Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет28/53
Дата14.05.2020
өлшемі1.55 Mb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
1787  жылғы  Конституция.  1787  жылы  12  штат  өкілдері  қайтадан 
(Райаден  штатынан  басқа)  конгресске  жиналады.1787жылы  мамырда 
Филадельфияда  жаңа  конституция  жасау  үшін  Конвент  құрылады.  1787 
жылы  қабылданған  Конституция  бойынша  федеративті  мемлекет  құрылды. 
Конституцияның негізгі сипаты мұнда күшті орталықтандырылған мемлекет 
құрылды. Атқару билігі Президенттің қолында болды. Президентті жалпыға 
бірдей сайлау нəтижесінде бүкіл Америка азаматтары сайлады. Президент  4 
жылға  сайланды.    1851  жылғы  қосымша  бап  бойынша  1адам  Президент 
болып  тек  2  рет  қабылданады.  Заң  шығару  билігі  Конгрессте  болды. 
Конгресс    2  палатадан  төменгі  өкілдер  палатасы  (депутаттар  2    жылға 
сайланады,  əрбір  депутат  өз  штат  округтерінен  сайланады,  мұнда  435  адам) 
жəне жоғары палатадан (сенат, оны 6 жылға сайлады, əрбір штаттан 2 сенат 
сайланады) тұрды. Заңды екі палата да қабылдағаннан кейін ғана ресми заң 
жүзінде қабылданады. Сот билігі Конституция бойынша жоғары сот қолында 
болды.  Жоғары  соттың  9  мүшесі  бар.  Мұны  президент  өзі  тағайындайды. 
Жоғары  сот  шағым  арыздарды,  парламент,  президент  қабылдаған  заңдарды 
бақылап отырады. Конституция сол кездегі саяси құрылыстың негізін салды. 
1791 жылы 10-бап қосымша қабылданды. Қазір 26-бап қосымша қабылданған 
болатын.1787  жылы  І-ші  президент  Джоржд  Вашингтон  сайланды. 
Конституцияда құлдар мəселесі шешілмеді, олар азаматтар деп есептелінбеді. 
Конституция  қабылдағаннан  соң  АҚШ  күшті  орталықтанған  мемлекетке 
айналды. ХІХ ғасырдың І жартысында АҚШ өз аумағын кеңейтуге тырысты. 
Мұнда капиталистік қатынастардың тез дамуына қолайлы болды. 
ХVІІІ  ғасырдың  аяғы  ХІХ  ғасырдың  І-жартысындағы  АҚШ. 
Тəуелсіздік  үшін  соғысынан  кейін  АҚШ-тың  əлеуметтік-экономикалық 
дамуы екі негізгі бағытта жүрді. Солтүстікте капитализм дамыды, өнеркəсіп 
төңкерісі  шешуші  сатысына  өтіп,  өнеркəсіп  өндірісінің  барлық  салаларын 
қамтыды.Елдің  оңтүстігінде  құлиеленушілік  АҚШ-тың  экономикалық  жəне 
əлеуметтік дамуын тежеді.  
ХVІІІ  ғасырдың  аяғы  ХІХ  ғасырдың  басында  АҚШ-та  өнеркəсіп 
төңкерісінің алғышарттары пайда бола бастады жəне өзіндік ерекшеліктерге 


101 
 
ие  болды.Америкада  кең  көлемде  еуропалық  техника,  ғылыми  жетістіктер, 
машиналар,  тіпті  мамандандырылған  жұмысшы  күшін  пайдаланды.  Елдегі 
өнеркəсіп  төңкерісінің  екінші  бір  ерекшелігі  оның  бірқалыпты  дамымауы. 
1790 жылы АҚШ-та  алғаш рет жіп иіру фабрикасы пайды болса, 1814 жылы 
алғаш рет жіп иіру жəне тоқыманы біріктірген фабрика пайда болды. 
Елде  өнеркəсіп  төңкерісінің  кең  етек  жаюы  тек  20-40-жылдар 
аралығында болды. Себебі оған бірқатар кедергілер əсер етті, атап айтсақ əлі 
де  болса  АҚШ-тың  Англияға  экономикалық  тəуелді  болуы  жəне  елдің 
экономикасында  қолөнер  мен  мануфактураның  үлес  салмағы  басымырақ 
болды. 
Соған  қарамастан  ХІХ  ғасырдың  50-жылдарынан  бастап  АҚШ 
өнеркəсібі  тез  қарқынмен  дамыды.  Бу  двигательдері,  ауыл  шаруашылық 
машиналары айтарлықтай көлемде шығарыла бастады. Тоқыма өнеркəсібінде 
1869  жылға  қарай  1700  фабрикаларда  бумен  жүретін  машиналар 
пайдаланылды.  
АҚШ  Англия,  Франция,  Германия  мемлекеттерімен  бірге  əлемнің 
алдыңғы  қатарлы  дамыған  индустриалды  еліне  айналды.  50-жылдардың 
аяғында-ақ  АҚШ  өнеркəсіп  өнімдерін  өндіруден  дүниежүзінде  төртінші 
орынға  шықты.  Осы  кездері  елде  таптық  күштерді  орналастыру  да  елеулі 
өзгерістерге  ұшырады.  Капитализмді  дамыту  мүддесі  енді  бірыңғай  ұлттық 
нарықты  құру  үшін  қолайлы  жағдайлар  құруды,  негр  құлдарды  жалдамалы 
жұмысшыларға  айналдыруды  талап  етті.  Елде  өнеркəсіптік  капитализмнің 
одан  əрі  дамуы  үшін  құлдық  кедергі  болды.  Өйткені    50-жылдары 
құлиеленуші  плантаторлар  мен  фермерлер  арасында  келіспеушілік  өсті.  Екі 
ағым  фермерлер  мен  құлиеленушілер  енді  Батыстағы  «бос»  жерлерді 
отарлауда  қақтығысып  жатты.  Бұдан  шығатын  жол  тек  Оңтүстіктегі  құл 
иеленушілікті жоймайынша мүмкін емес еді.  
Батысты отарлау жəне билік үшін күрестің шиеленісуі. Осы кездері 
құлдық  мəселенің  шиеленісуіне  саяси  факторлар  да  əсер  етті.  Бірнеше 
ондаған  жылдар  бойы  құлиеленушілер  елдегі  орталық  саяси  билік 
бөлімшелерін президенттік пост, конгресс, жоғары сотты бақылап келсе, енді 
олар өздерінің конгрестегі ықпалын жоғалта бастады. Бұған себеп солтүстік 
штат  халқының  санының  өсуі  (еуропалық  иммигранттардың  осы  жерлерге 
ағылып  келе  бастаған  болатын),  палатада  солтүстік  өкілдіктердің  басым 
болуына  əкелді.  Плантаторлар  сенатта  солтүстік  штаттың  басым  болуына 
жол бермеуге тырысты жəне тепе-теңдікті сақтауға ұмтылды. ХІХ ғасырдың 
І-жартысында  олар  өз  мақсаттарын  орындай  алды.  1820  жылы  Миссурий 
келісімі бойынша құпия тəртіп енгізілді, онда біруақытта екі штаттан бірдей 
одаққа  қабылданды.  1840  жылы  АҚШ-та  15  құлиеленуші  жəне  15  еркін 
штаттар болды.  
Осы  кездері  батыс  жерлерді  фермерлік  отарлау  қарқынды  түрде, 
көптеген  еркін  штаттардың  құрылатынына  əкелері  сөзсіз  еді.  Сондықтан  да 
енді  құлиеленушілер  Миссурий  келісімін  жоя  отырып,  құлдықты  одан  əрі 
солтүстікке  немесе  оңтүстікке  таратуды  көздеді.  Бастапқыда  олар  оңтүстік 
бағытты  ұстанды.  Сөйтіп  олар  Испаниядан  Кубаны  сатуды  талап  етті,  1836 


102 
 
жəне  1846-48  жылдары  АҚШ-тың  Мексикаға  қарсы  соғысы  да 
плантаторлардың  территорияларды  жаулап  алып,  оны  жаңа  құлиеленушілік 
штаттар  құрмақшы  болды.  Бірақта  1846  жылы  Пенсильваниядан  шыққан 
фермер-демократ Д.Уилмот Мексикадан алынған жерлерде құлиеленушілікті 
енгізуге  тыйым  салған  заң  жобасын  жасады.  Құлиеленушілер  оны 
мойындамады.  Уилмот  талабын  Калифорния  тұрғындары  жүзеге  асыруға 
тырысты.  Мексикадан  алынған  калифорнияда  алтын  кені  ашылып,  мұнда 
мыңдаған қоныс аударушылар келді. 1849 жылы калифорнияда 80 мың адам 
болды.  Олар  бұл  жерлерде  құлдықты  таратуға  қарсы  болды.  Плантаторлар 
енді құлдықты Оңтүстікке емес, Солтүстікке таратуды шешті. Осы бағыттағы 
1850  жылғы  келісім  бойынша  Калифорния  Одаққа  еркін  штат  ретінде  кірді, 
қашқын  құлдар  жөнінде  қатаң  заң  енгізілді.  Бұл  заңға  жауап  ретінде 
Комитеттер құрылды, олар заңның жүзеге аспауын бақылап отырды.  
1854  жылы  құлиеленушілікті  жақтаушы  сенатор  Ст.Дуглас  «Канзас-
Небраска»  биллін  қабылдады.  Бұл  толығымен  құлиеленушілердің  мүддесін 
білдірді.  Осы  билльді  қабылдау  Канзаста  азамат  соғысының  басталуына 
əкелді.  Соғыс  нəтижесінде  құлдықты  жаңа  жерлерге  таратуға  қарсы 
шыққандар  (фрисойлер)  жеңіске  жетті.  1861  жылы  Канзас  Одаққа  еркін 
шатат болып кірді. 
Республикандық  партияның  құрылуы.  1828  жылы  оңтүстіктің  құл 
иеленуші плантаторларының партиясы демократиялық партиясы құрылды. 
Демократиялық  партия  құрылған  кезде  оның  саясаты  республикалық 
партияның  саясатынан  едəуір  өзгешеленді.  Ал  АҚШ-та  капитализм  дамып, 
оңтүстіктің  өнеркəсібі  күшейе  бастады  жəне  елдің  капиталистік  державаға 
айналысуымен 
байланысты 
демократиялық 
партия 
барған 
сайын 
республикалық  партиямен  жақындаса  түсті.  Екі  партияның  екеуі  де  ірі 
буржуазияның əртүрлі топтарының мүдделерін көздейтін болды. 
Демократиялық  партияның  тұрақты  саяси  бағдарламасы  жоқ.  Сайлау 
алдындағы  бағдарламасын,  партия  атынан  президентікке,  конгресс 
мүшелеріне ұсынылатын кандидаттарын ең ірі монополиялардың басшылары 
белгілейді.  Партияның  тұрақты  мүшелерінің  құрамы  жоқ:  тізімге 
тіркелгенде,  өзінің  осы  партияны  жақтап  дауыс  беретінін  білдірген  əрбір 
сайлаушы партия мүшесі болып есептеле береді. Партияның басында тұрған 
ұлттық комитет оның күнбе-күнгі қызметіне басшылық етіп отырады.  
1854  жылы  Америка  Құрама  Штаттарының  Солтүстігіндегі  өнеркəсіп 
буржуазиясының  партиясы  республикалық  партиясы  құрылды.  1861-1933 
дейін  империалистік  жəне  басқыншылық  саясатын  жүргізе  отырып,  өкімет 
билігін  үздіксіз  өз  қолында  ұстады.  Партияда  басқарушы  рөлді  өнеркəсіп 
буржуазиясы  атқара  отырып,  ұлттық  экономиканы  дамыту  бағдарламасын 
ұсынды.  Партияның  негізін  фермерлер,  ұсақ  буржуазия,  жұмысшылар 
құрады,  олардың  талаптары  жерді  еркін  пайдалану  еді.  Партияның 
радикалды  қанатында  құлдықты  жоюды  талап  еткен  С.Чейз  жəне  Ч.Самнер 
таға  басқалар  болды.  Партияда  орташа  республикашылар  да  болды,  оның 
көсемі У.Стюард еді. Олар құлдықты тез арада жоюды талап еткен жоқ, тек 
шектеулер қойды.  


103 
 
Джон  Браун  көтерілісі.  Осы  кездері  революциялық  дағдарыстың  одан 
əрі пісіп жетілуінде маңызды рөлді фермер Джон Браун көтерілісі алды. Ол 
құлиеленушілердің  билігін  тек  қарулы  күреспен  ғана  жоюға  болатынын 
түсінді. 1859 жылы 16 қазанда 22 адамнан (оның ішінде 5-і негр) «азат етуші 
армия» Харперс-Ферри (Виргиния) қаласындағы 100 мың қару сақталған оқ-
дəрі қоймасын басып алды. Келесі күні көтерілісшілерді құлиеленушілердің 
əскері  мен  полиция  қоршап  алды.  Ұрыс  бір  тəулікке  созылып,  10  адам  қаза 
болды,  оның  ішінде  Джон  Браунның  екі  ұлы  да  болды.  Джон  Браун 
жарақаттанды,  дарға  асылды.  Көтеріліс  толығымен  жеңіліс  тапты.  Бұл 
тұңғыш ақ нəсілділер мен негрлердің құлдыққа қарсы күресі еді. 
Сонымен  Құрама  Штаттардың  1783  жылдан  1861  жылға  дейінгі  саяси 
тарихы  -  негізінен  плантаторлар  мен  Солтүстік  буржуазиясы  арасындағы 
күреске  толы  болды.  Бұл  күрес  –  тек  жер  үшін  ғана  болған  жоқ,  сондай-ақ 
экономикалық, саяси билік үшін де күрес болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет