Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет40/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53
Байланысты:
treatise12053

1815-1830-жылдардағы  Нидерланды  корольдігі.  Вена  конгресінің 
шешімімен  Голландияға  Бельгия  мен  Люксембург  кіріп,  Нидерланды 
корольдігі  пайда  болды.  1815  жылғы  Конституция  бойынша  Нидерланды 
королі  шексіз  билікке  ие  болды.  Министрлер  парламент  алдында  жауапты 
болмады,  бюджет он  жылға  қабылданды,  король  бірінші палата  депуттарын 
тағайындады. Екінші палата депуттарын провинция штаттары сайлады. 
Вена  конгресінің  шешімі  екі  жүзжылдықтағы  тарихи  дамуды,  яғни 
экономикалық-əлеуметтік дамуы əртүрлі, тілдік жəне діни ерекшеліктері бар 
екі ұлттың пайда болғанын ескермеді. Экономикалық саладағы өзгешеліктер 
орасан  зор  еді.  Осы  уақытта  Бельгия  өнеркəсіп  төңкеріс  жолына  түссе, 


153 
 
Голландияда  мануфактура  мен  қолөнер  құлдырауы  болып,  сауда  жəне 
қаржылық буржуазия үстем болатын. 
Голландия саудагерлеріне пайдалы, бірақ бельгиялық өнеркəсіпшілердің 
мүдделеріне  қайшы  келген  кедендік  баж  салығын  енгізді.  Мұндай  саясатқа 
қарсы  1830  жылы  Бельгияда  революцияның  бұрқ  етуі  де  заңды  еді. 
Голландықтардың  бұл  революцияны  күштеп  басу  талпынысы  ұлы 
державалардың  наразылығын  туғызды.  Голландия  Бельгияның  тəуелсіздігін 
мойындауға мəжбүр болды. Бельгия, Голландия жəне Люксембург арасында 
шекара белгіленді. 
Отарлық  саясаты.  ХІХ  ғасырда  Нидерланды  империясының 
аумағының  азайғандығы  байқалды.  Бірнеше  отарлық  жерлерді  (Цейлон, 
Африкадағы  Кап  жері  мен  Оңтүстік  Америкадағы  бірнеше  отарлар) 
Наполеон  соғыстары  кезінде  ағылшындар  басып  алды.  1824  жылы 
голландықтар  Англияға  Үндістан  мен  Малаккудегі  иеліктерін  берді,  ал 
ағылшындар  Индонезиядағы  иеліктерінен  бас  тартты.  Жергілікті  халықтың 
қарсылығын  басу  арқылы  голландықтар  бұл  мемлекеттің  ішкі  аудандарын 
отарлады.  Отарларды  қанау  мемлекет  қолында  шоғырланды.  1824  жылы 
корольдің қатысуымен Нидерландтық сауда қоғамы құрылды. Сыртқы сауда 
да монополияға иеленіп, Қоғам Нидерландық өнеркəсіпті өзіне бағындырды. 
Отарларда,  əсіресе  шетел  капиталына,  сонымен  қатар  Голландияның  жеке 
капиталына 
жабық 
Ява 
аралында, 
Нидерландтар 
сауда 
қоғамы 
метрополиядан  əкелінген  маталар  мен  басқа  тауарлардың  сатылымынан  ірі 
пайда  тапты.  1830  жылдан  кейін  күштеу  «дақылдар  жүйесі»  енгізілді.  Яғни 
отарлық билік  Ява шаруалары жерінің 1/5 бөлігіне экспортқа шығарылатын 
кофе,  қант  жəне  тағы  басқа  дақылдарды  өсіруге  мəжбүрледі.  Сондай-ақ 
шаруалар  жылына  бірнеше  ай  бойы  плантацияларды  өңдеуге  немесе 
фабрикаларда шикізатты алғаш өңдеуге міндеттеді. «Дақылдар жүйесі» 1870 
жылға  дейін  болып,  голландықтар  Индонезияда  800  млн  гульденнен  астам 
пайда көрді. 
Экономикалық  даму  жəне  либералды  реформалар.  Нидерландыда 
жұмысшылардың  қаналуы  мен  отарлардың  тоңалуы  капиталистік 
қатынастардың  дамуына  жағдай  жасады.  Бірақ  өнеркəсіп  төңкерісі  төменгі 
қарқынмен əсіресе тоқыма өнеркəсібінде дамыды. Бұл кезде ауыр өнеркəсіп 
əлі  болған  жоқ.  1859  жылы  өнеркəсіпті  ауылшаруашылығымен 
салыстырғанда    адамдар  саны  көбірек  болса  да,  ұсақ  өндіріс  басым  болды. 
Кеме  жасау  дамып,  каналдар  мен  порттар  салынды.  Ғасырдың  ортасында 
Нидерландыда  екі  теміржол  бар  еді,  оның  біреуі  Амстердам  мен  тарнзиттік 
сауда орталығы – Роттердамды қосты. 
Қоғамның  саяси  өмірі  жандана  бастады.  Демократиялық  үрдіс 
публицистер мен жазушылардың сол кездегі тəртіптерді сынаған сөздерінде 
көрініс  тапты.  Олардың  ішінде  Голландия  отарлаушыларының  қаталдығын 
əшкерелеген  Мультатули  (1820-1887)  бар  еді.  Бірақ  либералды  үрдіс  басым 
еді.  Күшейген  өнеркəсіп  буржуазиясы  еркін  кəсіпкерлік  пен  отарларға 
тікелей  кіруді  талап  етті.  Ұсақ  буржуазия  басқарудың  демократизациясын 
талап етті. Католиктер протестанттармен құқықтарының теңелуін талап етті. 


154 
 
Ірі  сауда  жəне  қаржылық  буржуазия  билігінің  шектелуіне  наразы  болатын. 
Бұл  талаптар  либералды партияның 1840 жылы  бағдарламасына  енді.  Оның 
басшысы  мен  идеологы  Лейден  университетінің  профессоры  Й.Р.Торбеке 
болды.  Бірақ  Вильгельм  ІІ  (1840-1849  жж.)  өзінің  шексіз  құқықтарынан  бас 
тартқысы  келмеді.  Тек  1848  жылы  Еуропа  революциясы  мен 
Нидерландыдағы  демонстрациялар  оны  конституцияны  өзгертуге  өз 
келісімін беруге мəжбүрледі.  
Скандинавия  елдері.  ХVІІ  ғасырдың  ортасында  Еуропаның 
солтүстігінде  екі  салыстырмалы  ірі  мемлекет  -  Швеция  жəне  Дат-норвеж 
корольдігі  болды.  Екі  корольдікте  де,  əсіресе  ауыл  шаруашылығында 
феодалдық  қатынастар  үстемдік  етті.  Сонымен  қатар  олардың  жеткілікті 
түрде  дамымау  нəтижесінде  Швеция  мен  Норвегияда  шаруалардың  басым 
бөлігі  помещиктік  езгіге,  крепостниктік  тəуелділікті  білмеді,  шаруалардың 
көбісі  еркін  болды,  феодалдық  қанауға  тек  мемлекеттік  салықтар  мен 
борыштылық  түрінде  ұшырады.  Солтүстік  елдерде  дворяндардың  үлес 
салмағы Еуропада ең төмен - 0,5 пайыз  еді. 
 Алайда  Батыс  Еуропаның  капиталистік  даму  жолына  түскен  аса 
дамыған  елдерімен  -  Англия,  Голландиямен  тығыз  экономикалық 
байланыстың  арқасында  Швецияда  жəне  Дания-Норвегияда  капиталистік 
құрылыстың  қалыптасу  үрдісі  жүріп  жатты.  Ерте  капиталистік  сауда  жəне 
мануфактуралық-  кəсіпорындар  пайда  болды.  Əлеуметтік  жəне  саяси 
құрылыста  алға  жылжу  болып  жатты.  Абсолютизм  орнатылды,  мемлекеттік 
аппараттың  бюрократизациясы  өтіп  жатты.  Швед  жəне  дат  ұлтының 
қалыптасу  үрдісі  жүріп  жатты,  ал  бағынышты  Норвегия  мен  Финляндияда 
алғашқы ұлттық сана сезім пайда бола бастады.  
Швеция.  ХVІІ  ғасырдың  ІІ  жартысында  Швецияның  құрамына 
бұрыннан басып алынған Финляндия кірді, ал ХVІ ғасырдан басталған басып 
алу  нəтижесінде  швед  тағының  билігіне  Шығыс  Балтық  жағалауындағы 
Ресейден  тартып  алынған  ірі  иеліктер  Карелия,  Ингрия  сонымен  қатар 
Эстляндия  (солтүстік  Эстония)  жəне  Лифляндия  (Оңтүстік  Эстония  жəне 
Солтүстік  Латвияның  бір  бөлігі,  Рига  қаласын  қоса  отырып),  Дания  мен 
Польшадан  тартып  алынған  Даго(Хиума)  жəне  Эзель  аралдары  (Сааремаа) 
өтті.  Шведтіктер даттықтардан  Готланд аралын жəне  Оңтүстік Скандинавия 
провинциялары  Сконе  мен  Халланды  қайтарып  алды.  Швеция  өзіне 
Атлантикаға  шығатын  жол  ашты.  30-жылдық  соғыс  нəтижесі  шведтіктер 
Солтүстік  Германияда  маңызды  иеліктерді  иеленуге  мүмкіндіктер  берді. 
Соның арқасында швед корольдері герман империясының мүшелері болды.  
Аграрлық қатынастар. ХVІІ-ХҮІІІ ғасырларда ауыл шаруашылығы елдің 
негізгі  экономикасы  болып    отырды.  Батыс  Еуропа  жəне  Даниямен 
салыстырғанда  швед  территориясы  оңтүстік  аймақтарды,  орталық  тау-кен 
өндірісті  аудандарды  жəне  кейбір  жағалаудағы  облыстарды  санамағанда  аз 
игерілген  еді.  Халық  дəстүрлі  жер  игерумен,  мал  бағумен,  балық  аулаумен, 
аң аулаумен айналысты. Шаруалар тек өз еркіндігін ғана сақтаған жоқ, олар 
сонымен қатар сословиелік парламентте риксдагқа  қатысу құқығын иеленді. 
Шаруалардың помещикке жеке тəуелділігін сақтап қалған ірі үстемдік етуші 


155 
 
шаруалық-домендер-Стокгольмнің 
айналасындағы 
Шығыс 
Швеция 
облыстарында,  оңтүстік-батыс  Финляндияда  жəне  Данияда  қалған  оңтүстік 
провинцияларында пайда болды. Помещиктерге тəуелді шаруалар рикстагта 
сайлау  құқығын  иеленбеді  (ауылдық  пролетариат,  жартылай  пролетариат 
бұқарасы сияқты).  
Капиталистік құрылыстың қалыптасуы
Жалпы  кедейшілік  пен 
экономикалық  артта  қалып  қоюшылыққа  қарамастан  Батыс  Еуропа, 
Даниямен  салыстырғанда  Швеция  ХVІІ  ғасырда  ең  алдымен  тау-кен 
өндірістік аудандарда жəне ірі қалаларда-Стокгольмде жəне Гетеборгте (1617 
жылы    пайда  болған)  капиталистік  құрылыстың  қарқынды  дамуы  жүріп 
жатты.  Швеция  Батыс  Еуропамен  тығыз  сауда  байланысын  орнатты,  тіпті 
ХVІІ ғасырда темір мен мыс, сонымен қатар одан жасалған бұйымдар, соның 
ішінде  қару-жарақты  да  экспортқа  шығаратын  алдыңғы  қатарлы  ел  болды. 
Швецияда жаңа қалалар пайда бола бастады, мануфактуралық кəсіпорындар 
құрылды, елде капиталмен алдыңғы қатарлы техникалық дағды мен  білімді 
əкелген  Фландрия  мен  Франциядан  келген  эмигрант-кальвинистер  елде  кең 
қабылдануда  еді.  Орталық  Швециядағы  темір  рудасын  кəсіпорындарда  ірі 
ерте  капиталистік  қоғамда  пайда  бола  бастады.  1668  жылдан  бастап 
Стокгольмде  Еуропада  байырғы  мемлекеттік  банктердің  бірі  жұмыс  істей 
бастады. 
Мемлекеттік  құрылыс  жəне  ішкі  саяси  күрес.  Швеция  ХVІІ-ХVІІІ 
ғасырларда  мемлекеттік  құрылыстың  аса  жиі  өзгеріп  тұратын  формасымен 
сипатталды:  едəуір  алдыңғы  қатарлы,  буржуазиялық  құрылыс  біртіндеп 
феодалдық құрылыспен алмасты. Билік үшін күресте бақталастық жалғасты: 
бір  жағынан  шенеуніктер,  бюргерлер,  дворяндардың  бір  бөлігіне  сүйенген 
тақ,   екінші жағынан феодалдық ақсүйектер мен аристократия. 1680 жылда 
(басқа батыс Еуропа елдерінен кейінірек) Швецияда абсолютизм орнатылды. 
Бұл  үрдіс  аристократияның  қолдануына  уақытша  берілген  тақтың  жерлерін 
кəмпескелеумен  қатар  жүрді,  бірақ  бұл  дворяндардың  жер  иеленуіне  зиян 
келтірмеді.  Сонымен  қатар  əскери  реформа  жасалды:  мерзімді  рекруттік 
алымдар  шаруалардың  армияның  жеке  құрамын  қамтамасыз  ету 
борыштығымен алмастырылды.  
Абсолютизм  Швецияда  отыз  жыл  бойы  өмір  сүрді,  бірақ  Солтүстік 
соғыста  үлкен  жеңіліске  ұшыраған  Карл  ХІІ  мүлдем  сенімдіздендірілді. 
Соғыстың  аяғында  король  билігінің  сайлау  алуы  қайта  қалпына  келтірілді, 
алайда  тек  Васа  династиясынан  ғана.  Сонымен  1718-1772  жылдар 
аралығында  ”еркіндік  кезеңі”  орнады.  Онда  билік  толығымен  сословиелк 
парламенттік-риксдагтың жəне ол сайлайтын үкіметтік-мемлекеттік кеңестің 
қолында  шоғырланды.  Мұнда  король  тек  екі  дауысқа  ғана  ие  болды. 
Біртіндеп  ішкі  саяси  мақсаттар  мен  сыртқы  саяси  бағыттардың 
ортақтастығымен 
біріктірілген, 
риксдаг 
депуттарынан 
құрылған 
парламенттік  партиялар  пайда  болды,  күрес  негізінен  партиялар  арасында 
болып  жатты:  меркантилизм  саясаттын  жақтаушылары  сыртқы  саясатта 
агрессивті бағыттармен ерекшеленген - ”шляптар” жəне бейбіт сүйгіш көңіл 
күйдегі,  соғыстарға  қарсы,  сауда  еркіндігін  қалайтын,  король  билігінің 


156 
 
нығаюын қалайтын - ”колпактар” болып бөлінді. Тақ бара-бара өз ықпалынан 
айырыла  бастады:  ”еркіндік  кезеңінің”  соңғы  кезінде  үкімет  корольдің 
қолдауынсыз кез-келген жарлыққа қол қоя алатын еді жəне король қолы бар 
мөрді еркін түрде пайдаланды.  
ХVІІІ  ғасырдың  60-жылдарының  ІІ  жартысында  Швецияда  ішкі  саяси 
жағдай  салық  төлеуші  сословие  өз  құқықтарының  дворяндармен 
теңестірілуін  талап  еткен  кезде  кенеттен  шиеленісіп  кетті.  ”Колпактар” 
партиясы парламенттен тыс, көбіне провинцияларды буржуазиялық өкілдері 
арасында өз жақтаушыларын тауып, бұл идеяларды жария етіп отырды. Бұл 
партия сыртқы саясатта Ресей мен Англияға бет ұстады. Ол ХVІІІ ғасырдың 
60-жылдарының    ІІ  жартысы  -70  жылдардың  басында  екі  рет  риксдагта 
көпшілік  дауысқа  ие  болып,  үкімет  құрды.  Франция  тарапынан 
қаржыландырылған ”шляптар” партиясы белсенді түрде ”колпактарға” қарсы 
күресіп,  антиорыс  реванистік  саясатын  жүргізді.  Швецияда  революциялық 
жағдайға  тəн  элементтер  қалыптаса  бастады.  1772  жылы  19  тамызда 
армияның  қолдауына  сүйеніп,  мемлекеттк  төңкеріс  жасаған  жас  король 
Густав  ІІІ  бұл  жағдайдан  шығудың  жолын  тапты.  Төңкерісті  өз 
артықшылықтарының айырылуынан қауіптенген дворяндар қолдады. Густав 
ІІІ  жəне  оның  жақтастары  бұл  төңкеріс  Швецияны  жақында  Польшада 
болған  сияқты  бөліністен  сақтап  қалады  деп  ойлады,  алайда  Швецияның 
тұтастығына шынайы қауіп болған жоқ. 
”Колпактар”  үкіметі  құлатылды;  ол  тек  корольдің  қарауымен  ғана 
жиыла  алатын  жəне  тек  қана  салық  мəселелерін  де  ғана  дауыс  бере  алатын 
биліктің  жартылай  абсолютті  формасын  орнататын  конституцияны  риксдаг, 
қарудың 
күшімен 
қабылдауға 
мəжбүр 
болды. 
Дворяндардың 
артықшылықтары  нығайтылды.  Густав  ІІІ-нің  ішкі  саясаты  ”ағартылған 
абсолютизм”  рухында  жасалған  бірқатар  реформалармен  сипатталды:  ішкі 
сауда  да  қандай  да  бір  кедергілер  жойылды,  дін  бостандығы  орнатылды. 
Мəдени  саладағы  саясат  аса  маңызды  еді  (Густав  ІІІ  əуесқой-драматург 
болды), ғылыми жəне əдеби академиялар пайда болды.  
Буржуазиялық  экономикалық  саясатта  жалғастырылды,  ең  алдымен 
салық  төлеуші  сословиенің  экономикалық  құқықтары  кеңейтілді.  ХVІІІ 
ғасырдың  аяғына  қарай  өңделген  жердің  көп  бөлігі  шаруалар  үлесінде  
болды. Сонымен ХVІІІ ғасырдың аяғында Швецияда тепе-теңдік орнады, бір 
жағынан 
феодалдық 
қатынастардан 
шегінген, 
екінші 
жағынан 
мануфактуралық  капитализм  жəне  шаруалар  мен  қолөнершілердің  ұсақ 
тауарлы өндіріс. 
Густав  ІІІ-нің  жүргізген  экономикалық  саясаты,  оның  басты  тірегі-
дворяндар  тарапынан  наразылық  тудырды.  80-жылдары  елде  жаңа  саяси 
дағдарыс авантюраларға көңіл бөлді. Алдымен ол Норвегияны басып алуды 
жоспарлады,  одан  кейін  1788  жылы  Ресейге  қарсы  соғысты  ұшықтырды. 
Соғыс  кезінде  риксдагта  1789  жылы  конституцияның  қайта  қарауына  қол 
жеткізілді.  Шын  мəнінде  ол  абсолютизмді  қалпына  келтірді,  бірақ  дворян 
емес сословиесінің құқықтарын кеңейтуге қажет болды. 


157 
 
Дания-Норвегия.  ХVІІ  ғасырдың  ортасында  даттық  Ольденбург 
династиясының  иелігінде  Скандинавия  түбегінің  оңтүстік  провинциялары 
жəне  Норвегия  өзіне  тиісті  Исландиясымен  бірге,  Гренландия  жəне  Фарер 
аралдары  болды.  Норвегия  қағаз  жүзінде  Даниямен  бірікті,  бірақ  іс  жүзінде 
құқықсыз  провинция  болды.  Дания  мен  Норвегия  арасындағы  бекітілген 
унисына неміс халқы қоныстанған Шлезвиг пен Гольштейн герцогтігінің бір 
бөлігі кірді. Дания Үндістан, Кариб теңізінде біраз отарларды жаулап алды.  
Аграрлық қатынастары бұл екі елдің əртүрлі бөліктерінде бірдей болған 
жоқ.  Дания  территориясында  поместьелер  болды,  ол  басыбайлы 
шаруалармен  өңделді.  Жеке  меншік  жері  бар  шаруалар  мүлдем  болмады. 
Бірақ  барщина  көп  болмады,  помещиктер  өздерінің  кірістерін  өздерінің 
шаруашылықтарында шаруалар өсірген малдарын сата отырып жасады.  
Норвегияда  жағдай  басқаша  болды,  елдегі  өңделетін  жəне 
пайдаланылатын  жерлер  географиялық  жағдайларға  байланысты  едəуір  көп 
болмады  жəне  де  ол  дворяндарға  тиісті  болмады,  себебі  олар  бұл  кезде  тап 
ретінде өмір сүрмеді, сондықтан да таққа тиісті болды.  ХVІІ-ХVІІІ ғасырдың 
ортасында  тақ  жерлері  сатылып,  шаруаларға  тиді.  ХVІІІ  ғасырдың  аяғында 
еуропада шаруалар жер иеліктерін иелене бастады. 
Данияда  ерте  капиталистік  қатынастардың  дамуы  ХVІІ  ғасырда 
сауданың  тез  даму  сұраныстарымен  тездетілді.  Мануфактуралар  пайда  бола 
бастады. Норвегияда бұндай қатынастар тау кен жəне орман шаруашылығнда 
жақсы  дамыды.  Бірақта  Норвегияда  мануфактуралық  өндірісті  енгізу 
шаралары  жетістіктерге  жетпеді,  себебі  норвеж  тауарлары  дат,  голланд 
немесе ағылшын тауарларымен бəсекелесе алмады.  
Мемлекеттік  құрылымы.  ХҮІІ  ғасырдың  50-жылдарының  аяғында 
шведтермен  соғыстағы  жеңілісі    аристократиялық  басқарудың  беделін 
түсірді.  1660  жылы  Фредерик  ІІІ  король  мемлекеттік  төңкеріс  жасап,  дін 
басылары  мен  бюргерлердің  қолдауымен  самодержавиелік  жəне  мұрагерлік 
монархияны  қалпына  келтірді.  Монархияның  əлеуметтік  негізін  кеңейте 
отырып,  ол    ескі  аристократтарды  біртіндеп  ығыстырды.  Абсолютизм 
”Король заңдары” атты конституциямен бекітілді. Феодалдық негіз сақталды, 
крепостнойлық құқық сақталды, шаруалардың жағдайы жақсармады.  
ХVІІІ  ғасырда  корольдің  елді  басқаруда  шамасының  жоқтығына 
байланысты  барлық  билік  бюрократтық  жоғарғылардың  министрлердің 
қолында болды. Дания-Норвегияда уақытша басқарушысы болып И.Струэнзе 
болды.    ХҮІІІ  ғасырдың  70-жылдары  ол  ”ағартушылық  абсолютизмі” 
негізінде  бірқатар  реформалар  жасады.  Мемлекеттік  шығындарды  азайтты, 
баспасөз  бостандығын  берді,  соттың  тəуелсіздігін  берді,  крепостнойлық 
құқықты жеңілдетті. Бірақ 1772 жылы Струэнзе өлтірілді.  
1784  жылы  сарай  маңындағы  төңкерістен  кейін  билікке  принц 
Фредериктің  маңында  болған  топ  келіп,  оның  қызметін  жалғастырды.  Ең 
маңыздысы  аграрлы  реформалар,  атап  айтсақ  1800  жылы  крепостнойлық 
құқық  жойылды.  Норвегияның  Данияға  тəуелді  провинцияларында  ХҮІІІ 
ғасырдың  ІІ-жартысында  қала  буржуазиясының  ұлттық  оппозициясы 
қалыптаса  бастады.  Олардың  талаптары:  жалпынорвеждік  кəсіпорындар 


158 
 
құруды,  экономикалық  автономияны  талап  етті.    ХҮІІІ  ғасырдың  ІІ 
жартысында  кең  етек  алған  шаруалар  толқулары  дат  тағына  қарсы  емес, 
жергілікті чиновниктерге қарсы еді.      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет