ағартушылық. Таптық қайшылықтарды одан əрi
тереңдете түскен, феодалдық-абсолюттiк құрылыстың iрiп-шiруiн тездеткен
жəне оған қарсы үшiншi cословиеге кiрген барлық таптық күштердiң күресiн
43
күшейткен жаңа XVIII ғасыр ескi құрылысқа қарсы идеологиялық
шабуылмен көзге түстi. Сол кездiң алдыңғы қатарлы адамдары дiндi, дүние
тануды, мемлекеттiк тəртiптi – осының бəрiн сынады.
Франциядағы XVIII ғасырдағы осы ұлы идеялық қозғалыс тарихта
«ағарту» деп аталды. Философтар, экономистер, ақындар, жазушылар – сол
кездiң алдыңғы қатарлы, прогресшiл идеяларын жақтап, халықтың көзiн
ашты. Ағарту дамып келе жатқан буржуазияның идеялық қозғалысы болды.
Сол кезде халықпен одақтасқан революцияшыл буржуазия өз табының ғана
жеке мүддесiн қорғаған жоқ, оның феодализмге қарсы күресi бүкiл үшiншi
сословиенiң, бүкiл француз ұлтының мүддесiн қорғады. Буржуазияның
мүддесiн бүкiл қоғамның мүддесiмен ұқсастыруға буржуазия идеологтарына
мүмкiндiк бердi.
XVIII ғасырдағы буржуазия ағартушыларының негiзiн қалаған
Монтескье мен Вольтер болды. Шарль де Монтескье (1689-1755) бай
семьядан шыққан едi. Ол сол кезге сəйкес өте жақсы бiлiм алған едi. 30
жасында Бордода парламент президентi болды. Үш жыл Европаға саяхат
жасады. 1721 жылы «Парсы хаттары» деген еңбегiн жариялады. Атақты
парсы саяхатшыларының атынан хат түрiнде жазылған бұл еңбегiнде
Монтескье француз абсолютизмiнiң əлеуметтiк-саяси мекемелерiн ащы,
кекесiн мысқылмен сынады. Адамдардың еркiндiк құқықтарын дəлелдедi.
1748 жылы Монтескье «Заң рухы туралы» деген басты еңбегiн
жариялады. Бұл еңбегiнде ол өкiметтi құрудың неғұрлым кең тараған үш
түрiн көрсеттi:
– Деспотизм;
– Конституциялық монархия;
– Республика.
Ол деспотизмге қарсы шықты. Оның саяси идеалы конституциялық
монархия болды. Бостандықтың қажеттi кепiлi ретiнде Монтескье үкiметтi
үш бөлiкке бөлу деп бiлдi: орындаушы, заң шығарушы, сот органдары.
Сонымен, Монтескье революциялық жолды жақтаған жоқ, ол реформа
жолымен буржуазияның мүддесiн жақтайтын мемлекеттiк құрылысты
қалады.
Францияда абсолютизмнiң нағыз кемелiне келiп тұрған ғасырда
Монтескьенiң деспотизмге қарсы шыққаны, дiндi сынағаны, бостандықты
қорғағаны – келесi ұрпаққа революциялық ықпал жасады. Мұны
Монтескьенiң өзi де ойлаған жоқ едi.
Якобиндердiң көрнектi өкiлдерiнiңi бiрi Мараттың Монтескьенi өзiнiң
алғашқы ұстазы деп есептеуi тегiн емес.
1733 жылы «Философиялық хаттар» деген кiтап шықты. Бұл кiтап
өткiрлiгiмен, таланттылығымен орасан күшпен варварлықты, католиктiк
шiркеудi, мемлекеттiк саяси мекемелердi сынады. Париж парламентiнiң
мəлiмдемесi бойынша «Философиялық хаттар» отқа өртелдi. Кiтапты
шығарушы адам Бастилияға қамалды, ал оның авторы жасырынуға мəжбүр
болды. Бұл кiтаптың авторы – атақты француз жазушысы Франсуа Мари
Аруэ едi, ол Вольтер деген бүркеншiк атпен жазатын.
44
Вольтер (1694-1778) француз оқу-ағартуының ең таңдаулы өкiлi едi.
Вольтер əрi ақын, беллетрист, драматург, философ, физик, саяси қайраткер
болды. Өзiнiң тамаша шығармаларында Вольтер деспотизм мен феодалдық
тəртiпке қарсы шығып, попшылдықтың қас жауы болды. Шiркеудi, католик
дiнин ол басты жау деп есептеп, ақтық демi бiткенше оларға қарсы күрестi.
Вольтер жас кезiнде өзiнiң айыптаушы шығармалары үшiн екi рет
Бастилияға қамалды. Католик шiркеуiне қарсы шыға отырып Вольтер өлiм
жазасына
əдiлетсiздiкпен
кесiлген
протестанттарды
(наразылық
бiлдiрушiлердi) қорғаушы ретiнде танылды.
Алайда Вольтер өзiнiң саяси көзқарасы жағынан революцияшыл-
демократиялық идеалдардан қашық едi. Əрине, ол самодержавиеге,
сословиелiк теңсiздiкке қарсы болды, буржуазиялық бостандықты жақтады.
Бiрақ та ол өкiмет билiгiне жоғарыдан реформа жасау идеясын
уағыздады. Көп уақыт бойы ағарту абсолютизмiнiң жақтаушысы болды.
Бiрқатар монархтармен – Пруссия королi Фридрих II-мен, Екатерина II-мен,
Швеция, Дания, Польша корольдерiмен хат жазысуды жəне басқа
қатынастарды жақтады.
Тек кейiнiрек, өз өмiрiнiң соңына қарай ол Конституциялық монархияға,
кейде республикаға да мойын бұра бастады. Осылай болғанмен де ағарту
идеясын дамыту мен насихаттауда Вольтердiң ролi орасан зор болды.
Өткiр, анық формада берiлген Вольтер идеяларының орасан зор
революциялық маңызы болды. Осы уақытқа дейiн Вольтердi еске алудың өзi
реакционерлердiң зəресiн алады.
Вольтер мен Монтескье француз ағартушыларының аға буындарына
жатады. ХҮІІІ ғасырдың ортасында өздерiнiң саяси жəне жалпы теориялық
көзқарастарында неғұрлым батылырақ болған жас буын шықты.
Жас буынның неғұрлым көрнектi өкiлi Дени Дидро (1713-1784) болды.
Дидроның есiмi сондай-ақ «Энциклопедияның» (1751) шығуымен
байланысты. Оның алғашқы екi томы 1751, 1752 жылдары шықты.
«Энциклопедия» немесе ғылымның, өнердiң жəне кəсiптiң түсiндiрме
сөздiгi» сол кездегi ең алдыңғы қатарлы көзқарастар тұрғысынан алып
қарағанда сындарлы бiлiмдердiң жинағы едi. Энциклопедия басқа жағынан
да тартымды болды. Осы кезге дейiн ойшылдар, буржуазия мен халық
бұқарасының идеологтары өздерiнiң қуатты дұшпанының алдында ыдыраған
түрде жеке-жеке əрекет етiп келдi. «Энциклопедия» шашыраған күштердi
қуатты топқа бiрiктiрiп, топтастырды.
1751-1780 жылдары Дидро мен Д'Аламбер шығарып тұрған атақты
«Ғылымның, өнердің жəне қолөнердiң энциклопедиясы немесе түсiндiрме
сөздiгiнiң» төңiрегiне бiрiккен ХҮІІІ ғасырдағы француз философтарының,
жазушылары мен публицистерiнiң бiр тобы энциклопедист тобына Руссо,
Дидро, Гельвецкий, Гольбах, бiраз уақыт Вольтер, тағы басқалары кiрдi.
Энциклопедистер феодалдық-абсолюттiк мемлекет жүйесіне жəне католиктiк
шiркеуге қарсы шықты. Олар жаңа буржуазиялық мемлекет пен
буржуазиялық идеологияның негiзгi қағидадарын жасады.
45
Өздерiнiң философиялық көзқарастарында көптеген энциклопедистер
дүниенiң негiзi табиғат дедi де «тəжiрибелi» философия, яғни жаратылыс
тану – ғылыми деректерге сүйенген философия жасамақшы болып,
материализм позицияларын жақтады, идеализм мен дiнге қарсы күрес
жүргiздi. Алайда сол кездегi ғылымның даму дəрежесi оларға механикалық
материализмнен əрi ұзап баруға, табиғаттың диалектикалық дамуын толық
ұғынуға мүмкiндiк бермедi. Қоғамдық құбылыстарды түсiндiруде
энциклопедистер идеалист болып қалды. Бiрақ өздерiнiң қанша томаға-
тұйықтығы мен кемшiлiктерiне қарамастан, энциклопедистер сол дəуiр үшiн
революциялық идеологияны алға апарушылар болды.
«Энциклопедия»
қызметкерлерiнiң
көзқарастарында
алшақтық,
түсiнiспеушiлiк болды. Мұнда атеистер мен деистер, агностиктер мен
материалистер, Конституциялық монархияны жақтаушылар мен нағыз
республикашылдар бар едi. Бұлардың бəрiнiң басын қосқан нəрсе –
феодалдық-абсолюттiк тəртiпке қарсы бiтiспес жаулық, үшiншi сословиенiң
құқықтары мен мүдделерiн қорғау болды.
«Энциклопедияның» редакторлары аса iрi француз философы-
материалист, мықты жазушы жəне тамаша қайраткер Дени Дидро мен атақты
математик, философ Жан Лерон Д'Аламбер (1717-1783) болды.
Энциклопедия қызметкерлерiнiң iшiнде аса iрi ғалымдар – сол кездегi
француз ғылымының озат ойшылдары – Вольтер, Монтескье, Руссо, Кенг,
Гольбах, Гельвеций, Мабли жəне басқалары болды.
Феодализм мен оның идеологиясының революцияшыл сыншыларының
тобын энциклопедистер деп атай бастады.
«Энциклопедия» мен энциклопедистер қуғын-сүргiнге ұшырап отырды.
Оның алғашқы екi том құртылу керек деп жарияланды. Оған шiркеу мен
ресми өкiмет қарсы шықты. 1759 жылы «Энциклопедияға» тыйым салынды.
Энциклопедистер ХVІІІ ғасырдағы француз қоғамының идеялық
дамуында өте үлкен роль атқарды. Олардың көпшiлiгiне жауынгер
демократизм тəн болды. Олар халықтың күшiне сендi, онымен жақындасуға
ұмтылды.
Мысалы, Вольтер, қарапайым халықтың философиямен айналысуынан
қорықты. Ал Дидро болса, керiсiнше философияны халыққа жақындату
керек, ал халықты философтар дəрежесiне көтеру керек деп есептедi.
Халыққа мұндай көзқарастың болуына, онымен одақтасып, күреске
бiрге шығуға əсер еткен жай – ХVІІІ ғасырдың екiншi жартысында елдегi
дағдарыстың шиеленiсуiне байланысты француз буржуазиясының санасында
болған өрлеу едi.
Төменгi халықтың мүддесiн бiлдiрушi, демократиялық идеологияның
өкiлдерi ертедегi коммунистiк идеяны жасаушылар – Мелье, Морелли,
Мабли болды.
Жан Мелье (1664-1729) – аул дінші. Ол жергiлiктi епископтың
əдiлетсiздiгiне жəне жергiлiктi сеньердың шаруаларға жасаған қысымына
наразылық ретiнде аштан өлдi. Өлер алдында Мелье «өсиет» жазып
қалдырды. Мұнда ол «шiркеу князьдарымен», корольдермен-тирандармен
46
күреске шақырды. «Осы бiр масқара əдiлетсiздiктi құрту үшiн, – деп жазды
Мелье, – Геркулестей күштi болуды тiлер едiм». Мелье барлық
ауыртпалықтың көзi жеке меншiкте деп бiлдi. Ол «өсиетiнде оны жоюға
шақырды. Мельенiң идеалы – еңбек пен рахат теңдiгi болды.
Тек коммунистiк қоғамда ғана, деп жазды Мелье, мұратқа қол жетедi,
тұрмыс жаңарады. Мұқтаждық жоғалады, бəрi де бақытты, тең болады.
Жан Мельенiң «Өсиетi» ХҮІІІ ғасырдағы Франциядағы қоғамдық озық
ақыл-ойдың тамаша шығармаларының бiрi болды. Оның батылдығы, оның
жауынгер революцияшыл рухы француз халқының, дəлiрек айтқанда –
төменгi халықтың – шаруалар мен қала кедейлерiнiң ақыл-ойы мен сезiмiнiң
көрiнiсi болды.
Ендi тағы бiр шығармаға тоқтала кетейiк. Ол – аббат Мореллидiң
«Табиғат кодексi» деп аталады. Сол замандағы қоғамдық құрылыстың басты
жауы – жеке меншiк деп санады Морелли.
Жердi ортақ иелену орнаған кезде, оның байлығын жұрттың бəрi
пайдаланған кезде қоғамдық құрылыс табиғатпен сəйкес келедi.
«Табиғат кодексiнде» Морелли осы бiр болашақ қоғамның құрылысын
жан-жақты жазып көрсеттi.
Сонымен, көтерiле бастаған буржуазия ескi, қоғамдық-реакциялық
теорияларға, идеяларға, мекемелерге қарсы өзiнiң идеологиясын, сол заман
үшiн терең революцияшыл жəне прогресшiл идеологиясын ұсынды.
Революция
Достарыңызбен бөлісу: |