1812 жылы Конституция. 1810 жылы қыркүйекте Кадисте жаңа бір
палаталық кортестер құрылды. Кортес мүшелерінің көпшілігі, заңгерлер,
жоғары шенеуліктер жəне офицерлер болды. Оның құрамында қайраткерлер
мен зиялы қауым да аз болмады. Олар 1812 жылы қабылданған
Конституцияны шығаруға өз үлестерін қосты. Конституция халық егемендігі
мен билікті бөлу негізінде жасалды. Монарх құқықтары сайлау құқы
негізінде шақырылып отырған бір палаталы кортестермен шектелді. Дауыс
беруге 25-жастан бастап барлық ер адамдар қатысты, ал үй жұмысшысы мен
сот бойынша құқықтарынан айырылған ер адамдардың барлығы
қатыстырылмады.
Кортестер жоғарғы заң шығару билігін иемденді, корольде тек вето
құқығы сақталды: егер заң жобасын монарх қабылдамаса ол кортестерге
қайта жіберілді жəне егер кейінгі екі сессияда ол қабылданса күшіне енді.
Алайда король маңызды билікті сақтап қалды: ол жоғары мемлекеттік
шенеуніктер мен офицерлерді тағайындады, кортестер санкциясынан соғыс
жариялап, бейбіт бітімдер жасады. Конституциядан кейін кортестер көптеген
антифеодалдық жəне антишіркеулік декреттер қабылдады: жалға берудің
феодалдық түрлері, шіркеулік десятина жəне шіркеу пайдасына тағы да басқа
төлемдер жойылды. Шіркеу монастрлық жəне корольдік иеліктердің бөлігін
сату жарияланды. Сонымен қатар қауымдық меншік жойылып, қауымдық
жерлер сатыла бастады. Кортестердің
көптеген
шаралары
елде
капитализмді тездетуге бағытталды. Бұл сатушылыққа жол берілмеді,
экономикалық саудада шектеулер жойылды, капиталға салық енгізілді.
Конституция қабылдау кезінде француз əскерлерінің жағдайы
қиындады. 1812 жылы Наполеонның Ресейге жорығына байланысты
Испаниядағы армияның маңызды бөлігі сонда жіберілді. Осыны пайдаланып
испан əскерлері француздарға соққы берді, кейін олар əскерлерін Эвро
өзеніне алып кетуге жəне 1813 жылы қарашада испан территориясын
толығымен тастауға мəжбүр болды.
144
Алайда Наполеон елде билігін сақтауға тырысты. Ол Францияда
тұтқынға ұшыраған Фердинанд VІІ келіссөздер жүргізіп, оған Испанияға
оралып таққа отыруды ұсынды. Фердинанд VІІ бұл ұсынысты қабылдап
Франциямен достық қатынасты сақтауға міндеттенді. Алайда Мадридте
жиналған кортестер Фердинандты ол 1812 жылғы конституцияны
бекітпейінше король деп мойындаудан бас тартты.
Кортестер мен абсолютизмді жақтаушыларды қасына жинап алған
Фердинанд VІІ арасында күрес басталды. Өзіне мемлекет басшысы рөлін
алып Фердинанд VІІ 1812 жылғы Конституцияны, кортестердің декреттерін
мойындамайтындығын айтып манифест шығарды. Кортестер таратылып, ал
олар құрған үкімет құрамына кірген либералды министрлер тұтқындалды.
1814 жылы мамырда Фердинанд VІІ Мадридке барып абсолюттік
монархияның орнатылғандығын жариялады.
Наполеонға қарсы ұлт-азаттық күрес испан халқының жеңісімен
аяқталды. Ол бірінші империяның жаулап алу жоспарының құлдырауында
үлкен рөл атқарды. Ұлт-азаттық күреспен қатар басталған алғашқы испан
революциясы буржуазиялық-демократиялық болды. Онда шешуші рөлде
шаруалар, қолөнершілер, қала кедейлері, қалыптасып жатқан пролетариат
болды. Алайда əлсіз испан буржуазиясы революцияны басқара алмады,
алғашқы Испан революциясы аяқталмаған болды. Фердинанд ҮІІ елге
қайтып оралуынан кейін Испанияда абсолюттік монархия орнатылды,
революцияға
қатысқандарды
қатаң
жазалау
басталды.
Бұрынғы
иеленушілерге монастрь, шіркеу жер меншіктері қайтарылды.
ХІХ ғасырдың 50-70-жылдарының басындағы Испаниядағы
буржуазиялық революциялар. ХІХ ғасырдың ортасында 30-жылдардан
басталған Испаниядағы өнеркəсіп төңкерісі кең қанат жайды. Каталонияда
мақта-мата өнеркəсібі алғашқы болып машина өндірісіне көшкен болатын.
60-жылдардың басына қарай жіп иіру (қолмен) өндірістен толық
шығарылды. 30-жылдары Барселонаның тоқыма кəсіпорындарында алғашқы
бу машиналары пайдалана бастады. Мақта-мата өнеркəсібінде машиналар
қолданыла бастады. ХІХ ғасырдың ортасында металлургияда қайта құру
басталды. 60-жылдардың аяғына қарай теміржол Мадридті ірі қалалармен
байланыстырды, оның ұзындығы 5 мың км жуық болды.
Алайда өнеркəсіп төңкерісінің басталуы Испанияның алдыңғы қатарлы
капиталистік елдерден артта қалушылығын жоймады. Испан өнеркəсібі үшін
қажетті құрал-жабдықтар мен машиналар шетелден əкелінді. Шетел
капиталы теміржол құрылысында да үстемдік етті жəне тау кен өндірісінде
де үлкен рөл атқарды. Елде кіші жəне орта кəсіпорындар көп болды.
Испанияның артта қалушылығы ең алдымен ішкі нарықтың дамуын тежеген
ауылшаруашылығында феодалдық қалдықтардың сақталуымен түсіндірілді.
Елдің өнеркəсібі капиталдың жетіспеуінен зардап шекті.
Фабрикалық
өндіріске
көшу
қолөнешілердің
күйзелуімен,
жұмыссыздықтың көбеюімен, еңбек шарттарымен жұмысшылардың өмірінің
төмендеуімен бір мезетте жүрді. Мəселен, астуриилік тау кеншілерінің
145
жұмыс күні 12-14 сағат болды. ХVІІІ ғ. Аяғындағы халық санының өсуі жəне
қалалардың дамуы ауылшаруашылық өнімдеріне сұранысты көбейтті.
Төртінші буржуазиялық революция (1854-1856 жж.). Буржуазиялық
қайта құрулардың аяқталмаған жағдайында капитализмнің одан əрі дамуы
50-жылдардың басында барлық қоғамдық қайшылықтарды туғызды.
Өнеркəсіптік төңкеріс қолөнершілердің кедейленуіне, жұмысшы табының
жалақысының төмендеуіне, жұмыссыздар санының артуына əкелген
болатын. Салықтың көбеюі наразылықты күшейтті.
1854 жылы генерал О’Доннель басшылығымен оппозициялық топтар
үкіметті құлатуға шақырды. 1854 жылы шілдеде Барселонда, Мадридте,
Малагеде, Валенсияда халық көтерілістері басталды. Нəтижесінде Эспартеро
басқарған (прогрессистер) жəне əскери қызмет лауазымын О’Доннель
(модерадос тобы) иеленген үкімет құрылды.
Үкімет тапшылықты, зəрулікті қысқарту мақсатымен шіркеу жерлерін
конфискелеп, сата бастады. Сатылған жерлердің бəрі əрине сөзсіз
буржуазияның, шенеуніктердің, буржуазияға айнала бастаған дворяндардың
қолына өтті, ал бұл дворяндар мен буржуазияның жоғары тобы арасындағы
одақтың нығаюына əкелді. 1855 жылдан басталған қауымдық жерлерді сату
ХІХ ғасырдың аяғына дейін жалғасты. Ал бұл шаруашылықтарға үлкен
зиянын тигізді. Шаруалар кедейлене бастады. Жұмысшы жəне шаруа
қозғалыстарының даму шараларына қарсы ірі буржуазия мен либералды
дворяндар
контрреволюциялық
лагерьге
көшті.
Əскери
министр
революциялық күресті басып жаншуды өзіне алды. 14 шілде 1856 жылы ол
Эспартероның отставкаға кетуін арандатып, кортестерді таратты. Бұл қадам
Мадридте наразылық туғызды. Халық үш күн бойы армияға қарсы қарулы
күрес жүргізді. 16 шілдеде көтерілісті О’Доннель басып тастады, шіркеу
жерлерін сатуды тоқтатып, ұлттық милицияны таратты.
1854-1856 жылдары революция дворяндар мен ірі буржуазия
арасындағы ымырамен аяқталды. Буржуазия шаруа қожалықтарын тонау
арқылы өздерінің жер иеліктерінің өсуіне қол жеткізді. Шаруалардың
жағдайының төмендеуі елде шаруа толқуларының өсуіне əкелді. 1845 жылы
конституция сақталды. Революциядан кейін екі блок пайда болды:
консерваторлар мен либералды одақ. Консерваторларды генерал Нарваэс
басқарды, олар ірі жериеленуші-дворяндардың мүддесін қорғады.
Либералды Одақ буржуазияға айналған дворяндар мен жоғары буржуазия
тобының мүддесін білдірді, оның басшысы генерал О’Доннель болды. 1856-
1868 жылдары О’Доннель үкіметі билікте үш рет болды жəне оны үш рет
Нарваэс үкіметі ауыстырды.
Бесінші буржуазиялық революция (1868-1874 жылдар). 1868 жылы
қыркүйекте Кадисте эскадра көтеріліс жасады. Бұл көтерілістен кейін
Мадрид, Барселонада халық қару жарақ қоймасын жаулап алды. Изабелла
ханшайым Испаниядан қашты.
Жаңа үкіметке прогрессистер мен либералды одақ өкілдері кірді, билік
сауда-өнеркəсіп буржуазиясы мен буржуазияланған дворяндардың қолына
өтті. 60-жылдардың аяғы-70-жылдардың басында үкімет сауда мен
146
өнеркəсіптің дамуын реттеген бірқатар шараларды іске асырды. Қаржы
жүйесі реттелді, жаңа кедендік тариф қабылданды. Үкімет əлі де сақталған
шіркеу иеліктерін конфискелеп, оны сата бастады.
1869 жылы қаңтарда Құрылтайшы кортестерге сайлау барысында
монархиялық партия-прогресистер мен либералды одақ жеңіске жетті. 320
орынның 70 орынын республикашылар алды. 1869 жылы маусымда жаңа
конституцияны жасау аяқталды. Испания конституциялық монархия деп
жарияланды, ерлер үшін жалпыға бірдей сайлау құқы негізінде екі палаталы
парламент құрылды. 1869 жылғы Конституция негізгі буржуазиялық-
демократиялық еркіндіктерді жəне ар-ождан бостандығын бекітті. 1870
жылы Испания королі тағына Италия королінің ұлы Амадео Савойский
отырды. 1874 жылы 3 қаңтарда елде мемлекеттік төңкеріс болды. 1874
жылдың желтоқсанында король болып Изабелланың ұлы Альфонс ХІІ
тағайындалды. 1876 жылғы елдегі карлистердің соғысы карлистердің
жеңілуімен аяқталған болатын.
Испания тарихында орын алған буржуазиялық революциялар елдің
капиталистік даму жолында кедергі болған көптеген феодалдық қалдықтарды
жойды. Феодалдық абсолюттік тəртіптерге қарсы күресте шешуші рөлді
халық бұқарасы атқарды.
ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы Португалия. Жаңа кезеңнің басында
Португалия Испанияның иелігінде (1581 жылдан) болды. 1640 жылы
Лиссабонда испан үстемдігіне қарсы күрес болды. Ірі феодалдардың бірі-
Жуан де Браганса Португалияның королі деп жарияланды. Ұзаққа созылған
соғыстардан кейін Испания 1668 жылы Португалияның тəуелсіздігін
мойындады. Халықаралық аренада күшті одақтас іздеу мақсатымен
Португалия 1703 жылы Англиямен мəңгілік одақ жөнінде келісімге қол
қойды. Бұл португалдық шарапты Англияға, ал ағылшын маталарын
португалдық нарыққа əкелуге жол ашты. Сондай-ақ бұл келісім
Португалияны экономикалық жəне саяси жағынан Англияға тəуелді етті.
ХVІ ғасырдың ІІ-жартысы – ХVІІ ғасырларда Португалияда
экономикалық құлдырау болды. Экономикада басты орынды ірі феодалдар-
майораттар иелері алды. Дворяндар мен шіркеудің қолында өңделетін жердің
3/2 бөлігі болды. Солтүстік жəне орталық аудандарда шаруалар жерді
феодалдық міндеттер мен ұзақ мерзімге берілген жалға беру негізінде
пайдаланды. Португалияның оңтүстігінде ірі жер шаруашылығы басымырақ
болды, оның иелері жерді жалға ірі арендаторларға берді. Қалаларда цехтық
қолөнер үстем болды.
ХVІІІ ғасырда шарап экспортының көбеюі жəне астық пен зəйтүн
майына деген бағаның өсуі ауылшаруашылық тауарының өсуіне жəне
дамуына əсер етті. Португалдық ауыл тұрғындарының көп бөлігі жерсіз
болды, олар ірі арендаторларға жұмыс істеді. Оңтүстіктегі астықты
аудандарда байыған шаруалар шыға бастады, олар енді сеньорлардың
жерлерін жалға ала отырып, батрактардың еңбегін пайдаланды.
ХVІІІ ғасырда өнеркəсіпте капиталистік қатынастың орнауы байқалды.
Ғасырдың ортасында жібек, мақта-мата, қағаз, шыны теріден заттар жасаған
147
мануфактуралар пайда болды. Бірақта португальдық өнеркəсіп ағылшындық
тауарлардың көптеп келуінен жəне бəсекелестігінен баяу дамыды. Еуропа
елдеріне Португалия өзінің тауарларын шығарып отырды, бір сөзбен
айтқанда отар елдің шикізат көзі болды. Елдегі орын алған əлеуметтік-
экономикалық үдерістер буржуазияның жоғары табы мен саудамен
айналысқан дворяндардың бір бөлігінің жақындасуына əкелді.
Португалдық абсолютизм. ХVІІ ғасырдың аяғы-ХVІІІ ғасырда
абсолютизмнің нығаюы жалғасты. Барлық билік корольдің жəне ол
тағайындаған министрдің қолында болды. Сарай маңындағы жəне
мемлекеттік аппарат аристократтарының сұраныстарын отар елдерді қанау
жəне салықтарды көбейту арқылы қанағаттандырылып отырылды, барлық
ауырпалық шаруалар, қолөнершілер жəне буржуазияға түсті. Үстем тап-
дворяндар мен дін басылары салықтың едəуір бөлігінен босатылды.
Католиктік шіркеу едəуір экономикалық жəне саяси ықпалға ие болды. ХVІІІ
ғасырда Португалияда 500-ге таяу монастырьлер болды.
Португалияның экономикалық артта қалуы, сыртқы сауданың пассивті
балансы, мемлекеттік бюджет тапшылығының өсуі абсолютизмге бірқатар
реформалар жүргізуге мəжбүр етті. Мұндай реформа Помбаланың есімімен
байланысты. Импортты қысқарту үшін Помбала үкіметі корольдік
мануфактура, сауда компаниялары мен жеке мануфактуралар құруды
қолдады, оларға салықтық жеңілдік мен монополиялық құқықтар берді.
Бұндай шаралар капиталистік қатынастың дамуына əсер етті. Помбала
үкіметі салықтық жүйені реттеді, армия мен флотты қайта құрды. 800-ге таяу
бастауыш жəне орта діни мектептер ашылды, университеттерде
жаратылыстану пəндері оқытыла бастады.
1777 жылы Жозе І қайтыс болғаннан кейін Помбала билігі құлатылып,
қайтадан аристократтар мен дін басыларының саяси ықпалы нығайды.
Сөйтіп ағартушылық абсолютизм саясаты ескі тəртіп күштерінен жеңіліс
тапты. Бұл жеңіліс капиталистік қатынастың дамуын қолдаған жəне ескі
феодалдық қатынас арасында шиеленісті тудырды. ХІХ ғасырдың басында
Португалия артта қалған аграрлы ел болды, халқының 80-пайызы ауыл
шаруашылығымен айналысты. Майораттардың, феодалдық міндеттіліктің,
шіркеулік жер иеліктері капиталистік қатынастың дамуына кедергі болды.
Португалдық өнеркəсіптің басты саласы тоқыма, тері, тамақ
өнеркəсіптері болды. Порту жəне Лисабон аудандарында шашыраңқы жəне
орталықтандырылған мануфактура болды. Ішкі кедендік салықтар жəне
көптеген монополиялар мануфактура мен ішкі сауданың дамуына кедергі
болды. Өнеркəсіптің дамуына кері ықпалын тигізген оның Англияға тəуелді
болуы да еді. 1810 жылы жаңа сауда келісіміне қол қойды, бұл келісім
Англияның экономикалық ықпалын одан əрі бекітті.
Француз буржуазиялық революциясы жəне наполеондық соғыстар
кезінде Португалия Англия жағынан соғысқа тартылған болатын. 1807
жылдың аяғында португалдық үкімет континенталдық блокадаға қосылудан
бас тартқан болатын, француз əскері Португалияны жаулап алды. Король
жəне сарай маңындағы аристократтар Бразилияға қашты. 1808 жылдың
148
жазында елдің солтүстігінде француз басқыншыларына қарсы халық
көтерілісі болды, оны пайдаланған ағылшындар 1811 жылы Португалиядан
француздарды толығымен қуып шығып, барлық билік ағылшын маршалына
берілді, португалдық армияда басты қызметтерді ағылшын офицерлері
иеленді. Буржуазия, интеллигенция, либералды дворяндар феодалдық
тəртіпке жəне ағылшын басқыншылығына наразы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |