Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет26/53
Дата14.05.2020
өлшемі1.55 Mb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53
 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Париж жұмысшыларының маусымдағы көтерілісінің себебі неде?. 
2. Германиядағы революция қалай дамыды? 
3. Австриядағы 1848 жылғы революцияның шығу себебін айқындаңыз. 
4. Венгр буржуазиялық революциясының мəні қандай? 
5. 1851 жылдың соңында Австрияда қандай саяси тəртіп қалыптасты? 
 
Өзіндік жұмыс тақырыбы
1. Австрия мен Венгриядағы 1848 жылғы революцияларға салыстырмалы сараптама. 
 
 
 


90 
 
7-ТАҚЫРЫПОТАРЛЫҚ ИМПЕРИЯЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ  
 
Жаңа  кезеңнің  отарлық  жүйесінің  жалпы  сипаттамасы.  ХV  ғ. 
аяғында  Америка  мен  Үндістанға  теңіз  жолдарының  ашылуынан  кейін, 
Еуропа өмірінде жаңа үлкен тарихи құрылым – еуропалықтардың Еуропалық 
емес  елдерді  отарлауы  пайда  болды.  ХVІ  –  ХVІІ  ғасырлар  аралығында 
Еуропалық  отарларды  –  Африка  жағалаулары,  үлкен  жəне  кіші  Антиль 
аралдары,  Солтүстік,  Орталық  Америка  жəне  Азияның оңтүстік  түбегі  жəне 
аралдары  қамтыды.  ХVІІІ  ғ.  отарлар  саны  жер  шарының  осы  бөліктерінде 
жəне  Австралия  мен  Океанияға  дейін  таралды,  ал  ХІХ  ғ.  жүз  жылдығында 
Еуропалық мемлекеттер бүкіл дерлік Африканы өзара бөліске салды.  
Отарлық  империяның  пайда  болуы  жəне  дамуы  –  жаңа  кезеңдегі 
халықаралық  қатынастар  жүйесінің  құрылу  барысының  ажырамас  бөлігіне 
айналды. ХVІ ғ. аяғы - ХІХ ғ. бірінші жартысына дейін Еуропалық елдердің 
сыртқы  саясаты  жəне  дипломатиясы  жаңа  аумақтарды  иемденуге,  өзіне 
тəуелді 
отарларды 
кеңейтуге 
бағытталды 
жəне 
саяси, 
сауда 
артықшылықтарына  ұмтылды.  Сол  себепті  отарлау  мəселесі  –  Ұлы 
державалардың  сыртқы саясатында үлкен  маңызға  ие  болды.  ХІХ  ғ. бірінші 
жартысында  отарларды  қанаудың  түрі  мен  мазмұны  өзгерді.  Отарларды 
басқару  жөніндегі  ірі  реформалар  жүргізілді  (шектеу,  сонымен  қатар 
компаниялардың  сауда  монополияларын  жою,  отарларда  жер  сату  жүйесін 
өзгерту  жəне  т.б.).  Егер  алғаш  отарларды  қанау  ақсүйектер  мен  жоғарғы 
сауда-қаржылық  буржуазияның  мүдделері  болса,  ал  ХІХ  ғ.  ортасында 
буржуазияның басым бөлігі оған қатысуға мүмкіндік алды.   
Отарлық  иеліктердің  құрамы  500  жыл  ішінде  əр  түрлі  өзгерістерге 
ұшырады:  кейбір  мемлекеттер  өзінің  отарларын  ұлғайтты;  басқалары, 
керісінше,  отарларын  жоғалтты;  ал  үшіншілері  айырылған  отарлардың 
орнына жаңасын иеленді. Мысалы, Англия үнемі өзінің отарларының санын 
көбейтсе,  өз  кезегінде  Испания  мен  Португалия  өзінің  көптеген  отарларын 
біртіндеп  жоғалтып  отырды,  ал  Франция  жоғалтқан  отарларының  орнына 
басқаларын иемденді.  
Португалия  жəне  Испания  отарлық  империяларының  құрылуы
Атлант  мұхиты  арқылы  өтетін  меридиан  сызығымен  əлемді  бөле  отырып, 
Португалия  жəне  Испания  ең  алғаш  рет  отарлық  империяны  құрды. 
Феодалдық  қатынас  кезеңінде  құрылған  Испания  жəне  Португалия  отарлық 
империясы,  Еуропалық  қоғамда  орнаған  буржуазиялық  қатынасқа  міндетті 
болды.  ХVІ  ғ.  ортасында  Испания  Орталық  жəне  Оңтүстік  Америка 
аумағында  үлкен  отарлық  империя  құруға  қол  жеткізді.  Испандық 
конкистадорлар  дəрімен  атылатын  қарудың  жəне  кеменің  көмегімен  Жаңа 
Əлемнің  едəуір  бай  жəне  қоныстанған  бөліктерін,  яғни  Мексикадағы 
ацтектер  жəне  Перудегі  инктер  мемлекетін  басып  алды.  Австралияның 
ашылуымен  австралиялық  аралдарды  ала  отырып,  испандық  иеліктердің 
саны өсті. Бастапқыда испандықтар ашық қанау жəне отарларды тонау əдісін 
қолданды. Соңынан, эквивалентті емес жəне 300 – 400%, тіпті 800% дейінгі 
əкелген сауда қатынасы – отарлардың кірістерінің басты көзі болып табылды.  


91 
 
Аса  ірі  көлемді  заттар  тоналды:  Испания  1521  –  1560  жылдары  
Америкадан 18 мың тонна күміс, 200 тонна алтын алып кетті. Отаршылдар, 
соның ішінде, алдымен Испания – құрылған иеліктерінде жергілікті халық – 
үндістердің  еріксіз  еңбегін  пайдалана  бастады.  Феодализм  тұсында  пайда 
болған Испандық жəне Португалдық отарлық империялары сол кездегі заңға 
сай  өмір  сүріп,  дамып  отырды.  Испания  жəне  Португалияға  келген  орасан 
үлкен  байлық  бұл  абсолюттік  елдерде    капиталға  айналған  жоқ,  керісінше 
көбіне  корольдің,  шіркеудің  жəне  ақсүйектердің  қазынасына  түсіп  отырды. 
ХVІ ғ. ортасында Испанияда экономикалық құлдырау басталды. ХVІ – ХVІІ 
ғасырларда  Англиямен  соғыста  Испания  теңіз  иеліктерін  жоғалтты.  ХVІІ  ғ. 
бірінші  жартысында-ақ  Испания  өзінің  Флорида,  Ямайка  жəне  т.б.  отарлық 
иеліктерінен  айырыла  бастайды.  ХVІІІ  ғ.  Испания  қамтыған  жері  бойынша 
əлемде  ең  үлкен  отарлық  империя  болып  қалды.  Испандықтар  Американың 
Миссури  өзенінің  солтүстігінен  Магеллан  бұғазының  оңтүстігіне  дейінгі 
үлкен  аумақты  иеленді.  Сонымен  қатар,  Испанияға  Куба,  Пуэрто-Рика, 
Филлипин,  Океаниядағы  аралдар,  Африкадағы  иеліктері  жатты.  Испания 
Америка  жəне  басқа  да  отарлық  иеліктеріне  шетел  мемлекеттерімен  сауда 
қатынасына жол бермей экономикалық оқшаулау саясатын жүргізді.  
ХІХ ғ. басында ең үлкен отарлық империя – бұл Испания болды, алайда 
феодалдық  метрополияның  əлсіздігі  оның  империядағы  үстемдігіне  əсерін 
тигізді.  1808  жылы  Наполеон  əскерінің  Испанияға  басып  кіруінен  кейінгі 
метрополия мен отарлық империя арасындағы байланыстың ұзақ уақыт бойы 
үзілуі,  отарлық  иеліктердегі  испандықтардың  беделін  одан  əрі  түсірді.  
Испанияның Америкадағы отарлары тəуелсіздік үшін соғыс жүргізе бастады. 
Бұл соғыс 1826 жылы аяқталып, нəтижесінде Испанияның Куба мен Пуэрто-
Рикодан  басқа  америкалық  отарлар:  Мексика,  Гватемала,  Сан-Сальвадор, 
Гондурас,  Никарагуа,  Коста-Рика,  Колумбия,  Венесуэла,  Эквадор,  Перу, 
Боливия,  Чили,  Аргентина,  Парагвай  жəне  Уругвай  тəуелсіз  мемлекетке 
айналды.  1703  ж.  16  мамыр  айында  Англия  мен  Португалия  арасында 
жасалынған  Лиссабон  келісімшарты  бойынша  Португалияның  отарлық 
империясы  жəне  оның  өзі  шамамен  ХVІІ  ғ.  үшінші  ширегінде  Англияның 
экономикалық,  саяси  бақылауына  өтті.  Лиссабон  келісімшарты  Испан 
мұрасы  үшін  екі  ел  арасындағы  одақтық  келісім  болып  табылды.  Ол 
бойынша  Англия  өзіне  Португалияны  жəне  оның  теңіз  жағалауындағы 
иеліктерін  «қорғау»  міндеттерін  алды.  Англия  өз  кезегінде  Португалияға 
алымсыз өнеркəсіпті, соның ішінде бұрын португал үкіметінің тыйым салған 
тоқыма, бұйым импортын кіргізу құқығын иеленді.  
Голландық жəне ағылшын буржуазиясы Испанияға, Португалияға, оның 
отарларына тауар жеткізуде пайда тауып отырды. Нəтижесінде, испандықтар 
мен  голландықтардың    өзінің  отарларынан  тонаған  байлықтарының  көп 
бөлігі  Голландия мен Англияда капитализмнің дамуына мүмкіндік туғызды. 
Португалия  мен  Испанияның  Азия,  Африка,  Америкадағы  отарларды, 
сонымен  бірге  осы  құрлықтағы  тəуелсіз  аумақтарды  жаулап  алуы,  ХVІІ  – 
ХVІІІ  ғасырларда  Голландия  мен  Англияның  отарлық  басып  алу  нысаны 
болып табылды, сауда қақтығыстарына түрткі болды.  


92 
 
ХVІІІ  ғ.  аяғында  Португалияның  отарлық  иеліктерімен  бүкіл  сауда 
қатынасы  ағылшындар  ықпалына  өтті.  Наполеондық  соғыс  кезінде 
Англияның  Португалия  жəне  оның  отарларына  бақылау  орнатуы  одан  əрі 
нығая  түсті.  Испания  мен  Португалияның  отаршылдық  қуаттылығы  ХІХ  ғ. 
басында əлсіз болып есептелді.  
Голланд  отарлық  империясының  құрылуы.  Басқа  Еуропалық 
мемлекеттердегі  революциямен  салыстырғанда,  бұрынғы  1566-1609 
жылдардағы  тарихтағы  бірінші  нидерланд  буржуазиялық  революциясынан 
кейінгі  өзінің  жаңа  экономикалық  қатынастарын  орнатқан  –  Голландия  – 
жаңа  кезеңнің  бірінші  отарлық  империясына  айналды.  Голланд  отарлық 
империясы Испания билігінен Голландияның азат етілуінен соң пайда болды 
жəне кең ауқымға ие болды. Голландықтар ең бірінші болып өзінің мақсатын 
Кап  жерлері  орналасқан  Африканың  оңтүстігіне,  ост-үнділік  аралға,  бір 
жағынан Америкаға бағыттады, кейінірек Австралияға ұмтылды. Индонезия 
–  Нидерландық  Ост-Үнді  немесе  Голландық  Ост-Үнді  деп  аталынды.  1595 
жылы  Ява  аралына  алғашқы  голландық  сауда  экспедициясы  келді. 
Осылайша, Голландияның Индонезияға отарлық жаулауы басталды. 1600 ж. 
голландықтар  алдыңғы  португалдықтарға  тиісті  болған  Маврикий  аралын 
басып  алды.  Отарлық  жаулап  алушылықта  1602  жылы  пайда  болған 
голландық Ост-Үнді компаниясы ерекше маңызды рөлге ие болды.  
1619  жылы    голландық  Ост-Үнд  компаниясы  Батавия  деп  өзгертілген, 
Шығыстағы  Голландиялық  империяның  орталығы  болған  Джакартаны 
жаулап алады.  ХVІІ ғ. алғашқы екі онжылдығында бұл компания Сиамдағы 
жəне  Үндістанның  шығыс    жағалауындағы  бекініс  мекендерін  басып  алды. 
Сондай-ақ  Голландия  Жапония  елінен  португалдықтарды  ығыстырып 
шығарып, бұл елдегі сауда қатынасын өз қолына алды. 1638–1658 жылдары 
голландықтар  португалдықтармен  табанды  күресінен  кейін  Цейлонға 
орнықты. 
1641 
ж. 
голландық 
Ост-Үнд 
компаниясы 
бұрынғы 
португалдықтардың иелігінде болған Малакканы басып алады. Ол Қытай мен 
Жапонияға  кіруде  Индонезиямен  сауда  қатынасына  голландықтардың 
бақылауды  орнатуына  маңызды  стратегиялық  тірек  болып  табылды. 
Голландықтар 1652 ж. Оңтүстік Африканың бекініс тіректерін жаулап алды. 
Голландия Португалияның Үнді мұхитындағы иеліктерін алды. 
Жаңа  Əлемді  отарлау  саясатында  да  Голландия  үлкен  жетістіктерге 
жетті.  1609  ж.  голландық  Ост-Үнд  компаниясы  Солтүстік  Америкаға 
ағылшын  теңіз  саяхатшысы  Гудзонның  басқаруындағы  экспедицияны 
жіберді.  1621  ж.  орнаған  Вест-Үнд  компаниясы  Жаңа  Амстердам    қаласын 
құра отырып, Жаңа Нидерланд отарының негізін қалады. 
ХVІІ ғ. бірінші жартысы голландық отарлық үстемдік кезеңі болды. Осы 
ғасырдың  ортасында  Голландия  сонымен  қатар  сауда,  кеме  қатынасында, 
кеме жасау бойынша басқа елдер арасында бірінші орынды иеленді. ХVІІ ғ. 
голландық  отаршылдар  буржуазиялық  мемлекеттің  саясатын  жүргізсе  де 
қарақшылық, тонаушылықтың негізін салған Пиреней түбегіндегі феодалдық 
мемлекеттердің конкистадорларынан ешқандай айырмашылығы болған жоқ. 
Бұрынғы  феодалдық  Португалия  жəне  Испания  отарлық  империясы 


93 
 
құрылған  кезеңінде  пайда  болған  құл    саудасы,  жаңа  кезеңде  де,  яғни 
еуропалықтардың  Азия,  Африка,  Америка,  Океания  елдерін  жаулап  ала 
бастағанда да өзгеріссіз жалғасып жатты. 
Ағылшын отарлық империясының қалыптасуы.  
Голландиямен 
бір  уақытта  Англия  да  отарлық  экспансиялауға  кірісті.  ХVІІ  ғ.  40-жылдары 
буржуазиялық  революция  Англияны  отарлық,  сауда,  теңіз  иеліктері  үшін 
күрес алаңына алып келді. Голландықтадың қуатты болуы, бұл мақсаттарына 
жетуде  басты  бөгет  болды.  Алайда,  Англия  ең  алдымен  өзінің  күштерін 
Португалия  мен  Испанияның  отарлық  үстемдігіне  қарсы  бағыттады. 
Ағылшын  қарақшылары  мұнда  маңызды  рөлге  ие  болды.  Оларды  үкімет 
қолдай отырып, субсидия беріп отырды.  
Қарақшылар  Ағылшын  отарлық  империясының  алғашқы  негізін 
салушыларының бірі болып саналды. Дəл осы елде екі жыл ішінде көптеген 
голландық  компаниялардың  Біріккен  Ост-Үнді  компаниясына  қосылуына 
дейін,  1600  ж.  бірінші  Ост-Үнд  компаниясы  құрылды.  1609  ж.  бастап  ол 
патшаның  жарлығымен  Үнді  жəне  Тынық  мұхитында  «мəңгілікке»  сауда 
қатынасының  монопольді  құқығын  алды.  Бастапқыда  голландық  жəне 
ағылшындық  Ост-Үнд  компаниялары  бірігіп  Португалияның  Шығыстағы 
үстемдігіне қарсы күресті.  
ХVІ  ғ.  соңғы  он  жылдығында  ағылшындардың  Африкаға  басып  кіруі 
басталды.  Оның  батыс  жағалауында,  Гамбияда  құл  саудасы  үшін  «қызмет 
етуші» - алғашқы ағылшын бекініс мекендері – факториялар құрыла бастады.  
1609  ж.  ағылшындар  Бермуд  аралдарын  иемденді.  ХVІІ  ғ.  бірінші 
жартысында олар сонымен қатар Кариб бассейніндегі аралдар жəне Орталық 
Америка аумақтарын жаулап алды. Нəтижесінде Британдық Гондурас атына 
ие  болды.  Осылайша,  Англия испандық  Америка  жолында жатқан  маңызды 
стратегиялық аумақтарға бақылау орнату мүмкіндігін алды.  
1651  ж.  О.  Кромвельдің  Навигациялық  актісі  голландықтардың  сауда 
қатынасына  үлкен  бөгеттік  жасады.  Сонымен,  отарлық  үстемдік  үшін 
алғашқы  соғыстардың  бірі  басталды.  Ағылшын-голланд  соғысының 
нəтижесінде  Англия  соңғы  жеңіске  жетті.  1665-1667  жылдары  соғыс 
барысында  ағылшындар  голландықтардың  маңызды  аумақтарын,  Солтүстік 
Америкадағы  бекініс  тіректерін,  сонымен  бірге  Жаңа  Амстердамды  жаулап 
алды.  
Француз  отарлық  империясының  құрылуы.  ХVІІ  ғ.  жəне  ХVІІІ  ғ. 
бірінші жартысында Канада, Луизиана, Ньюфаунленд, Үндістанның көптеген 
бөліктерінде  маңызды  табыстарға  қол  жеткізген  –  испан,  португал,  голланд 
секілді  француз  отаршылдығы  пайда  болды.  ХVІІ  ғ.  ортасында  Қасиетті 
Лаврентия  жерінде  орналасқан  жаңа  Франция  отары  пайда  болды.  1664  ж. 
ағылшындықтар  Солтүстік  Америкада  голландықтарды  басып  алып,  Жаңа 
Францияға  көршілес  ел  болған  кезде,  ағылшын-француз  арасындағы 
қақтығыстар шиеленісе түсті. Жарты ғасырға созылған Англия мен Франция 
арасындағы қақтығыс одан əрі өрши түсті.  
1644  ж.  Француздық  Ост  жəне  Вест-Индия  компаниялары  құрылады. 
ХVІІ  ғ.  екінші  жартысында  Ост-Үнді  компаниясы  Үндістанның  кейбір 


94 
 
бөліктерін, сонымен қатар Чандернагор, Пондишери жерлерін жаулап алды, 
ал  француздықтар  Вест-Үнді  аймағындағы  бірнеше  аралдарды  басып  алып, 
ағылшындықтармен осы аймақтарда үстемдік үшін күрес жүргізді. 
Кейінірек,    XVІІІ  ғ.  екінші  жартысында  Франция  отарлық  иеліктердің 
басым  бөлігін  жоғалтты.  Канада,  Нью-Фаунленд,  Ост-Үндінің  басым 
көпшілігі  Англияға  берілді;  Луизиананы  алғашқыда  француздар  Испанияға 
берсе, артынан АҚШ алды, ал ХІХ ғ. басында Франция билігінен тыс қалған 
Гаити аралында екі дербес мемлекет Гаити жəне Сан-Доминго пайда болды. 
Испан  отары  –  Сан  Доминго  1821  ж.  өзінің  тəуелсіздігін  алғанымен,  келесі 
жылы Гаити Республикасы құрамына енді. 
1844  ж.  ол  қайта  тəуелсіздігін  орнатқанымен  бірақ  1861-1865  жылдары 
испан билігінің қоластында болды. 
ХVІІ – ХVІІІ ғасырдағы отарлық иеліктер үшін ағылшын-француз 
күресі.  ХVІІ  ғ.  аяғында  басталған  Англия  мен  Франция  арасындағы  жаңа 
нарық өнімін жаулау мақсатында жүргізілген сауда күресі, ХVІІІ ғ. француз 
буржуазиялық  революциясына  дейін  жалғасты.  Бүкіл  əлемдегі  екі  елдің 
отарлық  мүдделері  қақтығысты:  Вест-Үндіде  ағылшындарға  Ямайка, 
Барбадос  жəне  кейбір  аралдар,  ал  француздарға  Сан-Доминго,  Мартиника, 
Гваделупа  енген  еді;  Солтүстік  Америкада  ағылшындар  қол  астына  Атлант 
мұхитынан  Аллеган  тауларына дейінгі Шығыс жағалаулары  енді, ал  Канада 
жəне  Луизиана  Франция  отарлары  болды;  Үндістанның  Мадрас,  Бомбей, 
Калькутта  бекініс  тіректерін,  ал  француздар  Пондишери,  Чандернагор 
сияқты  бекініс  базаларын  иеленді.  Осман  империясында  сауда  жəне  саяси 
билік жүргізуде бақталастығы салдарынан Левантада да Англия мен Франция 
арасында қақтығыс пайда болды.   Ағылшын-француз  арасындағы  əлемдік 
отарлық  жəне  сауда  үстемдігі  үшін  күресі  –  ХVІІ  –  ХVІІІ  ғасырлардың 
аяғында  іс  жүзінде  Батыс  Еуропалық  саясаттың  негізгі  құралы  болды  жəне 
осы кезеңдегі Англия-Франция арасындағы соғыстың басты себепшісі еді. 
1701  -1713  жылдары  Англия  мен  Франция  арасындағы  отарлық  жəне 
сауда үстемдігі үшін ірі соғыстардың бірі – ең бірінші испандық мұрагерлік 
үшін  соғысы  басталды.  Франция  əулеттік  байланысты  пайдалана  отырып, 
испаниялық  отарларға  өзінің  бақылауын  орнатуға  ұмтылды.  Англия 
Францияның бұл бақылау орнатуына кедергі жасап отырды. Сонымен бірге, 
соғыс  барысында  біріккен  ағылшын-голландық  флоты  Гибралтарды  жаулап 
алды,  ол  Утрехт  бейбіт  келісімшарты  бойынша  Англияға  берілді. 
Келісімшарт  бойынша  Франция  Англияға  Солтүстік  Америкадағы  өзіне 
тиісті  аумақтар  –  жаңа  Шотландия,  Ньюфаунленд  аралы  жанындағы 
аралымен бірге берді.  Бірақ, Англия мен Франция арасындағы болып өткен 
қарулы  соғыс  кезіндегі  не  испандық  мұрагерлік  үшін  күрес,  не  артынша 
1741–1748  жылдарда  австриялық  мұрагерлік  үшін  күрес,  не  болмаса 
Солтүстік  Америка  мен  Үндістандағы  үстемдік  үшін  күрес  те  ағылшын-
француздық  отарлық  қарама-қайшылыққа  жол  бермеді.  Соған  қарамастан 
ХVІІІ  ғ.  бірінші жартысында  француздық  Ост-Үнді  компаниясы  Үндістанда 
отарлық  иеліктерге  қол  жеткізді.  Үндістандағы  француздық  иеліктердің 
губернаторы  –  Дюпле,  Үндістан  мемлекеттері  арасындағы  қайшылықтарды 


95 
 
пайдаланды жəне де жалдамалы үнді əскерлерінен құралған əскеріне сүйене 
отырып,  ол  Хайдарабад  жəне  Карнатик  ірі  князьдықтарын  Ост-Үнд 
компаниясына  бағындыруға  қол  жеткізді.  Плесси  тұсындағы  соғыс  – 
Француздың  Үндістанда  отарлық  империясын  орнатуда  соңғы  үміті  еді. 
Соғыстан  кейін  Франция  Үндістан  жағалауындағы  тек  қана  бес  қаласын 
сақтап  қала  алды.  Жеті  жылдық  соғыстың  нəтижесінде  Англияға  Солтүстік 
Американың  Француздық  Канада  жəне  Апалач  пен  Миссисипи  арасындағы 
кең  көлемді  аумақтар  өтті.  Осылайша,  ХVІІІ  ғ.  екінші  жартысында  Англия 
Франциямен соғыста отарлық жаулап алушылық жолында өзінің біріншілігін 
көрсетті. Ол үлкен отарлық империяның иесі болып табылды. 
ХVІІІ  ғ.  аяғы  –  ХІХ  ғ.  70-жылдарындағы  ұлы  державалардың 
бəсекелестігі  жəне  отарлық  басқыншылық.  Англияның  Солтүстік 
Америкада орналасқан отарларының өз тəуелсіздігін алу жолындағы соғысты 
бастауы,  1775  ж.  Англияның  13  Солтүстік  Америкадағы  иеліктерінен 
айырылуына  əкелді.  ХVІІІ  ғ.  соңында  ағылшындық  Ост-Үнді  компаниясы 
өзіне  əлі  қосылмаған  үнді  князьдіктерін  бағындыра  бастады.  1790  ж. 
ағылшындар Франциямен одақтастыққа ұмтылған Майсур князьдігіне қарсы 
соғыс  бастады.  Англияның одақтастары  болып  тəуелді  князьдік  Хайдарабад 
жəне  тəуелсіз  Марат  князьдіктері  табылды.  Майсур  князьдігінің  астанасы 
Серингапатама  жаулап  алынған  соң  бейбіт  келісім  жасалынды,  бұл  келісім 
бойынша  Ост-Үнді  компаниясы  жəне  оның  одақтастарына  Майсур 
аумағының жартысы өтті, 33 млн рупий көлемінде контрибуция белгіленді.  
1814–1815  жылдары  Вена  конгресі  сол  кездегі  құрылған  Англияның 
орталық  үстемдігін  айқындап  берді.  Оның  құрамына  Мальта  аралы,  Кап 
отарлары,  Цейлон  аралы,  Маврикий,  Тобаго  жəне  т.б.  Англияның  ХVІІІ  ғ. 
аяғы – ХІХ ғ. басында жаулап алынған жерлерінің қосылғандығы расталды. 
Оңтүстік  Шығыс  Азияда  ағылшындар  өзінің  құрамына  Малакс  түбегінің 
басым  бөлігін  жəне  Сингапур  аралын    қосып  алды  (1819  ж.).  Англия  өзіне 
Қытайды, Жапонияны жəне т.б. басқа шығыс елдерін бағындыруға ұмтылды.  
Африка да Англияның отарлық саясатының нысаны болып қалды. 1861 
ж.  Лаосты  басып  алды.  Бұл  ағылшындардың  игіліктеріне  кейінірек 
Нигерияның, 1868 ж. Басутолендтің қосылуының бастамасы болды. 
ХІХ  ғ.  ортасына  қарай  Англия  11  млн  шаршы  шақырым  жері  бар,  120 
млн  халқы  бар  үлкен  отар  иеленуші  империяға  айналды.  Отарлық 
империяның  билігін  жүзеге  асыру  жəне  Англияның  болашақтағы  отарлық 
жорықтарын бастау үшін 1854 ж. арнайы отарлық министрліктер құрылады. 
Осылайша,  Англия  ХІХ  ғ.  басында  əлемдегі  басты  отарлық  державасына 
айналады.  Өзінің  отарлық  үстемдігі  үшін  күресіндегі  басты  қарсыласы 
Францияны  жеңіп  шығуы,  теңіздерде  ағылшын  флотының  басты  рөл 
атқаруы,  Англияға  əлемнің  барлық  бөлігінен  отарлық  басқыншылығын 
кеңейтуге жол ашты. 
1815  ж.  Франция  өзінің  отарлық  иеліктерінің  едəуірінен  дерлік 
айырылып қалады. 1830 ж. Алжирді жаулап алуды бастады. Бірақ, тек отыз 
жылдық қанды соғыстан кейін ғана Франция Алжирге қол жеткізеді. ХІХ ғ. 
ортасына қарай француздар Тунис пен Мароккаға ене бастады. 60-жылдары 


96 
 
қарай қара нəсілділермен табанды күрес жүргізген Франция Батыс Африкада 
отарларының аумағын ұлғайтты. 
50-жылдардың  соңында  Франция  Үндіқытай  түбегін  жаулап  ала 
бастады. Соғыстың нəтижесінде 1862 ж. бейбітшілік жəне достастық туралы 
Вьетнам-Франция-Испанияның  Сайгон  келісімшартына  қол  қойды.  Бұл 
келісімшарт  бойынша  Францияға  Оңтүстік  Вьетнамның  3  провинциясы, 
сонымен қатар Пуло-Кондор аралы өтті. Еркін сауда үшін Туран, Балак жəне 
Куанган  порттары  ашылды.  Вьетнам  Франция  мен  Испанияға  он  жылдың 
ішінде 4 млн доллар көлеміндегі контрибуция төлеуге міндеттеді. 
Келісімшарт  Францияның  Үндіқытай  түбегін  жаулауға  жəне  бүкіл 
Вьетнамды, Камбоджаны, Лаосты жаулап алуға жол ашты. 1863 ж. Франция 
протектор  өз  протекторатын  Камбоджаға  орнатты,  ол  жерге    Кохинхиндегі 
француз  губернаторларына  бағынатын  резиденттерін  тағайындады.  ХІХ  ғ. 
70-жылдардың  басында  Франция  түгелдей  дерлік  Үндіқытай  түбегін  өз 
бақылауына  алды.  Француз  отарлық  экспансиясының  маңызды  нысаны 
француздар  басып  алған  Полинезия  аралы  (1842–1847),  Жаңа  Коледония 
аралы (1853) орналасқан мұхит аймағы болды.  
1862  ж.  император  сол  уақытта  өз  тəуелсіздігі  үшін  күрес  жүргізген 
Мексикаға контрреволюциялық жорығын бастады.  ІІІ Наполеон істі соңына 
дейін  бітіруге  бел байлап,   Мексикаға қосымша  30  мың  əскер жіберді, 1863 
ж. маусымда фрацуз əскерлері Мехикомен Пуэблоны алады, ал ІІІ Наполеон 
серіктестері  эрцгерцог  Максимилиан  –  Мексиканың  императоры  болып 
тағайындалады. 
Максимилиан  мен  Наполеон  арасындағы  келісімшарт  Мексиканың 
Францияға  қатысты  қаржылық  мəселелерінің,  оның  Францияға  толық  саяси 
тəуелділігін  қарастырды.  1869  ж.  Француз  компаниясы  Жерорта  теңізінен  
Үнді мұхитына шығуда жол ашатын Египет аумағында Суэц каналын салуды 
аяқтады.  Суэц  каналы  тез  арада  Еуропалық  державалардың  отарлық  үшін 
күресінің  негізгі  себебі  болып  қалды.  ХІХ  ғ.  70-жылдары  Франция  жаңа 
үлкен отарлық империяның негізін салуға қол жеткізді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет