1851
жылғы мемлекеттік төңкеріс. Буржуазиялық топтарда
парламенттік жүйеден көңілі қалды. Олар дəулетті таптарды төңкеріс
зардабынан қорғайтын «мықты билік» құруға ниеттенді. Салыстырмалы
түрде, бонапартистер полиция мен əскерді оңай өз қолдарына алды. «10
желтоқсан қоғамы» құрылды (Бонапарттың сайлану күні). 1851 жылдың 2
желтоқсанында бонапартистік қастандық жасаушылар президенттің
басшылығымен мемлекеттік төңкеріс жасады. Заң шығарушы жиналыс
таратылды, бонапартизмге қарсы саяси қызметкерлер тұтқынға алынды.
Демократиялық жұмысшы жəне студенттік жастар, интеллигенцияның
қарсылығы басылды. Барлық министрліктердің басшылығына бонапартистер
қойылды. Төңкерістің контрреволюциялық сипатын бəсеңдету мен
демократиялық топтарды алдау үшін Луи Бонапарт 1850 жылы 31 мамырда
қабылданған сайлау құқын шектейтін заңның күшін жойды.
Алайда «10 желтоқсан» партиясы, Луи Бонапарттың өзіне де биліктің
заңдылығы қажет еді. 1851 жылдың соңғы күндерінде (21 желтоқсанда)
бонапартизм тəртібімен, яғни полиция мен əскердің қатысуымен плебисцит
жүргізілді. Плебисцит Луи Бонапарт үшін қажетті 7 млн дауысты жинап
берді, 646 мың адам – қарсы болды. Осылайша, демократиялық еркіндіктің
қалдықтары жойылды. Империяға жол ашылды.
Германиядағы революция. Париждегі халық көтерлістері, корольдік
биліктің құлауы жəне ол жақта республиканың жариялануы, Франциядағы
жеңген революция туралы хабар, герман республикаларында революциялық
жарылысқа алып келген себеп болды. Парижде республиканың
жариялануынан кейін (27 ақпан 1848 ж) екі күннен соң Франциямен
шекаралас Баден ұлы герцогтығында либералдар мен радикал демократтар
Мангеймде көпшілікті халықтық жиналыс жинады. Ол жерде парламентке
халықтың қарулануы, яғни милицияның құрылуы, баспа еркіндігі жəне
цензураның жойылуы, партияларға тыйым салуды жою жəне жиналыстар
еркіндігі, заңның демократизациясы мен жалпыгермандық ұлттық
парламентті шақыру талаптарымен петиция қабылданды. 1 наурызда бұл
петиция арнайы делегациямен ландтагқа, манифестанттардың қатысуымен
тапсырылды. Палата бұл талаптарды қабыл етті (министрлердің палата
алдындағы жауапкершілігі енгізілді), оның ішінде Конституцияның əскери
ант беруі жəне феодалдық құқықтардың жойылуы. Ұлы герцог ландтаг
қабылдаған шешімдерді қолдауға жəне жоғарыда айтылған шараларды іске
асыру үшін либералдардан тұратын үкімет құруға келісуге мəжбүр болды.
81
Герман одағының басқа орташа жəне ұсақ мемлекеттерінде 1848 жылы
наурыздағы оқиғалар барысы Бадендегі оқиғаларға ұқса болды: халық
жиналыстары жиналды, «наурыздық талаптарға» ұқсас демонстрациялар
өтті, либералдар «наурыздық үкіметтерге» кірді. Осыдан Германиядағы
революциялардың аты – «наурыз революциялары» пайда болды.
Наурыз революциялары Германия арасында тез таралып кетті, ірі
мемлекеттер - Австрия мен Пруссияны жайлап алды. Пруссияда 3
наурыздағы Кёльндегі революциялық көтерілістер Рейн провинциясының
орталықтарына
тарап
кетті,
ал
7
наурызда
Берлинде
басқа
мемлекеттердегідей талаптар қойылып көтерілістер басталды. Əлеуметтік-
революциялық сипатқа ие болған халықтық қарсыластар өршіп, 13 наурызда
шерушілердің əскермен қақтығысына ұласты, көшелерде тікелей қақтығытар
орын алып, қайтыс болғандар мен жараланғандар болды.
Венадағы революциялық көтерелістер мен Меттернихтің қашуы туралы
хабарлармен уайымдаған прусс королі Фридрих Вильгельм IV 18 наурызда
цензураның жойылуы жəне Біріккен ландтагты шақыру туралы жария етті,
конституция енгізу жəне Герман одағын қайта ұйымдастыру туралы уəде
берді. Бірақ шерушілер мен əскердің қақтығысы 18 жəне 19 наурызда да
жалғасып отырып, бүкіл Берлинде баррикадалық күрестерге ұласып кетті,
оның көп бөлігін көтерілісшілер (студенттер, қолөнершілер мен
жұмысшылар) құрды, күрес барысында олардың 400-і қайтыс болды. 19
наурызда Берлиннен əскер шығару туралы бұйрық берді. Одан кейінгі
күндері король конституция туралы уəдесін берді, үкіметтің басына Рейн
провинциясының либералды қайраткерлері Людольф Кампгаузен мен Давид
Ханземан тағайындалды.
1848 жылы көктемде Германияның оңтүстік-батысы мен орталығының
бірқатар мемлекеттерінде күшті аграрлық қозғалыстар өтіп жатты.
Дворяндық
артықшылықтарға
жəне
феодалдық
қатынастардың
қалдықтарына қарсы шыққан бұл мемлекеттердегі шаруалар өзінің көптеген
талаптарына қол жеткізе алды, одан кейін олардың ары қарайғы
революциялық күресте қатысуы жоққа келіп тірелді.
Жалпыгермандық парламенттің талаптары, Халықтық жиналысқа
депутаттар сайлауы барысында, сəуірдің ортасынан, мамырдың ортасына
дейін жүзеге асты. 18 мамырда 1848 жылы Майндағы Франкфуртте Қасиеттті
Павел шіркеуінде, либералдар мен бірнеше демократтар, сонымен қатар
бірқатар консерваторлардан тұрған Жиналыстың бірінші кездесуі өтті.
Депутаттардың көпшілігі білімді бюргерлерден тұрды, оның ішінде
университеттердің 49 профессоры сайланды.
Ұлттық жиналыс - жалпыгермандық орталық билігі бола алмады.
Парламент сайлаған уақытша империялық басқарушы, австриялық эрцгерцог
Иоганн жəне уақытша империялық үкімет те, қандай да бір саясат жүргізу
үшін құзыреттерге де, құралдар ға да, мүмкіндіктерге де ие болмады, себебі
оған Австрия, Пруссия жəне басқа да мемлекеттер қарсы болды.
Парламенттің көптеген жиналыстарында ұзақ уақыт бойы империялық
конституцияның жобасы талқыланды, Германияның болашағы, Герман
82
мемлекетінің «ұлыгермандық» (Австрия империясының қатысуымен) немесе
«кішігермандық» (Австриясыз) нұсқалары мəселелері кең талқылауға
салынды.
1849 жылы 28 наурызда парламент империялық Конституцияны
қабылдады, оның құрамына 1848 жылы желтоқсанда қабылдаған, 1776
жылғы америкалық «Тəуелсіздік декларациясы» жəне 1789 жылғы «Адам
мен азаматтың құқықтарының декларациясы» нұсқасы бойынша жазылған
«Неміс халқының негізгі құқықтары» қабылданды. Сол арқылы, неміс
тарихында азаматтар бостандықтары: тұлғаның бостандығы, пікір білдіру
бостандығы, сенім мен ар-ұят бостандығы, империя аумағы шеңберінде еркін
орын ауыстыру, жиналыстар мен коалициялар еркіндігі, заң алдындағы
теңдік, мамандық таңдау еркіндігі, жеке меншіктің қолсұқпаушылығы
жарияланды. Феодалдық тəуелдікте қалған барлық таптық артықшылықтар
жойылды; өлім жазасы жойылды. Империяның «кішігермандық» нұсқасы
қабылданды; «немістердің императоры», атқарушы биліктің басшысы
ретінде пруссиялық король Фридрих Вильгельм IV сайланды. Заң шығарушы
билікті екі палаталық парламент – халықтық жиналыс (фольксхаус), ол
жалпы жəне тең дауысты ер адамдар мен əйел адамдармен сайланды, жəне
Мемлекеттер жиналысы (штатенхаус) атқарды, соңғысы үкіметтер өкілдері
мен жеке мемлекеттердің ландтагтарынан құрылды. Сол арқылы,
консерваторлар либералдардың қолдауымен Конституцияда монархиялық
қағида мен мұрагерлік монархияны бекітуге, көптеген демократтар мен
радикалдардың ортақ демократиялық республика құру талаптарына
қарамастан, барлық аумақтық мемлекеттер мен əулеттерді сақтап қалуға қол
жеткізілді.
Франкфурт парламенті қабылдаған Конституция басынан бастап
жарамсыз болған. 1849 жылы 3 сəуірде прусс королі Фридрих Вильгельм IV
коронаны (ол «шошқа коронасы деп атады) революцияның белгісі деп қабыл
етуге мүлдем бас тартты жəне Австриямен соғыстың қаупі болғанын түсінді.
Прусс королінің бас тартуы Германияда контрреволюцияның басталуын
көрсетті жəне Франкфурт парламентінің жұмысының іске аспауының белгісі
болды. Конституция көптеген герман мемлекеттерінде монархтар мен
үкіметпен бас тартылды.
Республикалықтар мен демократтар Конституцияны қорғауға жəне оны
қайта қалпына келтіруге ұмтылыстар жасады; ол олардың ойларынан
шықпаса да, контреволюциямен қарсы күресте көмегін беретін болды. 1849
жылы мамыр-маусымда Конституцияны қорғау үшін Дрезденде, Рейн
өңірінде, Пфальцта жəне Баденде халық көтерілістері өршіп отырды.
Олардың барлығы тоқтатылды, ал Баден мен Пфальдегі көтерілістерді басуға
прусс əскері қатысты, оларды кронпринц Вильгельм басқарды. Осылай прусс
əскері демократиялық Германияның бірлігі үшін болған соңғы көтерілісті
басып жаншыды. Прусс əскерінің əрекеттері Вюртемберг үкіметі үшін, 1849
жылы 18 шілдеде, өзінің жиналыстарын Штутгартқа ауыстырған Франкфурт
үкіметін таратуға белгі ретінде қызмет етіп, бір айдан кейін Майндағы
Франкфуртте революцияға дейінгі бундестаг жиналып отырды.
83
1849 жылы маусымда Пруссиядағы контрреволюция өзінің тұрақты
тұрақтарын иеленді, контреволюция күштерінің өсуі байқалды. 1848 жылы
маусымда Кампгаузен либерал үкіметі орнына кетіп, кейін Ханземан
либерал үкіметі де құлады. 1848 жылы қараша айында граф Вильгельм фон
Бранденбург – ақсүйек империялық контреволюциялық камарильяның
өкілінің үкіметі келді. Ішкі істер министрі ретінде ірі шенеунік барон Эдвин
фон Мантойфель тағайындалды, ал 1850 жылы ол министр-президент
атанды, осылай онжылдық «Мантойфель кезеңі» басталды.
Берлинді қоршауға алғаны туралы жария еткен соң, Мантойфель
қаладан 1848 жылы шақырылған, либералдары конституция жобасын да,
жəне басқа да заңдарды да қабылдай алмаған Пруссияның Ұлттық
жиналысын шығарып тастады. Бір айдан соң жиналыс таратылды. Осыдан
кейін 1848 жылы желтоқсанда король сыйлаған конституция жұмысына
кірісті, ал наурыз айындағы сыйға берілген еркіндіктер сақталып, бірақ
корольдің ландтагтағы қабылдаған кез-келген заңына тыйым салу құқығы
енгізілді. Конституция 1850 жылы жаңа Конституция қабылданғанға дейін
қызмет етті. 1849 жылы мамырда ландтагтың (депутаттар палатасы) төменгі
(екінші) палатаға сайлауға үш таптық сайлау жүйесі енгізілді. Яғни салық
төлеушілердің төлеген қаржысы тең үш бөлікке бөлініп, ал сайлаушылар –
салық мөлшеріне байланысты үш санатқа бөлінетін. Егер ең ірі салық
төлеушілердің бірінші санатына сайлаушылардың азшылығы кірсе, екінші
санаттағы сайлаушылар одан көп болды, ал негізгі халық үшінші санатқа
кірді. Əр тап сайланушылардың тең санын таңдады, олар депутаттарды ашық
сайлауына қатысты. Осындай демократиялық емес жүйе Пруссияда 1918
жылы монархияның жойылуына дейін қызмет етіп келді. Жоғарғы (бірінші)
палата (мырзалар палатасы) жер ақсүйектері, жоғарғы дін өкілдерінен
құралды жəне демократиялық емес жолмен құрылды.
Революция жеңіліс тапты жəне неміс халқы алдында тұрған негізгі
міндеттерін: Германияның ұлттық бірігуін орындамады. XVIII ғасырдағы
Француз революциясына қарағанда ол аяқталмаған болып қалды:
монархияның жəне феодалдық құрылымның қалдықтарының жойылуына
алып келмеді, жарты жолда тоқтап қалды. Сонда да, феодализмнің көптеген
белгілері жойылды, Пруссия мен басқа да мемлекеттерде халыққа көптеген
құқықтар мен еркіндіктерді қамтамасыз ететін конституциялар қызмет етті.
Осының барлығы Германиядағы капитализмнің дамуына алып келді жəне
герман мемлекеттерінің буржуазиясы үшін саяси өмір мен билік
құрылымдарында белсенді қатысу үшін мүмкіндіктерін жоғарылатты.
Революция демократиялық қозғалыстардың өсуін көрсетті, жаппай
көтерілістер мен жергілікті шерулерде жұмысшылардың кең қатысуы,
«Коммунистер Одағы» мен оның басшылары К. Маркс пен Ф.Энгельс жүзеге
асырғандай, жұмысшылар мен революциялық ұйымдардың жəне олардың
көшбасшыларының күрестің тереңдеуі мен радикализациясына шақырған
қозғалыста үлкен рөлін анықтады. Неміс буржуаларының революцияның тым
радикализациясынан қауіптеніп, Францияның тəжірибесін есепке алып, түрлі
84
герман республикасында буржуазияның либералды саяси бағытына бет
бұрды жəне оның контрреволюция алдында шегінгенін көрсетті.
Австрия мен Венгриядағы 1848 жылғы революция.1846 жылғы
экономикалық дағдарыс жəне үш жыл қатар егістің шықпауы (1845-1847)
империя үшін апатты салдардың себептеріне айналды. Инфляция,
қымбатшылық, нан мен «күнделікті қажет нəрсеге» айналған жаңа өнім –
картоп бағаларының өсуі, бұрын-соңды болмаған жаппай жұмыссыздық
империяда қауіпті жағдайды орнатты. Халық шыдамы Париждегі 1848
жылғы ақпан айында орын алған оқиғаларда таусылып, бұл оқиғалар
жайында хабар Венаға 29 ақпан күні жеткен болатын. Наурыз айының
басында Төменгі Австрияның ландтагы (сословиелік жиналыс) жəне
буржуазиялық «Өндірістік одақ» жаңа реформаларды өткізу, цензураны жою,
жалпы австриялық парламентті шақыртуды талап етті. Автриядағы
революция 13 наурыз күні веналық кедейлердің, студенттер мен
бюргерлердің шерулері мен аяқасты митингтерден басталды. Ландтаг
ғимараты айналасындағы көшелерді лық толтырған мыңдаған халық
Австрияның князі Меттернихті дереу қызметтен босатып, Конституцияны
жариялауды талап етті. Бүкіл империяға Конституцияны ұсыну мен
буржуазиялық реформаларды жүргізу қажеттілігі жөнінде Кошут өзінің 3
наурыздағы сөзінде сөйлеген болатын, оның мəтіні австриялық астананың
көшелері мен алаңдарында оқылған.
13 наурыз күні түс кезінде үкімет Венаға əскер кіргізуге шешім
қабылдап, қақтығыстар орын ала бастады. Кешке таман жұмысшылар мен
студенттер баррикадалар жасап, студенттер кейін танымал болып кеткен
Академиялық легионды қалыптастыра бастады. Жауынгерлердің бірқатары
халыққа оқ атудан бас тартты. Император да екі ойлы болды. Ол
студенттерге қару беруге рұқсат беріп, буржуазиялық Ұлттық гвардияның
құруына бөгет жасамады жəне Меттернихті қызметтен босатуға мəжбүр
болды. Бүкіл Еуропа бойынша өшпенділіктің белгісі болып саналған
реакциялық тəртіп бір күнде ыдырауға ұшырды. Революция алғашқы
маңызды жеңіске қол жеткізді. Қайта ұйымдастырылған үкімет құрамына
либералды буржуазия өкілдері кірген болатын.
Революциялық лагерьдің түрлі əлеуметтік күштердің уақытша бірлігі
ұзаққа созылмады. Буржуазия, əсіресе оның ауқатты бөлігі, қол жеткізген
табыстарға қанағаттанып, енді жаулап алғанды сақтап қалу мақсатында
«заңдылық пен тəртіпті» сақтауға тырысты. Жеңістің дəмінен шабыт алған
плебейлік төменгі топтар өзінің күнделікті қажеттіліктер үшін күресті
жалғастыруға дайын болып, еңбек құқықын қамтамасыз етуді, жанама
салықтарды жоюды, 10-сағаттық жұмыс күнін орнатуды, жалақыны көтеруді
талап етті. Кедей шаруалар жойылған міндеткерліктер үшін помещиктерге
өтеу ақысын төлеуді жоюды талап еткен. Үкімет буржуазиялық
бостандықтар жарияланатын (баспа, жиналыс, сөз бостандықтары),
екіпалаталы парламент жəне оның алдында жауапты үкіметті құруды
қарастырған Конституция жобасын дайындады. Император елеулі құқықтар
мен айрықша құзыреттерге: қарулы күштерге жоғарғы қолбасшылық ету,
85
рейхстагтың (парламенттің) барлық шешімдеріне вето салу құқығы ие болып
қала берді. Сайлау құқығы жоғары мүліктік цензімен анықталған.
Абсолютизмді қайта орнату талпынысына жауап ретінде веналық
демократтар революциялық орган - Ұлттық гвардияның Саяси комитетін
құрған болатын. Үкімет комитетті тарау туралы шешім қабылдаған соң,
халық 15 мамыр күні қайтадан астана көшелеріне шығып, баррикадалар
жасай бастады. Биліктегілер артқа шегінуге мəжбүр болды. Келесі күні
комитетті тарау жөніндегі үкімнің күші жойылып, əскер қаладан шығарылды.
Түнде императордың басшылығымен сарай адамдары астанадан кетіп, халқы
терең діншілдігімен жəне династияға берілгендігімен ерекшеленген Тироль
биік таулы альпі провинциясына бағыт алды. Уақытша орнатылған күштер
балансы 26 мамыр күні əскери министр граф Латур Академиялық легионды
қарусыздандыруға талпыныс жасаумен бұзылды. Студенттерге қала
маңындағы ауылдар көмекке келді. Көтерілісшілердің табанды күресі
салдарынан жауынгерлер жалтақтап, олардың бірқатары халыққа оқ атудан
бас тартты. Венадағы билік Қоғамдық қауіпсіздік Комитеті қолына өтіп, оны
Адольф Фишхоф басқарды. Императорлық əскердің негізгі күші Венгрия мен
Италияда революциялық көтерілістің алауында жүруі Венадағы революция
жеңісін жеңілдетті.
Шілде айында демократия мен реакция күштері арасында өткір
қақтығыстардың алаңына айналған австриялық рейхстаг отырысы басталды.
Депутаттар арасында славян халықтарының – чехтер, поляктар, рустер
(украиндықтар), соның ішінде шаруалар мүдделерін қорғайтын өкілдер саны
көп болатын. Алайда саяси көшбасшылық ұстамды либералдар қолында
болды, бұл өз кезегінде қабылданған шешімдердің сипаты мен мəніне өз
ықпалын жасады. Рейхстагтың маңызды жетістігі – феодалдық-
крепостнойлық
қатынастарды
жою
туралы
заңды
қабылдады.
Міндеткерліктердің аздаған бөлігі өтеусіз жойылған болатын. Олардың
ішінде ең қатаңы – ақшалай алым жəне барщина үшін өтемақы төлеу
міндетті, мемлекет өтемақының тек 1/3 төлеуге міндеттенді. Басқарушы
топтардың император мақұлдаған заңды əулеттің «қайырымы» ретінде
ұсынуы қара жəне қажыған ауыл халықтарының дəстүрлі монархиялық
қиялдарының одан əрі өсуіне себеп болды. Ақырында реакция аграрлық
провинцияны плебейлік-демократиялық Венаға қарсы қоя алды, бұл жағдай
австриялық революция тағдырында қатерлі рөлге ие болған. Крестьяндық
депутаттар дауыстары көмегімен реакционерлер Италия мен Венгрияға
қарсы контрреволюциялық соғысты қаржыландыру жөніндегі шешімді
қабылдады.
Революция көпқырлы ұлттық мəселелер жиынтығын, соның ішінде
неміс ұлттық мəселесін күн тəртібінің басты тақырыбына айналдырды.
Австриялық буржуазияның Германияның екі нұсқадағы - ұлыгермандық
жəне кішігермандық - бірігу мəселесіне көзқарасы қарама-қайшы сипатқа ие
болды. Немістілді австриялықтардың басым бөлігі өздерін жалпыгермандық
этноқоғамдық қауымдастықтың бөлігі ретінде сезінді. Австриялық
буржуазия, Габсбургтер əулеті сияқты, жаңа біріккен Германияның
86
басшылық рөліне үміттеніп, оның құрамына тілек пен еріктерін ескермей,
неміс емес халықтары бар көпұлтты империяны қосуға дайын болды.
Сондықтан
австриялық
делегаттардың
Паульскирхте
өткізілген
Франкфурттық жиналысқа қатысуы чехтар мен басқа славян халықтарын
алаңдаушылығына себеп болды. Австрияның дəстүрлі бақталасы Пруссия да,
басқа германдық мемлекеттер де қарсылық көрсетті.
Франкфуртқа қарама-қарсы 1848 жылы Прага қаласында Австриялық
империяның сақталып, оның Германияға кіруіне қарсылығын көрсеткен
империяның славян халықтар съезді ұйымдастырылды. Чехтердің танымал
көшбасшысы либерал Ф. Палацкийдің (798-1876) пайымдауынша,
Австрияны чех жерлерімен қоса болашақ неміс республикасына қосу
чехтардың неміс ортасымен жұтылып, ұлттық ерекшеліктерінен айырылуына
алып келер еді. Сондықтан Палацкий славяндықтар өз монархиясын сақтап,
оны жаулардан, яғни герман жəне венгр революциялардан қорғау қажет деп
ойлады. Осылайша австрославизм доктринасы пайда болды.
Австриялық жауынгерлердің прагалықтар бейбіт шеруіне шабуыл
жасауы 1848 жылы 17 маусымда австриялық əскерилермен қатал басылған
Прагалық көтерілістің басты себебіне айналды. Прагадан кейін Венаның
кезегі келу керек. Италияның солтүстігінде революцияны басу жəне
Сардинияға қарсы соғыста табыстарға жетуі үкіметтің батылдығын
арттырды. Австриялық бас қолбасшысының жеңістері Иоганн Штраусты
Марш Радецкийді жазуға шабыт берді, ал австриялық поэзияның классигі
Франц Грильпарцер қолбасшыны мадақтайтын өлеңді жазды. Осының бəрі
қауымдастық көңіліндегі бетбұрыстардың айқын көрінісі болып табылады.
Күштердің бөлінуі Венада да орын алған. 23 тамыз күні Ұлттық гвардияның
буржуазиялық бөлігі қоғамдық жұмыстарды жасайтын кедейлер жалақысын
төмендетуге қарсы шыққан жұмысшылар шеруіне оқ жаудырды; либералды
буржуазия буржуазиялық революциядан толықтай алыстап кетті. Алайда
революция əлі де болса өз мəресіне жеткен жоқ. Оның шарықтау шегі
империялық астана - Венадағы оқиғалармен байланысты болды.
Қазанның алғашқы күндерінде австриялық астананың жұмысшылары,
қолөнершілері, студенттері, көтеріліске шыққан Венгриямен пікірлестігін
білдіріп, оған қарсы шығуға бұйрық алған əскерлердің жолын кесті.
Веналықтар əскери министрліктің ғимаратына шабуыл жасап, шам бағанада
əскери министр граф Латурды асып өлтірді. Император сарайы астанадан
қайтадан қашуға мəжбүр болып, бұл жолы чех Оломоуцінде (Ольмюц)
жасырынды. 22 қазанда көтеріліске шыққан Вена Прага баскесері генерал
Виндишгрец пен хорват баны Елачичтің əскерлерімен қоршауға алынған.
Қала қырғын шабуылдан кейін 1 қараша берілді.
Вена көтерілісшілерін құтқаруға асыққан революциялық Венгрияның
əскері талқандалды. Австриялық революция аяқталып, ендігі жерде
Венгрияның жазасын беру кезекте тұрды. Бұл мақсатты жеңілдету үшін 2
желтоқсан күні шағын сарай төңкерісі ұйымдастырылды: жігерсіз жəне
алжасқан Фердинанд қызметтен босатылып, таққа он сегіз жасар Франц
Иосиф (1848-1916) отырғызылды.
87
Венгриядағы 1848 жылғы революция. Венгр буржуазиялық
революциясы Вена халқының қимылдарынан келесі күні 1848 жылы 15
наурызда басталды. Пешттегі оқиғалар Шандор Петефи басшылығындағы
радикалды жастармен ұйымдастырылған болатын. Олардың үндеулері
негізінде Пешт жұмысшылары, қолөнершілері, студенттері баспахананы
басып алып, алдын-ала ақын жазған «Ұлттық жырды» жəне революциялық
демократтармен құрастырылған революцияның бағдарламалық құжатын («12
тармақ») басып шығарды. Буржуазиялық бостандықтармен қатар «12
тармақта» барщинаны жою, ұлттық банкті құру, империялық əскерлерді
елден шығару, венгр полктерін отанына қайтару, дербес үкіметті құру,
Венгрияны Трансильваниямен қайта қосу сияқты талаптар қойылды.
Демонстраттар түрмеден революционер-демократ Михай Танчичті
босатып, революциялық биліктің органы ретінде қоғамдық қауіпсіздік
Комитетін құрды. 17 наурыз күні Мемлекеттік жиналыс алдында жауапты
болған Венгрияның алғашқы үкіметі құрылды. Оны оппозиция
көшбасшыларының бірі граф Лайош Баттяни басқарып, қаржы министрі
болып Лайош кошут тағайындалды. Австрияға қарағанда біршама радикалды
шаруа реформасы жүзеге асырылды: барщина мен шіркеулік десятина
жойылып, шаруалар меншігіне өңделетін жердің 1/3 бөлігі өтті. Сословиенің
40 % құрайтын бұрыңғы басыбайлы шаруалар еш өтеусіз толыққанды
меншік иелеріне айналды: өтемақы толық көлемде мемлекетке жүктелді.
Алайда жерсіз немесе шағын жер бөлігіне ие болған крестьяндықтар
аграрлық реформалардың тереңдеуі мен кеңеюін, ең алдымен, олардың
помещиктер тартып алған жерлерге өз құқықтарын мойындату талаптанды.
Наурыз-сəуір айларында бүкіл ел бойынша жайлаған толқулар кезінде жəне
кейбір оқиғалар барысында помещиктік жерлерді өз бетінше басып алу жəне
бөлу орын алған болатын. Үкімет шаруалардың тек бір маңызды талабын
қанағаттандырып, жүзім десятинасын жойды.
Наурыз айының аяғында веналық сарай Венгрияны революция кезінде
жаулап алынған жерлерден айырып алу талпынысын жасады. Алайда Пешт
тұрғындарының табанды қарсылығы императорды революциялық заңдарды
ресми түрде бекітуге мəжбүрлейді.
Буржуазиялық бостандықтар мен жерді корольдіктің барлық халықтары
иеленді, алайда венгр халықтарының ұлттық құқықтары жөніндегі мəселе
тіпті көтерілмеді де. Сондықтан да венгр революциясы өзінің
одақтастарынан тез арада айырыла бастады, ал австриялық реакция
ұлтаралық алауыздық отын одан ары өршіту үшін қолынан келгенін бəрін
жасады. Сербтер тұратын елдің оңтүстігінде көп кешікпей қарулы
қақтығыстар басталды. Сербтер, трансильваниялық румындар мен
хорваттардың ұлттық қозғалысты басқару австриялық контрреволюцияның
одақтастарына айналған оңшыл мен ұстамды элементтердің қолына ауысты.
Үкіметке словактардың ұлттық құрметтеу мен жергілікті сейм құру
талаптары бар ұстамды петиция ұсынылған соң, Венгр үкіметі словак ұлттық
қозғалысының басшысы, австрославизм идеологі Людовит Штурды жəне
оның жасқтастарын тұтқындау жөніндегі бұйрық шығарды. Ақырында
88
словак көшбасшылары габсбург контрреволюциясымен бірікті. Олар құрған
Ұлттық кеңес Венгрия шеңберінде Словакия дербестігін жариялады. Дəл сол
кезде Кеңес Венада əскери экспедициялар ұйымдастырды, алайда словак
шаруалары ұлттық-патриоттық үгітке аса илікпеді. Керісінше, олар венгр
əскеріне қолдау көрсетіп, ал қатарында чехтар көп болған əскери экспедиция
тез арада тарап кетті.
Венгрияға қарсы контрреволюциялық соғыс венгр аумағына хорваттық
Елачич əскерлерінің басып кіруінен 1848 жылы қыркүйекте басталды.
Алайда елге төнген қатерлі қауіп революциялық энергияның жаңа тасқынына
себеп болды. Ұйымдастыру ісін Кошут басқарған Қорғаныс Комитеті өз
мойнына алды. Дамуының жаңа сатысына шыққан революция азаттық
соғысқа ұласты. Аз уақыт ішінде Кошуттың күшімен құрылған жəне
қаруланған жаңа əскер қыркүйектің соңында хорват əскерінің жолын кесіп,
тіпті оларды Австрияға шегіндірді. Қыста орын алған қарулы қақығыстардан
кейін 1849 жылы венгр əскерлері императорлық əскерлерге ауыр соққы
жасап, австриялық шекараларға қайта жақындап кетті.
Империя жағдайы қиындап бар жатты. Патшалық Ресейдің қарулы
интервенциясы апаттың бетін қайтарып жіберді. Фельдмаршал Паскевичтің
басшылығындағы 200-мыңдық орыс əскерінің революциялық Венгрияның
аумағына басып кіруі осы елдің тағдырын айқындады. Венгр əскерінің негізгі
күштері 1849 жылы 13 тамыз күні Вилагош маңында қаруларын тастады.
Достарыңызбен бөлісу: |