Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет22/53
Дата14.05.2020
өлшемі1.55 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53
 
 
 
 


75 
 
6-ТАҚЫРЫП. 1848-1849 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕУРОПАДАҒЫ 
РЕВОЛЮЦИЯЛАР 
 
1848  жылғы  төңкеріс.  Франциядағы  Екінші  республика.  ХІХ 
ғасырдың  бірінші  жартысында  құрлықты  Еуропада  мануфактуралық 
өнеркəсіптен  машиналық  фабрикалық  түріне  ауыса  бастады.  Сол  кезеңде 
Еуропаның  барлық  дерлік  мемлекеттерінде  феодалдық-абсолюттік  тəртіп 
болған,  əлеуметтік  қанау  ұлттықпен  араласты.  1848-1849  жылдары  Париж, 
Вена,  Берлин,  Рим  жəне  басқа  да  еуропалық  астаналар  төңкерістік 
бастамалардың  орталығына  айналды.  Сірə,  Еуропа  бұрын  сонды  болмаған 
жалпы күрестің шиеленісуін, халықтық көтерілудің қарқынын жəне ұлттық-
азат  ету  қозғалыстардың  өрлеуін  көрді.  Алайда  құрлықтың  əр  бөлігіндегі 
күрес бір деңгейде болған жоқ, көтерілген халықтың тағдыры əртүрлі болды, 
тек күмəнсіз  ортақ бір мəселе: төңкеріс жалпыеуропалық көлемде болды. 
Езілген халық еркіндік үшін, буржуазия мен ірі державалардың қаналған 
əлеуметтік  таптары,  ең  алдымен  төмендегі  таптар  (жұмысшылар,  шаруалар, 
кішігірім  саудагерлер,  қолөнершілер  жəне  т.б.),  −  феодалдық-абсолюттік 
қанауға  қарсы  күресті.  1848-1849  жылдары  басталған  төңкеріс  1845-1847 
жылдары    ауылшаруашылық  дағдарысын  тездетті  жəне  1847  жылы  бірден 
бірнеше мемлекеттерде болған экономикалық дағдарыс басталды. 
Шілделік  монархияның  ішкі  жəне  сыртқы  саясаты  біртіндеп  халықтың 
көптеген  таптары  –  жұмысшылар,  шаруалар,  буржуазияның  көп  бөлігін  
оппозицияны  қолдауға  итермеледі.  40-жылдарының  ортасында  дағдарысты 
жағдай  ушыға  бастады.  Əсіресе  қаржы  аристократиясының  билігіне 
наразылық  өсе  бастады.  «Насьональ»  жəне  «Реформа»  газеттерінің 
айналасында оппозиция топтасып, өкіметті халықтың талаптарын орындауға 
көндіруге  тырысты.  1847  жылдың  жазында  Францияда  халықтық  саяси 
банкеттер  науқаны  етек  алды.  Банкетті  науқан  Францияның  əртүрлі 
бөліктерінде  таңдамалы  реформа  үшін  күресін  дамуына  себепші  болды.  
Банкеттерде  тілектің  орнына  саяси  жəне  əлеуметтік  реформаларды  талап 
еткен ұсыныстар айтылды. 
1847  жылы  желтоқсан  айының  соңында  француз  парламентінің  заң 
шығарушы  сессиясы  басталды.  Осы  өте  қызу  жағдайда  болып  жатқан 
сессияда  өкіметтік  ішкі  жəне  сыртқы  саясаты  либералды  оппозиция 
тарапынан  қатты  сынға  алынды.  Бірақ  оппозиция  талаптары  қабылданбады 
жəне  таңдамалы  реформа  жақтаушылардың  22  ақпанда  болатын  банкетіне 
тыйым  салынды.  21  ақпанда  кешке  оппозициядағы  депутаттар  мен 
журналистер  халықты  билікке  бағынуға  шақырды.  19  ақпан  күні  «Реформ» 
газет редакциясының жиналысында Ледрю-Роллен Луи Бланның қолдауымен 
банкетті  қақтығысқа  қарсы  шығып,  халықтың  күреске  дайын  емес  екенін 
жəне  қарудың  жоқтығын  себеп  қылды.  «Реформ»  Париж  тұрғындарын 
тыныштыққа,  төңкеріске  қатысудан  бас  тартуға,  ал  социалистер  де  ескертіп 
сақтануға шақырды. 
22 ақпанда мыңнан аса Париж тұрғындары, ең алдымен студенттер жəне 
қала  маңындағы  жұмысшылар  алаңға  шықты.  Полициямен  қақтығыс 


76 
 
басталып,  бірінші  баррикадалар  пайда  болды  жəне  олардың  саны  өсті. 
Ұлттық  гвардия  батальоны  көтерілісшілермен  күресуден  бас  тартты,  ал 
кейбір жағдайларда көтерілісшілердің жағына шығып кетті. 
23  ақпанның  соңына  қарай  король  Луи  Филипп  болып  жатқан 
оқиғалардан  сескеніп,  премьер  Ф.Гизоны  құрбандық  етуге  шешті.  Жаңа 
үкіметтің басшысы ретінде орленистер либералдарының арасында беделге ие 
граф Молені тағайындады. Либералдар арасында бұл жаңалықты қуанышпен 
қарсы алып, тіпті Ұлттық гвардиямен күресті тоқтатуға дайын болды.  
Алайда  жұмысшылар  монархияға  қарсы  толқуларын  тоқтатпады.  Сол 
күннің кешкісі Париж орталығында, Капуциндар бульварында Сыртқы Істер 
Министрлігінің  ғимаратына  –  Гизо  резиденциясына  беттеген  қарусыз 
шерушілерге  қарсы  қару  қолданылды.  Бұл  оқиға  жөнінде  ақпарат  лезде 
тарады.  Сөйтіп,  бүкіл  Париждің  еңбек  етуші  халқы  көтерілді.  Мыңнан  аса 
жұмысшылар,  саудагерлер,  қолөнершілер  жəне  студенттер  бір  түн  ішінде 
шамамен 1500 баррикада салды. 24 ақпанда астананың стратегиялық маңызы 
бар  жерлер  көтерілісшілердің  қолында  болды.  Луи  Филипп  тақтан  бас 
тартуға  мəжбүр  болды.  Таққа  оның  кішкентай  немересі  граф  Парижский, 
анасы  герцогиня  Орлеанская  король  бұйрығы  бойынша,  регент  болып 
жарияланды.  Осыдан  кейін  король  жəне  оның  отбасы  астанадан  қашып, 
Англияны  паналады.  Тюильрийский  сарайын  көтерілісшілер  басып  алды, 
король  тағын  Бастилия  алаңына  алып  келіп,  салтанатты  түрде  жаққан 
болатын. 
Шілделік  монархияның  соңғы  күресін  депутаттар  палатасы  отырған 
Бурбон  сарайында  болды.  Палатадағы  монархияны  жақтаушылар  герцогиня 
Орлаенскаяның  регент  болып  тағайындалуын  құптау  арқылы  монархияны 
құтқарғысы  келді.  Тек  республикашыл  депутаттардың  кішігірім  тобы 
Уақытша өкімет құруды ұсынған еді. Бірақ бұл жоспарлар көтерілісшілердің 
ғимаратқа  кіруінің  нəтижесінде  бұзылды.  Олар  жиналыс  залына  «Палата 
жоғалсын!  Король  де,  регент  те  болмасын!  Республика  жасасын!»  деп  баса 
көктеп  кірді.  Депутаттардың  көбісі  қашып  кетті,  ал  қалғандары  Уақытша 
өкімет үшін дауыс берді. Төңкеріс жеңіске жетті. 
Уақытша  өкімет  жəне  оның  саясаты.  Уақытша  өкімет  өзінің  құрамы 
жағынан  коалициялық,  сипаты  жағынан-ымырашыл  болды.  Уақытша 
өкіметтің  төрағасы  ретінде  1789-1794  жылдары  Француз  төңкерісінің  жəне 
1830  жылы  төңкерістің  қатысушысы  қария  Дюпон  де  лЭр  тағайындалды. 
Бірақ  іс  жүзінде  оның  басшысы  сыртқы  істер  министрі  лауазымындағы 
Ламартин  болды.  Маңызды  лауазым  −  Ішкі  істер  министрі  болып  Ледрю-
Лорен тағайындалды. Портфельсіз министрлер болып Луи Блан, Альбер жəне 
тағы басқа солшыл депутаттар болды.  
Республика  жөніндегі  сауалдар  бірден  өткір  мəселеге  айналды  жəне 
депутаттардың  нағыз  бетін  ашты.  24  ақпанның  кешкі  жəне  түнгі  сағатында 
Ламартин  жəне  басқа  да  депутаттар  республиканы  бірден  жариялаудан 
құтылу  үшін,  бірақ  париж  тұрғындарын  тыныштандыру  үшін  өкіметтік 
декларацияда  жалтармалы  тұжырымдарды  құрастыруға  тырысты.  Бірақ 
осындай  жасалған  тұжырымдар  халықты  қанағаттандырмады.  Уақытша 


77 
 
өкімет  Францияны  республика  деп  жариялауға  мəжбүр  болды.  Бірнеше 
күннен кейін барлық 21 жасқа толған (тұрғылықты бір жерде алты айдан аса 
тұрған  жағдайда)  ер  адамдардың  сайлау  құқығын  бекітетін  декрет  шықты.  
Алайда өкімет Шілде монархиясы құрған мемлекеттік машинаны өзгертпеді: 
ол  тек  мемлекеттік  аппаратты  анық  реакцияшыл  элементтерден  тазалаумен 
шектелді. 
Төңкерістің 
бірінші 
күнінен 
бастап, 
жұмысшылардың 
жалпыдемократиялық  талаптарының  ішінде  еңбек  ету  құқығы  сияқты 
заңнамаларды  қабылдау  болды.  25  ақпанда  жұмысшылардың  еңбек  ету 
құқығына  кепіл  беретін,  барлық  азаматтарды  жұмыспен  қамтитын, 
қылмыстық  кодексте  жұмысшылар  ассоциациясын  құруға  рұқсат  етпейтін 
баптарды  жоятын  декрет  қабылданды.  Еңбек  жəне  прогресс  министрлігін 
құру  жөніндегі  талаптың  орнына  Уақытша  өкімет  жұмысшы  табының 
жағдайын  жақсарту  үшін  «Еңбек  етушілер  үшін  өкіметтік  комиссиясын» 
құрды.  Оның  төрағасы  Луи  Блан,  орынбасары  −  Альбер  болды.  Жиналысы 
үшін  Люксембург  сарайы  берілді.  Шынында,  Люксембург  комиссиясы 
ешқандай билікті қолға ала алмады əрі қаражаты болмады.  
Уақытша  өкімет  париждік  жұмысшыларының  жұмыссыз  қалуымен 
күресу үшін Ұлттық шеберханаларды аша бастады. 1848 жылы мамырда оған 
100  мыңнан  аса  адам:  жұмысшылар,  кірісі  тоқтап  қалған  қолөнершілер, 
кішігірім  қызметкерлер,  азып-тозған  кішігірім  кəсіпкерлер  орналасты. 
Уақытша  өкімет  Ұлттық  шеберханаларды  құру  арқылы  астанадағы 
шиеленісті  бəсеңдетуге  тырысты  жəне  буржуазияға  саяси  қадамдар  жасауға 
мүмкіндік  жасады.  Наурыздың  басында  өкімет  бірқатар  қадамдарға  барды: 
Парижде жұмыс уақытын 11-ден 10-ға дейін, ал провинцияларда  12-ден 11-
ге  дейін  азайту  жөнінде,  нан  бағасы  түсіру  туралы,  кедейлерге 
ломбардтардан  өмірге  қажетті  заттарды  қайтарып  беру  жəне  тағы  басқа 
декреттер шығарды. Француз отарларында құлдық жойылды. 
Құрылтай жиналысы.Уақытша өкімет, Луи Блан мен Ледрю-Ролленнің 
қарсылығына қарамастан, Құрылтай жиналысына сайлауды 9 сəуірде жасауға 
асықты.  Париж  демократиясы,  төңкерістік  клубтар  жəне  демократиялық 
баспалар  сайлауды  халық  арасында  саясат  туралы  білім  беру  үшін  кейінге 
шегіндіруді  сұрады.  Алайда  Құрылтай  жиналысының  сайлау  уақыты 
өкіметте  емес,  Париж  көшелерінде  шешілді.  17  наурызда  Құрылтай 
жиналысының сайлау уақытын шегіндіруге талап еткен 100 мыңдай адамның 
шеруі  өтті.  Демонстрация  люксембургтік  делегаттардың  белсенді 
қолдауымен  демократиялық  клубтармен  ұйымдастырылды.  Нəтижесінде 
Уақытша  өкімет  кішкентай  қадам  жасап,  Құрылтай  жиналысының  сайлау 
уақытын 23 сəуірге ауыстырды.  
Парижде  жаңа  жұмысшылар  шеруі  16  сəуірде  болды.  Уақытша  өкімет 
Парижге  ақпан  төңкерісінің  жеңісінен  кейін  тұрақты  əскердің  бірнеше 
полктарын шақыртып алды.  
23  сəуірде  Құрылтай  жиналысының  сайлауы  өтті.  Провинцияларда 
маңызды дауыстарды алғаш рет дауыс беруге рұқсат еткен шаруалар иеленді; 
олардың  дауыстарына  республикалық  өкіметтің  белгілеген  45  сантимнен 


78 
 
тұратын  салыққа  деген  наразылығы  əсер  етті.  Парижде  жəне  ірі  қалаларда 
демократтар  көптеген  дауыстардан  айырылды.  Жалпы  сайлауда  Құрылтай 
жиналысының  880  орынның  500  орынға  ие  болған  буржуазиялық 
республикашылдар жеңіске жетті. Жиналысқа көбінесе орлаендық монархист 
сайланды.  Республикашылдардың  көбісі  жаңа  адамдар,  бұрын  депутат 
болмағандар,  ал  монархистердің  ішінде  Шілделік  монархияда  парламент 
депутаттары  болғандар  құрады.  Сондықтан  жиналыста  көптеген  орлеандық 
жəне клерикальды-легитимді лагерьдің тəжірибелі көшбасшылары болды. 
1848 жылы 4 мамырда Құрылтай жиналысы өзінің жұмысын 24 ақпанда 
жарияланған  республика  «Францияның  басқару  формасы  болып  қалатыны" 
жөнінде салтанатты декларацияны жариялаудан бастады. Əскери министрдің 
лауазымын  генерал  Луи  Эжен  алды.  Ол  марқұм  болған  Шілде 
монархиясының атақты республикашыл Годфруа Кавеньяктың ағасы еді. 
15  мамырда    Парижде  Құрылтай  жиналысынан  көтерілген  поляктарды 
қолдау  жөнінде  шешім  қабылдауды  талап  еткен  150  мыңды  шеру  өтті. 
Алайда  шеру  басылды,  ал  демократиялық  қозғалыстың  көшбасшылары 
Барбес,  Альбер,  Распайль,  Блаки  жəне  т.б.  ұсталып,  клуб  жабылды. 
Люксембург  комиссиясы  ресми  түрде  таратылды.  Кавеньяк  париж 
гарнизондарын нығайтып, астанаға жаңа əскери күштерді шақырды. 
Париж жұмысшыларының маусымдағы көтерілісі. Барлық оқиғалар 
болуы даусыз жарылысқа алып келді. 22 маусымда Атқарушы комиссияның 
Ұлттық  шеберханада  жұмыс  істейтін  18  бен  25  аралығындағы 
жұмысшыларға  əскерге  баруға  ұсынатын,  ал  қалғандарына  далада  қалуға 
немесе  провинцияда  Солонь  атты батпақты жерде  жер өңдеуге  бару  туралы 
жарлығы көтеріліске себепші болды. Ал Ұлттық шеберханаларда 117 мыңнан 
аса  адам  жұмыс  істеді.  Осындай  тікелей  арандатушылыққа  жұмысшылар 
көтеріліспен жауап берді.  
23  маусым  таңертең  Париж  көшелерінде  баррикадалар  салынып, 
алғашқы  мылтықтың  даусы  шықты.  Көтеріліс  қаланың  демократиялық 
шығыс бөлігін қамтыды. Оған шамамен 40-45 мың адам қатысты. Келесі күні 
Құрылтай  жиналысы  Парижді  қоршауға  алынған  қала  деп  жариялап,  толық 
билікті  Кавеньяктың  қолына  берді.  Өкімет  үлкен  күштер  ара  салмағына  ие 
болды:  көтерілісшілерге  қарсы  150  мыңдай  тұрақты  əскер,  ұтқыр  гвардия, 
Ұлттық  гвардияның  париждік  батальоны  қойылды;  көмекке  Ұлттық 
гвардияның  53  департаменттен  тұратын  бөлімшелері  асықты.  Көтерілісті 
басу  үшін көтеріліс  орталықтарына  айналған қала  кварталдарын  толығымен 
жоятын  артиллерия  қолданылды.  Көтерілісшілер  төрт  күн  бойы  ортақ 
жоспарсыз  жəне  орталықтанған  басқарусыз  болды.  26  маусым  кешке 
көтеріліс  басылды.  Жұмысшыларға  қарсы  террордың  уақыты  келді. 
Түрмелер толып кетті, сотсыз жəне тергеусіз атылды.  
Маусым  көтерілісі  Францияда  1848  жылы  төңкерістің  шұғыл 
бұрылысты кезеңі еді, енді ол бəсеңдейтін жолға түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет