«Жоғарыдан» соғыс жолымен біріктірудің басталуы. Солтүстік
германдық одақ. Герман буржуазиялық прогрессистерінің батылсыздығы,
сонымен қатар 60-жылдардың басындағы жұмысшы қозғалысының арта
түсуі Бисмаркты «темір жəне қан» жолымен сол кездегі маңызды мəселені
шешуге итермеледі. Бисмарк Пруссия айналасындағы жерлерді біріктіруді
сол кезде Дания құрамына кірген Шлезвиг пен Гольштейнді Пруссияға
қосудан бастады.
1852 жылы Лондон хаттамасы бойынша Данияның аумақтық
тұтастығына кепілдік берген ұлы державалардың қатарындағы Франция мен
Ресей бұған төтеп бере аламады. Франция мексикандық экспедицияда
сəтсіздікке ұшырады. Ресей болса, Қырым соғысынан кейін жалпыеуропалық
істерде уақытша өз беделін жоғалтты. Оған қоса, Ресейдің жағдайы 1863
жылы Польшада басталған көтеріліске байланысты қиындады. Австриямен
уақыттан бұрын шиеленісті болдырмау үшін Бисмарк оған бірігіп əрекет
жасауды ұсынды.
1864 жылдың басында австро-прусс əскерлері Данияға қарсы соғысты
бастайды; ол бірнеше айдан соң Шлезвиг жəне Гольштейнді тартып
алынуымен аяқталады. Австрия мен Пруссия арасында табысты бөліске салу
бойынша ұзаққа созылған келіссөздер басталады, олар 1865 жылы Гаштейн
конвенциясымен аяқталды. Пруссия Шлезвиг пен Лауенберг герцогтықтарын
өз басқаруына алды, ал Австрия Гольштейнді алды. Гаштейн Конвенциясы
Пруссия жəне Австрия арасындағы қайшылықтарды жоя алмады. Пруссия
Австриядан Гольштейнді алуды, оны əлсірете отырып Герман Одағынан
біржолата ығыстыруды көздеді. Бұл мақсатына жету үшін Бисмарк əрине
басқа мемлекеттер тарапынан қарсылық көретінін түсініп, алдын ала
олардың бейтараптығына қол жеткізуге тырысып бақты.
1866 жылы 8 сəуірде прусс-итальян келісімшартына қол қойылды.
Италияның Австриямен соғыста Венецияны өзіне қосып алуына Бисмарк
қарсы емес екендігін айтты.
1866 жылы маусым айында прусс əскері Гольштейнге басып кірді. 16
маусымда прусс əскері Ганновер, Гессен, Саксонияға басып кіріп, Австрияға
шабуыл жасады.Австрия күтпеген басқыншылық соғысына дайын
болмағандықтан, олар прусс шапқыншылығына төтеп бере алмады.
Австриялықтарды тас-талқан еткен шешуші шайқас Садаво түбінде
Богемияда болды. Бұл жерде, 3 шілдеде Австрияға толық жеңіліс əкелген
басты шайқас болды.
128
1866 жылы 23 тамызда Прагада қорытынды бейбіт бітіміне қол
қойылды. Австрия Герман Одағынан біржолата шығады. Сонымен Австро-
Пруссия соғысы аяқталды, дегенмен де Пруссия маңайында барлық
Германия мемлекеттерін біріктіру жоспары əлі аяқталған жоқ еді. Ендігі
кезекте Пруссия мен Франция арасындағы үшінші соғыс тұр еді.
1870 жылы 20 шілдеде Франция Пруссияға қарсы соғыс жариялау
туралы декларациясын қабылдады. 1870 жылы 4 тамызда герман əскерлері
ортақ шабуылын бастады. Франция бірден сəтсіздікке ұшырап отырды.
Соғыстың басында-ақ, Франция үш шекаралық шайқастарда жеңіліс тапты.
1871 жылы 10 мамырында Франция мен Германия арасында Франкфурт
бейбіт келісім-шартына қол қойылады. Франция Эльзас пен Лотарингия
аймақтарының берілгендігін мойындады жəне 5 млн. франк контрибуция
төлейтін болды. Франко-прусс соғысы Еуропа картасын ғана емес, сонымен
қатар күштер ара-салмағын да өзгертті. Еуропаның ортасында көлемі
жағынан шағын Пруссияның орнына үлкен жəне мықты Германия мемлекеті
пайда болды.
1871 жылы 18 қаңтарында өз кезінде француз корольдеріне қызмет
еткен Версаль сарайында Пруссия королі І Вильгелм Германияның
императоры болып жарияланды. 1871 жылы сəуірде елдің федеративтік
мемлекеттік құрылымын бекітуші Германияның Атазаңы қабылданады.
Германияның бірігуі аяқталды.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Германиядағы аграрлық қатынастардың қалыптасу барысы?
2. Екі силезиялық соғыс нəтижесі?
3. «Ағартушылық абсолютизмі» деген атау қабылданған кезең?
4. Ауыр өнеркəсіптің дамуына тоқталып өтсеңіз?
5. Пруссиядағы революциялық қозғалыстың орын алуы?
Өзіндік жұмыс тақырыбы:
1. Бисмарк саясатының маңыздылығы
129
Достарыңызбен бөлісу: |