Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет19/53
Дата14.05.2020
өлшемі1.55 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53
1791  жылғы  Конституция.  Өздерінің  позицияларын  күшейтіп  алған 
Құрылтай  жиналысы  буржуазиялық  тұрғыдан  елде  қайта  құрулар  жүргізуді 
жалғастырды.  Буржуазиялық-либералды  қайта  құруларды  жақтаушылар  ірі 
буржуазияның-банкирлердің,  ірі  саудагерлердің,  либералды  ақ  сүйектердің 
мүддесін  көздеді.  Шіркеудің,  монастрьлардың  жерін,  мүлкін  конфискелеу 
туралы  Құрылтай  жиналысы  қаулы  қабылдады.  Шіркеу  жерлерін  сатуға 
қойды.  Буржуазия  ол  жерлерді  сатып  ала  бастады.  Енді  əрбір  дін  басы 
мемлекеттен жалақы алып отыратын. Осындай өзгерістер ірі буржуазия мен 
саудагерлерді  қанағантандырды.  Монархтар  эмиграцияға  қашқандармен 
бірігіп  революцияға  қарсы  шығуға  дайындалды.  1791  жылы  21  маусымда 
король  жанұясымен  құпия  түрде  қашады.  Корольді  шекарада  тұрған 
солдаттар  танып,  оны  қайта  Парижге  əкеледі.  Бұл  оқиға  Варень  дағдарысы 
деп  аталады.  Бұл  дағдарыс  буржуазияға  енді  конституцияны  тездетіп 
жасауды, корольге қол қойдыруға асықтырды. 1791 жылы қыркүйек айында 
Конституция жасалып, қол қойылды.  
Бұл  конституция  буржуазия  мүддесін  көздеген  конституциялық 
монархияны  орнатты.  Корольде  атқару  билігі  болды,  парламент  заң 
шығарады,  заң  шығаратын  жиналыс  деп  аталды.  Король  жоғарғы 
чиновниктерді  тағайындады,  соғыс  жариялау  жəне  бітімге  қол  қою  құқы 
король  қолында  болды.  Сот  билігі  жергілікті  сайланатындардың  қолында 
болды.  Парламентке  депутаттар  сайлау  үшін  əртүрлі  цензылар  болды. 
Буржуазия барлық азаматтарды 2-санатқа бөлді: 1. белсенді сайлауға, өздері 
сайлануға құқықтары болды, оған ірі буржуазия мен  
дворяндар 
кірді; 
2.енжарлы  азаматтар  бұлар  сайлауға  қатыспайды,  тек  қарап  отырады. 
Сонымен  қатар  жоғары  жалақысы  барлар  белсенділер  санатына  кірді. 
Қабылданған декреттер халықтың ауыр жағдайын шешпеді.  
1791  жылы  Францияда  жұмысшыларға  қарсы  заң  қабылданды.  Оны  Ле 
Шапель заңы деп атады. Заң бойынша жұмысшылар ұйымын құруға, ереуілге 
шығуға тыйым салынды.  
1791  жылы  1  октябрьде  Құрылтай  жиналысының  орнын  жаңа 
Конституция  бойынша  сайланған  Заң  шығару  жиналысы  басты.  Оның 
қызметi  басталған  кезде  шаруалардың  бас  көтеруi,  қала  мен  село 
кедейлерiнiң  азық-түлiк  бағасының  тұрақты  болуы  үшiн,  алып-сатарлыққа 
қарсы күресi жанданған едi.
 


55 
 
1792  жылғы  көктемдегі  елде  экономикалық  дағдарыс  болды.  Эмигрант 
дворяндар  мен  елдің  ішіндегі  революция  жауларының  басты  үміттері 
еуропалық  монархиялық  мемлекеттердің  (Австрия  мен  Пруссия)  əскери 
қимылдарын  пайдалану  еді.  1791  жылы  27  тамызда  Австрия  императоры 
Леопольд  ІІ  мен  Пруссия  королі  Фридрих  Вильгельм  ІІ  Пильниц 
декларациясына  қол  қояды.  Онда  Людовик  ХVІ  əскери  көмек  көрсетуге 
дайын  екендіктерін  айтады  жəне  де  басқа  еуропалық  монархтарды 
көмектесуге  шақырады.  1792  жылы  7  ақпанда  Австрия  мен  Пруссия 
Францияға  қарсы  əскери  одаққа  қол  қойды.  Еуропалық  мемлекеттердің 
бірінші  антифранцуздық  коалициясы  құрылды.  Францияға  шетелдік 
басқыншылық  қаупі  төнді.  Герман  мемлекеттерінің  басқыншылығы 
басталды.  Германия  эмигранттарды  пайдалана  отырып,  Францияның  2 
провинциясы,  ауыр  индустрияның  орталығы  болған  провинцияларын  басып 
алуға  тырысты.  Мұнда  жартылай  француздар,  жартылай  немістер  тұратын. 
Тұрақты əскер болған жоқ, тек ұлттық гвардиялар əрбір қалаларда болды. Заң 
шығару 
жиналысы 
«Отанымызға 
қауiп 
төндi» 
деп 
жариялады. 
Басқыншыларға қарсы ұлттық гвардиядан Тұрақты əскерлер құрыла бастады. 
Халық  Отанын  интервенттерден  қорғауға  шықты.  Францияның  ақыны, 
композитор  Руже  де  Лилем  Марсель  полкінде  болған,  кейін  «Марсельеза» 
патриоттық  өлеңінің  авторы,  кейін  бұл  өлең  гимнге  айналды.  1792  жылы 
басқыншылар  Францияның  көптеген  жерлерін  басып  алып,  Парижге 
жақындады. Заң шығарушы ірі буржуазия ешқандай заң шығармады.  
Революцияның екіншкезеңi.  1792 жылы 10 тамызда Парижде халық 
бұқарасының  үлкен  көтерілісі  болды.  Нəтижесінде  өкімет  басына 
жирондистер  келді.  Революцияны  бірінші  кезеңі  1789  жылы  14  шілдеден-
1792  жылы  10  тамызға  дейінгі  аралықты  қамтыды.  Заң  шығарушы  ірі 
буржуазия  өкілдерін  қуып  шықты.  Негізгі  қозғаушы  күш  кедейлер  болды. 
Жеңісін орта буржуазия өкілдері көрді. Енді олар өкімет басына келді. Орта 
сауда-өнеркəсіп  буржуазиясының  бір  бөлігі  жиронда  деп  аталды.  Жиронда 
көсемі  Варньо  болды.  Тез  арада  ұлттық  гвардиялар  құрылып,  шешуші 
шайқас  1792  жылы  20  қыркүйекте  Вальми  деген  жерде  басқыншыларға 
қарсы шешуші шайқас болып, оларға тойтарыс берілді.  
1792  жылы  22  қыркүйекте  Францияда  республика  жарияланды. 
Францияға қарсы құрылған Австрия-Пруссияның І-коалициясының іс-əрекеті 
сəтсіз аяқталды. Республика құрылған соң заң шығарушы органының орнына 
Конвент  деген  парламент  құрылды.  Бірінші  күннен  бастап  Конвентте  3-топ 
пайда  болды.  1)  Жирондистер;  2)  Сол  қанатында  якобиншілер  партиясы 
болды.  Бұлар  ұсақ  буржуазия,  қала  кедейлерінің  мүддесін  көздеді. 
Якобиншілер  депутаттарының  жиналысы  кезінде  жоғарғы  орындарда 
отырғандықтан  «таулықтар»  деп  аталды.  3)  Батпақтар,  бұлардың  саяси 
бағдарламалары  болмады  жəне  əлеуметтік  құрамы  да  əртекті  болды. 
Жирондистер  мен  таулықтар  арасындағы  күреспен  революцияның  екінші 
кезеңі  сипатталады.  Якобиншілер  азық-түлік  мəселесін  шешу  үшін  тұрақты 
баға  қоюды  талап  етті.  Алып-сатарлыққа  қарсы  қатаң  күрес  жүргізуді 
ұсынды, бірақ жирондистер қарсы болды.  


56 
 
1792  жылдың  күзiнде  революцияшыл  Францияның  əскерлерi  жаудың 
шабуылын  тойтарып,  өздерi  көршi  елдердiң  жерiне  кiрдi.  Олар  Бельгияда 
австриялықтарды  батыл  жеңiп,  Батыс  Германияның  бiрқатар  қалаларын 
басып  алды.  Бұл  тамаша  жеңiсте  басып  алынған  жерлердегi  Конвенттiң 
саясаты  аз  роль  атқарған  жоқ.  1792  жылы  15  декабрьде  Конвент  декрет 
қабылдады.  Мұнда  əскер  басшыларына  жау  елдiң  жерiне  кiргенде  ескi 
өкiметтi  жаңа  революцияшыл  өкiметпен  ауыстыруды,  сословиелiк 
құрылысты жоюды, шiркеу заттарын конфискелеп, сатуға мiндеттедi. 
Бiрақ  ағылшын  буржуазиясы  революцияшыл  Францияға  қарсы  Европа 
мемлекеттерiнiң одағын құра бiлдi.  
Европа 
державаларының 
контрреволюциялық 
одағының 
ұйымдастырушысы болған ағылшын үкiметiнiң күш салуы нəтижесiнде 1793 
жылы мартқа қарай республикалық Францияға Европа мемлекеттерiнiң үлкен 
бөлiгi  қарсы  тұрды:  Англия,  Россия,  Австрия,  Пруссия,  Германияның  ұсақ 
жəне  орташа  князьдiктерi,  Голландия,  Испания,  Венеция,  Сардиния, 
Пьемонт, Неаполь. Тек Англия емес, одаққа қатысушы басқа елдер де басып 
алу мақсатын ұстады. Пруссия Франциядан Эльзас пен Лотарингияны бөлiп 
алғысы  келдi,  Австрия  Францияның  шекаралық  бекiнiстерiн  басып  алуды 
армандады. 
1793  жылы  орыс  флоты  ағылшын  флотының  француз  жағалауларын 
бөлiп  тастауына  көмектестi,  бiрақ  Польшаны  бөлiсу  мен  Россияның 
Пруссиямен  жəне  Австриямен  қатынасының  шиеленiсуi  патша  əскерлерiнiң 
Францияға қарсы соғыс қимылдарын жасауын тоқтатты. 
Конвенттегi  Таулықтар  мен  Жиронда  күресi.  Конвент  үш  негiзгi 
саяси  топтан  тұрды.  Оң  қанат  (200  адам)  «жирондистерден»  –  Жиронда 
департаментiнiң  депутаттары  мен  олардың  пiкiрлестерiнен  құралды. 
Қарамағында  80  адамы  бар  солшылдар  «Монтаньярлар»,  яғни  «таулықтар» 
деп  аталды,  өйткенi  олар  мəжiлiс  залының  жоғары  орындықтарынан  орын 
алды.  Көпшiлiгi  (500  адам)  орталықтан  болды,  бұл  топтың  депутаттары 
төменгi  орындықтарда  отырғандықтан  «батпақ»  (басқаша  айтқанда  – 
«жазықтық») деп аталды. 
Жирондистер 
iрi 
капиталистердiң 
мүддесiн 
бiлдiрдi. 
Олар 
революцияның  дамуы  монархияның  құлауымен  тоқтатуға  тиiс  деп  ойлаған 
баяу  республикашылдар  едi.  Монтаньярлар,  буржуазияның  неғұрлым 
революцияшыл  қанатының  өкiлдерi,  орташа  жəне  ұсақ  капиталистердiң, 
орташа  шаруалардың  мүддесiн  бiлдiрдi.  Сөйтiп  олар  күрес  барысында 
революцияны  одан  əрi  дамытуға  ұмтылған  халықтың  қалың  тобының 
бастаушысы  болып  шықты.  Буржуазияның  орташа  тобына  ең  жақынырақ 
тұрғандар «батпақ» болды, бұлар кейiнiрек монтаньярлармен уақытша одақта 
болып шықты. 
Жиронда  партиясының  басты  қайраткерлерi  мыналар  едi:  журналист 
Бриссо,  мануфактура  инспекторы  Ролан,  адвокат  Вернью,  ғалым  Кондорсе. 
Монтаньярлар  арасында  Робеспьер,  Марат,  Дантон  жəне  «Конституция 
достарының қоғамынан» «Бостандық пен теңдiк достарының қоғамы» болып 


57 
 
қайта  құрылған  якобиндер  клубының  басқа  да  қайраткерлерi  жетекшi  роль 
атқарды.  
Таулықтар 
мен 
Жиронда 
арасындағы 
бiрiншi 
қақтығыс 
«департаменттiк 
гвардия»  дейтiн  мəселе  бойынша  болды.  Мұны 
жирондистер  Коммуна  мен  Якобиндердi  қолдаған  Париждiң  ұлттық 
гвардиясына  қарсы  күрес  үшiн  Конвенттi  қорғау  деген  сылтаумен  құрмақ 
болған едi. Кескiлескен жарыссөзден кейiн бұл ұсыныс қабылданбай қалды. 
Тақтан  тайдырылған  Король  тағдыры  туралы  мəселе  күштi  айтыс 
туғызды.  Оны  Конвенттiң  өзi  соттады.  Мемлекетке  опасыздық  жасады, 
Францияның жауларына қосылды деп айып тағылған 1793 жылы 21 январьда 
Людовик XVI-шы өлiм жазасына кесiлдi.  
1793  жылы  Франция  өз  аумағын  азат  еткеннен  кейін  басқа 
мемлекеттердің, оның ішінде Германия жеріне көз тікті. 1792-1793 жылдары 
революциялық  соғыстар  (себебі  революцияны  жақтау  негізгі  мəселе  болды) 
деп  аталса,  кейіннен  бұл  басқыншылық  соғыс  деп  аталды.  1793  жылы  31 
мамыр  -  02.  шілдеде  Парижде  халық  бұқарасы  бастаған  көтеріліс  басталды. 
Конвенттен  жирондистер  қуылып,  енді  якобиншілер  өкімет  басына  келеді. 
Революцияның  екінші  кезеңі  1792  жылы  10  шілдеден  –  1793  жылдың  31 
мамыр - 02 шілде аралығын қамтыды. 
Революцияның  ІІІ  кезеңі  –  1793  жылы  31  мамыр  -  02  шілде  күндері 
Парижде халық көтерілістері болды. Парламентте якобиншілер үстем болды. 
Якобиншілер  кезеңі  революцияның  ең  жоғарғы  кезеңі  болып  табылады. 
Олардың  билігі  революциялық-демократиялық  диктатура  деп  аталды.  Осы 
кезеңдегі басты мəселе аграрлы мəселе еді. Сондықтан олар аграрлы мəселе 
жөнінде заң қабылдады.  
Конвент  3  июньде  жиронистердiң  тоқтатып  тастаған  эмигранттық 
жерлерiн  сатуға  ұлықсат  еттi.  Жердi  сатып  алу  ендi  тəртiбi  едəуiр  өзгердi. 
Жерсiз  жəне  жерi  аз  шаруалар  «ұлттық  мүлiктер»  қорынан  бiр  арпан  жердi 
жерлер  сатып  алды.  Конвент  заңы  бойынша  шаруаларға  10-жылға  несие 
берілетін  болды.  Жерді  ұсақ  учаскелермен  сататын  болды.  Жер  мəселесі 
едəуір өзгеріп, əр шаруа жер сатып ала бастады.
 
10  июньде  декрет  шықты.  Ол  кезiнде  помещиктер  тартып  алған 
жерлерде  помещиктер  қайтарып  бердi.  Қоғамдық  жердi  жеке  бөлiп  алу 
немесе бiрге пайдалану еркi шаруалардың өзiне берiлдi. Осыған байланысты 
еркiндiктiң  деревняда  байлар  мен  кедейлер  арасында  кескiлескен  күрес 
жүрдi. 
17  маусымда  Конвент  ешқандай  өтеусіз  салықтарды  жойды.  Демек, 
шаруалар буржуазиялық революция басталғасын 4 жылдан кейiн феодалдық 
қысымнан  құтылды.  Феодалдық  тəртiптен  буржуазияның  көмегiмен 
құтылғандықтан француз деревнясында буржуазияның салмағы артып кеттi. 
Якобиншілер  жаңа  конституция  қабылдады.  Франция  республика 
болғандықтан  жаңа  конституция  қажет  болды.  Конституция  бойынша 
Франция демократиялық республика болды. 21-жасқа толған ерлерге сайлау 
құқы  берілді.  Конвент  -  қазір  ұлттық  жиналыс  деп  аталады.  Конституция 
жеке меншік мүддесін жоғары көтеріп, оны қорғады. Басқыншыларға қарсы 


58 
 
шаралар қабылданылды. Бірақ бұл демократиялық конституция жүзеге аспай 
қалды.  
Өз тұсында 1793 жылғы конституция сөзсiз прогрессивтi, революциялық 
документ болып саналады. Алайда оның шегi болған едi. Ол жеке меншiктiң 
мүддесiн жоғары көтерiп, еңбекшi бұқараны елеусiз тастады.  
Интервенциямен  кескiлескен  күрес  кезiнде  қабылданған  конституция 
«француз  халқы  өз  территориясында  отырған  жаумен  еш  уақытта  бiтiм 
жасамайды»  деп  мəлiмдедi.  Бұл  мəлiмдеменiң  iске  асуында  Конвенттiң  бiр 
мүшесi  күдiк  келтiргенде,  Робеспьер  орнынан  тұрып:  «Осы  мəлiмдеменi 
жасаған халықта қаншама күш-қуат барын жұрттың бəрi бiлсiн!» – дейдi. 
1793  жылғы  конституция  жүзеге  аспай  қалды.  Францияға  жан-жақтан 
төнген əскери қауiптiң кесiрiнен Конвент жаңа сайлау ұйымдастыруды қажет 
деп таппады. Бiр жылдан кейiн якобиндер диктатурасы құлады. 
Контрреволюциялық  элементтер  якобиндер  диктатурасына  азамат 
соғысымен  жауап  бердi.  Вандей  мен  Бретанидегi  монархиялық  бүлiктердiң 
аумағы  кеңейе  бастады.  Парижден  қашқан  жирондықтар  оңтүстiкте  бүлiк 
шығарды.  83  департаменттiң  60-ысын  дерлiк  Конвентке  қарсы  көтерiлiс 
жайлаған  кез  де  болды.  Тек  жаудың  шабуылынан  қауiп  төнiп  отырған 
орталық жəне шекаралық департаменттер ғана республика жағында қалды. 
13 
июльде 
Парижде 
Марат 
өлтiрiлдi. 
«Халық 
досы» 
контрреволюцияшыл  жаулардың  қолынан  қаза  тапты.  Мараттың  өлiмi 
халықтың  ашу-ызасын  туғызды.  Жалынды  шешен  жəне  публицист, 
бостандық үшiн табанды күрескердi жерлеуге ондаған мың адам қатысты. 
Монархистермен  одақтасып  əрекет  жасаған  жирондықтар  айтарлықтай 
отрядтар  ұйымдастыра  алмады.  Вандей  мен  Бретаниеден  басқа 
провинциялардың халқы республика жауларына ешжерде айтарлықтай көмек 
көрсеткен  жоқ.  25  августа  Конвент  əскерлерi  Марсельдi  алды.  9  октябрьде 
Лион  берiлдi,  мұның  берiлуiне  қарулы  шаруалар  көмектестi.  13  декабрьде 
Тулон құлады. Мұнда монархистердi ағылшын  
1793  жылы  5  сентябрьде  ағылшындар  Тулонды  алды  деген  хабардың 
ертеңiне  Парижде  халықтың  жаңа  бас  көтеруi  болды.  Контрреволюциямен 
күресу  үшiн  жəне  азық-түлiк  реквизициясын  жүргiзу  үшiн  Конвент  дəл  сол 
күнi «революцияшыл армия» отрядтарын құру туралы декрет қабылдады. 13 
сентябрьде  Конвент  жерi  жоқ  азаматтар  үшiн  жер  сатып  алудың 
жеңiлдетiлген шарттарын бекiттi. 29 сентябрьде «Жалпыға ортақ максимум» 
туралы  Заң  жаңарды,  яғни  кеңiнен  тұтынылатын  товарлар  мен  өнiмдердiң 
бəрiне дерлiк тұрақты баға қою туралы Заң жаңарды. 1 ноябрьде оның күшi 
республиканың барлық жерiне таратылды. Нанға, етке, қантқа, сабынға жəне 
басқа кейбiр өнiмдерге карточка енгiзiлдi. Нанмен жеке сауда жасауға тыйым 
салынды.  Бұл  декрет  бойынша  тек  товар  емес,  сонымен  бiрге 
жұмысшылардың жалақасына да максимум енгiзiлдi. 
Максимум  туралы  Заңды  бұзушылар  революцияшыл  трибуналдың 
сотына тартылып, қатал жазаға кесiлдi. Оның iшiнде өлiм жазасы да болды.  
Якобин  үкiметiнiң  маңызды  тiрегi  –  жергiлiктi  басқарудың  сайланатын 
органдары  –  коммуналар  болды.  Үкiметтiң  екiншi  бiр  маңызды  тiрегi  – 


59 
 
революциялық клубтар – «Халық қоғамдары» едi. Оның жалпы саны 3 мыңға 
жеттi.  Олар  көбiнесе  Париждегi  Якобиндер  клубынан  едi.  «Халық 
қоғамдары»  арасынан  Якобин  диктатурасының  неғұрлым  белсендi 
қайраткерлерi шықты. 
Конвент халық жауларына қарсы қатал декреттер шығарды. 1793 жылғы 
7  сентябрьдегi  декретте  жау  басып  алған  жерде  қандай  бiр  болмасын  жау 
қолымен қоғамдық немесе мемлекеттiк қызметке тағайындалғандардың бəрi 
опасыз  деп  жарияланды.  17  сентябрьдегi  «Сенiмсiздер  туралы»  декретте 
саяси сенiмсiз адамдарды бақылап, оларды сотқа тарту керек деп жазылды. 
3 октябрьде Конвент қайта тазартылды, одан 136 жирондист пен оларға 
ниеттестер шығарылды. Олардың кейбiреуi тұтқынға алынды. 
Революциялық  трибунал  халық  жауларын,  революциялық  заңдылықты 
бұзушыларды аяусыз жазалап отырды. 
Якобиндер  сыртқы  жауға  қарсы  қалай  батыл  күрессе,  iшкi 
контрреволюцияға  қарсы  да  солай  батыл  күрестi.  1793  жылдың  күзiнде 
Франция жау армиялардың қоршауында қалды. 
23  августа  халық  бұқарасының  талап  етуiмен  Конвент  500  мың 
жауынгердi  жасақтады.  Ендi  оларға  киiм-кешек,  қару-жарақ  керек  едi. 
Қоғамдық  құтқару  комитетi  қызметiн  жандандырып,  елдiң  соғыс 
ресурстарын  тез  арада  ұлғайтты.  Iрi  ғалымдар,  инженерлер,  химиктер  елдi 
қорғауға  бар  күш-жiгерiн  жұмсады.  Соғыс  заводтары  көбейдi,  оқ-дəрi 
шығару артты. Соғыс инженерлерiн əзiрлеу үшiн политехникалық мектептер 
ашылды. Олар кейiннен Францияның ғылымы мен техникасын дамытуда iрi 
роль атқарды. 
Сонымен  1794  жылдың  басына  қарай  Францияда  жақсы  жабдықталған 
600  мың  армия  болды.  Ал  одақта  тек  400  мың  армия  болды.  Оның  үстiне 
француз  əскерлерiн  талантты  генералдар  басқарды.  Олар  демократиялық 
топтардан шыққан едi. Оларға армия сенiп тапсырылды. Мұның нəтижесiнде 
Франция жеңiп шықты.  
Якобиншілер лагерiнiң iшiндегфракцияның күрес
Якобиндер,  революцияшыл  буржуазиялық  демократтардың  партиясы, 
өзiнiң құрамы жағынан болсын, көзқарастары жағынан болсын бiртектi емес 
едi.  Париж  Коммунасының  көрнектi  қайраткерлерi,  солшыл  якобиндер 
Шометт  пен  Эбер  секцияларға  –  астананы  революциялық  жолмен 
басқарудың  төменгi  ұйымдарына  жақын  болды  да  –  өздерiнiң  кейбiр 
талаптарында  қала  кедейлерiнiң  мүддесiн  бiлдiрдi.  Плебейлер  бұқарасының 
ықпалымен  Конвент  1793  жылы  сентябрьде  маңызды  декреттер  шығарды. 
Бұл декреттер революциялық диктатураны нығайтты. Бiрақ та Робеспьер мен 
Сен-Жюст  бастаған  якобиндердiң  билеушi  тобы  ұсақ  жəне  орташа 
буржуазияның  ауқатты  топтарының  мүддесiн  бiлдiрiп,  Шометт  пен  Эбердiң 
фракциясына қырын қарады.  
1793 жылғы күзден бастап якобиндер фракциясының арасындағы күрес 
шиеленiсе  түстi.  Шометт  пен  Эбердiң  тобы  революционерлерге  халық 
жауларының  жерiн  берудi  талап  еттi,  буржуазияның  сауда-өнеркəсiп 
орындарын  национализациялауды  талап  еттi.  Солшыл  якобиндер  бiрқатар 


60 
 
саяси  мəселелерде  авантюризмге  қарай  ауып  кеттi.  Мұндай  авантюристiк 
талаптардың  бiразы  мынадай  болды:  барлық  шiркеулердi  тез  арада  жауып 
тастау,  дiнге  сенушiлердiң  бəрiн  тұтқындау,  католик  дiнiн  атеистiк  дiнмен 
ауыстыру. 
Якобиндер лагерiнiң iшiнде үш топ құрылды: 
1) Робеспьер тобы – билеушi тобы 
2) Солшыл якобиндер – Шамет, Эбер 
3) Оңшыл якобиндер – Дантон, Камил, Демулен. 
Əрине,  дiнбасылардың  көпшiлiгi  контрреволюциялық  роль  атқарды. 
Бiрақ та Францияның сол кезде шаруалар елi болғанын ұмытпау керек. Оның 
халқының  басым бөлiгi шiркеулердi күштеп жабуға  қарсы  тұрған болар едi. 
Мұның  өзi  оның  үстiне  республикаға  төнген  қауiп-қатердi  күшейте  түскен 
болар едi. 
Сыртқы саясат мəселелерiнде де Робеспьердiң жəне Шамет пен Эбердiң 
арасында  алауыздықтар  болды.  Шаметт  пен  Эбер  одаққа  қарсы  соғыс 
европаның барлық халықтары француз əскерлерiнiң көмегiмен монархиялық 
тəртiптен азат болып, өздерiнде республика орнатқанға дейiн жүргiзiлуге тиiс 
деп есептедi. 
Робеспьер  болса,  француз  республикасы  бүкiл  Европаны  күштеп, 
революцияландыру  мiндетiн  қоймауға  тiис  деп  есептедi.  Ол  Францияның 
мүддесi  басқа  сыртқы  саясатты  талап  ететiндiгiн,  атап  айтқанда: 
антифранциялық  одақтың  ыдырауын  жəне  одақтың  кейбiр  мүшелерi  мен 
сепараттық бiтiм жасауды талап ететiндiгiн дəлелдедi. 
Якобиндердiң оң қанатындағы Дантонды жақтаушылар тұрақты бағаны 
жою  үшiн,  террорлық  саясаттан  бас  тартуды,  буржуазияның  өнеркəсiптiк 
жəне  сауда  қызметiне  толық  бостандық  берудi,  эмигранттарға  кешiрiм 
жасауды  талап  еттi,  яғни  оңшыл  якобиндер  жаңа  байлардың;  сатып 
алушылардың,  сатушылардың,  алып-сатарлардың  жаршысы  болды.  Бұл 
топтың  кейбiр  өкiлдерi  батыл  революциялық  шараларды  бетке  ұстап, 
ұрлықпен,  алып-сатарлықпен,  жеке  басын  байытумен  айналысты,  қазына 
ақшасын иемдендi. 
Сыртқы  саясат  мəселесiнде  бұл  топ  революцияшыл  Францияның  қас 
дұшпаны  Англиямен  бейбiт  келiсiм  жасауға  ұмтылды.  Сондықтан  да 
кейiнiрек  Дантонистердiң  бұл  тобының  контрреволюциялық  төңкерiстiң 
басты қайраткерлерi болып шығуы таңданарлық емес.  
Бұл  екi  топтың  екеуi  де  өзара  кескiлескен  күрес  жүргiздi.  Екеуi  де 
Робеспьер  бастаған  революцияшыл  диктатураны  өзгертуге  тырысты. 
Робеспьердiң  революцияшыл  өкiметiне  қарсы  бұл  күрес  осы  екi  топты 
бiрiктiрдi. 
1794 жылы мартта Эбер мен оның жақтастары Робеспьер басшылығына 
қарсы  көтерiлiс  ұйымдастыруға  тырысты.  Бiрақ  халық  бұқарасы 
Эбертиiстердi қолдамады. Сөйтiп 1794 жылы 24 мартта Эбер өлiм жазасына 
кесiлдi. 
Эбертистердiң талқандалуы Дантонды жақтаушылардың рухын көтердi. 
Олар революциялық тəртiпке қарсы шабуылын күшейте түстi.  


61 
 
Эбертистердi  өлiм  жазасына  кескеннен  кейiн  6  күн  өткен  соң  Комитет 
Дантонды, Камил Демулендi тұтқындауға қаулы алды. 5 апрельде олар өлiм 
жазасына тартылды. 
Дантонистердi жазалағаннан кейiн бiрнеше күн өткен соң Револцияшыл 
трибуналда  Шаметтi  соттау  процесi  басталды.  Шаметт  эбертистердiң 
революцияшыл  диктатураға  қарсы  күресiн  жақтамаса  да,  ол  өзi  бұған 
қатыспаса да ол өлiм жазасына кесiлдi.  
Шаметтi  өлтiру  жəне  басқа  солшыл  якобиндердi  тұтқынға  алу 
буржуазиялық революционер ретiндегi Робеспьердiң екi жақтылығын айқын 
көрсетiп бердi. Ол бiр қолымен революция жауларына қарсы күрессе, екiншi 
қолымен оның достары мен қорғаушыларын жазалады.  
Шаметке  тиген  соққы  революцияның  күшiн  əлсiреттi,  якобиндер 
диктатурасынан  плебей  топтарының  басым  бөлегiн  алшақтатып  жiбердi. 
Сонымен  бiрге  Робеспьер  мен  оның  жақтастары  бұл  екi  топты  түгел 
талқандай  алған  жоқ.  Көрнектi  эбертистер,  көтерiлiске  тiкелей  қатысқандар 
жазадан  құтылып  кетiп,  өздерiнiң  саяси  ықпалын  сақтап  қалды.  Дантонның 
жақын  достары  мен  пiкiрлестерi  Тальян,  Тюрье  Конвентте  iрi  саяси  роль 
атқара бердi. 
Якобиндердiң  күшi  –  олардың  халық  бұқарасына  сүйенiп,  қала  мен 
деревня  плебейлерiмен  одақ  құрғандығында  болды.  Бiрақ  та  эбертистердi 
жазалау  жəне  Робеспьердiң  1794  жылдың  жазы  мен  көктемiнде  əлеуметтiк-
экономикалық  саясаты  еңбекшiлердiң  қалың  тобының  наразылығын 
тудырды. 
Атап  айтқанда  1794  жылдың  көктемiнен  бастап  Робеспьер  үкiметi 
жұмысшылардың  жалақысына  байланысты  максимум  саясатын  бұрынғыдан 
да қатал түрде жүргiзе бастады. 
Париж  Коммунасы  қаулы  қабылдады.  Мұнда  бұрынғыға  қарағанда 
жұмысшыларға  төменгi  тариф  жалақысы  белгiлендi.  Мысалы,  ағаш 
ұстасының  жалақысы  күнiне  8  ливрден  3  ливрге  дейiн  азайтылды.  Басқа 
жұмысшылардың  да  жалақысы  кемiдi.  Бұл  қаулының  жұмысшыларға 
ұнамағаны өзiнен өзi түсiнiктi. 
Робеспьер  кедей  шаруалардың  арыздарына,  петицияларына  құлақ 
аспады. 
Керiсiнше 
ауыл 
шаруашылығының 
қызметкерлерiн 
егiс 
жұмыстарына  пайдаланамын  деп  олар  деревнядағы  одақтастарынан 
бiржолата айрылды. 
Орта  шаруалар  якобиндер  диктатурасына  тiптi  дұшпан  көзбен  қарай 
бастады.  əсiресе  семья  қорын  жою  туралы  заң  шыққаннан  кейiн  жəне  1794 
жылғы  астықтың  бəрiн  конфискациялау  туралы  декрет  шыққанан  кейiн 
олардың контрреволюциялық пиғылы күшейдi. 
Ел iшiндегi жағдай шиеленiскенiмен майдандағы жағдай жақсарған едi. 
Майдандағы  тамаша  жеңiстер  жаудың  жаңа  шабуыл  жасау  қаупiнен  жəне 
революцияға  дейiнгi  тəртiптердiң  қайта  орнау  қаупiнен  құтқарды.  Осының 
бəрi якобиндер тəртiбiн iрi буржуазияның алдында керексiз еттi. 
1794  жылы  якобиншілерге  қарсы  (ірі  буржуазия)  мемлекеттік  төңкеріс 
жасалды.  Якобиншілер  мəдени  салада  шіркеуді  мемлекеттен  бөлді,  жаңа 


62 
 
күнтізбе енгізді, осы күнтізбе бойынша 1792 жылы республика қабылданған 
жыл  бірінші  жыл  деп  саналады.  Якобиншілерге  қарсы  күрес  осы  шілде 
(термидор  ыстық  деген  мағына)  айында  болғандықтан  оны  термидоряндық 
деп  атады.  Буржуазия  өкілдері  1794  жылы  27  шілдеде  якобиншілерді 
талқандап,  жойды.  Осымен  революция  аяқталды.  Революция  нəтижесінде: 
феодалдық қатынастар толығымен жойылды.  
Француз  буржуазиялық  революциясының  тарихи  маңызы  мынада: 
буржуазия  феодалдық  тəртiптердi  жойды,  өкімет  басына  буржуазия  келді, 
цехтық,  сословиелік  құрылыс  жойылды.  Бұл  тарихта  буржуазияның 
дворяндарды толық жеңуiмен аяқталған революция болды. Естерiңiзде болар, 
XVII  ғасырдағы  ағылшын  буржуазиялық  революциясы  буржуазия  мен  жаңа 
дворяндардың келiсiмiмен аяқталған едi. 
Термидордан  брюмерге  қарай.  1794  жылы  якобиншілерге  қарсы 
мемлекеттік  төңкеріс  жасайды.  Якобиншілер  мəдени  салаларда  шіркеуді 
мемлекеттен  бөлді,  көптеген  училищелер  ашты,  жаңа  күнтізбені  енгізді.  Ірі 
буржуазия өзінің экономикалық жəне əлеуметтік үстемдігін орнатқысы келді 
жəне  төменгі  бұқара  халыққа  жасауға  мəжбүр  болған  жеңілдіктерін  жоюды 
жəне  олардың  заң  шығару  жəне  басқарудағы  ықпалын  біржолата  жоюға 
тырысты.  Демократиялық  күштер  қарсылық  көрсетті,  бірақта  олар  жеңіске 
жете  алмады.  Революциядан  кейін  (9  термидор  күні)  Конвент  сақталып 
қалды.  Конвентте  жаңа  буржаузия  өкілдері  үстемдік  етті.  Конвентке 
жирондистердің  73  депутаты  қайтып  келді.  1794  жылы  қараша  айында 
Якобиншілер  клубы  жабылды.  Термидорияндықтар  якобиншілердің 
мемлекеттің  экономикаға  араласу  шараларын  өзгертті,  бағдарламаларын 
жойды.  Нəтижесінде  елде  қымбатшылық,  инфляция,  азық-түлікпен 
қамтамасыз  етуде  тоқырауға  əкелді.  Жағдайы  ауыр  бұқара  халық  (1795  ж  1 
04)  12  жерминал  күні  парламентке  басып  кіріп,  астық  беруді,  1793  жылғы 
конституцияны  қайта  енгізуді,  тұтқынға  алынғандарды  босатуды  талап  етті. 
Мұны жерминаля көтерілісі деп аталды. Бірақ бұл ереуіл басылып тасталды. 
Бұдан  кейін  1  прериалда  (20  мамыр)  ұйымдасқан  түрдегі  көтеріліс  болды. 
Оларда  1793  жылғы  конституцияны,  азық-түлік  беруді  талап  етті. 
Көтерілісшілер уақытша Конвентті басып алды. Көтеріліс 2 прериалға дейін 
жалғасты.  Термидорияндықтар  Парижге  əскер  кіргізіп,  көтерілісті  басты.     
Бұл  прериал  көтерілісі  деп  аталды.  Сонымен  қатар  роялистерге  де  қарсы 
күресіп  жатты.  Франция  коалиция  əскерлерін  жеңе  бастады.  Соғыс  енді 
қарсыластарының аумағына өтті. 1795 жылы 5 сəуірде Пруссия Франциямен 
оңаша  Базель  бітіміне  қол  қояды.  Бітім  бойынша  Рейннің  солтүстік 
жағалауындағы неміс жерлері Францияға өтті. 1795 жылы шілдеде Франция 
Испаниямен  бітімге  қол  қояды.  1795  қазанда  Францияға  Бельгия  қайта 
қосылды.  1795  жылы  тамызда  термидорияндық  Конвент  якобиншілердің 
конституциясының  орнына  Францияның  жаңа  конституциясын  жасайды.  
Конституция  бойынша  республика  сақталды,  бұл    конституция  бойынша 
парламент  (Заң  шығару  корпусы)  2  палаталы  болды.  Төменгі  палата 
(Бесжүздік кеңес заң шығару) жəне 40 жастан кем емес 250 мүшеден тұратын 
ақсақалдар  кеңесі  -  заңды  бекітеді).  Атқару  билігі  Заң  шығарушы  корпус 


63 
 
сайлаған 5 адамнан тұратын Директорияға берілді. Конституция эмигранттық 
иеліктерді  кəмпескелеуді  бекітті,  ұлттық  мүлікті  сатып  алғандардың 
меншігіне кепілдік берді.  
1795  жылы  25  қазан  айында  ІІІ–жылғы  конституцияға  сай  құрылған 
мекемелерге  билігін  берген  Конвент  таратылды.  Жаңа  “термидориандық” 
буржуазия  елде  үстемдігін  орнатты.  Бесжүздік  кеңес  пен  ақсақалдар 
кеңесінің  2/3  бөлігін  бұрынғы  термидориандық  Конвенттың  мүшелері 
құрады.  Директория  кезінде  бай  адамдардың  финанстық  айла-тəсілдері, 
ұлттық  мүліктерді  сатып  алу,  қайта  сату,  бір  сөзбен  айтқанда  сауда-саттық 
жақсы дамыды. 1796-1797-жылдары реформалар баюдың қайнар көзі болды. 
Осындай  жағдайларға  байланысты  қозғалыс  болды,  оны  тарихта  “Тепе-
теңдік  үшін  астыртын  əрекет”  деген  атпен  белгілі.  Оның  басшысы  “Халық 
қайраткері”  демократиялық  газетін  шығарушы  Гракх  Бабеф  (1760-1797) 
болды.  Мамандығы  бойынша  жер  өлшеуші  жəне  заңгер.  1796  жылы  мамыр 
айында Бабеф тұтқындалып, 1797 жылы 27 мамыр айында өлтірілді. 
Термидориандық буржуазияға енді жаңа жерлер қажет болды. Франция 
енді  сыртқы  саясатында  басқыншылық  соғыстар  жүргізе  бастайды. 
Революциялық  соғыстар  басқыншылық  соғыстарға  айнала  бастады. 
Наполеон  Бонопарт  Альпі  таулары  арқылы  өтіп,  Италияға  қарсы  жорығын 
бастады.  Монтенотте  (12.04),  Миллесиме,  Мондовииде  (21.04)  Лоди 
қаласының маңындағы көпірдегі (10.05) шайқастардан кейін, фраанцуз əскері 
15  мамырда  1796  жылы  Миланға  кірді.  1797  жылы  17  қазанда  Кампо-
Формиода Австрия Франциямен бейбіт бітімге қол қояды, онда Бельгия мен 
Рейннің  солтүстік  жағалауы  Францияға  қосылды.  Бұл  Компоформ  бейбім 
бітімі  Францияға  қарсы  құрылған І-ші коалицияның  (Австрия  мен  Пруссия) 
ыдырауына  əкелді.  Францияның  жеңу  себептері:  армиясы  тұрақты    болды; 
жергілікті  халықтар  помещиктердің  езгісінде  болғандықтан,  Франция 
əскеріне өздері көмектесті;  Еуропа мемлекеттері қаншама коалиция құрсада, 
олардың өзара қайшылықтарын Франция пайдаланып отырды. 
Тек  Англия  ғана  теңізде  соғысын  тоқтатпады.  Директория  өкіметі 
Мысырға  əскери  жорық  ұйымдастырды.  Бұл  кездері  Мысыр  Осман 
империясының  қол  астында  болатын.  Директорияның  мақсаты  Англияға 
соққы  беру  еді.    Өйткені,  Мысыр  Англия  мемлекеті  үшін  Үндістанға 
шығатын бірден-бір жол еді, сондықтан осы жолды жабу. 1798 жылы мамыр 
айында  38000  солдат  пен  офицерлерді  алып    Мысырға  аттанды.  Мысыр 
кавалериясын  жеңе  отырып,  Бонапарт  өз  əскерін  Сирияға  қарай  беттетті. 
Бірақ  Сирияға  жорығы  сəтсіз  болды,  армиясының  1/3  бөлігінен  айырылған 
Наполеон  Египетке  қайтты.  Француздардың  Еуропаға  жəне  Қиыр 
Шығыстағы жорығы 1798 жылы Францияға қарсы жаңа екінші коалицияның 
құрылуына əкелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет