Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет30/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53
Байланысты:
treatise12053

 


111 
 
9-ТАҚЫРЫПХVІІ-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ГЕРМАН 
МЕМЛЕКЕТІ 
 
Вестфаль бейбіт шартынан кейінгі Германия.  
Жаңа 
кезеңнің 
басында  Германия  экономикалық,  саяси  жəне  мəдени  құлдырауды  басынан 
өткерген  еді.  Голландия  Вестфаль  бітім  шарты  бойынша  алған  аумағы 
нəтижесінде  Германияның  Солтүстік  теңізге  шығу  жолын  бөгеді.  Одер, 
Эльба,  Везер  шығанағының  Швецияның  қол  астында  қалуы  Балтикаға 
шығатын  маңызды  сауда  жолдарын  кесіп  тастады.  Германияның  батысында 
Францияның  үстемдігі  орнады.  Соғыс  Германияның  экономикалық  жəне 
саяси  жағынан  Батыс  еуропа  елдерінен  артта  қалуын  күшейтті.  Елдің 
өндірістік күші күйреді. Оңтүстік Батыс германияның - Аугсбург, Нюрнберг, 
Ульм  сияқты  ескі  экономикалық  орталықтары  əлемдік  сауда  жолдарынан 
айырылып қалғаннан кейін өзінің бұрынғы маңыздылығын жоғалтты.  
Соғыстан  кейін  бұрынғы  6  мың  аугсбургтық  тоқымашылардан  қалада 
500-ге  тең  жуығы  ғана  қалды.  Ортағасырлық  Еуропадағы  ірі  немістің  күміс 
өндіру  кен  орындары  талан-таражға  түсті.  Көмір  шахталары  не  тоқтап,  не 
суға батып қирап жатты. Мансфельд графствосында (Саксония) 1619 жылы 3 
мың жұмысшы болса, 1684 жылы олардың саны 30-дан аспады. Соғыс неміс 
халқына  қатты  соққы  болып  тиді.  Соғыс  қимылдарының,  аштықтың, 
эпидемияның  жəне  қолөнершілерді  шетелге  күштеп  əкету  барысында 
Бавария,  Бранденбург,  Тюрингия  тұрғындарының  жартысына  жуығынан 
айырылды.  Вюртемберг,  Гессен,  Мекленбург,  Пфальц  халқының  60-70-
пайызын жоғалтты. Германияда соғыстың алдында 16 млн халқы бар болса, 
1650  жылы  жалпы  халық  саны  10  млн  ғана  болды.  Осы  соғыс  алдындағы 
халық санына Германия тек ХҮІІІ ғасырдың ортасында ғана жетті. 
Саяси  бытыраңқылық.  Барлық  неміс  мемлекеттеріне  егемендік  пен 
олардың  иеліктеріне  қол  сұқпаушылыққа  кепілдік  берген  Вестфаль 
трактаттары елдің саяси бытыраңқылығын заңды түрде бекітті деуге болады. 
Оның  ішінде  300-ден  астам  ірі  жəне  ұсақ  князьдіктер,  51-тəуелсіз 
империялық қала жəне мыңжарым ұсақ рыцарлық иеліктердің көпшілігі Рейн 
бойында  Швабия  жəне  Франконияда  шашырап  жатты.  Əр  түрлі  бөлек 
князьдіктерде екі күндік календарлар- юлиандық жəне григориандық, үш тең 
дəрежедегі діни-наным католиктік, лютерандық жəне кальвинизм болды.  
 Əр  неміс  мемлекетіне  өз  бетінше  сыртқы  саясатын  жүргізуге, 
қажеттілігіне  сай  кез  келген  мемлекетпен  келісім  шартқа  отыруға,  одаққа 
бірігуге  құқық  берілді.  Ал  мұның  өзі  бірыңғай  неміс  ұлтының  мемлекетін 
қалыптастыруда ұзаққа созылған тежеушілік болды. Мұндай жағдай барлық 
германдық  аумақты  Қасиетті  Рим  империясы  шеңберінде  қағаз  жүзінде 
біріктіруді  өзгерте  алмады.  Қасиетті  Рим  империясының  басына 
императорды  тоғыз  курфюрсттен  тұратын  (көбінде  австриялық  Габсбургтер 
əулетінен  тұратын)  коллегия  өмірбойлық  кезеңге  сайланатын.  Оның  билігі 
тек  сөз  жүзінде  еді,  ал  барлық  мəселе  Регенсбургтегі  жалпыгермандық 
рейхстагтағы  отырыстың  (мəжілістің)  келісімімен  шешілуге  тиіс  болды. 
Рейхстагта шаруалар сословиесі көп болмады. Қала коллегиясы өз пікірін тек 


112 
 
басты  екі  коллегия  –  курфюстер  мен  княздердің  бірыңғай  шешім 
қабылдағанынан  кейін  ғана  айта  алады.  Сондай-ақ,  рейхстагтағы  барлық 
мүшесінің бірауыздан дауыс беру тəртібі іс-жүзінде жалпы шешім қабылдау 
мүмкіндігін жоққа шығарды. Осындай əрекетсіздік жағдай империялық сотта 
да  байқалды.  Бір  ғасыр  көлемінде  империялық  сотта  60  мың  іс  қаралмай 
қалған. Германияның бытыраңқылық жағдайында ұсақ билеушілердің шексіз 
билігі нығайып, саяси бытыраңқылықты бекіте түсті. Оның əлеуметтік тірегі 
ұсақ дворяндар еді, өйткені олар сарай маңындағы немесе əскери қызметтері 
барысында жер иеленушілерде жұмыс жасап, жалақы алып, соғын өмір сүрді. 
Олар  шаруаларды  күшпен  ұстайтын  күшті  биліктің  болуына  мүдделі  еді. 
Шаруалар  мен  қалалардан  пайданың  көзін  тапқан  князьдер,  феодалдық 
дворяндардың  кірістері  мен  жеңілдіктеріне  тиісуге  батпады,  өйткені  олар 
сословиелік  жиналыстарда  яғни  ландтагтарда  басым  ықпалға  ие  болды. 
Бұндай ландтагтар көптеген неміс мемлекеттерінде сақталған еді.     
 Сондықтан билік басындағылар пайданың басқа көздерін іздей бастады. 
Сол  себепті  де  шетелдіктердің  Германиядағы  саясатын  қолдай  отырып, 
соның  есебінде  олардан  жəрдем  қаржы  алуға  қол  жеткізеді.  Тұзға,  кофеге, 
сыраға, отынға княздік үстемдік кіргізеді.  
Аграрлы  қатынастар.  30-жылдық  соғыс  ең  алдымен  шаруаларды 
күйзелтті.  Дворяндар  феодалдық  қанауды  күшейту  арқылы  өзінің  қаржы 
жағын  нығайтуға  тырысты.  Германияның  шығысы  мен  батысында  аграрлы 
қатынастарды  дамыту  əртүрлі  жүргізілді.  Солтүстік-батыс  аудандарда 
(Вестфалия, Ганновер, Төменгі Саксония) ірі жер иеленушілік салыстырмалы 
түрде əлдеқайда сирек болды. Дворян-сеньорлар өз шаруашылығын жүргізуі 
тіпті сирек еді. ХҮІІ ғасырдан бастап олар өз жерлерін əртүрлі жалға берді. 
Төмені  саксондық  жер  құқы  салты  бойынша  шаруалар,  көп  жағдайда  жеке 
еркіндікке  ие,  өз  үлестеріне  мұрагерлік  жағынан  қожа  ретінде  оларды 
бөлшектемей бір ғана мұрагерге бере алды. Соттың шешімімен ғана шаруаны 
жерінен айыруға болатын.  
 ХVІІІ 
ғасырдың  екінші  жартысында  түпкілікті  орын  тепкен 
арендаторлар 
шыға 
бастады, 
олар 
батрактарды 
жалдап, 
ауыл 
шаруашылығында капиталистік қатынастың  кейбір  жақтарын байқатты.    Ал 
оңтүстік-батысында  (Баден  Бавария,  Вюртемберг)  аграрлық  қатынастарда 
ала-құлалық  болды.  Мұнда  кең  жайылған  франкондық  жер  құқы  бойынша 
шаруалар  өз  үлесі  үшін  əртүрлі  міндеткерлік  атқарды  –  барщина  жəне  тағы 
басқадай алым төледі. Тек солтүстік-батысқа қарағанда олар жерді тұтынуда 
көптеген  еркіндіктерге  ие  еді.  Яғни,  жерді  сатуға  жəне  мұрагерлікке  бөліп 
беруге  құқылы  болды.  Бұл  жер  иелігінің  ұсақ  бөліктерге  бөлінуіне  жағдай 
туғызатын.  Дворяндық  шаруашылық  та  ұсақ  болды,  феодалдар  үшін  басты 
мəселе  ол  ақысы,  шаруалар  алған  иеліктері  үшін  ақы  төледі.  Шаруалардың 
жеке  тəуелділігімен  байланысты  міндеткерліктердің  көп  маңыздылығы 
болған жоқ.  Жалпы аграрлы қатынастардың осындай түрі, яғни француздық 
сеньориалды  құрылысына  ұқсас  шаруалардың  жерге  байланысты 
басыбайлылығы  Батыс  Германияның  барлық  аумағына  тəн  болды. 
Басыбайлы  шаруалардың  барщиналық  еңбегіне  негізделген  ірі  дворяндық 


113 
 
шаруашылық –  Бранденбург, Пруссия, Мекленбург аймағында қалыптасқан. 
Оның  қалыптасуы  тіпті  ХVІ  ғасырдың  екінші  жартысында  басталған 
болатын.  30  жылдық  соғыстан  кейін  тіпті  тез  қарқынмен  дамыған  болатын. 
Балтық  теңізіне  шығатын  Германияның  шығыс  аудандары  Англия, 
Голландия,  Швецияны  малмен,  астықпен  қамтамасыз  ететін  ірі 
жабдықтаушыға айналды. Шаруалар өз қожасының қол астындағылар болып 
жарияланып,  соның  жерінде  жұмыс  істеуге  міндетті  болды.  Жалпы 
Мекленбургте  1688  жылы  12  мыңдай  ұсақ  шаруашылық  болса,  келесі 
ғасырдың (ХVІІІ ғ.) ортасында 5 мыңға да жетпеді.  
 Шығыс  Германияның  шаруаларының  Англияғыдан  өзгешелігі  олар 
еркін  жұмысшы  күшіне  емес,  егіндік  жұмысымен  айналысқан  басыбайлы 
батрактарға  айналды.  Барщиналық  шаруашылыққа  жұмысшы  қолы  ғана 
емес, сондай-ақ құрал-жабдық, тартып жеткізетін күште қажет болғандықтан, 
шаруалар  қожалықтары  өз  өндіріс  құралдарын  жұмысқа  пайдаланатын  ат-
көліктерімен  сақталды.  Шаруалардың  басыбайлы  бекітілуі  наразылық 
туғызды.  Олар  міндеткерліктің  нақтылы  қағаз  жүзінде  болуын, 
феодалдардың озбырлығына шектеу қоюды, талап етті. Əрине өз қожаларына 
сотқа  арыз  берген  шаруалар,  оларды  енді  өз  ісін  қарайтын  сот  ретінде  де 
кездесіп қалып жатты.     
Мануфактураның дамуы. 30-жылдық соғыстан кейін неміс өнеркəсібінің 
дамуына  көптеген  себептер  болды.  Қалаларда  тұйықталған  жəне  шектелген 
цехтық  жүйенің  үстем  болуы  еркін  кəсіпкерлердің  дамуын  тежеді.  
Германияның  саяси  бытыраңқылығының  нəтижесінде  шеттен  келетін 
тауарларға  шектеу  қоя  алмауы  неміс  қолөнеріне  қатты  соққы  болды.  Енді 
қалыптасып  келе  жатқан  буржуазияда  капитал  жетіспеді,  өйткені  соғыс 
барысында  дворяндар  жағынан  олар  өз  артықшылығынан  айырылған  еді.  
Негізгі бұқараның шаруалардың кедейшілік жағдайда болуы, көптеген неміс 
мемлекеттерінің  шекараларында  баж  салығын  алуы  ішкі  германдық 
сауданың  дамуын  қиындатты.  Тек  Рейн  өзені  бойындағы  Страсбург 
қаласынан  Голландияға  дейін  30-дай  кедендік  бекеттен  өту  қажет  болды. 
Осының бəрі жалпыгермандық нарықтың қалыптасуына кедергі болды.  
Тек  ХVІІІ  ғасырдың  басында  ғана  елде  баяу  болса  да  экономикалық 
даму байқалды. Жері аз шаруалардың селолық қолөнермен айналысуы өзінің 
табиғи  сипатын  жоғалтып,  өнімі  сатуға  арналып,  делдалдық  кең  етек  алды, 
біртіндеп шашыраңқы мануфактураның қалыптасуына əкелді.  
Саксонияда мақта-мата жəне қыш-құмыра бұйымдарын шығару дамыды. 
1710  жылы  Майсенде  корольдік  фарфор  мануфактурасы  ашылды,  оның 
өнімдері жалпы еуропаға танымал болды. Вюртембергте шұға жасау кең етек 
алды,  Вестфалияда  металл  өңдеу  дамыды.  ХVІІІ  ғасырдың  ортасында 
Германияда  алғашқы  орталықтандырылған  мануфактуралар  пайда  болды.  
ХVІІІ  ғасырдың  ІІ-ші  жартысында  дамыған  неміс  мемлекеттерінде 
Пруссияда, Саксонияда цехтық қолөнерге қарағанда мануфактуралық өндіріс 
үстем  болды.  Сондықтан  да  ХVІІІ  ғасырдың  аяғында  əртүрлі  сипаттағы 
мануфактуралық өндіріс үстемдік жағдайға ие болды. Өнеркəсіптердің дамуы 
кейбір  əлеуметтік  өзгерістерге  əкелді.  Германияның  экономикасы  едəуір 


114 
 
дамыған  аудандарында  (Рейн  жерлерінде,  Саксония,  Бранденбургте) 
буржуазияның  қалыптасуы  жедел  дамыды.  Рейнде  экономикалық  жағынан 
бекіген  буржуазия  əлі  де  цехтық  жеңілдіктерге  қарсы  күресте  одақтарға 
біріге бастайды. Олардың қысымымен 1783 жылы тоқыма өндірісінің рейндік 
орталықтарының бірі Эльберфельде мата цехы таратылып, еркін бəсекелестік 
орнайды. Ғасырдың аяғында жалдамалы жұмысшылар саны өсті. Берлинде – 
2000,  Галлде  –  4,5  мыңға  таяу  болды.  Жалпы  жалдамалы  жұмысшылар 
Германия  тұрғындарының  0,5  пайызын  ғана  құрады.  Яғни  капиталистік 
қатынас əлі толық жетіле қоймаған еді. 
Бранденбург  –  Пруссия  мемлекеті.  30-жылдық  соғыстан  кейін  неміс 
князьдіктерінің  ішінде  Бранденбург-Пруссия  мемлекеті  үлкен  маңызға  ие. 
Одер  мен  Эльба  арасында  орналасқан  Бранденбург  Гогенцоллерн 
династиясына  бағынды.  Соғыс  кезінде  Бранденбург  қатты  талқандалынып, 
соғыстың  аяғында  күшейе  түсті.  Жеңуші  мемлекеттердің  одақтасы 
Бранденбург  курфюрсті  –  Магдебург  епископтық  жерлерін,  Балтикаға 
шығатын  тиімді  Шығыс  Памеранияны  жəне  Батыс  германияда  Везере  мен 
Рейндегі  ұсақ  иеліктерді  алды.  Енді  өте  маңызды  сауда  өзен  жолдары 
Орталық  Еуропадан  жəне  Оңтүстік  Германиядан  Солтүстікке  жəне  Балтық 
теңізіне  шығу  осы  Бранденбург  жерлері  арқылы  өтетін  болды.  Мұның  өзі 
олардың  экономикалық  дамуына  жағдай  жасады.  Солтүстік  Еуропадағы 
астыққа деген сұраныстың өсуі Бранденбургтердің батысеуропалық нарыққа 
шығуына жəне экономикалық нығаюына мүмкіншілік туғызды.   
Бранденбург-Пруссия  мемлекеті  абсолютизмнің  ерте  қалыптасуымен 
сипатталады. Онда курфюрствоға қарсылық көрсететін ірі феодалдар болған 
жоқ. Орта юнкерлік жəне рыцарьлардың мұрагерлерінің мүддесі кедейшілік 
күйге  түскен  шаруаларды  өз  ырқында  ұстай  алатын  күшті  мемлекеттік 
билікті орнатуды жəне теңізге шыққанда өздеріне тиімді экономикалық жəне 
əскери  қатынастарды  сақтап  қалуды  талап  етті.  Бранденбургтың 
маңыздылығы  шындығында  жаңа  мемлекеттің  негізін  салушы  “ұлы 
карфюрст“ Фридрих Вильгельм ІІ (1640-1648 жж.) тұсында елеулі байқалды. 
Ықыласты  басшы  соғыстан  кейін  елсіз  қалған  мемлекетке  басқа  елдерден 
қоныстанушыларды тартты. 1685 жылы Нант эдиктасын жойғаннан кейін үш 
аптадан  соң  курфюрст  екі  тілде  дінге  еріктілік  туралы  “Потсдам  эдиктін” 
шығарды. Онда қоныстанушыларға əртүрлі жеңілдіктер мен артықшылықтар 
беруге  уəде  етілген.  Діни  қудаланушылықтан  құтылу  мақсатымен  20  мыңға 
таяу  француз  гугеноттары  мен  испандық  Нидерландының  6  мың  тұрғыны 
Берлинге,  Магдебургке,  потсдамға  жəне  курфюрстың  батыс  иеліктеріне 
қоныстанды.  
Иммигранттардың  көп  бөлігін  саудагерлер,  қолөнершілер,  капиталдар, 
шеберліктер  құрады.  Мұның  өзі  елдің  өнеркəсіптік  дамуына  үлкен  үлес 
қосты.  Олар  əйнек,  былғары  жəне  металлургиялық  өндірістерді  жақсартты 
жəне  де  алғашқы  тоқыма  жəне  қағаз  мануфактурасының  негізін  қалады. 
Бірақта бос жұмысшы күшінің жетіспеуі Бранденбург өнеркəсібінің одан əрі 
дамуын тежеді. 


115 
 
Басыбайлылықтың  негізінде  шаруалардың  тəуелсіздігіне  юнкерлік 
монархия  ықпал  ете  алмады.  Қайта  дворяндардың  мүддесі  үшін  1653  жылы 
«мұрагерлік  азаматтық»  түпкілікті  заңдастырылды,  яғни  шаруалардың 
басыбайлы  тəуелділігі  жəне  олардың  үстінен  поместье  иелерінің  соттық 
билігі  құпталды.  Өз  иеліктерінің  ауқымын  кеңейту  мақсатында 
бранденбургтық  курфюрстер  басқа  мемлекеттердің  қайшылықтарын 
пайдаланып, бір-біріне қарсы қойды.  
Курфюст  Фридрих  ІІІ  (1688-1713  жж.)  «испан  мұрагерлігі»  үшін 
соғыстың  нəтижесінде  корольдік  лауазымға  ие  болды.  1701  жылы  Фридрих 
Кенигсбергте  салтанатты  түрде  корольдік  рəсімін  өткізіп,  өзін  Пруссияның 
королі  деп  жариялады.  Осы  уақыттан  бастап  Бранденбург-Прусстық 
мемлекет – Пруссия корольдігі деп аталды. 
1720  жылғы  Солтүстік  соғыстан  кейін  оның  құрамына  Одер  бұғазымен 
жəне  Балтықтағы  ірі  Штеттин  портымен  қоса  Батыс  Померания  кірді. 
Пруссия  корольдігінің  империя  шекарасынан  тыс  жатуы  оның  вассалы  деп 
есептелінбеді,  сондықтан  заң  жүзінде  егеменді  еуропалық  монархия  болды. 
Фридрих Вильгельм І королінің тұсында (1713-1740) шетелдік тауар əкелуге 
шектеулік  күшейді,  оның  басты  себебі  ақшаның  сыртқа  кетуін  болдырмау 
еді, бірақ өз өнеркəсібі елдің ішкі сұранысын толық қамтамасыз ете алмады. 
Феодалдық  монархия  төтенше  тиым  салумен  жəне  мемлекеттік 
монополиялық жүйе негізінде капитализмнің дамуына кедергі болды. 
 Қорыта  айтқанда,  маңызды  сауда  өзен  жолдарының  Бранденбург 
арқылы  өтуі,  оның  батысеуропалық  нарыққа  шығуы,  иммигранттардың 
көптеп  келуі  өнеркəсіпті  дамытты,  шеттен  келетін  тауарларға  шектеу  қоюы 
ішкі сауданың дамуына ықпал етті.  
“Ағартушылық абсолютизм” саясаты.  Ірі еуропалық держава деңгейіне 
Пруссия  Фридрих  ІІ  корольдығы  тұсында  (1740-1766  жж.)  жетті.  Ол  өте 
білімді,  кезінде  Вольтермен  байланыста  болған.  Ол  армия  санының  өсуіне 
көп көңіл бөліп, Австрияның ішкі саяси қиыншылықтарын пайдаланып қалу 
мақсатында Силезияны басып алу соғысын  бастайды. Екі силезиялық соғыс 
нəтижесінде  (1740-1742  жж.,  1744-1745  жж.)  Австрия  осы  өте  бай  жəне 
өнеркəсібі  дамыған  польшалық  провинцияны  Пруссияға  беруге  мəжбүр 
болды.  1772  жылы  Речь  Посполитаяны  (Литовск-Польша  екі  елдің  əскери 
одағы  негізінде  қалыптасқан  мемлекет)  бірінші  рет  бөліске  салғаннан  кейін 
Пруссия  польшалық  Поморьені  (теңіз  жағалауын)  жəне  Батыс  Пруссияны 
алды.  Осының  нəтижесінде  Шығыс  Пруссия  корольдықтың  барлық 
аумағымен  қосылды,  яғни  оның  ішінде  Балтық  теңізінің  бүтіндей  оңтүстік 
жағалауы  кірді.  Фридрих  ІІ  тұсында  Пруссияда  “ағартушылық  абсолютизм” 
жүйесі  қалыптасты.  Дворяндық  монархия  əлсіз  прусстық  буржуазияға  иек 
сүйеніп  мемлекеттік  басқару  саласында,  экономикалық  саясатта  білім  беру 
жəне сот жүйесінде нақтылы реформалар жүргізді.     
 
 
Мұның  басты  себебі:  ІІ  –ші  Фридрих  дворяндардың  түпкі  мүддесіне 
жəне  феодалдық-əміршілдік  жүйесіне  ешқандай  нұқсан  келтірмей, 
Пруссияның  басқа  дамыған  Еуропа  елдерінен  экономикалық  артта  қалуын 
жою  еді.  Қаржы  жəне  сот  жүйесі  қайта  құрылды,  діни-наным  еркіндігі 


116 
 
бекітілді.  1763  жылы  Пруссияда  бастауыш  білім  беру  міндетті  деп 
есептелінді.  Фридрих  үкіметі  ішкі  кедендік  жүйені  қысқартып,  қалалық 
цехтарда  монополиялық  құқықты  шектеді.  Жаңа  мануфактураларды  құруға 
қолдау  көрсеткенімен  екінші  жағынан  оларды  салық  жинау  көзі  ретінде 
көруі,  соның  нəтижесінде  салық  салумен  қысу  олардың  табысты  дамуын 
тежеді.  Фридрих  тұсында  шаруалардың  жерсіз  қалуы  кең  етек  алды.  Оған 
басты  себеп  əлемдік  нарықта  астық  бағасының  көтерілуі,  юнкерлерді  астық 
өндіруге ынталандырды, оған қажетті егіндік көлемі шаруа жерінің есебінен 
кеңейтілінді.  Бірақ  шаруа  қожалығының  қысқартылуы  мемлекетке  салық 
күйінде  түсетін  кірісті  де  қысқартты.  Сондықтан  1749  жылы  жəне  1764 
жылдары шаруаларды жерінен айыруға тыйым салу Жарғылары жарияланған 
болатын.  Сондай-ақ  Помераниядағы  1763  жылы  басыбайлылық  құқын  жою 
Жарғысы  да  юнкерлер  жағынан  қарсылыққа  тап  болып,  жүзеге  аспады.  Тек  
1777 жылы Фридрих тұсында ғана шаруалар  өз жерлерін мұрагерлік иелікке 
алу  құқына  ие  болды.  Бұл  аз  да  болса  олардың  əлеуметтік-экономикалық 
жағдайын жақсартты.    
Габсбургтер 
монархиясы
ХVІІ-ХVІІІ 
ғасырларда 
еуропалық 
державалардың ішіндегі Габсбургтер монархиясы ірі де, қуатты болды. Оның 
негізін  Габсбургтердің  мұрагерлік  жерлері  құрады:  Төменгі  жəне  жоғарғы 
Австрия,  Тироль,  словендік  Штирия,  Каринтия,  Крайна,  сондай-ақ  Истрия 
мен  Триест.  Сонымен  бірге  Габсбургтерге  чех  коронының  жерлері  Чехия, 
Моравия,  Силезия,  венгер  коронының  жерлері  Венгрия  (Словакия  мен 
Закарпатьені  қосқанда)  Хорватияны,  Германияда  Габсбургтер  Пассау, 
Фрейбург,  Констанц  жəне  басқа  Рейн,  Неккер  өзендерінің  аймақтарымен, 
Эльзастағы  аймақтарға  иелік  етті.  Бұл  монархия  жерлерінде  əртүрлі  тіл, 
мəдениет,  салт-дəстүр  болғанымен  бір  династияның  (əулеті)  астында 
байланыста  болды.  Феодалдық  тап  күшті  болды.  Габсбург  монархиясының 
көпшілік  тұрғынын  (80-пайызын)  шаруалар  құрады.  Өндіріс  саласының 
негізін  металлургия  құрады.  Бүкіл  еуропаға  Штирии  мен  Каринтии 
кендерінде өңделген темір мен болат əйгілі болды. 
Габсбургтердің  топтасуына  жəне  оның  қуаттылығының  өсуіне  30-
жылдық  соғыс  өзіндік  ықпал  етті.  Соғыс  нəтижесінде  Германиядағы 
Габсбургтердің  беделі  əлсіреді.  Сонда  да  олардың  монархиясы  ыдыраған 
жоқ. ХVІІ ғ. олардың иеліктерінің топтасуына екі себеп болды.   
 Біріншіден,  абсолютизм  феодалдық  тəртіпсіздік  пен  сословиелік 
анархияны жеңе білді.  
Екіншіден,  австриялық  аумақтың  басым  бөлігі  30-жылдық  соғыс 
нəтижесінде  Германия  мен  чех  жеріне  қарағанда,  күйреуге  тоналуға  тап 
болған жоқ.  
ХVІІІ  ғасырдың  І-ші  жартысындағы  əлеуметтік-экономикалық  даму. 
Австриялық  абсолютизм  ХVІІ  ғасырдың  аяғы-ХVІІІ  ғасырдың    басында 
өнеркəсіпті  дамытуға  көп  көңіл  бөлген  болатын.  Əсіресе  Карл  ІV  тұсында 
Сондай-ақ  осы  кезеңде  помещиктік  кəсіпкерлік  пен  шаруалық  өндірістің 
дамуы  кең  етек  алды.  Шашыраңқы  мануфактура  ауыл  өмірінің  көрінісіне 
енді.  ХVІІІ  ғасырдан  бастап  мануфактуралық  өндіріс  оның  ішінде 


117 
 
орталықтандырылған  мануфактура  жедел  дамыды.  Силезия,  Чехия,  Төменгі 
жəне Жоғарғы Австрияның кей бөліктері мануфактура орталығына айналды. 
Кенеп,  мақта-мата  өңдеумен  айналысу  цехтан  тыс  болуға  тиіс  деп 
жарияланды.  Кəсіпкерлер  ақшалай  сыйлықпен  марапатталды.  Осындай 
экономикалық дамуға қатысты шараларға қарамастан, Габсбургтық монархия 
еуропалық басқа мемлекеттермен салыстырғанда əлі де əлсіздеу еді.     
ХVІІІ ғасырдың  ІІ-ші жартысында «польша мұрагерлігі» үшін соғыста 
Осман  империясымен  қақтығысып  қалған  габсбургтер  оңтүстік  Италиядан 
Балкандағы  аумақтарынан  айырылды.  Оның  есесіне  Парма,  Пьягенца  жəне 
Тоскалаға ие болды. Солтүстік Италияда беки түсуге мүмкіндік болды. Карл 
ІV  -  мұрагері  болмағандықтан  таққа  оның  қызы  Мария  Терезия  көнді.  Осы 
кезде  1740  жылы  «австрия  мұрагерлігі»  үшін  де  соғыс  басталып  кетті. 
Пруссия Силезияны басып алса, француздық жəне бавар əскерлері Чехияны, 
Тироль мен жоғарғы Австрияны алды.     
Мария Терезия өзіне көмекке Венгрия сословиясын шақырып, солардың 
көмегі  арқасында  тақты  сақтап  қалды.  Тек  габсбургтер  Силезияны, 
Пьяченцаны жəне Италиядағы Парманы жоғалтты. Силезиядан айырылу өте 
қатты  соққы  болды,  өйткені  бұл  аймақ  өте  дамыған  аудан  еді.  ХVІІІ 
ғасырдың    70-жылдары  чех  жерлерінде  32  мануфактура,  австриялық  26, 
Венгрияда  19  болды.  Бұл  да  сол  кезеңдегі  экономикалық  дамудың  көрінісі 
еді.  
«Ағартушылық  абсолютизм«  саясаты.  Мария  Терезия  билігі  тұсында 
(1740-1780  жж.)  жəне  оның  ұлы  Иосиф  ІІ  (1780-1790  жж.)  тұсын 
«Ағартушылық  абсолютизмі»  деп  атау  қабылданған.  Осы  он  жылдықтарда 
қоғамның барлық жақтарын қамтыған реформалар өтті. Аграрлық қатынаста, 
қолөнерде,  саудада,  өндірісте,  шіркеуде,  мектепте.  Бұл  реформалардың 
мақсаты:  Габсбург  империясын-экономикасы,  армиясы,  əкімшілігі  жақсы 
жолға  қойылған  орталықтандырылған  мемлекетке  айналдыру  еді.  Мария 
терезия  мен  Иосиф  ІІ  провинциялардың  өз  монархияларының  жерлерін 
топтастыруға  итермеледі,  ең  алдымен  басым  реформа  австро-чех 
провинцияларында  жүргізілген.  Олардың  аграрлы  реформа  жүргізуіне 
бірнеше себептер болды: 
- мануфактураға жұмысшы күшінің қажеттілігінен, салықтың көзі болып 
табылатын шаруа қожалықтарын үкімет жағынан қолдауға ұмтылуы. 
ХҮІІІ  ғасырдың 60 жылдарының  аяғында  аграрлы  қатынастарға  үстіңгі 
жақтан  реформа  жасауға  түрткі  болған  толассыз  болған  шаруалар 
көтерілістері  еді  (ішіндегі  ең ірі көтеріліс 1775 жылы  Чехияда болды). 1781 
жылғы  Жарғы  шаруаның  жеке  басыбайлылығын  жойды.  1785  жылы  ол 
Венгрияға  да  таралды.  «Ағартушылық  абсолютизмнің»  аграрлық  заңы 
шаруаның  жеке  басыбайлылығының  жойылуы  Габсбург  монархиясындағы 
капиталистік қатынастардың дамуына өзіндік ықпал етті. 1783 жылдан 1790 
жылдарға  дейін  Төменгі  Австрия  мен  Чехияда  қолөнер  мен  өнеркəсіпте 
істейтіндердің саны 2-есеге өсті. Бірақта реформалар шаруаларды қанаудағы 
феодалдықтың  негізіне  тиіспеді,  помещиктік  жериелену  сақталды,  өз 


118 
 
үлестері  үшін  шаруалар  барщинамен  өтеді.  Сондай-ақ  бұл  реформалардың 
көпшілігі Иосиф І өлгеннен кейін жойылды.   
1775 
жылы  Кедендік  жарғы  Габсбургтердің  мұрагерлік  жер 
аумақтарында  ішкі  баж  салығын  жойды.  Екінші  жағынан  мемлекет  армия 
мен  бюрократтық  аппаратты  ұстау  мақсатында  қаржының  көзін  сауда  мен 
өндіріске салынатын салықтан тауып, олардың дамуына тежеуші болды.  
Иосиф  ІІ  австрия  жерлерінде  католиктік  шіркеудің  өзін-өзі  билеуіне 
шектеулік жасады, шіркеу жерін қысқартты. Шіркеу мен мектеп мемлекетке 
бағынды.  1774  жылы  заң  жалпы  мектептік  білім  беру  жүйесіне  бастама 
болды.  ХVІІІ  ғасырдың  80  жылдары  австро-чех  жерлерінде  бірнеше  мың 
əртүрлі сатылы мектеп жұмыс жасады. Жаңа оқу орындары ашылды. Ендігі 
жерде  шіркеулік  пəннің  орнына  табиғи-ғылыми  пəндерді  оқыту  кең  етек 
алды. 
ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысында  Германияның  экономикалық 
жағынан  артта  қалуы  жəне  саяси  жағынан  бөлшектелуі.  ХІХ  ғасырдың 
бірінші  жартысында  Германия  Англия  мен  Франциядан  экономикалық 
жағынан да, саяси жағынан да артта болды. Германияда феодалдық тəртіптер 
ХІХ ғасырдың ортасына дейін сақталып келді. Ал ол Англияда ХVII ғасырда, 
Францияда  ХVIIІ  ғасырда  күйреген  еді.  Англия  мен  Франция  көптен  бері 
біртұтас ұлттық мемлекетке біріксе, Германия əлі де бытыраңқы болды. 
Вена  конгресінің  шешімі  бойынша  (1815  жылы  8  маусым)  құрылған 
Герман  одағы  Германияны  формальдық  жағынан  ғана  біріктірді.  Іс  жүзінде 
ол 38 жеке мемлекеттерге бөлшектелген күйінде қалды: олардың ішінде бір 
империя  (Австрия),  бес  корольдік  (Пруссия,  Саксония,  Ганновер,  Бавария 
мен Вюртемберг), бірнеше ондаған герцогтықтар мен князьдіктер жəне төрт 
«еркін  қала»  (Гамбург,  Бремен,  Любек  пен  Франкурт-на-Майне)  болды.    
Монархтар  үшін  елдің  мемлекеттік  бытыраңқылығы  дворяндардың  таптық 
үстемдігін  нығайту  жəне  өз  иеліктерін  сақтап  қалу  үшін  тиімді  еді.  Ал 
Франция, Ресей, Англия мемлекеттері болашақта өздерінің бақталасы болып 
кетуге мүмкіншілігі бар Германияның бірігуіне жол бергісі келмеді. 
Герман  одағын  одақтық  сейм  жеке  басқарды.  Ол  Франкфурт-на-
Майндегі  Австрия  уəкілінің  төрағалық  етуімен  мəжіліс  құрып  отырды. 
Франкфурт-на-Майн  Германияның  астанасы  саналғанымен  іс  жүзінде  əр 
мемлекеттің үкіметі өз бетінше əрекет етті. Герман Одағындағы ең ықпалды 
мемлекет - бұл Австрия жəне маңыздылығы жағынан екінші Пруссия болды. 
Бұлар бұл одақтың құрамына Қасиетті Рим империясының құрамында болған 
бұрынғы  аумақтарымен  ғана  кірген  болатын.  Пруссияға  тиісті  Шығыс 
Пруссия,  Померания,  Познань  аумағы,  сондай-ақ  Австрия  империясының 
құрамына  кірген  Венгрия,  Словакия,  Галиция  жəне  австрияның  итальяндық 
иеліктері  Герман  Одағынан  тыс    қалған  болатын.  Одақ  өзіне  Англия, 
Голландия,  Дания  иеленген  Ганновер,  Люксембург,  Гольштейнді  қосып 
алды.  
Пруссия  территориясы  екі  бөлек  орналасқан  бөліктен  тұрды,  яғни 
шығысында алты ескі прусстық провинция жəне батысында екі провинция – 
Рейн  жəне  Вестфалия.    Рейн  мен  Вестфалия  Пруссиялық  шығыс  бөлікті 


119 
 
экономикалық  жағынан  оза    берді,  бұл  жерде  капиталистік  қатынас  дами 
түсті,  бай  жəне  ықпалды  буржуазия  нығая  берді.  Шығыста  əлі  де  юнкерлік 
үстемдік етті жəне ірі помещиктік жер иеленушіліктің мəні зор еді.  
1813-1815  жылдары  кейбір  неміс  мемлекеттерінің  билеп-төстеушілері, 
оның  ішінде  Пруссия  корольі  Фридрих-Вильгельм  ІІІ  халықтың  арасында 
патриоттық  өрлеу  тудыру  үшін  Конституция  енгізуге  уəде  берді.  Бірақ 
Наполеонды жеңгеннен кейін бұл уəделерін ұмытып кетті.  
Пруссияның  батыс  жəне  шығыс  провинциялары  арасындағы 
айырмашылық  кедендік  жүйенің  тəртіпсіздігінен  күшейді.  1815  жылы 
шығыста  67  əртүрлі  кедендік  тарифтер  кездесетін.  Ал  Батыста  əлі  де  Отыз 
жылдық  соғыс  кезінен  қалған  тарифтер  жəне  француз  басқыншылығы 
кезіндегі  салықтар  сақталған  болатын.    Шетелдік  бəсекелестіктен  қорғауды 
сұраған  пруссия  буржуазиясының  талабы  осы  кедендік  мəселелерді  шешу 
еді.  1818  жылы  Рейн  буржуазиясы  корольден  барлық  герман  жерлерінде 
бірыңғай кедендік одақ құруды сұрайды. Бірақ Австрия қарсы болады, себебі 
ол Пруссияның күшеюінен қорықты. Сондықтан да бірыңғай кедендік тариф 
тек Пруссия территориясына ғана енгізілді. Ал бұл əрине мемлекет өмірінде 
прусстық буржуазияның саяси ықпалының артқандығын көрсетеді.  
Көптеген  басқа  герман  мемлекеттерінде  абсолюттік  тəртіп  сақталды. 
Ганновер  мен  Саксонияда  дворяндардың  саяси  үстемдігін  бекіткен 
сословиелік  ландтагтар,  шаруалардың  феодалдық  борыштықтарының 
барлығы  дерлік  қалпына  келтірілді.  Оңтүстік-батыста  өзгеше  жағдай 
қалыптасты.  Буржуазиялық  Францияның  ықпалы  өшпестей  із  қалдырған 
Бавария,  Баден,  Вюртемберг  жəне  Гессен-Дармштадта  1817-1820  жылдары 
шаруалардың тəуелді жағдайының жойылғандығы расталды жəне буржуазия 
ролінің нығаюы көрініс тапқан ұстамды конституциялар енгізілді.  
Австрия  мен  Пруссия  1848  жылғы  революцияға  дейін  абсолютті 
монархия болып қалды. 
Капиталистік  қатынастардың  дамуы.  Саяси  бытыраңқылық  пен 
феодалдық тəртіптер елдің өндіргіш күштерінің дамуына бөгет жасады. ХІХ 
ғасырдың  І-ші жартысында Германия аграрлы ел болатын. 1816 жылы оның 
халқы  23  млн-ға  таяу  болды,  ғасырдың  ортасында  –35  млн-нан  астам  адам 
болды. Оның 3/4 бөлігі  ауыл шаруашылығымен айналысты.  Шаруалардың 
жеке басының тəуелділігі жойылса да, олар бірқатар əртүрлі алым-салықтар, 
қарыздар  төлеуге  мəжбүр  болатын.  Ғасырдың  басындағы  аграрлы 
реформалардан  (көптеген  феодалдық  қалдықтарды  сақтаған)  Пруссияда 
юнкерлік  көп  пайда  көрді.  1821  жылы  шаруаларды  барщинадан  босатқан 
аграрлы  реформа  бойынша  Бранденбург  пен  Шығыс  Пруссияда  шаруалар 
өздерінің  жер  үлестерінің  төрттен  бірін,  ал  Померания  мен  Силезияда-40 
пайызын берді.  
Ұсақ  шаруалар  шаруашылығы  үстем  болған  жəне  феодалдық 
қалдықтардың  əсері  əлсіз  болған  бұл  Германияның  батысында,  əсіресе 
Рейнде  шаруалардың  бөлінуі  тез  қарқынмен  жүріп  жатты.  Сол  жерде 
кедейленген  шаруалардың  еңбегін  жалдамалы  жұмыс  күші  ретінде 
пайдаланған ауыл буржуазиясы(«гроссбауэры») бөлініп шыға бастады.  


120 
 
ХІХ  ғасырдың  алғашқы  онжылдықтарында  неміс  өнеркəсібі  көбінесе 
мануфактуралар  мен  қолөнер  шеберханаларынан  тұрды.  Саксония,  Рейн-
Вестфаль  ауданында,  Силезияда  ғана  мақта-мата  өнеркəсібінде  фабрикалық 
өндіріске өту байқалды.  
Германияда капиталистік қатынастың дамуына, бірыңғай ішкі нарықтың 
қалыптасуын тежеген елдің бытыраңқылығы еді. Шетелдік, əсіресе ағылшын 
тауарларының  елге  көптеп  келуі,  неміс  өнеркəсібінің  өнімдерінің  өтуін 
тежеді, бұған неміс буржуазиясы, əсіресе прусстық буржуазия наразы болды. 
Соның  нəтижесінде  30-жылдардың    аяғына  қарай  Пруссия  көрші  ұсақ  алты 
мемлекетпен  кедендік  барьерді  жоюға  қол  жеткізді.  1833  жылы  Пруссия, 
Бавария, Вюртемберг, Гессен жəне басқа мемлекеттер (барлығы 18 мемлекет) 
арасында Кедендік Одақ құрылды. Бұл одақты Пруссия басқарды. 
Өнеркəсіп  төңкерісі.  Елде  өнеркəсіп  те  өте  баяу  дамыды.  Англияда 
ХVIIІ  ғасырдың  60-шы  жылдарында  басталған  өнеркəсіп  төңкерісі  ХІХ 
ғасырдың  бірінші  жартысында  аяқталды.  Германияда  бұл  үдеріс  енді  ғана 
басталған  еді.  Оның  шығуына  кедейленген  қолөнершілер  мен  шаруалардың 
қатарынан  шыққан  еркін  жұмысшы  күшінің  пайда  болуы,  дворяндар  мен 
буржуазияның  табысты  ірі  капиталының  қорлануы,  қала  тұрғындарының 
санының жəне олардың сұраныстарының өсуі себеп болды. 
40-шы  жылдары  Рейнско-Вестфаль  облысында,  Саксонияда  жəне  басқа 
кейбір  аудандарда  ірі  фабрикалық  кəсіпорындар  бірте-бірте  ұсақ  өндірісті 
ығыстырып  шығарды.  Бұл  уақытқа  қарай  Берлин  маңызды  өнеркəсіп 
орталығы  болды.  Алайда  Германияның  көп  жерінде  кəсіпшілік  пен 
мануфактура  басым  еді.  Өнеркəсіп  төңкерісіне  техникалық  прогресс  пен 
транспорттық даму үлкен роль атқарды. 1822 жылдан бастап Рейнде алғашқы 
пароходтар пайда болды, 1835 жылы алғаш рет Нюрнберг-Фюрт теміржолы, 
кейін  Берлин-Потсдам,  Лейпциг-Дрезден  теміржолдары  ашылған  болатын. 
1848  жылға  қарай  Германияның  темір  жолдарының  ұзындығы  француз 
теміржолдарының ұзындығынан екі есеге ұзын болып, 5 мың км-ден жоғары 
болды,  оның  2,5  мың  км.  Пруссияның  үлесіне  тиді.  Бұл  теміржолдарының 
салынуы тек сауданы ғана дамытып қоймай, көп мөлшерде ауыр өнеркəсіптің 
де  дамуын  тездетті.  Рур  жəне  Саар  аудандарында  темір  рудасы  мен  көмір 
қорына бай Рейн облысы ерекше тез қарқынмен дамыды. Бұл жерде тау жəне 
металлургиялық өнеркəсіптің жаңа ірі орталықтары-Бохум жəне Эссен пайда 
болды.  Бу  машиналарының  саны  өсті.  1830  жылы  Пруссияда  олардың  саны 
245 болса, 1849 жылы 1264-ке жеткен. Машина жасауда пайда болды. Оның 
ірі  орталығы  Берлин  қаласы  болды.  Саксонияда  тоқыма  өнеркəсібі  дамыды. 
30-40-жылдары  Германияда  өңдеу  өнеркəсібінің  өндірісі  –  75  пайызға  өсті, 
оның  өсу  қарқыны  Франциядан  жоғары  еді,  ал  Германияның  өнеркəсібінің 
жалпы даму деңгейі Франция, əсіресе Англиядан əлдеқайда төмен еді.  
40-жылдары  Германияға  полуфабрикаттар  мен  машина  жабдықтары 
əкелінді.  Бірақ  сыртқы  сауданың  дамуына,  сауда  флотының  əлсіздігі  мен 
бытыраңқы  Германияның  əлемдік  нарықта  өзінің  саудагерлерінің  мүддесін 
қорғауға  қабілетсіздігі  кедергі  жасады.  Мемлекеттік  бірліктің  болмауы 
капиталистік өндірістердің дамуын тежеген басты фактор болды.  


121 
 
Германиядағы  өнеркəсіп  төңкерісі  өнеркəсіп  пролетариатының 
қалыптасуына  əкелді.  Жалдамалы  еңбек  адамдарының  жалпы  саны  1832 
жылы 450 мыңнан 1846 жылы 1 млн-ға жеткен.  
Сонымен қатар осы кездегі Германияның алдында тұрған басты міндеті 
елді  саяси  жағынан  біріктіру  еді.  Германияны  біртұтас  ұлттық  мемлекетке 
айналдыру оның экономикалық дамуын тежеген кедергілерді жоюға əкелері 
сөзсіз.  Мемлекеттік  бірлікке  жеткен  соң  неміс  буржуазиясы  бөтен  жерді 
жаулап алу жəне Европада экономикалық жəне саяси үстемдік үшін күресуге 
жоспар  жасады.  Мұндай  жоспарды,  мысалы  буржуазиялық  экономист 
Фридрих  Лист  ашық  насихаттады.  «Германия,  Германия  бəрінен  де  артық» 
деген  шовинистік  əн  осы  кезде  шықты.  Ол  кейін  неміс  империалистерінің 
гимніне айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет