Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет41/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53
Байланысты:
treatise12053

1789-1815 жылдардағы Скандинавия елдері. Солтүстіктің жаңа саяси 
картасы.  1793  жылы  басталған  ағылшын-француз  соғысына  қатыспай-ақ 
Швеция  жəне  Дания-Норвегия  екі  соғысушы  жақпен  саудаласа  отырып, 
белгілі  бір  пайда  тапты.  Олар  тіпті  революциялық  Франциямен  де  қарым-
қатынастарын  үзбеді.  1805  жылдан  бастап  солтүстік  Еуропадағы  жағдай 
өзгере  бастады.  Оған  себеп  Наполеон  басқыншылығының  бұл  аймаққа 
жақындауы  нəтижесінде  Густав  ІҮ  Адольф  Швецияны  Францияға  қарсы 
соғысқа  азғырды.  Ресей  мен  Франция  арасында  жасалған  Тильзит  одағы 
Еуропадағы күштер салмағын өзгертіп, саяси сахнада еуропалық солтүстікті 
алға  қойды.  1807  жылы  ағылшындар  Копенгагенге  шабуыл  жасап,  дат 
флотын басып алғаннан кейін Англияға қарсы соғысқа Дания-Норвегияны да 
азғырды. Ағылшындармен қоршауға алынған, Даниядан азық-түлік əкелуден 
қол  үзген  Норвегия  ең  көп  зардап  шекті.  Бұл  наразылық  тудырды, 
сепаратистік  көңіл-күй    пайда  болды.  Норвегияны  Копенгагеннен  тікелей 
басқару  мүмкіндігінің    болмауы  нəтижесінде  елде  үкімет  сымақ-  Үкіметтік 
комиссия пайда болды. 
1808  жылдың  басында  жаңа  орыс-швед  соғысы  басталады.  Соғыс 
барысында 
Финляндиядан 
айырылды, 
Швецияның 
экономикалық 
жағдайының нашарлауы оппозициялық көңіл-күйлердің, ең алдымен армияда 
оппозициялық  көңіл-күйлердің  өсуіне  əкелді.  1809  жылы  наурызда 
армиялардың  біреуінде  кейіннен  Стокгольмге  бет  алған  оппозициялық 
офицерлердің  басшылығымен  көтеріліс  бұрқ  ете  қалды.  1809  жылы  13 
наурызда  Густав  ІҮ  Адольф  тақтап  түсірілді,  шетелге  қашты.  Шақырылған 
риксдаг толығымен абсолютизмді жойған, парламенттік үкіметке бақылауын 
кеңейткен,  бірқатар  азаматтық  құқықтарды  жариялаған,  бірақ  сайлау 
корпусын  кеңейтуінсіз  төртсословиелік  парламентті  сақтап  қалған  жаңа 
конституцияны  қабылдады.  Король  болып  тақтан  құлатылған  корольдің 
ағасы мұрагерсіз Карл ХІІІ сайланды. 1810 жылы риксдаг елдің тақ мұрагері 
етіп,  Карл  Юхан  атын  қабылдаған  (1818  жылдан  бастап  король  Карл  ХІҮ) 
Наполеон маршалы –Бернадотаны сайлайды. Бұл болып жатқан өзгерістердің 
буржуазиялық  сипатын  көрсетті.  1809-1810  жылдары  оқиғалар  кең  халық 
бұқарасының қатыспауынсыз буржуазиялық революцияның бастамасы еді. 
1809  жылы  қыркүйекте  Фридрихсгамда  болған  Швеция  мен  Ресей 
арасындағы бейбіт келісімінен кейін, антиорыс реваншистік көңіл-күйлердің 
басқаша бұрқ ете қалуына қарамастан, Швецияның билеуші топтары барған 
сайын  көршілес  Ресеймен  жылы  қарым-қатынас  ұстау  қажеттілігін  жəне 
оның көмегімен Данияның иелігіндегі Норвегияны айырылған Финляндияға 
компенсация  ретінде  өз  құрамына  қосып  алуына  қол  жеткізуге  болатынын 
түсінді.  Бұл  идеяларды  Ресеймен  қарым-қатынасты  жақсартуға  талпынған 
Карл  Юханда  ұстанды.  Кейіннен  яғни  1812  жылы  тамызда  фин  қаласы 
Абоға(Турку)  қызу  наполеондық  күрес  кезінде  Александр  І  Карл  Юханның 
жеке  кездесуімен  қуатталған.  1812  жылы  сəуірде  Наполеонға  қарсы  құпия 


159 
 
орыс-швед  одағы  жасалынады.  Швед  соғысқа  тек  қана  1813  жылдың 
көктемінде  кіріскеніне  қарамастан  оның  позициясы  Ресей  үшін  1812  жылы 
Отан соғысы кезінде аса маңызды болды. 
1813-1814  жылдары  Карл  Юхан  швед,  орыс,  прусс  əскері  кіретін 
армияның  қолбасшысы  болды.  1813  жылдың  аяғында  ол  өз  армиясымен 
Наполеонға  берік  болып  қалып  отырған  Данияға  қарсы  бет  алып,  1814 
жылдың басында Кильде Норвегиядан бас тартуға мəжбүр етті.  
Норвегия  халқы  Киль  бейбіт  трактатының  талаптарына  бағынудан  бас 
тартты. Елде бұрынғы дат- принц наместник басқарған ұлт-азаттық қозғалыс 
басталады.  1814  жылдың  ақпанда  елдің  тəуелсіздігі  жарияланып,  уақытша 
үкімет  құрылды,  сəуірде  шақырылған  мемлекеттік  (құрылтай)  жиналысы 
Эйдсволл  жерінде  17  мамырда  конституция  қабылдайды.  Норвегия  екі 
палаталы 
сословиелік 
емес, 
бірақ 
ценз 
парламенті-стортингпен  
конституциялық монархия енгізілді.  
Швеция  Норвегиядан  бас  тартқысы  келмеді  жəне  ұзаққа  созылмаған 
соғыс  тарихта  соңғы  скандинаваралық  соғыс  болып  қалды.  Екі  жақта 
ымыраға барды, Норвегия Стокгольмнің басқаруына өзінің сыртқы саясатын 
ұсынып,  ішкі  өзін-өзі  билеуді  жəне  Эйдсволл  конституциясын  сақтай 
отырып,  Швециямен    унияны  таныды.  1814  жылғы  оқиғалар  шын  мəнінде 
ұлт-азаттық буржуазиялық революциялар болды. 
1808  жылдан  -  1815  жылға  дейін  барлық  оқиғалардың  нəтижесінде 
Солтүстік  Еуропаның  саяси  картасы  маңызды  өзгерістерге  ұшырады:  екі 
жаңа  мемлекет  Норвегия  жəне  Финляндия  пайда  болды,  біріншісі  – 
Швециямен  унияда,  екіншісі  -  Ресей  империясының  құрамында.  Швеция 
Пруссияның  иелігіне  өткен  соңғы  иелігінен-шведтік  Помераниядан 
айырылды.  Дания  Норвегиядан  айырылып,  бұрында  оның  иелігінде  болған 
теңіздің ар жағындағы аумақтарды- Исландия, Гренляндия, Фарераны сақтап 
қалды.  Дат  коронасының  билігіндегі  екі  герман  герцегстволарының  - 
Холштейн мен Шлезвигтің сақталуы келешекте ол ел үшін қиыншылықтарға 
əкелуі мүмкін еді. Сонымен Солтүстік Еуропалық жүйесіндегі мемлекеттерде 
ұлттық-буржуазиялық  мемлекеттердің  құрылысына  қарай  маңызды  қадам 
жасалды. 
Скандинавия  елдерінде  капитализмнің  дамуы  (1815-ХІХ  ғ.60-жж). 
Наполеон  соғыстарының  сақталуынан  кейін  ұласқан  уақытша  тоқырауға 
қарамастан  ХІХ  ғасырдың  30-жылдарының  өзінде  Солтүстік  Еуропа 
елдерінде  өнеркəсіп  төңкерісі  басталды:  Англиядан  əкелінетін  механикалық 
станоктар  (ең  алдымен  тоқыма  өнеркəсібіне)  енгізілді.  Фабрикалар  мен 
зауыттар, 
теміржолдар 
салынды. 
40-жылдардың 
аяғында 
ауыл 
шаруашылығында  капиталистік  қайта  құрулудың  аяқталуын  білдіретін 
аграрлық  реформаларды  жүргізу  аяқталды.  Дания  мен  Швециядағы 
помещиктік иеліктер капиталистік даму жолына түсті, өндірілетін жердің көп 
бөлігі  шаруалардың  қолына  өтті,  қауым  ыдырап,  хуторлар  пайда  бола 
бастады,  шаруалардың  тез  ыдырауы  жүрді,  бір  жағынан  ауыл  буржуазиясы 
мен  ірі  шаруалардың  байыған  таптары  пайда  болды,  екінші  жағынан 
жерсізденген  жартылай пролетариат  таптарының  саны өсті, олардың белгілі 


160 
 
бір  бөлігі  капиталистік  қоғамның  антогонистік  топтардың-буржуазия  мен 
пролетариаттың  қалыптасу  үрдісі  болып  жатқан  қалаларға  бет  алды.  Еңбек 
нарығы  шектен  тыс  халықты  жұмыс  орнымен  қамтамасыз  ете 
алмағандықтан,  40-50  жылдары  Скандинавия  елдерінен  ең  алдымен 
Солтүстік Америкаға бұқаралық эмиграция басталды. 
30-жылдардағы  революциялық  толқын  Скандинавия  елдерінде  Швеция 
мен  Данияда  либералды,  Норвегияда  ұлттық-демократиялық  қала 
таптарының  буржуазиялық  жəне  ұсақ  буржуазия  өкілдерінің  оппозициялық 
қозғалысына  əкелді.  Ауыл  шаруашылығындағы  əлеуметтік-экономикалық 
өзгерістердің  нəтижесі  ретінде  Норвегияда  30-жылдары,  ал  Данияда  40-
жылдары  едəуір  күшті  шаруалар  оппозициясы  құрылды.  Оппозицияның 
ықпалымен сословиелік артықшылықтарды жоятын реформалар жүргізілді. 
1848-49  жылдардағы  оқиғалар  Еуропаның  солтүстік  елдеріне  үлкен 
ықпал  етті.  Скандинавия  елдеріне  заманның  алдыңғы  қатарлы  идеялары 
таралды.  Шведтер  мен  даттықтар  ”коммунистер  одағының”  қызметіне 
қатысты,  ал  1848-жылдың  аяғында  социалист-утопист  Петр  Етрек  
Стокгольмда  Маркс  пен  Энгельстің  ”Коммунистік  партияның  манифесінің” 
швед  аудармасын  шығарды.  Егер  1848  жылы  наурыз  толқулары  Швецияда 
ешқандай  нəтижеге  əкелмесе,  Данияда  олар  революциялық  оқиғалардың 
бастамасы  болды.  Қорыққан  король  мемлекеттің  басқаруына  либералдарды 
шақыруға  мəжбүр  болды,  ал  кейіннен  шақырылған  ұлттық  жиналыс  1849 
жылы  демократиялық  конституцияны  қабылдайды.  Самодержавие  құлады, 
елде  екі  палаталы  парламент,  бірінші  палатаға  сайлауда  жалпылама  сайлау 
құқығы енгізілді. Данияда буржуазиялық революция өтті.  
1848  жылы  оқиғалар  Шлезвиг-Гольштейндік  мəселені  де  шиеленістіріп 
жіберді. Пруссияның қолдауына сүйеніп  Даниядан бөлініп кетуге үміттенген 
неміс  халқының  көтерілісі  болды.  Алайда  ұлы  державалардың  араласуы 
герцегстволарда  дат  билеп  төстеушілерінің  көтерілісіне  əкелді.  Бұл  мəселе 
шеңберіндегі  жаңа  дағдарыс  1863  жылы  Дания  Шлезвиг  пен  Гольштейнді 
бөліп тастап, халқының жартысы даттықтар болып табылатын Шлезвигті өз 
құрамына  қосуға  талпынған  кезде  у  шығып  кетеді.  Бұл  Герман  Одағының 
Данияға  қарсы  соғысына  əкелді.  Дания  жеңіліске  ұшырайды,  екі 
герцегстволар  200  мың  даттықтар  бар  Бисмарктік  Пруссияға  өтеді. 
Соғыстағы жеңіліс Данияда либералды үкіметтің құлауына жəне 1849 жылы 
конституцияны  реакцияның  қайта  қарауына  əкеледі.  1848-51  жылдары 
Норвегияда  батрактар  мен  кедей  шаруалардан  құралған  жұмысшы 
бірлестіктердің күшті қозғалыстары көрініс алды, олардың ұымдастырушысы 
социалист-утопист 
Н. 
Тране 
(1817-1890 
жж.) 
болды. 
Қозғалыс 
демократиялық  реформаларды  жəне  жалпылама  сайлау  құқығын  талап  етті. 
Билік  басындағылар  қатал  репрессиялармен  жауап  берді,  көтеріліс 
басшылары түрмеге қамалды.   1815-жылдан  кейін  жеке  униямен  біріккен 
Швеция  мен  Норвегия  арасында  унияның құрамына байланысты  алауыздық 
болып  жатты:  Швецияның  билеуші  таптары,  əсіресе  Карл  ХІV  Юхан 
(Бернадоте) 
кезінде 
екі 
мемлекетті 
жақындастыруға 
талпынды. 
Норвегиялықтар  оған  барынша  қарсы  əрекет  етті,  бірақ  50-60  жылдары 


161 
 
аралығында  орын  алған  демократиялық  жəне  шаруалар  оппозициясы 
нəтижесінде  билеуші  буржуазиялық-бюрократтық  тапты  тақпен  өзінің 
артықшылық  позициясын  сақтап  қалу  мақсатында  жақындасуға  мəжбүр 
болды.  
Швецияның  өзінде  50-жылдардың  соңына  қарай  əлеуметтік  өзгерістер 
жəне сословиелік емес буржуазия мен орта таптың позицияларының нығаюы 
нəтижесінде  сословиелік  конституцияны  қайта  қарауды  талап  ететін 
қозғалыс  кеңейе  түсті.  1865-66  жылдары  төменгі  таптың  қысымымен 
риксдагты  екі  палаталы  парламентке  айналдыратын,  бірақ  жоғары  мүліктік 
ценз  арасында  бұрынғыдай  халықтың  көбісі,  ең  алдымен  еңбекшілерді 
қарапайым саяси құқықтарынан айыратын реформалар жасалынды. Бұрында 
халыққа үлкен зардап келтіретін соғыстардың болмауы Солтүстік елдерге ең 
алдымен  Швецияға  игі  ықпал  етті.  Тек  Дания  (1849-64  жж.)  Герман 
одағының мүшелерімен, ең алдымен Пруссиямен соғысқа тартылды.  
ХІХ ғасырда Скандинавия елдерінен əлеуметтік мəдениетіне ең көп үлес 
қосқан  даттық  (мүсінші  Б.Торвальдсен  мен  ертегіші  Х.К.Андерсен)  жəне 
норвегиялық  (50-60  жж.  драматург  Г.  Ибсен  жəне  жас  композитор  Э.Григ) 
сияқты  өнершілердің  əрекеті    басталады.  Скандинавия  ғалымдарының 
ғылымға  жəне  техникаға  қосқан  үлестері  (швед  химигі  И.Я.Берцелиус,  дат 
физигі  Х.К.Эрстед,  норвегиялық  математик  Н.Х.  Абель)  байқала  бастады. 
Швецияда сіріңке (”швед” сіріңкесі) жəне ескек винт сияқты өнер табыстары 
пайда  болды.  Норвегиялықтар  дат  мəдени  қамқорлығынан  құтылды. 
Норвегиялық əдебиет тілінің 2 түрі қала (риксмол) жəне ауылдық (лансмол) 
түрінің қалыптасуы басталды. 
Жаңа  заман  тарихының  І-ші  кезеңіндегі  фин  халқы.  Финляндия 
ортағасырлардан  бастап,  швед  тағының  билігінде  бола  отырып, 
экономикалық, саяси жəне ұлттық жағынан ең көп езгіге түскен мемлекет еді. 
Жиі  түрде  əскери  қимылдардың  театры  болғандықтан,  орыс-швед 
соғыстарынан  үлкен  зардап  шекті.  Солүстік.  соғыс  жəне  1741-1743 
жылдардағы  соғыс  нəтижесінде  оңтүстік-шығыс  бөлігі  Ресейге  өтті.  ХҮІІ 
ғасырдың ортасында халықтың білім алған бөлігі арасында, мүмкін Ресейдің 
қамқорлығымен, тəуелсіз Финляндия мемлекетіне байланысты идеялар пайда 
бола  бастады.  1788-1790  жылдары  Густав  ІІІ-нің  Ресейге  қарсы  бастаған 
реваншистік  соғысы  финлянд  офицерлері  арасында  бүліктің  пайда  болуына 
əкелді.  1808  жылы  орыс  əскерінің  Швецияға  қарсы  соғысында  (1808-1809 
жж.) халықтың көп бөлігі тұратын Оңтүстік Финляндия аумағын басып алған 
кезде ұлттық-сепаратистік көңіл-күйлер өрши түсті. 
1808  жылы  наурызда  Александр  І  Финляндияның  Ресейге  қосылуы 
жайында жариялап, оның халқы оған сенім антын берді. Алайда бұл қосылу 
финляндықтар  үшін  қолайлы  жағдайда  өтті.  Либералды  саясат  жүргізе 
отырып, Александр І оларға кең автономия ұсынды. 1809 жылы наурызында 
кішігірім  қалашықта-Порвоода  (Борго)  елдің  өкілдері-ландтаг  немесе 
сеймнің  өкілдерінің  төрт  сословиелік  парламентін  шақырды.  Финляндия 
үкіметі-сенатқа  ие  болды,    бірақ  мұнда  патша  тағайындаған  генерал-
губернатор  төрағалық  етті.  Бюджет    жалпы  ресейлік  бюджеттен  бөлінді, 


162 
 
бұдан  бұрынғы  барлық  заңдар  өз  күшін  сақтады.  Петербургте  Финляндия 
ісімен  айналысатын,  тікелей  патшаға  бағынатын  арнайы  штат-секретариат 
құрылды. Жаңа мемлекеттің - Ұлы Финлянд княздігінің тілі-швед тілі болды. 
Ресеймен  кедендік  шекара    сақталды.  Көп  кешікпей  елдің  астанасы  Абодан 
(Турку) Гельсингфорсқа (Хельсинки) ауыстырылды. 1812 жылы елдің əскери 
күштері де қалпына келтірілді.  
1808-1809  жылдардағы  оқиғалар  Финлянд  халқының  тарихында 
маңызды  рөлге  ие:  өзіндік  дамудың,  финлянд  мемлекеттілігінің  негіздері 
жасалынды,   ел ендігəрі жоқшылыққа ұшырайтын соғыстардан жəне əскери 
шығындардан  құтылды.  Осының  барлығы,  яғни    ірі  Ресей  нарығының 
арзаншылығы,  Ресей  империясының  ішіндегі  игі  мəртебе  елдің 
экономикалық  дамуына  едəуір  жағдай  жасады.  1830  жылдан  кейін  ең 
алдымен  ”  тоқыма  жəне  металлургиялық  өнеркəсіпте,  одан  кейін  халық 
шаруашылығының басты саласында –ағаш тілетін салада өнеркəсіп төңкерісі 
басталды.  Ауыл  шаруашылығында  капиталистік  қайта  құрулар  едəуір 
қарқында  жүрді.  Жалпы  алғанда  елдің  жағдайы,  Финляндияны  1848-49 
жылдары    жəне  30-жылдардағы    революциялық  толқулар  ықпалы  тимеген 
Ресей  империясының  ”ең  тыныш”  аймағына  айналуына  əкелді.  Ресейге 
қатысты  адалдығын  финлянд  халқы  Қырым  соғысында  (1853-56  жж.) 
Финляндия  аумағы  ағылшын-француз  флотының  шабуылына  ұшыраған 
кезде көрсетті. 
50-жылдардың  соңында  -  60-жылдардың  басында  Финляндияда  жалпы 
Ресей үрдісінің құрама бөлігі болып келген маңызды өзгерістер болды. 1858 
жылы  елдің  іс  жүргізу  швед  тілінен  фин  тіліне  өтуі  туралы  жарлық 
шығарылды.  1863  жылы  қыркүйекте  (1809  ж  кейін  І-ші  рет)  патшаның  өзі 
жеке ашқан сейм шақырылды. Король өзінің сөйлеген сөзінде Финляндияны 
автономды  конституциялық  князьдік    екенін  құптады.  1869  жылы  сеймнің 
реформасы  қабылданды;  оның  жиналу  жүйелілігі  белгіленді  (5  жылда  бір 
рет),  оны  сайлаудың  жаңа  тəртібі  мен  оның  құдіреті  (шексіз  құқы) 
анықталды.    Осы  жылдары  елдің  капиталистік  даму  жолындағы  соңғы 
кедергілері жойылды: жеке кəсіпкерлік үшін құқықтық шектеулер жойылды, 
еркін  сауда  жəне  жергілікті  валюта  (марка)  енгізілді,  қала  жəне  ауылдың 
өзін-өзі басқаруы енгізілді. Финляндияның автономды буржуазиясы тез арада 
Ресей  империясының  экономикалық  жəне  саяси  салада  алдыңғы  қатарлы 
бөлігі болып қалды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет