Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет31/53
Дата14.05.2020
өлшемі1.55 Mb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53
1815-1830    жылдардағы  Германиядағы  саяси  реакция.  Реакцияшыл 
пруссияшылықтың рухы Пруссияның бүкіл қоғамдық рухын уландырды. Бұл 
жылдардағы революциялық қозғалыс астыртын үйірмелердің əрекетінен ары 
асқан  жоқ.  Оған  қатысушылардың  бəрі  дерлік  студенттер  еді.  Əсіресе  1819 
жылдан  бастап  реакция  өте  күшейді.  Саяси  реакцияның  өсуі  идеологияның 
барлық саласында реакцияның күшеюімен қабат жүрді. Құқықтану  ғылымы 
саласындағы  реакцияның  дем  берушісі  «құқықтың  тарихи  мектебі»  дейтін 
болды. 
Көркем  əдебиетте,  тарихнамада,  филососфияда  аристократиялық 
романтизм  болды.  Ол  француз  революциясы  мен  ХVIIІ  ғасырдың  ағарту 
философиясының идеяларына қарсы реакцияны білдіреді.  
Философия  саласында  реакциялық  тəртіптердің  басты  қорғаушысы 
Гегель  (1770-1831  жж.)  болды.  Ол  –  профессор,  ал  кейіннен  Берлин 
университетінің  ректоры.  Гегель  –  аса  реакциялық,  идеалистік  философия 
жүйесін  жасаушы  болды,  мұның  негізі  «абсолюттік  идея»  немесе 
«дүниежүзілік  рух»  туралы  ілімнен  тұрады.  Пруссия  монархиясын  мадақтай 
отырып, Гегель оны саяси дамудың идеалы деп жариялады. Ол Пруссияның 
басқыншылық  сыртқы  саясатын  жəне  оның  милитаризмін  мадақтады,  ал 
соғыс халықты «рухани жағынан тазартуға» жағдай жасайды деп дəлелдеуге 
тырысты. 
Германияда  жұмысшы  қозғалысының  басталуы.  Франция  мен 
Бельгиядағы  1830  жылғы  революция  мен  Англиядағы  1832  жылғы 
парламенттік  реформа  Германияда  қоғамдық  құбылыстың  өрлеуіне  себеп 
болды.  1830-1833  жылдары  бірқатар  неміс  мемлекеттерінде  (Саксонияда, 
Брауншвейгте,  Ганноверде,  Баварияда)  халық  бас  көтерулері  болып  өтті. 
Мұның нəтижесінде конституциялық тəртіптер енгізілді.  
Немістің  алғашқы  жұмысшы  ұйымдары  30-шы  жылдардың  басында 
шетелде  пайда  болды.  Оларды  саяси  эмигранттар  құрды.  1834  жылы 
Парижде  «Қуылғандар  одағы»  пайда  болды.  Бұған  жұмысшылармен  жəне 
кəсіпшілермен  бірге  интеллигенция  өкілдері  де  кірді.  «Қуылғандар 
одағының»  ішінде  ұсақ  буржуазиялық  демократтар  мен  социалистер 
арасында  күрес  жүріп  жатты.  1836  жылы  одақ  ыдырап,  социалистік  топ 
бөлініп  шықты.  Ол  «Əділеттілер  одағы»  деп  аталды.  «Одақтың» 


122 
 
бағдарламасы  –  утопиялық  болды.  Одақтың  ұраны:  «Барлық  адамдар 
туысқандар»  деген  сөз  еді.  «Əділеттілер  одағы»  Бланки  басқарған 
Францияның «Жыл мезгілдерінің қоғамымен» тығыз байланыс жасап тұрды. 
Бұл ұйымның (1839 жылы Париждегі сəтсіз көтерілістен кейін) талқандалуы 
«Одақтың» уақытша ыдырауына алып келді. 
30-40-шы  жылдардағы  немістің  утопиялық  социализмінің  ең  көрнекті 
өкілі  –  Вильгельм  Вейтлинг  болды  (1808-1871  жылдар).  Оның  басты  еңбегі 
1842 жылдың аяғында «Гармония мен бостандық кепілі» деген атпен шықты. 
Кітапта  капиталистік  құрылысқа  қатаң  сын  айтылып,  жаңа,  коммунистік 
қоғамды құрудың жан-жақты жоспары қарастырылған. 
Алайда  Вейтлинг  өзі  шыққан  кəсіпшілердің  мүддесін  білдіре  отырып, 
еңбекшілердің  капитал  езгісінен  құтылуының  жолдарын  дұрыс  түсіне 
алмады.  Ол  революцияшыл  теорияның  маңызын  жете  бағаламады. 
Германияның  феодалдық  монархиядан  коммунистік  республикаға  тікелей 
өтуі  мүмкін  деп  есептеді.  Əлеуметтік  революциядағы  жұмысшы  табының 
жетекші ролін түсінбеді. 
1844  жылы  маусымда  Силезия  тоқымашыларының  аяқ  асты  көтерілісі 
болды.  Бұл  –  Германия  жұмысшы  табының  өз  бетімен  тұңғыш  бас  көтеруі 
еді. Силезияның тоқыма мануфактураларындағы тоқымашылардың жағдайы 
өте  ауыр  болды.  Оларды  мануфактура  иелері  бір  жағынан,  помещиктер 
екінші  жағынан  қанады.  Көтеріліс  жасаған  тоқымашылар  ең  қатал 
қанаушының бірі Цванцигердің жəне басқа да мануфактурашылардың үйлері 
мен кəсіпорындарын талқандады. 
Көтеріліс қаталдықпен басылды, бірақ ол бүкіл елге, тіпті одан тысқары 
жерлерге де күшті əсер етті. Гейне бұл оқиғаға тамаша жауынгерлік өлеңдер 
жазды.  Герцен  оны  өз  күнделігінде  атап  өтті.  Силезия  көтерілісінің  зор 
маңызын  атап  көрсете  келіп,  Маркс  былай  деп  жазды:  «Силезия  көтерілісі 
тура  француз  жəне  ағылшын  көтерілістерінің  аяқталған  жерінен  – 
пролетариаттың саналылығынан басталады».  
1846  жылы  көптеген  басқа  елдердегі  сияқты  Германияда  да  астық 
шықпай  қалды.  Бұл  мəселені  тек  жалпы  германдық  парламент  шешуге  тиіс 
еді. 18 мамыр 1848 жылы Франкфурт на Майне ұлттық жиналыс өз қызметін 
бастады.  Оның  құрамында  герман  буржуазия  жəне  буржуазиялық 
интеллигенция өкілдері  – профессорлар, адвокаттар, əдебиетшілер кірді.  
Ұлттық жиналыстың құрамында үш негіз саяси топ белгіленді. 
1)  Оның  қанатында  (шамамен  60  депутат)  ескі,  реакциялық  элемент 
революцияның нағыз қас жаулары 
2)  Екінші  топ –  республикалық пиғылдағы  ұсақ  буржуазиялық  депутат. 
Олардың көсемі – Роберт Беголи (Мақсат – федеративтік Германия). 
3)  Көпшілігі  либералдық  буржуазия  өкілдері  –  270  депутат.  Олар  бір 
жағынан  абсолютизмге  қарсы  шықты.  Екінші  жағынан  реакциялық  күш 
демократия күштеріне қарсы тұрды. 
4) Солшылдар. 
Жалпыгермандық парламентті шақыруды жəне басқа да талаптар қойған 
петициялар  берілді.  Халық  демонстрацияларының  қысымымен  үкімет  бұл 


123 
 
талаптардың  біразын  қанағаттандырды.  Ол  жалпыға  ортақ  жеңілдік  жəне 
феодалдық  салықтарды  жою  туралы  заң  шығаруға  уəде  берді.  Гессен-
Дармштад пен Вюртембергте де оқиғалар шамамен осылайша өрістеді. 
Саксонияда, 
Ганноверде 
жəне 
басқа 
да 
кейбір 
Германия 
мемлекеттерінде 
халықтың 
қысымы 
билеп-төстеушілерді 
либерал-
буржуазиялық  оппозицияның  талаптарына  ішінара  жеңілдіктерге  баруға 
мəжбүр етті. 
Бавариядағы  толқулар  күшті  болды.  3  наурызда  король  Людовик  І-ге 
саяси  бостандықты  талап  еткен  петиция  берілді.  4  наурызда  Мюнхеннің 
жұмысшылары,  кəсіпшілері  мен  студенттері  арсеналды  басып  алып,  ондағы 
қаруды қолға түсірді. 21 наурызда қараған түні Людвиг І тақтан бас тартып, 
оны өзінің ұлы Максимилианға тастап қашып кетті.  
Революциялық  қозғалыс  Пруссияны  да  қамтыды.  Ол  Рейн  облысында 
басталды.  3  наурызда  Кельн  жұмысшыларының  бұқаралық  демонстрациясы 
(мұны  əзірлеуге  коммунистер  одағының  жергілікті  қауымы  қатысқан 
болатын)  қалалық  советке  петиция  табыс  етті.  Мұнда  олар  жалпыға  бірдей 
сайлау 
құқығын, 
тұрақты 
армияны 
құртуды, 
халықты 
жаппай 
қаруландыруды, 
«еңбекті 
қорғау 
жəне 
адамдардың 
қажетін 
қанағаттандыруды», балаларды қоғамның есебінен тəрбиелеуді талап етті.  
6  наурызда  Берлинде  жүрістер  мен  демонстрациялар  басталды,  13 
наурызда  олар  көшеде  əскермен  қақтығысуға  барып  ұласты.  18  наурызда 
Король сарайын қоршаған халыққа əскерлер шабуыл жасады. Бұл бұқараның 
ашу-ызасын  туғызды.  Берлин  көшелері  баррикадаларға  толып,  кескілескен 
ұрыстар  басталды.  Əскердің  шамасы  жетпейтін  болған  соң  үкімет  оны 
Берлиннен  шығарып  əкетіп,  кейбір  жеңілдіктер  жасауға  мəжбүр  болды: 
жалпыға 
бірдей 
жеңілдік 
жарияланды 
жəне 
азаматтық 
гвардия 
ұйымдастыруға  рұқсат  берілді.  29  наурызда  либералдық  үкімет  құрылды, 
Пруссияның  тарихында  тұңғыш  рет  үкімет  басына  помещик-дворяндардың 
емес, ірі буржуазияның өкілдері келді. 
Өкімет  басына  келген  соң  немістің  буржуазиялық  либералдары 
революцияның  одан  əрі  дамуына  жол  бермеуді,  монархияны  сақтауды, 
Германияның қоғамдық жəне саяси құрылысын толық демократияландыруға 
кедергі  жасауды  мақсат  етіп  қойды.  Либералдық  буржуазия  монархиямен 
жəне  дворяндармен  келісуге  барды.  Халық  қозғалысына  қарсы  бірлесіп 
күресу  үшін  министр-либералдар  өкіметтің  ескі  аппаратын  көп  өзгеріссіз 
сақтап қалды.   
Халық  бұқарасының  онсыз  да  ауыр  тұрмысы  тіпті  нашарлап  кетті.  Ол 
1847  жылы  күзде  бүкіл  Европаның  дерлік  экономикасын  шайқалтқан  күшті 
сауда-өнеркəсіп  дағдарысы  кезінде  одан  да  төмендеді.  1847  жылдың 
сəуірінде  Берлинде  ашыққан  халық  азық-түлік  дүкендерін  қиратып,  тақтың 
мұрагері принц Вильгельм сарайының əйнегін сындырды. Басқа қалаларда да 
ашыққандықтан бас көтеру болды. 
Фридрих-Вильгельм  IV  реформа  атаулыға  қарсы  шығып  отырды. 
Алайда  финанстық  қиыншылықтар  үкіметті  1847  жылы  апрельде  Біріккен 
ландтагты  шақыруға  мəжбүр  етті.  Либералдардың  көсемдері  Біріккен 


124 
 
ландтагты  парламенттік  мекемеге  айналдырып,  оған  заңды  бекіту  правосын 
талап  еткенде,  король  өз  билігіне  шек  қоюға  ешуақытта  келіспейтінін 
мəлімдеді.  Ландтаг  заемды  бекітуден  бас  тартқан  соң  король  оны  таратып 
жіберді. Бұл оппозициялық пиғылды күшейте түсті. 
Саяси  жағдай  елдің  басқа  жерлерінде  де  шиеленісті.  Баварияда  1848 
жылы февральдың басында іс əскермен қақтығысуға дейін барды. Баденде де 
жағдай шиеленісті.  
ХІХ  ғасырдың    ІІ-ші  жартысында  Германиядағы  өнеркəсіп 
төңкерісінің  жетістіктері.  50-60  жылдарда  герман  мемлекеттерінде  толық 
қарқынмен өнеркəсіптік төңкеріс жүріп жатты. 50-ші жылдарда өнеркəсіптік 
өнімнің  көлемі  екі  еседен  артық  өсті.    Пруссия,  Герман  Одағының  барлық 
мемлекеттерінің  саудагерлері  мен  өнеркəсіпшілері  1847-48  жылдары 
экономикалық  дағдарыс  аяқталғаннан  кейінгі  қалыптасқан  қолайлы 
шаруашылық  жағдайларын  тиімді  пайдаланды.  Барлық  жерде  жаңа 
кəсіпорындар салынып, іске қосылып жатты, жұмысшылардың саны өсті.  
60-жылдардың  басында  Германияда  1  млн-нан  астам  жұмысшы  болды. 
Рейн  облысы,  Саксония,  Силзия,  Берлин  нағыз  индустриялды  орталықтарға 
айналды.  Көмір,  кен  өндіру  көздері  тез  кеңейді,  металл  балқыту,  жаңа 
двигательдер  саны  өсті.  1861  жылы  Германияда  1846  жылы,  1830  жылмен 
салыстырғанда 6 есе көп бу двигательдері жұмыс істеді.  
Темір,  болат,  машина  жасау  өндірісінің  шоғырлануының  өсуімен  бірге 
өнеркəсіптің  осы  салаларындағы  жұмысшылар  саны  2,5  есе  өсті.  Крупптың 
металлургия  зауытының  жұмысшыларының  саны  1845  жылы  122-ден  1870 
жылы  16  мыңға  дейін  көбейді.  1850  жылдан  1870  жылға  дейін  темір 
жолдарының ұзындығы бір Пруссияның өзінде 3 есеге жуық, яғни 3869-дан 
11523 км-ге дейін өсті. Ішкі жəне сыртқы сауда біршама кеңейді.  
Германияны  дамыған 
капиталистік 
елдер 
қатарына 
кіргізген 
экономикалық  дамуы  көптеген  себептермен  түсіндіріледі.  Ол  1848  жылғы 
революцияға  дейінгі  кездің  өзінде  Германия  Англияда  аяқталған  өнеркəсіп 
төңкерісінің  жетістіктерін  пайдаланып,  жеңіл  өнеркəсіпте  машиналарды 
қолданумен  қатар  тез  арада  машиналарды  өндіріс  құралдарын  өндіру  үшін 
енгізген  болатын,  яғни  машина  жасауды  дамытты,  ал  оның  өзі  өнеркəсіптік 
төңкеріс  мерзімдерін  қысқартуға  жағдай  туғызды.  Өнеркəсіптің  дамуына 
1848  жылғы  революциядан  кейін  күшейген  Кедендік  Одақ  та  белгілі 
дəрежеде  үлес  қосты,  Кедендік  Одақ  жалпыгермандық  ішкі  нарықты  құру 
қажеттілігінен  туындаған  болатын.  60-жылдардың  соңында  экономикалық 
дамудағы шешуші фактор Германияның саяси бірігу үрдісі болды. Сонымен 
қатар  Германияда  міндетті  бастауыш  білім  берудің  арқасында  миллионнан 
астам  адам  бастауыш  білім  алды,  ол  өз  кезегінде  техниканың  дамуына 
қолайлы  жағдай  туғызды,  бұл  буржуазияның  мүдделеріне  сай  болды. 
Германияның  капиталистік  өнеркəсібі  жедел  дамып  келе  жатқан  елге 
айналуының  елеулі  шарты  оның  басқа  елдерге  қарағанда  жұмысшы  күшін 
көбірек  пайдалануы  (қанауы)  болды.  Жұмысшы  күші  əсіресе  ауылдық  үй 
өнеркəсібінде 
көп 
пайдаланылды, 
ол 
ауылшаруашылығындағы 


125 
 
капитализмнің  айрықша  «пруссиялық»  жолмен  дамуымен  байланысты 
болды.  
Ауыл  шаруашылығындағы  капитализмнің  «пруссиялық»  даму 
жолыХІХ ғасырда неміс мемлекеттеріндегі аграрлы заңдардың көптігі мен 
алуан  түрлілігіне  қарамастан  олардың  көбісі  прусс  заңдарының  негізінде 
жасалған 
болатын. 
1848 
жылғы 
революцияға 
дейін 
тауарлық 
шаруашылықтың  дамуы  өсіп  келе  жатқан  жағдайда  барщиналық  шаруалар 
еңбегін  қанаған  фоедалдық-крепостниктік  шаруашылықтан  юнкерлік-
капиталистік  шаруашылыққа  өту  байқалды.  Бұл  тенденция  революциядан 
кейін,  өнеркəсіптік  төңкеріс  кеңейіп  келе  жатқан  кезде  күшейді,  шаруалар 
еңбегінің ескі барщиналық түрі экономикалық тұрғыда ары қарай өмір сүруге 
қабілетсіз  болды.  Ауыл  шаруашылық  өндірісін  дамып  келе  жатқан 
капитализмге бейімдеу қажет болды.  
1850  жылы  2  наурызда  «Помещиктер  мен  шаруалар  арасындағы 
қатынастарды  реттеу  туралы»  заң  қабылданды.  Бұл  заң  бойынша  кейбір 
борыштар  жойылды,  ал  негізгі  борыштарды  жыл  сайынғы  төлемдердің  он 
сегіз  мəрте  мөлшеріне  тең  төлем  арқылы  түпкілікті  өтеу  немесе  сатып  алу 
керек  болды,  сомманы  төлеу  кезінде  делдалдық  ету  мақсатында  ренталық 
банктер құрылды. Шаруа елу алты жыл көлемінде амортизациялық төлемдер 
жасаған  кезде  ғана  барлық  борыштардан  босатылатын  болды.    Бұл  заң 
Рейннің  сол  жақ  жағалауына  таралмады,  онда  француз  революциясының 
ықпалымен аграрлы қатынастар капиталистік жолмен дамып келе жатқан еді.  
Заңның  іске  асуының  нəтижесінде  капитализм  талаптарына  бейімделіп 
келе  жатқан  дворяндық  шаруашылықтардың  көлемі  ұлғайды.  Дворяндар 
1858  жылы  бүкіл  жер  ауданының  50,3  пайызын  иеленді.  Шаруалардың 
тоналуы  ауылдың  жіктелуін  жəне  жер  иеленушілердің  капиталистік 
кəсіпкерлерге  айналуын  жеделдетті,  олардың  жерлерін  жерсіз  шаруалар, 
нақтырақ айтқанда жер үлестері бар батрактар өңдеді.  
Қорыта  айтқанда,  ХІХ  ғасырдың  алғашқы  онжылдығындағы 
реформалардан  бастап,  1850  жылы  борыштарды  сатып  алу  туралы  заңмен 
қоса  Германиядағы  аграрлық  реформалар  өздерінің  мазмұны  бойынша 
буржуазиялық  реформалар  болды.  Олардың  нағыз  мақсаты  шаруалардың 
жағдайын  жақсарту  емес,  аграрлы  қатынастарды  өсіп  келе  жатқан 
капиталистік өндіріс пен нарық талаптарына бейімдеу еді. Өйткені өсіп келе  
жатқан  жаңа  қатынастар  жерді  пайдаланудың  жəне  ауыл  шаруашылық 
еңбектің  ескі  жүйесіне  қанағаттанбады.  Ауыл  шаруашылығындағы 
капитализмнің  дамуының  осындай  жолы  тек  Пруссияға  ғана  тəн  болмады, 
сонымен қатар көптеген герман мемлекеттеріне де тəн болды. 
Пруссияның  «Ольмюц»  кемсітілуі.  Германияда  капитализмнің  ары 
қарай  дамуына  басты  кедергі  оның  саяси  бытыраңқылығы  еді.  1849  жылғы 
контрреволюция  көтерілістің  соңғы  ошақтарын  аяусыз  басып  тастағаннан 
кейін,  Берлинде  пруссиялық  корольдің  шақыруымен  Герман  одағының 
алдағы  өмірі  жөнінде  талқылау  үшін  Пруссия,  Австрия,  Бавария,  Саксония 
жəне  Ганновер  делегаттары  қатысқан  кеңес  болады.  Австрия  мен  Бавария 
өкілдері одақты қайта құрудың «пруссиялық» жобасымен танысқаннан кейін-


126 
 
ақ кеңестен кетіп қалады. Оның одан арғы жұмысына тек Пруссия, Саксония, 
Ганновер  қатысты.    Кеңес  1849  жылы  жасап  шығарған  жəне  қол  қойған 
«Пруссиялық  үндеуін»  (Үш  король  униясы)  бұрынғы  Ұлттық  жиналыстың 
150  депутаттары  қолдады,  бұл  юнкерлік  Пруссияның  өзінің  қол  астында 
Солтүстік Германия мемлекеттерін біріктіруге талпынысы еді.  
1850  жылы  сəуір  айында  Австрия  Пруссияға  қарсы  əрекет  ретінде 
Франкфурт  (на-Майне)  қаласында  Одақтақ  сеймді  қайта  құру  мақсатында 
неміс  мемлекеттерінің  өкілдерін  шақырады.  Одақтық  сеймде  ендігіде 
Австрия  мен  Пруссия  кезектесіп  төрағалық  ететін  болды.  Алайда  ол 
Пруссияны  қанағаттандырмады,  Пруссия  өзінің  Германияны  "біріктіруші" 
рөлін  ұстануды  шешті,  ол  бірігуді  қарулы  жолмен  жүзеге  асыруды  көздеді. 
1850  жылы  қыркүйекте    Пруссия  королі  мобилизация  жариялайды.  Австрия 
мен Пруссия соғыс қаупіне тап болды.  
1850 жылы қарашада Ольмюцте Австрия мен Пруссия өкілдерінің кеңесі 
болады. 
Австрия 
өкілі 
пруссиялық 
əскерді 
демобилизациялауды, 
«Пруссиялық  унияны»  таратып  Герман  Одағының  өкілетті  өкілі  ретінде 
Одақтық  сеймді  мойындауды  ұсынды.  Пруссия  өзінің  Германияда  үстемдік  
ету  талабынан  бас  тартты.  1851  жылдың  наурызында  Дрезденде  неміс 
мемлекеттерінің    конференциясы  шақырылды,  онда  Одақтық  сеймнің 
құқықтары қалпына келтірілді. Германияны біріктірудегі екі жол арасындағы 
(«ұлыгермандық»  -  Австрияның  басшылығымен  жəне  «кішігермандық»-
Австриясыз  Пруссия  басшылығымен)  күрестің  бірінші  кезеңі  Пруссия  үшін 
сəтсіз аяқталды (Пруссияны «Ольмюц» кемсітілуі). 
Пруссиядағы  конституциялық  дағдарыс.  Бисмарктың  билікке 
келуі50-жылдар  буржуазияның экономикалық нығаюымен жəне баюымен 
ерекшеленеді.  Осының  нəтижесінде  буржуазияның  саяси  белсенділігі  де 
артты.  Бұл  үрдіс  Пруссияның  корольдік  əулетіндегі  өзгерістермен  де  тұспа-
тұс  келді.  1861  жылы  қаңтарда  король  Фридрих  Вильгельм  ІV  қайтыс 
болғаннан кейін оның інісі Вильгельм І король болып жарияланды. Ол өзінің 
маңына  орташа  либералдарды  жинады.  1858  жылғы  сайлауда  ландтагта 
либералдар  көп  болды.  Ал  1861  жылы  өткен  сайлауда  сол  1861  жылы 
құрылған  Прогрессивті  партия  айтарлықтай  жеңіске  жетті.  Пруссиялық 
үкімет пен жаңадан сайланған палата арасында келіспеушілік шиеленісті, ол 
əсіресе 1862 жылы бюджетті талқылау кезінде байқалды.  
1862  жылы  23  қыркүйекте  король  Пруссияның  министр-президенті 
лауазымына помещик  Отто фон Бисмаркты шақырады. Ол сол кезде «мықты 
адам» жоғары абыройлы тұлға еді. Дəл Бисмарк туралы 1848 жылы Фридрих 
Вильгельм  ІV  былай  деп  айтқан:  «нағыз  реакционер,  ол  қан  иісті,  оны  біз 
кешірек  пайдаланамыз».  1862  жылы  прусс  королі  үшін  қиын  жағдай  туған 
шақта  Бисмарк  либералдарға  шешуші  соққы  беруге  шақырылды.    Бисмарк 
буржуазияның  саяси  талаптарына  қарсылық  білдірді.  Ол  ландтагтан  əскери 
реформа  жобасын  бекітуді  талап  етті,  бірақ  палата  үкімет  талаптарын 
қанағаттандырудан  тағы  да  бас  тартты.  Палата  мен  үкімет  арасындағы  дау-
дамай  соңғысының  жеңіске  жетуімен  аяқталды,  өйткені,  Бисмарктың 
қолында əскер жəне полиция болды, оның алдында  қорқақ қарсыласы неміс 


127 
 
либералды  буржуазиясы  болды.  Бисмарк  күшті  кадрлық  əскер  құру 
жоспарын  орындап  жатты,  оның  қуатына  сүйеніп  ол  «темір  жəне  қан» 
жолымен  юнкерлік-буржуазиялық  герман  мемлекетін  құруды  жүзеге 
асыруды көздеді.  
1863  жылы  23  мамырда  жалпыға  ортақ  герман  жұмысшы  одағы 
құрылды,  оны  жұмысшы  қозғалысының  көсемі  Фердинанд  Лассаль 
басқарды. Ол Одақтың бағдарламасына ең басты саяси талап ретінде бейбіт 
жəне  заңды  жолмен  жалпыға  бірдей  сайлау  құқығына  қол  жеткізу  талабын 
енгізді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет