Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет27/53
Дата14.05.2020
өлшемі1.55 Mb.
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53
 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Отарлық империялар қалай пайда болды? 
2. Португалия мен Испания қандай отарлық саясат ұстанған еді? 
3. Голланд отарлық империясы қалай құрылды? 
4. Француз отарлық империясы қандай жолмен құрылды? . 
5. ХІХ ғ. 70-ж. ұлы державалардың бəсекелестігі қалай өрбіді? 
 
Өзіндік жұмыс тақырыбы
1. ХVІІ-ХVІІІ ғасырдағы отарлық иеліктер үшін ағылшын-француз күресі. 
 


97 
 
8-ТАҚЫРЫПХҮІІ-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ АМЕРИКА ҚҰРАМА 
ШТАТТАРЫ 
 
Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларыСолтүстік Америкадағы 
отарлардың  негізі  Батыс  Еуропадағы  буржуазиялық  қатынастардың 
«алғашқы  қорлану»  үдерісінің  пайда  болуымен  байланысты  еді.  ХҮІ 
ғасырдан  бастап  отарлауды  Испания,  Франция,  Англия,  Нидерланды 
жүргізді.  Олардың  ішіндегі  ең  берігі  ағылшын  қоныстанушылары  болды. 
Мұның себебі Англияның əскери қуаттылығы болды мен отарлау сипатымен 
де  ерекшеленді.  Англиядан  «алғашқы  қорлану»  үдерісі  өте  қарқынды  өтті 
жəне  шаруа  мен  қолөнершілердің  көп  бөлігінің  кедейшілік  күйге  түсуімен 
қабаттаса  болды,  Америкаға  қоныстанушы  адамдардың  тасқыны  көптеп 
кетті.  
Солтүстік  Америкаға  ағылшындардың  алғашқы  тұрақты  қоныстануы 
1607  жылы  Виргинии  аумағындағы  Джеймс  өзенінің  сағасында  болды. 
Қоныстанушылар  алтын  іздеді.  1620  жылы  Код  мүйісінің  жағалауына  
Англиядан  діни  қудалаушылықтан  қашқан  пуритан  тобын  əкелген  болатын. 
Олар  Жаңа  Англияның  отарына  бастама  болған  Жаңа  Плимутты  құрды. 
Біртіндеп  Атлантикалық  жағалауда  13  отар  (Жаңа  Англияның  солтүстік 
отарлары  Нью  Гемпшир,  Массачусетс,  Коннектикут,  Род  Айленд; 
орталықтар  Нью-Йорк,  Пенсильвания,  Нью  Джерси,  Делавер,  Оңтүстік 
Виргиния,  Мэриленд,  Солтүстік  Каролина,  Оңтүстік  Каролина,  Джорджия) 
пайда болды. 
Отарлар  пайда  болған  аумақта  үнді  тайпаларының  екі  ірі  тобы: 
ирокездер  мен  алгонкиндер  тұрды,  олар  алғашқы  қауымдық  құрылыста 
болды.  Олардың  жалпы  саны  200  мың  адам  болды.  Отарлау  нəтижесінде 
үнділердің  көп  бөлігі  өз  аумақтарынан  ығыстырылып,  олардың 
территориялары 
жаулап 
алынды. 
Алғашқы 
отарлар 
ағылшын 
компанияларының пайда табу жəне баю мақсатымен құрылды, ал Еуропадан 
Мұхитқа  қашқан  қоныстанушылар  феодалдық  деспотизмнен  құтылуды 
іздеді. 
Буржуазиялық  қатынастардың  қалыптасуында  басты  рөлді  пуританизм 
атқарды.  Ұсақ  фермерлік  шаруашылықтар  қалыптасқан  Жаңа  Англияда 
буржуазиялық  қатынастардың  дамуы  үшін  өте  қолайлы  алғышарттар 
қалыптасты. Біртіндеп олармен байланыса отырып, үй өнеркəсібі де дамыды. 
ХVІІ  ғасырдың  ІІ  жартысында  капиталистік  мануфактуралар  (тоқыма  жəне 
т.б.) пайда болды.  
Капиталистік  өндірістің  бастапқы  көзі  болып  табылатын  «алғашқы 
қорлануы»  солтүстік  американ  отарларында  бірнеше  ерекшеліктерге  ие 
болды.  Олардың  ішіндегі    ең  маңыздысы  «ақ»  жəне  «қара»  құлдықты 
пайдалану үшін біраз əрекеттер жасады. Салықтар енгізілді. Ағылшын королі 
губернаторлар  тағайындап,  көптеген  жерлерін  чиновниктер  мен  лордтарға 
бөліп  берді.  Көптеген  салықтар  сөзсіз  əртүрлі  наразылықтар  туғызды.  1676 
жылы  Бэконның  басшылығымен  еркін  жер  иелену  жəне  əділетсіз  салық 
жүйесін жоюды талап еткен Виргинии фермерлерінің көтерілісі  1689 жылы 


98 
 
жер  жəне  сауда  аристократиясына  қарсы  Нью-Йорктегі  Дж.Лейслер 
басшылығымен  көтеріліс болды. 
Отар  мен  метрополия  арасындағы  қайшылықтар  аграрлы мəселелермен 
қатар,  сауда-экономикалық  мəселелерге  қатысты  да пайда болды.  Ағылшын 
буржуазиясы  отарды  шикізат  көзі  ретінде  жəне  өнеркəсіп  тауарларының 
өтімділігі  үшін  нарық  ретінде  қарастырды.  Меркантилизм  доктринасына 
сəйкес  отарға  əкелінетін  ағылшын  тауарларының  ақша  құны  шығаратын 
шикізат  құнынан  асып  кетті.    Бірақта  солтүстік  пен  оңтүстік  отарлары 
капиталистік даму жолы бойынша яғни метрополияның өзі сияқты дамыды, 
американ  буржуазиялық  кəсіпкерлері  кеме  жасау,  темір  жасап  шығаратын 
өнеркəсіптерде, ағылшын буржуазиясымен бақталастыққа түсе алды. Англия 
отарлардың  экономикалық  дамуынан  қорқып,  Америкадағы  өнеркəсіптің 
жəне сауданың дамуын тежеуге тырысып бақты. Көптеген үкімдер шығарды.  
Буржуазиялық  дамуға  Англияның  əкімшілік  саясаты  да  кедергі  болды. 
Өйткені ол өзінің қол астында отардың саяси өмірін бақылап отырды. ХVІІІ 
ғасырдың  ортасында  он  үш  американ  отарының  саяси  ұйымдасуында 
көптеген  ортақтық  болды.  Король  көп  отарда  губернаторлар  тағайындады, 
олардың  қолында  атқару,  сот  жəне  жоғары  заң  шығару  билігі  болды.  Отар 
ассамблеясы  кеңестерден  тұрды  (жоғары  палата),  оның  мүшелерін 
губернатор  ақсүйектерден  тағайындады.  Сайланушыларға  мүліктік  ценза 
енгізілді, сайлау ашық түрде жүргізілді.  
Солтүстік  американдық  ұлттың  қалыптасуы.  1775  жылы  13 
ағылшын  отарында  тұрғылықты  халық  үнділер  2,5  млн  адам  болды,  оның 
ішінде  500  мың  негр  құлдар  болды.  ХVІІІ  ғасырдың  ортасында  аумақтың, 
тілдің, экономикалық өмірдің ортақтығы отарлардың шаруашылық мүдделері 
жаңа  буржуазия  ұлтының  құрылуына  əкелді.  Отарлар  арасында  сауда 
байланыстары  дамыды.  Солтүстік  отардан  оңтүстікке  астық,  балық  жəне 
өнеркəсіп  бұйымдары  əкелінді.  Бірыңғай  ішкі  нарық  құрылды.  Ұлттың 
қалыптасу  үдерісі  иммигранттардың  тарихи  тағдырларының  ортақтығына, 
американ жерінде екі ғасырға таяу бірігіп өмір сүру тəжірибесіне негізделді.  
Сонымен  қатар  өзіне  тəн  ұлттық  мəдениетте  қалыптасты.  Оның  негізін 
əрине ең алдымен ағылшын мəдениеті қалады, ал ХVІІІ ғасырдың ортасында 
американдықтардың  төл  мəдениетінің  белгілері  де  пайда  бола  бастады. 
Американдық  мəдениеттің  қалыптасуына  əрбір  иммигранттың  мейлі  ол 
ағылшын,  ирландық,  француздық,  неміс,  голландық  болсын  өзіндік  үлес 
қосқаны сөзсіз.  
Тəуелсіздік  жолындағы  күрес  қарсаңында  ағылшын  жəне  француздық 
ағартушылық  идеологиясының  əсер  етуімен  американдық  ағартушылар 
пайда болды. Олар Т.Джефферсон, Уильямс, Хукер, Томас Пейн, Бенджамин 
Франклин  болды.  Американдық  Ағарту  Бенджамин  Франклин  (1706-1790 
жж.)    есімімен  тығыз  байланысты.  Ол  қоғам  қайраткері,  философ,  жазушы, 
экономист,  ғалым    болды.  Бенджамин  Франклин  үздік  өнертапқыштар 
қатарынан  ойып  орын  алады.  Оның  ең  айтулы  жаңалығы  -  найзағайды 
қуатын  жоба.  Франклиннің  арқасында  адамдар  өмірі  біршама  қауіпсіз  бола 
бастады.  Ол  сондай-ақ  электр  қозғалтқышын  жəне  электростатикалық 


99 
 
күштердің  көмегімен  айналатын  «электр  доңғалақтың»  нұсқасын  ортаға 
салды.  Франклин  ең  алғаш  рет  оқ-дəріні    жару  үшін  ұшқынды  пайдаланды, 
кейінірек  тербелмелі  орындықтың  патентін  де  бірінші  болып  иеленді.  Бұл 
ғалымның əлемдік ғылымға қосқан өзге де жаңалықтары жетерлік. Басқа да 
американдық  Ағарту  өкілдері  Т.Джефферсон,  Томас  Пейннің  қызметтері 
елдегі революция барысында көріне бастады. 
Жаппай азаттық қозғалыстарының басталуы.  Англия  үкіметінің 
жаңа герб салығын енгізуі наразылық туғыза бастады. 1763 жылы ағылшын 
королі жаңа Батыс жерлерін жаулап алуға тыйым салды. Солтүстік Америка 
мен  Англия  арасында  шиеленісті  күрес  басталды.  1765  жылы  алғашқы 
революциялық  ұйымдар  «Еркіндік  ұлдары»  құрыла  бастады.    1767  жылы 
парламент  Тауншенда  заңдарын  қабылдады.  Заң  бойынша  Англиядан 
əкелінетін  бірқатар  тауарларға  жаңа  салықтар  салынған.    1768  жылы 
Бостонға  əскер  кіргізілді.  1770  жылы  5  наурызда  Бостон  көтерілісі  болды, 
ағылшын солдаттары халыққа оқ жаудырды.  
60-70  жылдардың  басында  фермерлік  қозғалыстар  да  кең  етек  алды. 
Олар  Оңтүстік  жəне  Солтүстік  Каролинде,  Нью-Йоркте  болды.  1773-1775 
жылдар  революцияның  қалыптасып  келе  жатқан  жылдары  еді.  Метрополия 
өзінің  провинциядағы  бақылауын  жоғалта  бастады.  Отаршылдардың 
қысымымен  таушенд  заңын  жойса  да,  ағылшындар  отарлардың  келісімінсіз 
салынған салықтарды  төлету  əрекетін қоймады.  Осы  мақсатпен  «шай  заңы» 
қабылданды.  Ост-Үнді  компаниясының  отарларға  əкелетін  шайына  салық 
салынды,  яғни  отарлардың  өзін-өзі  басқару  органдарынан  парламенттік 
биліктің  үстемдігін  көрсеткен  əрекет  еді.  Бұл  заң  отарларда  тағы  да 
наразылық  туғызды.  1773  жылы  желтоқсанда  «Бостон  шайы  көтерілісі» 
болды.  Шайларды  суға  тастады,  Британ  өкіметі  репрессиямен  жауап  берді. 
Бостон  порты  жабылды.  1774  жылы  қыркүйек  айында  Филадельфияда 
алғашқы  конгреске  жиналады.  Отарлар  бірінші  рет  ағылшындарға  өз 
талаптарын қояды.  
Тəуелсіздік  үшін  соғыс.  1775  жылы  Конгресс  ашық  түрде  Англияға 
соғыс  бастайды.  Бастапқы  кезде  Солтүстік  отарлар  жеңіліске  ұшырайды, 
себебі  Англияның  тұрақты  əскері  жəне  əскери  экономикалық  жағынан 
Англия  күшті  дамыған  ел  еді.  1776    жылы  4  шілдеде  Тəуелсіздік  жөніндегі 
Декларация  қабылданады.    Декларация  13  отар  елдің  Англиядан  бөлініп, 
жаңа АҚШ-тың құрылғанын жариялады. Мұнда барлық азаматтар тең деген 
демократиялық қағидалар көрсетілген. Бірақ  АҚШ-ты ешкім  мойындамады.  
1778  жылы  АҚШ-пен  Франция арасында келіссөздер басталады.  1781  жылы 
қазанда  генерал  Корнуоллис  басқарған  ағылшын  əскерлері  біржолата 
жеңіледі. 1783 жылы Францияның қысымымен Англия ресми түрде АҚШ-ты 
мойындап,  қол  қояды.  Бұл  соғыс    1775-1783  жылдар  аралығында  болды. 
Соғыстың  маңыздылығы  біріншіден,  АҚШ  құрылды,  екіншіден,  соғысты 
Американың  алғашқы  буржуазиялық  революциясы  деп  есептеуге  болады. 
Өйткені  ағылшын  отаршылдық  саясатын  жойған  соң  мұнда  феодалдық 
қалдық жойылды. 


100 
 
Америка  буржуазиялық  революциясының  басқа  еуропалық  елдердегі 
революциясынан өзгешеліктеріне тоқталатын болсақ, Америкада Еуропадағы 
сияқты  феодалдық  қатынастардың  тамыры  тереңге  жайылмады,  мұнда 
тұрақты  мемлекет  болмады,  американдық  революция  барысында  американ 
ұлты  қалыптасты,  ал  еуропалық  революцияны  қозғаушы  плебейлер, 
қолөнершілер болған,  Америкада ірі  қалалар  болмады, қозғаушы  күші  ауыл 
фермерлері болды. Америкада капиталистік қатынастар тез дами бастады. Ол 
үшін Америкада тағы да қолайлы жағдайлардың болуы, атап айтқанда батыс 
бос  жерлерге  қоныстану  басталады,  басып  алынған  жерлерде  жаңа 
капиталистік  фермерлік  шаруашылықтар  қалыптасты.  Соғыстан  кейін 
эмигранттардың  келуі  көбейіп  кетті.  Бұл  тұрғындар  санының  өте  тез  өсуіне 
əкелді. Соның нəтижесінде жұмысшы күші жеткілікті болды. Соғыстан кейін 
Америка  буржуазиясының  жерді  сатып  алуы  нəтижесінде  капитализмнің 
қорлану үдерісі тез жүргізілді.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет