жəне  оларға  қысым  көрсетуге  болатындығын  білді.  Жериеленуші 
ақсүйектердің  қолдарында  үкімет  тағайындаған  жергілікті  билік  органдары 
болды.  
Парламенттік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет