Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет20/53
Дата14.05.2020
өлшемі1.55 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53
Ауытқу  саясаты”  18  брюмердің  мемлекеттік  төңкерісі.  4  жыл 
Директория  басқаруында  болған  Франция  бірқатар  экономикалық 
дағдарысқа  ұшырады.  Өнеркəсіп  өндірісі  1789  жылмен  салыстырғанда 
төмендеп  кетті.  Экспорт  жартылай  төмендеді.  Директория  құрылысының 
саяси  тұрақсыздығы  да  халық  наразылығын  тудырмай  қоймады.  Кейбір 


64 
 
якобиншілердің қалдықтары жаңара бастады. Осындай қиын сəтте буржуазия 
халық  бұқарасының  күресін  басып  тастайтын  қуатты  мемлекетті  күтті. 
Наполеон өзіне шаруалар күресін пайдаланды жəне шаруалар да Наполеонға 
сенді.  1799  жылы    9  қарашада  (18  брюмер)  ҮІІІ  жыл  Наполеон  Бонапарт 
əскердің күшімен Директория тəртібін жойған мемлекеттік төңкеріс жасады. 
18 брюмер күні заң шығарушы 2 палатаның Бесжүздік кеңес пен ақсақалдар 
кеңесіне қарсы астыртын əрекет жасалынып жатқанын білген мүшелері Сен-
Клуге  мəжіліске  жиналды.  Бұған  4000  солдатымен  Наполеон  Бонапартта 
келді,  ол  мəжіліске  қатыспақшы  болды.  Мəжіліске  төрағалық  еткен  оның 
ағасы  Люсьен  еді.  Бонапарт  мəжіліске  кірген  кезде  оны  депутаттар  ұнатпай 
қарсы  алғандықтан,  оны  залдан  шығарып  жіберді.  Жеңіліс  тапқан  Бонапарт 
депутаттар  жиналысын  тарату  үшін  əскер  күшін  пайдаланды.  Мемлекеттік 
төңкеріс нəтижесінде директорияны қуып шықты.  
Төңкерістен  кейін  бір  айдан  соң  (1799  24.12)  Наполеон  конституция 
қабылдады.  Жаңа  конституция  бойынша  атқару  билік  10-жылға  сайланатын  
үш консулдың қолына өтті. Біріншісі Наполеон Бонапарт болды. Ол министр, 
чиновниктерді,  елшілерді  тағайындап,  армияға  басшылық  ететін.  2-3-
консулдар  тек  кеңесші  ретінде  болды.  Төңкеріс  нəтижесінде  француз 
революциясы  аяқталды,  ол  тек  ауқатты  буржуазия  үлесіне  тиді.  Роялистер 
мен  радикалды  республикашылар  саяси  өмірден  алшақтатылды.  Қуатты 
банкирлер  мен  ірі  помещиктер  Наполеонның  күшін  байқағандықтан,  оған 
өздерінің  көмектерін  ұсынды.  Консульдық  конституцияны  жасаған  аббат 
Эмманю-эль  Жозеф  Сьейес  бірінші  консулға  көптеген  өкілдік  берген.  Екі 
консулдың  жəне  Мемлекеттік  кеңестің  көмегімен  ол  барлық  офицерлерді, 
қызметшілерді,  соттарды,  сенат  мүшелерін  тағайындады.  Демократиялық 
топтар  осыдан  кейін  талқандалған  болатын.  Енді  елде  əскери  диктатура 
орнай  бастады.  Мемлекеттік  басқару  жəне  білім  жүйесін  басқару  бір 
орталықтандырылды.  Наполеон  диктатурасының  тірегі:  əскер,  полиция, 
шіркеу  болды.  Ол  жергілікті  қалыптасқан  органдарды  жойып,  əрбір 
департамент  басына  префект  қойды.  Префекті  өкімет  тағайындады,  оның 
жəне полиция билігі де шексіз болды. Францияда құпия тыңшылар көбейді.  
Бүкіл  Еуропа  елдерінің  өздерінде  де  Наполеон  агенттіктері  көбейді. 
Қатаң цензура енгізілді. Рим папасы Наполеон билігін мойындады, Франция 
Рим шіркеуіне көп қаржы төлеп отырды. Осы арқылы дін басылары арасында 
да  Наполеонды  қолдау  болды.  Эмигрант  дворяндарға  рақымшылық  беріліп, 
олардың  Францияға  қайтуына  рұқсат  берілді.  Наполеон  өнеркəсіптің 
дамуына  үлкен  ықпал  жасады.  Ұлттық  өнеркəсіпті  қолдап  отыратын  қоғам 
құрылды.  Өнеркəсіп  иелері  Наполеонға  ірі  қарыз  беріп  отырды.  Ұлттық 
шеберханалар ашыла бастады.  
1804  жылы  Наполеон  өзінің  азаматтық  кодексін  жариялады.  Өзінің 
шығарған заңын осы кодексте жинақтады. Қылмыстық кодекс жасады, оның 
мақсаты:  буржуазияның  өз  меншігін  пайдалануына  жағдай  жасау  болды. 
Қылмыстық  кодексте  Наполеон  жұмысшыларға  қарсы  заң  бекітті.  Ереуіл 
жасаушылар  аяусыз  жазаланды.  Қожайын  əрбір  жұмысшыға  мінездеме 
беретін  болды.  Осындай  мінездемесіз  жұмысшы  жұмысқа  алынбайды. 


65 
 
Қожайындарға мұндай құқық жұмыс жалақасын төмендету үшін өте пайдалы 
еді.  Наполеон  Сауда  кодексін  де  жасады.  Наполеон  Англияға  қарсы  соғыс 
жүргізіп  жатқан  кезде  Наполеонға  қарсы  роялистер  көтеріліске  шығады. 
Роялистердің  мақсаты  Наполеонды  тақтан  түсіру,  консульдардың  орнына 
мирасқорлық  монархияны  орнатуды  талап  етті.  Наполеон  тез  мерзімде 
Парижге  келіп,  роялистерді  басып  тастады.  1804  жылы  ол  өзін 
императормын деп жариялады.  
Жалпы  бұл  төңкеріс  ХVІІІ  ғасырдың  аяғындағы  ұлы  француз 
буржуазиялық-демократиялық революциясын аяқтады. Бұл революция елдегі 
феодалдық-абсолюттік  құрылысты  жойып,  жаңа  қоғамдық  тəртіптердің, 
буржуазиялық  қоғамның  қалыптасуына  жəне  Францияның  капиталистік 
дамуына жол ашты. 
 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Франциядағы ағарту қозғалысы қай бағытта дамыды? 
2. 1789 ж. 5 мамырда корольдің Бас штаттарды шақыру себебі неде? 
3. 1789 ж. адам құқықтарына қатысты қабылданған құжаттың маңыздылығы неде? 
4. 1792 ж. күздегі Франция республика деп жариялануының мəні қандай? 
5. Н.Бонапарт əскердің күшімен неге Директория тəртібін жойды? 
 
Өзіндік жұмыс тақырыбы
1. Француз буржуазиялық революциясы: негізгі кезеңдері жəне даму жолдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет