Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет23/53
Дата14.05.2020
өлшемі1.55 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53
1848  жылы  10  желтоқсандағы  президент  сайлауынан  Екінші 
империяға  дейін.  28  маусымда  Кавеньяк  атқарушы  биліктің  басшысы 
лауазымына  ие  болды.  Жұмысшылар  жəне  оған  аяушылық  білдіргендерді 


79 
 
жер  аудару,  тұтқынға  алу  жəне  ірі  сот  үдерістерінің  толқыны  басталды. 
Жұмыс  уақытын  бір  сағатқа  азайтқан  декрет  өз  күшін  жойды,  Ұлттық 
шеберханалар  жабылды,  төңкерістік  клубтар  жабылды.  Француз  корпусы 
Италияда  көтерілісті  басу  үшін  жіберілді.  1848    жылдың  4  қарашасында 
Құрылтай  жиналысымен  бекітілген  Конституция  жарияланды.  Онда  еңбек 
етушілердің  мүдделері  мүлдем  есепке  алынбады,  жұмысшыларға  қақтығыс 
жасауға  рұқсат  етілмеді.  Жаңа  Конституция  бойынша,  республиканы  4 
жылдық  мерзімге  сайланатын  президент  басқарды,  ал  атқарушы  билік  үш 
жылға  Заң  шығарушы  жиналысқа  берілді.    Президент  өте  үлкен 
өкілеттіктерге ие болды: ол өкіметті құрады, əскер күшін басқарды, сыртқы 
саясатты  белгіледі.  Алайда  ол  өз  күшімен  парламентті  тарата  алмады. 
Конституция  еңбек  етуге  кепілдік  бермеді,  бірақ  онда  еркіндіктің  негізгі 
ережелері бекітілді. 
1848  жылы  10  желтоқсанында  президент  сайлауы  белгіленді.  Барлық 
дерлік  партиялар  өзінің  кандидатын  ұсынды.  Жалпы  олардың  саны  алтыға 
жетті.  Республикашылдардың  көбісі  генерал  Кавеньяктың  кандидатурасын 
қолдады.  Жұмысшылар  өз  кандидатын  Распайльді  ұсынды.  Бірақ  күтпеген 
дауыстың көбісін Наполеон Бонапарттың жиені Луи Бонапарт иеленді. Оған  
45  сантимнан  тұратын  салықты  жояды  деп  сенген  шаруалар  мен  мықты 
билікке  сенім  артқан  қала  тұрғындарының  көбісі  өз  дауыстарын  берді.  Луи 
Бонапарттың  жеңісіне  Наполеон  Бонапарттың  əскери  жеңістеріне  бөленгені 
əсер етті. Президент сайлауынан кейін А.И.Герцен: «...суыққа, ерте уақытқа 
қарамастан, халық бульварларды толтырды, балалар айқаймен бюллетендерді 
сатып тұрды, бес миллионнан аса дауыс байлаулы Францияны Наполеонның 
аяғына жықты. Жетім қалған енді өзінің қожайынын тапты!» деп суреттейді. 
Луи  Бонапарт  президент  болып,  өкімет  басына  монархист  Одиллон 
Барроны  қойды.  Оның  алғашқы  қадамы  мемлекеттік  аппараттан 
республикашылдарды  қуудан  бастады.  Монархиялық  партияның  блогы  – 
орлеандар,    легитимдер  жəне  бонапарттар  –  бірігіп,  Құрылтай  жиналысын 
таратуды  жəне  Заң  шығарушы  жиналысты  таңдауды  мақсат  еткен  «Тəртіп 
партиясына»  бірікті.  Өздерін  1793-1794  жылдары    «Таулар»  якобиндерінің 
жалғастырушылары  деп  есептейтін  жəне  өздерін  «Жаңа  Тау»  деп  атайтын 
кейбір төңкерісшіл демократтар мен социалистер демократиялық қайта құру 
жоспарын  ұсынды.  1849  жылы  13  мамырында  Заң  шығарушы  жиналыстың 
сайлауы  өтті.  Орынның  көбісін  (500 жуық)  «Тəртіп  партиясы»  иеленді; 
«Жаңа Тау» өзінің 180 кандидатының орнына; оңшыл республикашылдар 70 
орынға ие болды.  
28  мамырда  Заң  шығарушы  жиналыс  өз  жұмысын  бастады.  Бірінші 
күндерден  бастап,  сыртқысаяси  мəселелердің  ішкі  саясат  мəселелерімен 
байланысы  бойынша  келіспеушіліктер  байқалды.  Рим  мəселесі  деп  аталып 
кеткен  мəселе ортада болды.  1849  жылы  сəуірінде француз  өкіметі  жаңадан 
пайда  болған  Рим  республикасына  əскери  экспедиция  жасаған  болатын. 
Солшыл  республикашылдар    контрреволюциялық  интервенцияға  қарсы 
болды.  11  маусымда  болған  Заң  шығарушы  жиналыста  Ледрю-Роллен 
президент  пен  министрлерді  Конституцияны,  яғни  республиканың  əскери 


80 
 
күштерін  басқа  елдердің  еркіндігін  басу  үшін  қолдануға  тыйым  салынған, 
қатаң  бұзғаны  үшін  сотқа  тартуды  ұсынды.  Заң  шығарушы  жиналыс  бұл 
ұсынысты  қабылдамады.  Сонда  «Жаңа  Тау»  1849  жылдың  13  маусымында 
қарусыз  шеруді  ұйымдастырды,  бірақ    полиция  шерушілерді  қару  қолдану 
арқылы қуып тастады. 
1850  жылы  31  мамырда  Заң  шығарушы  жиналыс  жаңа  сайлау  жаңын 
шығарды. Ол заң бойынша, отырықшылықтың үш жылдық цензі белгіленді. 
Шамамен 3 млн адам сайлау құқығынан айырылды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет