Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет17/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53
Байланысты:
treatise12053

  қарсаңында  ел  iшiндегi  жағдай.  Жаңа  өндiргiш  күштер 
барған  сайын  үстемдiк  етушi  феодалдық  қатынастармен  күштi  қайшылыққа 
түсе бердi. Бұл қайшылықтар барлық жерден көрiндi. 
XVIII  ғасырдың  екiншi  жартысында  Франция  Европаның  алдыңғы 
қатарлы  елдерiнiң  бiрi  болды.  Ол  экономикалық  даму  жағынан  тек 
Англиядан  ғана  артта  қалғанымен  əлi  де  аграрлық  ел  едi.  Ауыл 
шаруашылығы  өте  артта  қалған  едi.  Жердi  өңдейтiн  құралдары  тым 
қарапайым едi, ауыл шаруашылығының өнiмдiлiгi өте төмен болды. 
Революция  алдындағы  Францияның  ауыл  шаруашылығының  мұндай 
ауыр  жағдайына  себеп  болған  нəрсе  –  ауылдық  жерлерде  сақталып,  тамыр 
жайған күштi феодалдық қатынастар едi.  
XVIII  ғасырда  Францияда  крепостнойлық  құқық  жоқтың  қасы  болды. 
Ал  дегенмен  Франциядағы  шаруалардың  негiзгi  бұқарасының  басы  бос 
болғанмен олардың жерлерi феодалдарға тəуелдi болып қала бердi. Шаруалар 
өздерi  өңдеген  жерлерге  жеке  меншiк  иесi  болған  жоқ,  феодалдық  правода 
ұстаушы  ғана  болды.  Жердiң  қожасы  сеньор  болды.  Негізгі  салықтар  ценз 
ақшалай аренда алу үшін төлейтін (ақшалай салық), шампар (астықтың 20-25 
пайызын  төлейтін)  жан  басына  мемлекетке  талия  салықтарын,  шіркеуге 
десятина салығын төлейтін. Ежелгі салықтар да (жол пайдаланғаны үшін, тұз 
салығы, т.б. шаруалардың төлейтін 50-түрлі салықтары болды) сақталды.   
Сеньордың  қолында  диiрменге,  ұста  дүкенiне,  наубайханаға  жəне  тағы 
сол  сияқтыларға  деген  билiк  болды,  ол  осыларды  пайдаланғаны  үшiн 
басқалардан ақы алып отырды. 


47 
 
Францияда аренда кең өрiс алды. Сеньорлардың көпшiлiгi өз иелiктерiн 
ұсақ участоктерге бөлiп, шаруаларға арендаға таратып берiп отырды. 
Жер қатынастарының осы жүйесінің таяудағы нəтижелерiнiң бiрi – жер 
иелiктерiнiң  тым  бөлшектелiп  кетуi  болды.  Бұл  техникалық  жаңалықтар 
енгiзуге, ауыл шаруашылығына жаңа əдiстер қолдануға бөгет жасады. 
Англияда  XVI-XVII  ғасыларда-ақ  капиталистiк  қатынастар  ауыл 
шаруашылығына  тереңдеп  енiп,  сеньорлар  өз  шаруашылығын  жаңа, 
буржуазиялық  жолға  қойған  болса,  Францияда  буржуазиялық  революция 
қарсаңында  деревнядағы  капиталистiк  қатынастардың  дамуы  өте  нашар 
болды. 
Рас,  Францияның  бiрқатар  жерiнде,  əсiресе  солтүстiк-шығыс 
провинцияларда  көптеген  iрi  помещиктер  капиталистiк  жолға  түсуге 
тырысты.  Олар  шаруаларды  жерден  қуып,  өздерiнiң  ыдырап  кеткен 
иелiктерiн  бiрiктiрiп,  ол  жерде  не  iрi  шаруашылық,  не  капиталистiк 
фермерлiктiң жүйесін құрды.  
Францияның  бiрқатар  провинцияларында  жердiң  бiраз  бөлiгi  XVIII 
ғасырда  буржуазияның  қолына  көштi.  Бiрақ  бұл  өте  аз,  айтуға  тұрарлықтай 
емес  едi.  Жалпы  алғанда,  Францияның  ауыл  шаруашылығында  XVIII 
ғасырдың  аяғында  əлi  де  болса  ескi,  орта  ғасырлық,  феодалдық  қатынастар 
үстемдiк  еттi.  Сеньор-помещик  ескi  феодалдық  құқықтар  негiзiнде 
шаруалардан барынша алып отыруға тырысты. Шаруалар күйзелдi, олардың 
көпшiлiгi  отырған  жерлерiн  тастап,  қайыршылыққа  көштi.  Помещик-
феодалдар шаруаларды бұрынғыдан да қыса түстi. 
Францияда  80-шi  жылдардан  бастап  тарихшылар  феодалдық  реакция 
деп атаған кезең туды. 80-шi жылдардағы «феодалдық реакцияның» негiзiнде 
сеньорлардың  шаруаларды  қанауды  күшейтуге  тырысуының  əртүрлi 
формалары жатты. Ал бұған қосымша себептер келiп қосылды. 
Он  сегiзiншi  ғасырдың  70-шi  жылдарында  ауыл  шаруашылығы 
өнiмдерiнiң бағасы түсiп кеттi. 80-шi жылдары баға сол төменгi дəрежесiнде 
болды.  Осыған  байланысты  помещик  табысының  азаюы  оларды  табыс 
табудың  жаңа  көздерiн  iздеуге  мəжбүр  еттi.  Табысты  жер  өңдеудi 
жақсартудан,  агротехниканы  арттырудан  iздеудiң  орнына  дворяндардың 
көпшiлiгi  шаруаларға  қысым  жасау  жолына  түстi.  Бұл  шаруалардың  бас 
көтерулерiнiң өсуiне əкелiп соғып отырды. 
1782 жылы Пуатуда шаруалардың үлкен көтерiлiсi болды, 1786 жылы – 
Визилде,  1789-1790  жылдары  Севеннада  жəне  басқа  көтерiлiстер  болды. 
Аграрлық  мəселе,  жер  иелену  туралы  мəселе,  шаруаларды  күйзелткен 
феодалға  бағыныштылықты  жою  –  туып  келе  жатқан  революцияның  негiзгi 
мəселесi болды. 
XVIII  ғасырда  негiзiнен  ауыл  шаруашылықты  ел  болған  Франция 
туралы  айтқанда  қала  мен  деревнядағы  өнеркəсiптiң  көлемi  мен  ролiн 
кемiтуге  болмайды.  Ауыл  шаруашылығымен  салыстырғанда  өнеркəсiп 
қанаудың капиталистiк əдiсiнiң неғұрлым дамуымен көзге түстi. 
XVIII  екiншi  жартысындағы  Франция  кең  тараған  капиталистiк 
мануфактура  болды.  Басқа  салаларға  қарағанда  жас  мақта-мата  өндiрiсi  тез 


48 
 
дамыды.  Ол  негiзiнен  Руана-Гавра  аймағында  шоғырланды.  Лионда  Жiбек 
мата өндiрiсi, Эльзаста, Лотарингияда жəне Арденде металлургия өнеркəсiбi 
дамыған едi.  
Шұға  мануфактуралары  барлық  жерде  дерлiк  болды.  Кəсiпорындардың 
айтарлықтай  бөлiгi  əшекей  бұйымдар,  қымбат  заттар  шығарды.  Бұларды 
Францияның  жəне  Европаның  басқа  елдерiнiң  бай  манаптары  сатып  алып 
отырды.  өнеркəсiптiң  дамуына  байланысты  қалалардың  маңызы  тез  өстi, 
олардың халқы артты. 
1)  Революция  қарсаңында  Парижде  жарты  миллионнан  астам  халық 
болды, шамамен алғанда оның бестен бiр бөлiгi жалдамалы жұмысшылар едi. 
2)  Көлемi  жағынан  алғанда  екiншi  саналатын  Марсельде  90  мың  халық 
болды.  3)  Ал  Лионда  –  жiбек  өнеркəсiбiнiң  орталығында  85  мың  халық 
болды. 4) Теңiздiң ары жағындағы елдермен сауда жүргiзетiн, кеме жасаушы 
өнеркəсiп орталығы, iрi портты қала – Бордода 84 мың халық бар едi. 
Өнеркəсiпте  капиталистiк  мануфактура  жетекшi  роль  атқара  бастады. 
50-100  жұмысшысы  бар  үлкен  мануфактуралар  көптеп  саналды.  Неғұрлым 
iрi  мануфактуралар  металлургия  жəне  тас  көмiр  өнеркəсiптерiнде  пайда 
болды. Анзен компаниясының көмiр шахталарында 4 мың адам жұмыс iстедi. 
Өнеркəсiпке баяу болса да машиналар енгiзiле бастады. 70-80 жылдары 
Англиядан əкелiнген 18 станокты механикалық прялка Дженни қолданылды. 
Ол  Нормандияның  тоқыма  өнеркəсiптерiнде,  Лион  аймағында  кеңiнен 
тарады.  Сондай-ақ  ағылшынның  мақта  иiретiн  машинасы  Аркрайта 
қолданылды. Отандық өндiрiстен шыққан машиналар пайда бола бастады.  
Дегенмен  Францияның  өнеркəсiбiнде  қол  еңбегi  басым  болды. 
өнеркəсiпте консервативтiк традициясы бар цехтық құрылыс əлi де үстемдiк 
етуде едi. өнеркəсiптiң дамуына феодалдық-абсолюттiк тəртiп бөгет жасады. 
Iшкi  рыноктың  тарлығы,  халықтың  негiзгi  бұқарасы  –  шаруаларыдың 
кедейленуi,  үкiметтiк  регламентация,  цехтық  тəртiп,  провинциялардың 
шашыраңқылығы  –  өнеркəсiп  өндiрiсiнiң  өсуiн  тежеген  басты  кедергiлер 
болды. 
Революция алдындағы соңғы жүз жылда Францияның iшкi жəне сыртқы 
саудасы  айтарлықтай  өстi.  1715  жыл  мен  1792  жыл  арасында  Францияның 
сыртқы  саудасының  айналымы  4  есе  өстi.  Революция  алдындағы  екi  жыл 
iшiнде,  1787  жылы  Францияның  сыртқы  саудасынан  айналымы  1  миллиард 
155 миллион ливрге тең болды.  
Франция Европаның барлық елдерiмен, Америкамен, Шығыс елдерiмен 
сауда  жасады.  Сыртқы  сауда  айналысында  отар  саудасы  үлкен  орын  алды. 
Вест-Индиядағы  (Сан-Доминго)  өз  отарларынан  Франция  қант,  тəттi 
тағамдар алып отырды. 
Бордо,  Марсель,  Гавр,  Нант  –  iрi  теңiз  сауда  порттарына  айналды. 
Мұнда  айтарлықтай  дəрежеде  кеме  жасау  iсi  дамыды.  Алайда  iшкi  жəне 
сыртқы саудаға əртүрлi шек қою кедергi жасады. 
Ел  iшiнде  қандай  шектер  болды?  Ел  көптеген  iшкi  таможняларға 
бөлiнген едi. Қайсыбiр өнiмдi тасығанда жол сеньерлардың иелiктерi арқылы 
өтетiн  болса,  олардың  əрқайсысына  баж  салығын  төлеу  керек  болды. 


49 
 
Мынадай бiр қызықты жай болған. Бiр меңгерушi сатуға астық апара жатып, 
əр  заставадан  өткен  сайын  төлеген  салығын  жазып  отырған.  Бiрнешеуiнен 
өткеннен  кейiн  ол  есептеп  қараған  кезде  апара  жатқан  астығын  қаншаға 
сатқанмен  де  зиян  шегетiнiн  байқаған.  Меңгерушi  астығын  тастап,  үйiне 
қайтқан. 
Кейiнiрек  астықты  теңiздер  мен  мұхит  арқылы  Қытайға  апарудың 
тиiмдiлiгi  анықталады.  Бұл  оны  Францияның  бiр  жерiнен  екiншi  жерiне 
апарудан арзанға түскен. Iшкi сауданың дамуына бөгет болған нəрсенiң бiрi – 
өлшем мен таразының əртүрлi болды.  
Сауда  бiр  топ  купецтердiң-монополистердiң  қолында  болды.  Барлық 
кедергiлерге  қарамастан  өнеркəсiп  пен  сауданың  дамуы  мынаны  көрсетедi: 
феодалдық  қоғамның  қойнауында  капиталистiк  укладтың  айтарлықтай 
дамыған түрлерi өсiп, қалыптасты.    
Феодалдық-абсолюттiк  құрылыстың  шыңы  –  монархия,  король  өкiметi 
болды.  Корльдiң  қолында  бұрынғысынша  шексiз,  самодержавиелiк  билiк 
болды. Ол мемлекеттiң iшкi жəне сыртқы iстерiнiң бəрiн шешiп отырды. Ол 
министрлер мен чиновниктердi тағайындап, ауыстырып отырды, Заң шығару 
немесе оны жою, жазалау немесе ақтау оның қолында болды. 
Кезiнде  француз  абсолютизмi  прогресшiл  роль  атқарды.  Франция 
территориясында  ұлттық  мемлекет  құруға  жəрдемiн  тигiздi.  XVIII  ғасырда 
абсолютизмнiң  мағынасы  тiптi  басқаша  болды.  Ол  елдiң  тарихи  дамуын 
тездетудiң орнына баяулатты. 
Францияның  əкiмшiлiк  құрылысында  бiркелкiлiк  деген  болмады.  Ел 
көптеген провинцияларға бөлiндi. Ал олар болса одан əрi ұсақ əкiмшiлiктерге 
бөлiндi. 
Əр  провинция  өз  бетiнше  басқарылды.  Олардың  өздерiнiң  əкiмшiлiгi 
мен  соты  болды.  Салықтар  түрлiше  алынды.  Тiптi  өлшемдерi  де  əртүрлi 
болды. 
Орасан зор мемлекеттiк аппараттың басты қызметi еңбекшi халықты езу 
болды. Олардан салық алу болды жəне тағы басқалар: 
Монархия қоғамды сословиеге бөлудiң ескi феодалдық тəртiбiн сақтады. 
1) Бiрiншi сословие – дiнбасылар 
2) Екiншi – дворяндар 
3) Үшiншi – қалған халық (шаруалар, буржуазия...) 
Ескi  француз  формуласында  былай  деп  айтылатын  едi:  «дiншiлдер 
корольге  дiнмен,  дворяндар  қылышпен,  үшiншi  сословие  –  затпен  қызмет 
етедi». 
«Дiнмен»  жəне  «қылышпен»  қызмет  ету,  затпен  қызмет  етуден  көп 
жеңiл  едi.  өйткенi  затпен  қызмет  көрсету  –  монархияның  барлық  шығынын 
өтеу  деген  сөз  едi.  Бұл  үшiншi  сословиенiң  жағдайының  тең  емес  екенiн 
көрсететiн. 
Дiнбасылар  мен  дворяндар  халықтың  ең  аз  бөлiгi  болды.  Екеуiн 
қосқанда  олар  франция  халқының  1  процентi  ғана  едi.  Бiрақ  та  олар 
феодалдық-абсолюттiк фр-ның үстем табына жататын едi. Олардың қолында 
мемлекеттiк билiк пен шiркеу армиядағы барлық басты қызметтер болды. 


50 
 
Дегенмен  осы  аз  сословиенiң  өзi  құрамы  жағынан  бiркелкi  болмады. 
Дiнбасылардың  көпшiлiгi  селолық  священниктерден  едi.  Ал  олар 
шаруалармен, яғни үшiншi сословиемен байланысты болды. 
Дiнбасылардың  бiр  бөлегi  –  шiркеу  князьдары,  жоғары  дiнбасылар  – 
епископтар,  архиепископтар  болды.  Олар  белгiлi  дворяндардан  шыққандар 
едi не негiзiнен iрi жер иеленушiлер болды. 
Дворяндар формалдық жағынан əртүрлi екi топтан құралды. 
1)  Ата-тегiнен  келе  жатқан  дворяндар  (қылыш  дворяндары,  мантия 
дворяндары) 
2) Ұсақ дворяндар 
Жоғарғы  дворяндар  –  бұл  сарай  маңындағы  аристократия  мемлекеттiк 
қызметте  отырғандар.  Бұлар  атақ  алған  дворяндар  –  графтар,  виконттар, 
маркиздер, герцогтар. 
Бiрақ  та  алғашқы  екi  сословиенiң  жекелеген  топтары  арасындағы 
айырмашылық қандай болғанмен де ол қайшылық туғызған жоқ. 
Бiрiншi  жəне  екiншi  сословиелер  –  дiнбасылар  мен  дворяндар  – 
монархияның  тiрегi  болды.  Олар  паразиттiк  жəне  өте  реакцияшыл  күш 
болды. 
Үшiншi  сословие  шамамен  бүкiл  ұлттың  99  процентi  едi.  Таптық 
қатынасы жағынан ол бiртектi болмады. Оның құрамына: буржуа, шаруалар, 
ұсақ  саудагерлер,  жұмысшылар  ендi.  Бiрақ  та  бұл  таптар  мен  таптық 
топтардың бəрi де саяси жағынан бiрдей правосыз едi. 
Буржуазия.  XVIII  ғасырдың  аяғына  қарай  буржуазия  ең  күштi,  ең  бай 
жəне  экономикалық  жағынан  қуатты  тап  болды.  Оның  қолында  елдiң 
өнеркəсiп  орындары  болды,  барлық  iшкi  жəне  сыртқы  сауданы  жүргiздi. 
Буржуазияның  қатарында  iрi  миллионерлер  де  көп  болды.  өз  байлығынан 
айрылған  дворяндар  дəулеттi  буржуазиядан  қарыз  сұрауға  мəжбүр  болды. 
Король  маңындағылар  да,  мемлекеттiк  қазына  да  буржуазиядан  қарыз  алып 
отыруға мəжбүр болды. 
Буржуазия  əрi  бай,  əрi  бiлiмдi  болды.  Ол  бiлiмдi  меңгеруге,  оны  өз 
мақсатына  жұмсауға  тырысты.  Қанша  қуатты  болғанымен  оның  саяси 
правосы  болмады.  Мемлекеттiң  саясаты  оның  мүддесiне  сай  келмедi. 
өнеркəсiпте,  саудада,  барлық  жерде  де  оған  шек  қойылып,  Үкiметтiң 
бақылауында болды.  
Жалпы  алғанда  буржуазия  халыққа  сенiмсiздiкпен  қарағанымен  оның 
неғұрлым  ақылды  өкiлдерi  халықты  өздерiн  Үкiмет  бiлiмiн  жеткiзетiн  күш 
деп  бiлдi.  Буржуазия  ол  кезде  революциялық  күш  едi.  Ол  өз  мүддесiне  сай 
келетiн  жаңа  қоғам  орнатуға  ұмтылды.  Оның  орнатқысы  келген  қоғамы 
тарихи жағынан прогресшiл едi. 
Шаруалар.  Феодалдық-абсолюттiк  тəртiп  кезiнде  бар  ауыртпалық 
шаруаларға түстi. Бiз жоғарыда мана айтқанбыз: шаруаларда жер болмады, ал 
пайдаланған  жер  үшiн  сеньеф  га,  ценз  (ақшалай  төлем)  берiп  отырды, 
астықтың едəуiр бөлiгiн (шампар) берiп отырды. 
Помещикке  салық  төлеумен  бiрге  шаруалар  шiркеуге  де,  Үкiметке  де 
ақы берiп отырды. 


51 
 
1)  Шаруалар  шiркеуге  десятина  төлеп  отырды  (яғни  табысының  оннан 
бiр бөлегiн берiп отырды). 
2)  Мемлекетке  шаруалар  зат  салығын  төледi  (талья)  табыс  салығын 
(оның  жиырмадан  бiр  бөлiгiн),  кеңiнен  тұтынылатын  заттар:  тұз,  шарап  та 
мемлекеттiк салық түрiнде болды. Мұның нəтижесiнде шаруалар кедейленiп, 
қайыршылыққа ұшырады. 
Францияда  революция  қарсаңында  2  миллионға  жуық  қайыршыланған 
шаруалар  болғаны  есептен  шығарылды.  Феодалдық  езуден,  мемлекеттiң, 
шiркеудiң  салықтарынан  қиыншылық  көрген  шаруалар  феодалдық 
құрылысты жоюға мүдделi болған тап екенi түсiнiктi едi. 
Қалалық  плебейлер.  Парижде  жəне  басқа  iрi    қалаларда  плебейлердiң 
айтарлықтай  тобы  пайда  болды,  олар,  кəсiпшiлер,  ұсақ  саудагерлер,  товар 
тасушылар,  қаңғыма  музыканттар,  жұмыссыздар  едi.  Плебейлер  барып 
тұрған правосыз, үйсiз-күйсiз əлеуметтiк топ едi. Сондықтан да плебейлердiң 
феодалдық  абсолюттiк  құрылысқа  қарсы  күресушiлердiң  алдыңғы  санында 
болуы  таңғаларлық  емес  едi.  Қала  кедейлерi  мен  күйзелген  шаруалардан 
шыққан  жұмысшыларлар  жұмысшы  кадрлары  пайда  болды.  өнеркəсiптiң 
дамуы  жұмысшылардың  пайда  болып,  қатарының  өсуiне  əсер  еттi. 
Жұмысшылардың жағдайы адам төзгiсiз едi. Жұмыс күнi 16-18 сағатқа дейiн 
созылды. Олардың табысы күн көрiсiне де жетпейтiн едi. Жұмысшылар талай 
рет  ереуiл  жасады, қолға қару  алып,  жалақыны  өсiрудi  талап  еттi.  Алғашқы 
қалыптасу  кезеңiнде  жұмысшылар  өздерiн  ерекше  тап  деп  түсiнбедi,  олар 
өздерiнiң таптық мүдделерiн ұғынбады жəне өз бетiнше таптық күреске шыға 
алмағандықтан буржуазияның соңына ердi. 
Сонымен  əртүрлi  жағдайы  мен  мүддесiне  қарамастан  үшiншi 
сословиенiң  құрамына  енген  таптар  мен  топтар  түрлi  себептермен 
феодалдық-абсолюттiк  тəртiптен  жапа  шеккендiктен  оны  жоюға  мүдделi 
болды. 
Феодалдық  құрылыс  пен  өсiп  келе  жатқан  капитализмнiң  арасындағы 
қайшылықтың  жəне  оның  үшiншi  сословие  мен  жоғарғы  сословиенiң 
арасындағы  қайшылықтың  таптық  көрiнiсi  –  революцияны  сөзсiз 
болдыратын басты себептер мiне осылар едi.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет