Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет29/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53
Байланысты:
treatise12053

1861-1865 
жылдардағы  азамат  соғысы.  1850-1860  жылдары 
өнеркəсіпке  жұмсаған  капитал  екі  есе  өсіп,  1  миллиард  долларға  жетті. 
Фабрика  өндірісіне  көшу  өнеркəсіпті  шоғырландыруға,  жұмысшылардың 
санын  арттыруға  байланысты  болды.  АҚШ  халқының  саны  тез  өсті.  1850-
1860 жылдар арасындағы 10 жыл ішінде 23 миллионнан 31 миллионға дейін 
жетті. Əсіресе, солтүстік-батыс штаттарының халқы тез өсті. 
Оңтүстік  штат  экономикасының  сипаты  мүлде  басқаша  болды.  Мұнда 
мақта шаруашылығы басым болды. 1851-1859 жылдар арасында мақта өндіру 
60  пайызға  өсті.  Мақта  шаруашылығының  басым  болуы  оңтүстік 
экономикасын  біржақты  етіп,  өнеркəсіптің  дамуын  тежеді.  Оңтүстіктің  құл 
иеленуші  шаруашылықтарының  ішкі  нарықпен  байланысы  нашар  болды. 
Мақта  түгелдей  дерлік  Англияға  шығарылды,  сөйтіп  одан  өнеркəсіп 
тауарлары  сатып  алынды.  Мұның  нəтижесінде  солтүстік  штаттардың 
өнеркəсіп бұйымдарын сатып алушылар оңтүстікте өте аз болды. Бұл АҚШ-
тың  жалпы  ұлттық  нарығын  қалыптастыруға  бөгет  болды.  Американ 
капитализмінің одан əрі дамуы құлдықты жоюды, жалдамалы еңбектің толық 
салтанат  құруын  талап  етті.  Құлдықты  жою  қажеттігі  ішкі  экономикалық 
жəне  саяси  себептермен  ғана  емес,  сондай-ақ  маңызды  сыртқы  саяси 
жағдайларға байланысты болды.  
Құлдықтың орын алуы елдің экономикалық дамуына бөгет жасады, бұл 
АҚШ-тың  халықаралық  аренадағы  позициясын  едəуір  əлсіретті.  Сонымен, 
елдің экономикалық жəне саяси дамуы құлдықты сөзсіз жою мəселесін алға 
қойды. 1850-жылдардың аяғында Канзастағы азамат соғысы, республикалық 
партияның  құрылуы,  Джон  Браун  көтерілісі,  Оңтүстіктегі  құлдар 
көтерілісінің кең етек алуы мұның барлығы американдықтардың ескіше өмір 
сүргілері  келмейтіндігін  көрсетті.    1860  жылғы  президент  сайлауында 
республикалық партия Авраам Линкольнді ұсынды. Оның əкесі ағаш ұстасы 
еді. Линкольннің өзі де жас кезінде жұмысшы болды. Өз бетінше білім алып, 
заң ғылымдарын үйренді. Белгілі адвокат жəне публицист болып шықты.  
1860 жылғы сайлауында көпшілік дауыс алып, Линкольн президентікке 
сайланды. Американ халқының аса көрнекті ұлы – Авраам Линкольн – АҚШ-


104 
 
тың  он  алтыншы  президенті  болды.  Ол  азамат  соғысы  кезінде  халықтың 
талап  етуімен  АҚШ-та  құлдықты  жойды.  Оның  еңбегінің  ұлылығы  осында 
еді.  Президент  соғыс  уақытында  Ұлыбританияны  жəне  басқа  еуропалық 
елдердің  басып  кіруінен  қорғай  білді.  Оның  президенттігі  тұсында 
трансконтинентальді теміржол салынды, аграрлық мəселенің шешімін тапқан 
Гомстед-акті қабылданды.  
1861  жылы  ақпанында  құлиеленуші  штаттардың  Конфедерациясы 
құрылды,  оның  президенті  Дж.Дэвис  болды.  Құлиеленушілер  соғысқа 
дайындалды.  Солтүстік  экономикалық  қуаты  жағынан  Оңтүстіктен  басым 
еді. 1860 жылы Солтүстікте 22 млн адам тұрса, Оңтүстікте 9 млн адам, оның 
4  миллионын  негр-құлдар  құрады.  Солтүстікте  өнеркəсіпте  1,8  млн  адам 
болса,  Оңтүстікте  тек  110  мың  адам  болды.  Солтүстік  елдің  өнеркəсіп 
өнімінің  ¾  бөлігін  берді.  1861  жылы  12  сəуірде  Конфедерация  əскерлері 
Форт  Самтерді  бомбалады.  Екі  күннен  кейін  оны  басып  алды.  Сөйтіп, 
оңтүстік  пен  солтүстік  арасындағы  азамат  соғысын  оңтүстік  плантаторлары 
осылай  бастады.  Плантаторлар  тарапынан  бұл  соғыс  басқыншылық  соғыс 
болды. Ол жаңа жерге құл иеленушілікті тарату үшін жүргізілді. 
Азамат соғысы өз дамуында екі кезеңнен өтті. Бірақ бұл кезеңдер соғыс 
қимылдарымен емес, таптық, саяси жағдайларға байланысты анықталды.  
Бірінші кезең – 1861-1863 жылдар. Бұл – соғысты Конституция бойынша 
жүргізген кезең еді.  
Екінші  кезең –  1863-1865 жылдар.  Бұл  –  буржуазиялық-демократиялық 
революцияның  кезеңі  болды,  соғыс  революциялық  əдіспен  жүргізілді.  Оған 
халық  бұқарасы  –  жұмысшылар,  фермерлер,  негрлер-құлдар  белсене 
қатысты. 
Енді  азамат  соғысының  аса  маңызды  оқиғаларына  тоқталатын  болсақ, 
1861  жылдың  жазына  қарай  жақсы  дайындалған  офицер  кадрлары  бар 
оңтүстік соғысқа жарамды 112 мыңдық армия құрды. Бұл арада айта кететін 
бір  нəрсе  –  оңтүстікте  өте  тамаша  соғыс  ұйымы  болды.  Əрбір  плантатор 
мылтықты  жақсы  меңгерген  еді.  Олардың  əрқайсысында  құлдардан 
қорғанатын қарулы отрядтары болды. Сондықтан да соғыс алдында оңтүстік 
нағыз соғыс лагеріне айналдырылды. 
Оңтүстіктің əскери күшінің басымдығы 1861 жылы 21 шілдеде Манассас 
деген  кішкене  қала  түбіндегі  шайқаста  көрінді.  Шайқас  болған  жер 
Вашингтоннан 40  шақырымдай  еді.  Солтүстіктің  армиясы  соғысқа  мерекеге 
жиналғандай болып беттеді. Бірақ та оңтүстік əскерінің оғы астында қалып, 
ешбір  қарсылықсыз  Вашингтонға  дейін  шегінді.  Солтүстіктің  астанасы  – 
Вашингтонды  басып  алу  қаупі  төнді.  Алайда  солтүстіктің  бақытына  қарай 
оңтүстік  федералдық  əскердің  тоз-тозы  шыққанын  білмеді.  Осы  ірі  жеңіліс 
Линкольн үкіметіне күшті əсер етті. Армияның командалық құрамына өзгеріс 
енгізілді, армияның саны артты, Конгресс соғыс жүргізу үшін экономикалық 
ресурстарды пайдалануға бірқатар заң шығарды.  
1862 жылдың қаңтарында бұрын жеке меншікте болып келген теміржол, 
телеграф  линияларын  мемлекеттің  бақылауына  алу  жөніндегі  заң 
қабылданды.1861  жылдың  қазанында  соғыс  қимылдары  қайта  басталып, 


105 
 
солтүстіктің  армиясы  шабуылға  көшті.  Солтүстік  армиясы  тағы  да  жеңіліс 
тапты.  Оның  жеке  құрамының  50  пайызы  қаза  тапты  немесе  жараланып, 
қолға  түсті.  Осы  жеңілістен  кейін  армияның  бас  қолбасшысы  қарт  генерал 
Скот орнынан босатылды. Жаңа сайланған қолбасшы генерал Мак Клелан да 
сəтті  қойылған  жоқ.  Армияны  қайта  құрған  ол  оңтүстікке  қарсы  соғыс 
қимылдарының  үлкен  жоспарын  жасады.  Бұл  жоспардың  мəні  – 
конфедерацияның  аумағын  түгел  қоршап,  5  мың  милль  жерге  армияны 
жағалай орналастыру болды.  
1862  жылы  қаңтарда  Солтүстік  əскері  шабуылға  көшті.  Миссисипи 
өзенінің  бойымен  генерал  гранттың  армиясы  сəтті  алға  жылжыды.  Теңізден 
жəне  құрылықтан  бірдей  десант  түсіріп,  Жаңа  Орлеан  қаласы  алынды. 
Əскери  қимылдарға  шешуші  ықпал  еткен  нəрсе  –  1862-63  жылдары 
Линкольн  үкіметінің  қолданған  шаралары  болды.  1862  жылы  20  мамырда 
Президент Гомстед туралы заңға қол қойды. Бұл заң бойынша АҚШ-тың кез-
келген  азаматы  10  доллар  тіркеу  жарнасын  төлегеннен  кейін  65  гектар  жер 
телімін  алатын  болды.  5  жылдан  кейін  бұл  жер  телімі  жеке  меншікке 
айналатын болды.  
Ақырында 1862 жылы 22 қыркүйегінде Линкольн құлдықты жою туралы 
өзінің  үгіт  насихатын  жариялады.  Насихатында  1863  жылғы  1  қаңтарынан 
бастап құлдықта болған барлық адамдар бұдан былай қарай азаматтық алады 
деп  жарияланды.  1865  жылы  14  сəуірде  төрт  жылға  созылған  соғыс  құл 
иеленушілердің  толық  жеңілісімен  аяқталды.  Дəл  сол  күні  Вашингтонда 
Форд  театрінде  отырған  жерінде  құл  иеленушілердің  тыңшысы  Линкольнді 
атып  өлтірді.  1861-1865  жылдардағы  азамат  соғысы  американ  халқының 
тарихында ірі революциялық оқиға болды.  
Оңтүстіктегі қайта құрулар (1865-1877 жж.). Азамат соғысы құлдықты 
жойды, билік буржуазия қолына өтті, ауыл шаруашылығында капитализмнің 
дамуына  қолайлы  жағдай  жасалды,  батыста  ауыл  шаруашылығы  фермерлік 
жолмен  дамыды.  Бірақ  та  екінші  американ  буржуазиялық  революциясының 
алдында  тұрған  барлық  міндеттер  толығымен  шешілмеді.  Құлдықтан 
босатылған  құлдар  азаматтық,  саяси  құқықтарға  ие  болмады,  олар  жер  ала 
алмады. Оңтүстікте плантаторлық жер шаруашылықтары сақталды.  
1865-1866 жылдары Оңтүстікте «Қаралар кодексі» негрлерді жер иелену 
жəне  қоғамдық  қызметтен  босатты.  Олар  азат  болған  негрлердің  бұрынғы 
қожайындарында  жұмыс  істеуге  күштеді,  ал  плантаторлар  болса,  өздерінің 
үстемдігін  террорлық  жолмен  жүргізді,  олар  1865  жылы  арнайы  ұйым  Ку-
клукс-кланды 
құрып, 
негрлерді 
аяусыз 
жазалады. 
Оңтүстіктегі 
плантаторлардың осындай іс-шаралары ( атап айтқанда толық үстемдік, тіпті 
өздерінің билік органдарына ұмтылуы сияқты) буржуазияға қауіп туғызды. 
1866-1867  жылдары  Қайта  құрулардың  жаңа  кезеңі  басталды.  Солшыл 
республикашылар  плантаторларға  қарсы  бағытталған  бірқатар  шешімдер 
қабылдауға  барды. Бұған  консервативті  республикашылар  қарсы болды.  Екі 
ағым  арасында  туындаған  мəселе  Одақты  қайта  қалпына  келтіру  жəне 
Оңтүстіктегі Қайта құрулар мəселесі, оның ішінде даулы мəселе құлиеленуші 
штаттар  көтерілістен  кейін  Одақта  қалады  ма,  əлде  жоқ  па  деген  сұрақтар 


106 
 
туындады.Консерваторлардың пайымдауынша құлиеленуші штаттар Одақтан 
шыға  алмайды,  өйткені  бұл  Конституцияда  қарастырылмаған.  Осы  негізде 
олар  федералды  үкіметтің  Оңтүстік  штаттар  ісіне  араласуын  жоққа 
шығарады. 
Радикалдар  болса,  Оңтүстік  штаттар  өз  еркімен  Одақтан  шықты, 
сондықтан  да  барлық  құқықтан  айырылады  жəне  оларды  енді  Одаққа 
қабылдау  белгіленген  жағдайларда  ғана  деді.  Радикалдар  жеңіске  жетті. 
Олардың 
ықпалымен 
конгресс 
Оңтүстік 
штаттардан 
сайланған 
конгресмендердің өкілеттілігін мойындаудан бас тартты. Конгресте Стивенс 
басшылығымен  «15-ші  Комитет»  құрылды.  Ол  Оңтүстікте  қайта  құруларды 
жүргізуді  өз  бақылауына  алды.  Оңтүстік  штаттарға  қайтадан  федералды 
əскер  енгізілді,  ереуілге  шыққандарды  азаматтық  құқынан  айырды. 
Конституцияға  14-ші  түзету,  яғни  негрлердің  азаматтық  құқы  жөнінде  еді. 
Тек  осы  түзетуді  бекіткен  Оңтүстік  штаттар  ғана  Одаққа  қайта  кіре  алады. 
Теннес штатынан басқа барлық штаттар оны бекітуден бас тартты.  
 Радикалды  қайта  құрулар  нəтижесі  бұрынғы  құлиеленушілердің  саяси 
талқандалуына  əкелді.  Бірақ  та  бұрынғы  экономикалық  тəртіпті  қалпына 
келтіру  мүмкін  емес  еді,  өйткені  Оңтүстікте  буржуазиялық  қатынастар 
орнаған  болатын.  Қайта  құрулар  кезінде  буржуазия  байыды,  жұмысшы 
қозғалысы  күшейді.  Американ  пролетариатының  басты  талабы  8-сағаттық 
жұмыс  күні  болды.  Буржуазия  Солтүстік  пен  Оңтүстіктегі  еңбекшілерге 
қарсы  шыға  бастады.  Республикандық  партия 60-жылдары  радикалды  қайта 
құру  ұстанымдарынан  бас  тарта  отырып,  ірі  бизнес  бақылауына  өтсе, 
демократиялық  партия  буржуазияланды.  Бұл  екі  партияның  жақындасуына 
əкелді жəне АҚШ-та екі партиялық жүйенің бастамасы болды. 
АҚШ-тың «ашық есік саясаты». Испан - американ соғысы АҚШ үшін 
импералистік  басқыншылықтың ары  қарай  өрлеуіне  жол  ашты.  Кубаны, 
Пуэрто - Риконы, Филлиппин мен Гуам аралдарынан кейін, 1899 жылы тағы 
бір Тынық  мұхит  базасын,  яғни  Самаоны  басып  алу  көзделді.  АҚШ-тың 
сыртқы  саясатында  жаңа  бағыттар пайда  болды.  Қытай  нарығын  Америка 
капиталының  бақылауы,  Атлант  жəне Тынық  мұхиттарын  жалғастыратын 
канал салу, АҚШ үстемдігін күшейтті. 
Бұл 
мəселелерді 
шешу 
үшін 
«Ашық 
есік 
саясатын» 
жарияланды. Америка  империалистері  Қытайды  тауар  мен  капитал  көзі 
ретінде  тани бастады.  Қытайдың  ықпал  ету  аймағына  бөлінуі  АҚШ-тың 
қызығушылығына қайшы  келді.  Кейін  ол  Қытайды ірі ықпал ету  аймағы 
ретінде бағындыруды  көздеді.  АҚШ  Қытайға  көз  тіккен  басқа  да 
державалардың жолын 
бөгемек 
болып, 
«Қытайдың 
қамқоршысы» 
ұстанымына  шықты. Əсіресе, Цзяочжоу  мен  Порт-Артурды  Маньчжурия-
дағы орыстардың 
басып алуымен 
ағылшын-герман жəне 
теміржол 
құрылысындағы  ағылшын-орыс    ықпалы  концессиясының  жасалуы  қауіп 
туғызды.  1899  жылы  6  қыркүйекте  АҚШ-тың  мемлекеттік  хатшысы 
Хэй американдық елшілерге Англия, Германия, Франция жəне Ресей үкіметіне 
«ашық  есік  саясатын»  жариялайтыны  туралы  нота  жіберді. Бұл  қағидаға 
қосылуды ұсынды. Əрбір үкімет былай деп жариялауы тиіс еді: 


107 
 
1. Мемлекет  келісімдік  порттың құқығына  жəне  заңына  еш  нұқсан 
келтірмейді. 
2. Қытайлық  келісімдік кедендік  тариф  барлық  Қытай  үкіметіне 
тапсырылады жəне тауарлармен порттарға белгіленуі керек. 
3. Шетелдік  кемелерден  жоғары  салықты  алмауы тиіс. Американың 
ұсынып отырған бұл саясаты өзінің ықпалын Қытай нарығына енгізуді жəне 
өзінің  бақылауын  кеден  жүйесіне  орнатуға бағытталды. Англия  үкіметіне 
жіберілген  нотада  мемлекеттік  хатшы  ұсынып отырған  саясат  Цинь 
үкіметіне  екі  мемлекетің  де  бірлесіп  кұш  жұмылдыруына  жағдай 
туындағанын  мəлімдеді.  Қытайда  əкімшілік реформалар  жүргізуге 
үгіттеді.  Көптеген  губернаторлар  ағылшындармен, ресейліктермен  тығыз 
қарым-қатынаста  болды.  Осыдан  қорыққан  АҚШ  өз  саясатын  Цинь 
монархиясын күшейту үшін жүргізіп отыр деп жариялады. 
Англия, 
Германия, 
Франция, 
Жапония 
Хэйдің 
нотасын 
құптады. Англия  өзі  жалға  алып  отырған  териториялармен  Гонгконгта  бұл 
саясаттың жүзеге аспауын қалады. 
Петербургге 
көзқарастар 
өзгерді. 
Муравьев 
болса, 
Ресей державасының 
экономикалық-саяси 
бастамаларына 
қарсы 
келмейтін мəлімдеді.  Өйтпеген  жағдайда  Қиыр  Шығыста  қауіпті  коалиция 
қалыптасуы  мүмкін  еді.  Бұл  саясатын тиімді  жағыда  бар:  Маньчжуриямен 
Қытайдың аудандарында  Ресейдің  үстемдік  жүргізіп  отырған  аудандарының 
дамуына жағдай жасалды. 
Наразылық 
Витте 
тарапынан 
туындады. 
Ол 
қолға 
теміржол 
тарифтері арқылы  байланыс  алуға  қарсы  болды.  1899  жылға  желтоқсанда 
Америка елшісі  Ресей  сыртқы  істер  министрлігінде  іс  сапармен  болып,  ұзақ 
тостырған сұраққа жауап беруді өтінді. 
Патша 
үкіметі 
«Ашық 
есік 
саясатын» 
Қытайдың 
барлық 
порттарында қолдануға (Ресей жалға алған жерлерден басқа) қарсы еместігін 
айтты.  Ал теміржол  тарифтері  жөніндегі  мəселелерді  жанай  өтті.  Ресей 
толық мақұлдаған  жауап  бермесе  де,  АҚШ  оны  келісім  ретінде  жұрт 
алдында жариялауды  жөн  көрді.  1900  жылы  20  наурызда  Хэй  Америка 
елшілеріне  6 державаның  берген  жауаптарын  сараптап,  «Ашық  есік 
саясатының» толығымен  іске  асуын  жариялауды  жүктеді.  «Ашық  есік 
саясаты»  АҚШ-тың отарлық  саясатының  арнайы  тəсілдерін құрастырудың 
нақты кезеңін  көрсетті.  Осындай  жолмен  американ  империализмі  өзінің 
экономикалық  қуаты  арқасында  барлық  бəсекелестерін  ығыстырып 
шығарып, Қытай нарығын бүтіндей өз монополиясына айналдыруды көздеді. 
ХІХ  ғасырдың  аяғы-ХХ  ғасырдың  басындағы  Латын  Америка 
елдері.  ХІХ  ғасырдың  40-жылдары  латын  америка  елдерінде  алғашқы 
фабрикалар  пайда  болды,  ал  өнеркəсіп  төңкерісі  тек  50-жылдарда  ғана 
тездетілді.  Бұл  кездері  куба,  бразилияда  құлдық  жойылған  болатын.  50-
жылдардың  ортасынан  бастап  жаппай  теміржол  салу,  шет  аймақтармен 
тығыз  экономикалық  байланыстар  орнатылды.  Жеңіл  өнеркəсіпте  алғашқы 
фабрикалар пайда болды.  


108 
 
1843 жылы Мексикада 17 тоқыма фабрика, 1856 жылы 70 фабрика, одан 
басқа  қағаз,  əйнек  шығаратын  фабрикалар  да  болды.  Мехико,  Пуэбла, 
Веракрус тоқыма өндірісінің негізгі орталықтары болып табылды. 1869 жылы 
латын  елдерінде  фабрика,  мануфактура,  қолөнерде  280  мың  адам  болған, 
оның 10,6 мыңы фабрикаларда жұмыс істеді. Мексикада пролетариат өте тез 
қарқынмен қалыптасты. 50-жылдары елде алғашқы жұмысшы ұйымы «Өзара 
көмек қоғамы» құрылды.  
40-60-жылдары  жұмысшы  табының  қалыптасуымен  бірге  жергілікті 
буржуазияда  қалыптаса  бастады.  Ол  ішкі  нарықтан  хабардар  бола  бастады. 
Буржуазия өзінің кəсіпорындарын құра бастады, ауылшаруашылық өнімдерін 
өңдейтін  жəне  өзінің  көзқарасын  тамақ,  тоқыма  өнеркəсіптерінде  сақтады. 
Ішкі  нарықтың  тарлығынан  жəне  жергілікті  өнеркəсіп  бұйымдары  үшін 
сыртқы нарықтың болмауынан бұл елдерде капитализмнің дамуы баяу жүрді. 
ХІХ  ғасырдың  50-60-жылдарындағы  Латын  америкасы  елдерінің 
қоғамдық-саяси дамуыБарлық латынамерикандық елдердің саяси дамуына 
тəн  белгі,  бұл  олардың  тəуелсіздігін  алғаннан  кейінгі  бастапқы  он  жыл 
ішіндегі буржуазиялық қайта құрулар жөніндегі күресі еді. Күрес барысында 
барлық елдерде либералды жəне консервативті  саяси ағымдар пайда болып, 
олардың  негізінде  саяси  партиялар  құрылды.  Əлеуметтік  қақтығыстар  жиі-
жиі əскери күреске айналды. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында континенттің 
барлық елдерінде азамат соғыстары болды, 1852-1862 жылдары Аргентинада, 
1859-1863  жылдары  Венесуэлада,  ал  Колумбия  1839  жылдан  1885  жылға 
дейін 6 азаматтық соғысты басынан кешірді. 
Сондай-ақ континент елдерінде буржуазиялық қайта құрулар үшін күрес 
тоқталмады.  1854-1860  жылдары  Мексикада  буржуазиялық  революция 
болды. Күресті басқарған либералды партияның солшыл қанатының өкілдері 
басқарды.  Консерваторлар  болса  контрреволюцияны  басқарды.  Либералдар 
жеңіске жетті. 1859 жылы «реформа жөніндегі заң» қабылдады. Бұл заң елдің 
əлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымын елеулі өзгеріске əкелді. Шіркеу 
мемлекеттен  бөлінді.  1856  жылы  «Лердо  заңы»  қабылданған  болатын.  Бұл 
заң азаматтық жəне шіркеулік корпорацияларға меншік мүліктерін иеленуге 
тыйым  салынды.  Осы  заң  негізінде  шіркеу  мүлкін  сатуға  қойды.  Бірақ  бұл 
революция  өзінің  негізгі  міндеті  –  ірі  жер  иеленушілікті  жоя  алмады.  Ол 
керісінше  ірі  жер  шаруашылығының  ұстанымын  күшейтті.  Мексикадағы 
революция  капиталистік  қатынастың  одан  əрі  дамуына  мүмкіндік  берді. 
Бірақ  ол  баяу  дамыды.  Мексикада  аграрлық  құрылым  капитализмнің 
«прустық жолымен» дамыды. 
Латын  Америкасындағы  азаттық  күрестің  басты  оқиғасы  əлі  де  испан 
отары  болған  Кубадағы  1868-78  жылдардағы  «ұлы  соғыс».  Бұл  тəуелсіздік 
жəне  құлдықты  жоюдағы  бүкіл  халықтық  соғыс  болды.  1868  жылы  10-
қазанда  Куба  патриоттарының  көтерілісі  басталып,  1869  жылы  сəуірде 
тəуелсіз  Куба  республикасы  жарияланды.  Бірақ  көтеріліс  басшылары 
арасындағы  жікті  пайдаланып,  испандықдар  1878  жылы  10-ақпанда  өз 
биліктерін қайта орнатты. Куба халқы жеңіске жете алмады.1878 жылы испан 
үкіметі  құлдықты  жоюға  мəжбүр  болды.  1812  жылы  аралда  құл-негрлер 


109 
 
көтерілісі  болды.  Осыдан  үрейленген  жергілікті  құл  иеленушілер  испан 
үкіметімен  жасырын  келісіп,  аралдарды  Испанияның  соғыс-теңіз  базасына 
айналдырды. 
1886  жылы  Кубада  құлдық  жойылды.  1897  жылы  25-қараша-
да Испания Кубаға  автономия  берді.  1898  жылы АҚШ Испанияға  соғыс 
ашып, Кубадан қуып шығарды. 1899 жылы АҚШ Кубаны басып алды. Елде 
халық толқулары қайта күшейді. 
Латын  Америка  елдеріндегі  АҚШ  жəне  еуропалық  державалардың 
басқыншылығы.  Испандықтар  Колумбияға 1499 жылы  келіп,  ХVІ  ғасырда 
елдің  ішкі  аудандарына  кіре  бастады.  Елде  отарлық  тəртіп  орнап, Жаңа 
Гренада деп  аталды. 1538 жылы  отарлардың  орталығы  Санта-Феде-Богота 
қаласы салынды. Ол жерде испандықтар мақта, кофе, банан, қант жəне  тағы 
басқа  дақылдар  өсіріп,  оған  жергілікті  үндістер  күшпен  жегілді.  Алтын, 
күміс,  изумруд  (жақұт)  өндіретін  кеніштерде  де  үндістердің  еріксіз  еңбегі 
пайдаланылды. ХVІІ  ғасырдың аяқ кезінен бастап Африкадан құлдар əкеліне 
бастады.  ХVІІІ  ғасырдың  ортасында  қалаларда  тоқыма  өнеркəсібі  пайда 
болды. Бірақ елдің əрі қарай дамуына Испания үкіметі кедергі жасап, жиі-жиі 
баскөтерулер  болып  тұрды.  Көтерілістер  қаталдықпен  басып  тасталып 
отырды. 1810 жылы  20  шілдеде  Боготода  жергілікті  халық  көтеріліске 
шығып,  Революциялық  үкімет  құрды.  Бірақ  провинциялар  арасындағы 
бəсекелестік 
көтерілісшілердің 
күш 
біріктіруіне 
мүмкіндік 
бермеді. 1815 жылы  Испания  үкіметі  көтерілісшілерге  10  мыңдық 
жазалаушылар  жасағын  жіберді. 1816 жылы  мамырда  жазалаушылар 
Боготоны  басып  алып,  көтерілісті  талқандап  тастады.  Көтерілісшілер 
партизан 
отрядтарына 
бірікті. 1819 жылы 
ақпанда 
көрші Венесуэла тəуелсіздігін  жариялады.  7  тамызда  венесуэлалықтар  мен 
партизандардың  біріккен  күштері  жазалау-шыларды  талқандап,  17 
желтоқсанда  Ұлы  Колумбия  Федеративті  мемлекеті  құрылды.  Елдің 
президенті  болып С.Боливар сайланды.  Бірақ  креолдер  арасында  бірлік 
болмауы  мемлекеттің ыдырауына  алып  келді. 1831  жылы Жаңа Гренаданың 
алғашқы 
президенті 
сайланып, 
келесі 
жылы 
конституция 
қабылданды.1851 жылы  құлдық  жойылды,  ал 1863 жылы  жаңа  конституция 
қабылданып,  елдің  аты  Колумбия  болып  өзгертілді,  Бірақ  ішкі  бірлік 
болмады  да,  елде  жиі-жиі  əскери  төңкерістер  мен  азамат  соғыстары  болып 
тұрды.  Осыны  пайдаланған АҚШ 1856-1903 жылдар    аралығында  елден  14 
рет  Панама территориясын тартып алды. Нəтижесінде 1903 жылы қарашада 
Панама жеке мемлекет болып бөлініп шықты.  
ХІХ  ғасырдың  20-жылдары  Мексика  үкіметі  АҚШ  отаршыларына 
Техаста орналасуға  рұқсат берді.  20-30-жылдары  қоныстанушылардың  саны 
өте  тез  өсті,  мұнда  басты  рөлді  АҚШ-тың  оңтүстік  штатының 
құлиеленушілері  атқарды.  АҚШ  енді  басқа  жерлерді  Калифорния,  Жаңа 
Мексиканы жаулап алуға тырысты. 
ХVІІ  ғасырдың  басында  испандықтар  Мексика  жерін  негізінен 
бағындырып  болды.    Байырғы  халықтар  жерлерінен  айырылып,  ауыр 
қанауға,  аштыққа  ұшырады.  25  миллионға  жуық  үндістердің  1605  жылы  1 


110 
 
миллионнан  астамы  ғана  қалды.  1624,  1692  жылы  Мехикода,  1660  жылы 
Оахакиде,  1761  жылы  Юкатанда,  1767  жылы Мичоаканда үндістердің  испан 
үстемдігіне  қарсы  ірі  көтерілістері  болды.  Мексиканы  отарлау  барысында 
түрлі  этникалық  топтардың  (еуропалықтар,  үндістер,  Африкадан  əкелінген 
құл-негрлер)  араласуы  нəтижесінде  ХVІІ-ХVІІІ  ғасырларда  халықтың  ортақ 
тілі  мен  діні  қалыптасты.  Отаршыларға  қарсы  жиі-жиі  азаттық  қозғалысы 
болып  тұрды.  1810  жылы  16  қаңтарда  діни  қызметкер М.Идальго мен  оның 
ізбасары Х.М.Морелос бастаған халық көтерілісі болды. Бірақ көтерілісшілер 
жеңіліске  ұшырап,  басшылары  өлтірілді.  Соңында А.Итурбиде басқарған 
ұлт-азаттық  күштер  1821  жылы  28  қыркүйекте  Мехиконы  азат  етіп, 
Мексиканың  тəуелсіздігі  жарияланды.  Бірақ  елде  азамат  соғысы  басталды. 
1824  жылы  қазан  айында  конгресс  конституция  қабылдап,  Мексиканы 
республика  деп  жариялады.  1833  жылы  өкімет  басына  келген  А.Санта-Ана 
конституцияға  тыйым  салып,  елде  диктатура  орнатты.  ХІХ  ғасырдың  20-
жылдарынан  бастап  Америка  Құрама  Штаттары  Техасты  отарлауға  кірісті. 
1846  жылы  Америка  Құрама  Штаттары  Мексикаға  қарсы  соғыс  жариялады. 
Мексика  жеңіліске  ұшырап,  өз  жерінің  жартысынан  көбінен  айырылып 
қалды. 1855 жылы Санта-Ана диктатурасы құлап, либералдық үкімет билікке 
келді.  1857  жылы  жаңа  конституция  қабылданды.  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен 
ХХ ғасырдың бас кезінде ел экономикасы дамыған елдерден көп артта қалды. 
Экономиканы негізінен шетел капиталы биледі.  
ХІХ  ғасырдың  60-жылдары  шетелдік  басқыншылықтың  аренасы 
Мексиканың болуы,  оның    еуропалық державаларға  қарызының  үстемесінің 
уақытында  төлей  алмауы  еді.  Басқыншылықтың  ұйымдастырушысы 
Наполеон ІІІ болды, бастапқыда бұл басқыншылыққа Испания жəне Англия 
қатысқан болатын, бірақ кейін өз əскерлерін шығарды. 
Наполеон  ІІІ  елдегі  ішкі  реакция  күшіне  сүйене  отырып,  1864  жылы 
Мексикада  монархияны  жариялап,  таққа  император  Максимилиан  І 
отырғызды. Мексика халқы батыл наразылыққа шықты. Мексика президенті 
Бенито  Хуарес  азаттық  қозғалысын  басқарған,  Максимилианмен  келіссөз 
жүргізуден бас тартты. 1867 жылы Франция Мексикадан өз əскерін шығарды, 
сол жылы Максимилиан жеңіліс тауып, тұтқынға алынып, атылды. 
 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1.
 
Атлантикалық жағалауда орналасқан жаңа  отарларды атаңыз? 
2.
 
Алғашқы американ ағартушыларына тоқталыңыз? 
3.
 
Бостон шайы көтерілісінің себебі неде? 
4.
 
АҚШ-тағы өнеркəсіп төңкерісінің алғышарттары? 
5.
 
Азамат соғысының кезеңдері жəне басты оқиғалары? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет