149
либералдардың жеңісімен аяқталды, феодалдық реакция талқандалды. Билік
либералды дворяндар мен ірі буржуазияның қолына өтті. Либералдар 1826
жылы Конституциялық хартияны жүзеге асырды. Үкімет соттық жəне
салықтық реформалар жүргізді, кəсіпкерлік қызметке еркіндік берді. 500-ден
астам монастрьлар жабылды, олардың мүліктері конфискеленді, сатылды.
Бұл буржуазиялық жер иеленушіліктің өсуіне жəне буржуазия мен
либералды дворяндардың мүдделерінің бірігуіне əкелді.
Бірақта бұл Конституциялық хартия халықтың көп бөлігін саяси
құқықтарынан айырды, ал бұл ұсақ буржуазия мен төменгі қала халқының
наразылығын тудырмай қоймады. 1836 жылы қыркүйекте Лиссабон
гарнизоны көтеріліске шықты. Бұқара халықтың қолдауымен революция
жеңіске жетті. Сентябристер 1822 жылы Конституцияны қайтадан қалпына
келтірді. Сентябристердің басшысы ірі саяси қызметкер М. Пассуш болды.
30-жылдардың аяғына қарай революциялық өрлеу өзінің дамуында
тоқтап тұрды, олар ірі жер иеленушілердің құқына қол сұғуға бата алмады.
1838 жылы жаңа конституция жасалды, онда сайлау құқы шектелді.
Сентябристердің беделінің түскендігін ескі тəртіпті жақтаушылар пайдалана
отырып, 1842 жылы мемлекеттік төңкеріс жасап, Конституциялық хартияны
қалпына келтірді.
40-жылдары сентябристер мен хартияны жақтаушылар арасында күрес
басталды. Бірақ португалдық шаруалардың 1846 жылы салықтық езгіге қарсы
көтерілісі жəне 1848 жылы еуропалық революциялар екіжақты келісімге
келуге итермеледі. 50-жылдардың басында екі жақ бітімге келді. 1852 жылы
хартияға сайлау құқын кеңейткен “қосымша акт” қабылдады. Үкімет
феодализмнің бірқатар қалдықтарын жойды, Португалияда майораттар
өзгертілді.
50-60-жылдары Португалияда мануфактуралық өндіріс кеңейтілді.
Тоқыма өнеркəсібінде алғашқы машиналар пайда болды, бу двигательдерінің
саны өсті. 50-жылдардың ортасында теміржол құрылысы басталды. Бірақта
ішкі нарықтың саяздығынан жəне ауыл шаруашылығындағы феодалдық
қалдықтардың сақталуынан өнеркəсіп төңкерісінің дамуын тежеді.
Тақырып
бойынша
бақылау
сұрақтары
:
1. Карл ІІ патшалық құрған кездердегі елдің саяси жағдайы?
2. Кортестердің шараларының негізгі бағыттары
3. О’Доннель басшылығымен ұйымдастырылған топ?
4. Помбала реформасы мəні?
5. Мигелистік соғыстардың себебі?
Өзіндік
жұмыс
тақырыбы
:
1. Кадистегі эскадра көтерілісін жан-жақты қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: