Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет42/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53
Байланысты:
treatise12053

 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Брабант революциясының ұйымдастырылуы? 
2. Голландия мемлекетінің құрылуының алғышарттары? 
3. «Дақылдар жүйесі» маңыздылығы? 
4. ХVІІ ғасырдың ІІ жартысындағы  Швецияның құрамындағы жерлерді атаңыз? 
5. Абсолютизмнің «Король заңдарымен» бекітілуі? 
 
Өзіндік жұмыс тақырыбы
1.  «ХІХ ғасырда Скандинавия елдерінен əлеуметтік мəдениетіне ең көп үлес қосқан 
ғалымдар» тақырыбына реферат 


163 
 
13-ТАҚЫРЫПХVІІХVІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
ҚАТЫНАСТАР 
 
Еуропадағы  ХVІІ  ғасырдағы  француз  үстемдігі.  ХVІІ  ғ.  испан 
үстемдігі  құлдырап,  Франция  ықпалының  күшеюі  салдарынан  Еуропаның 
саяси  картасында  бірқатар  өзгерістер  болды.  ХVІ  ғ.  аяғы  -  ХVІІ  ғ.  басында 
француздық  абсолюттік  монархия  берік  орнады.  ХVІІ  ғ.    Франция 
билеушілерінің  сыртқы  саясатының  негізі  ретінде  “табиғи  шекара”,  “саяси 
тепе-теңдік”  қағидаттары  алынды.  1594-1610  жылдары  Бурбондар  əулетін 
басқарып  келген  ІV  Генрих  (Наварский)  өз  саясатында  екі  мақсатты: 
Габсбургтер  династиясының  күшін  əлсірету  жəне  Еуропа  державалары 
арасындағы тепе-теңдікті Франция мүддесіне орай сақтап қалуды көздеді. Ол 
үшін  Англиямен  достық  қарым-қатынастарын  сақтауға  тырысты.  Сонымен 
бірге,  Габсбург  əулетінің  қарсыласы  ретінде  олардың  күшін  əлсірету  үшін 
Испания  мен  Голландия  арасында  достық  қарым-қатынастарды  орнатуға 
атсалысты.  Осы  арқылы  француз  монархы  Испанияның  отаршылдық 
саясатына  қарсы  күресіп  отырған  Нидерландының  солтүстігіндегі  7 
кантонның тəуелсіздігінің орнауына ықпал етті. 
1604 ж. ІV Генрих сыртқы саясаттағы шеберлігінің арқасында Шығыста, 
Түркияда  Францияның  өзге  елдерге  ықпал  етуін  күшейтіп,  1535  ж.  бері 
Франция  мемлекеті  иемденіп  келген  жеңілдіктердің  қайтарылуына  жағдай 
жасады.  Бұл:  Түркияға  теңіз  арқылы  сауда-саттықпен  барғысы  келген 
мемлекеттердің  кемелері  Франция  туының  қорғауында  өтуі  сияқты 
жеңілдіктер еді. Өз туымен жүруге тек ағылшындықтарға ғана рұқсат етілді, 
өйткені  1599  ж.  Түркия  сұлтаны  оларға  рұқсат  берген  болатын.  Түркия 
сұлтанымен  “достық”  қарым-қатынаста  бола  отырып,  ІV  Генрих  өзінің 
Түркия  сұлтанына  қарсы  жорық  ұйымдастырып,  оны  Еуропадан 
қуғындамақшы деген сияқты өсек-аяңның таралуына ықпал етті.  
Германия  протестанттық  княздерінің  сыртқы  саясаты  Габсбургтерді 
əлсіретуге  бағытталды.  Неміс  жерлерінің  бірігуінен  қауіптенген  ІV  Генрих  
Еуропада  діни  соғыстар  кезінде  оларға  көмек  беріп  отырды.  Католицизмге 
өткен  кезде  де  ол  германдық  протестанттық  княздерімен  достық  қарым-
қатынасын сақтауға тырысты. 
Ал  Кардинал  Ришелье  кішкентай  ХІІІ  Людовиктің  кеңесшісі  жəне 
Францияның бірінші  министрі  бола отырып,  іс  жүзінде  1624-1642  жылдары 
Францияны  басқарды.  Ол  негізінен  ІV  Генрихтің  сыртқы  саясатын 
жалғастырды.  Ришелье  Габсбургтерді  əлсірету  мақсатында  Францияның 
шығыс  шекарасын  Рейнге  дейін  созу  жəне  Еуропада  “саяси  тепе-теңдікті” 
қалыптастыру идеяларын ұсынды.  
ХVІІ  ғ.  құрлықтағы  саяси  күштердің  орнын  айқындап  берген 
жалпыеуропалық  оқиға  ретінде  Қасиетті  Рим  империясы  жəне  оның 
жақтастары  мен  Франция-Швеция  коалициясы  мен  оның  жақтастары 
арасындағы  1618-1648  жылдардағы  Отызжылдық  соғысты  атауға  болады. 
Бұл  соғыс  діни  сипатқа  негізделген  еді.  Неміс  княздерін  басқарып  отыру 
үшін  императордың  күресі  діни  ұрандар  арқылы  өтті.  Бұл  католиктік 


164 
 
реакцияның  протестанттарға  қарсы  күресі  еді.  Император  ІІ  Фердинанд 
Германияны  өзінің  шексіз  билігінің  астында  болуын  көздеді.  Германияны 
өзіне бағындыру империяның Отызжылдық соғыстағы соңғы мүмкіндігі еді. 
Егер олар осы мақсатқа қол жеткізгенде Францияға тең ірі держава болар еді. 
Ришелье болса бұған жол бермеу үшін бар күшін салды. Ол неміс протестант 
княздеріне  қолдау  көрсете  отырып,  Францияның  саясатындағы  дəстүрін 
берік  ұстанды.  Ол  дат  королімен  келіссөздер  жүргізді.  Дат  королі  болса 
Солтүстік  Германия  мен  Солтүстік  жəне  Балтық  теңіздері  жағалауларында 
Габсбургтердің  күшеймеуі  үшін  Англия  мен  Голландиядан  субсидия  алып, 
Империяға қарсы соғыс ашты.  
1631  ж.  Ришелье  швед  королі,  ержүрек  жауынгер  Густаф-Адольфпен 
одақ  құра  отырып,  оларды  Габсбургтерге  қарсы  қоюға  талпынды.  Швеция 
мен  Франция  “Германияға  еркіндік  сыйлауға”  міндеттеме  алды,  яғни 
протестант  княздерді  герман  императорына  қарсы  қойып,  1618  ж.  дейінгі 
Германияда  қалыптасқан  тəртіпті  қайта  орнатуды  көздеді.  Франция  швед 
короліне  1  млн  ливр  мөлшерінде  субсидияны  жыл  сайын  беруге  келіссе; 
швед  королі  императорға  қарсы  күресу  үшін  Германияға  30000  жаяу  əскер, 
6000  атты  əскер  жібермекші  болды.  Сөйтіп,  Швеция  да  Францияны  қолдап  
Германияның саяси құлдырауына əсепр етті. 
Дегенмен  Швецияның  Балтықта  өз  мүддесі  болды.  Шведтер  Фин 
шығанағының  шығыс  жағалауын  жəне  Рига  шығанағын  иемдене  бастады; 
енді  олар  Балтық  теңізі  жағалауларын  жаулап  алып,  ірі  өзендер  сағасына 
бекіністер орнатып, Батыс Еуропаға сауда-саттық жасаған Польша, Пруссия 
помещиктерінен  салық  алып  отыруды  көздеді.  1632  ж.  Густаф-Адольф 
қайтыс  болып,  Франция  немістердің  ісіне  араласа  бастады;  “еркіндік”  алып 
бермекші  бола  отырып,  Франция  Батыс  Германияның  əлсіреуіне  əсер  етті. 
Ұзаққа созылған соғыс Германияның саяси бірігуіне кедергі болып, 1648 ж.  
Вестфаль бейбіт бітімімен аяқталды.  
Осы  кезеңнен  бастап  дипломатия  тарихы  еуропа  конгрестерінің 
тарихына  ұласады.  1645-1648  жылдары  Оснабрюк  конгресінде  ұзақ 
келіссөздер жүргізіліп, онда Қасиетті Рим империясы, оның одақтастары мен 
Швеция жəне оның одақтастары арасында бір келісімге, 1645-1648 жылдары 
өткен Мюнстер конгресінде Қасиетті Рим империясы жəне оның одақтастары 
мен  Франция  жəне  оның  одақтастары  арасында  екінші  келісімге  қол 
қойылды. Шведтердің барлық талаптары қанағаттандырылып, олар Штеттин 
(Щецин),  Дамм,  Гольнау  қадаларымен  қоса  бүкіл  Батыс  Померанияны  жəне 
Шығыс  Померанияның  жартысын,  Рюген  мен  Волин  аралдарын  (Одердің 
сағасы),  Гаваньмен  бірге  Висмар  қаласын,  зиялы  княздіктерге  айналған 
Бремен  жəне  Верден  епископтықтарын  иемденді.  Келіссөздерде  ежелгі 
ганзей  қалалары  –  Висмар,  Бремен,  Штральзунд,  Верден  жəне  т.б.  өз 
еркіндіктерін сақтап қалады деп көрсетілді.  
Бұл  жерлердің  иеленушісі  ретінде  Швеция  империя  құрамына  ене 
отырып,  өз  депутаттарын  империя  сеймдеріне  жіберіп  отыруға  құқылы 
болды. Сөйтіп, Швеция басты мақсаты – Балтық жəне Солтүстік теңіздеріне 
қол  жеткізді.  Балтық  жəне  Солтүстік  теңіздеріне  ағатын  шығыс  еуропалық 


165 
 
өзендердің сағасына бақылау орнатып, енді Швеция өзендер арқылы жүретін 
сауданы өзінің бақылауына алды.  
Франция  үш  лотарингиялық  еписқоптық  -  Мец,  Туль,  Верденді, 
Эльзастың  Страсбургтен  басқа  барлық  аумағын  иемденді.  Бавария  Жоғарғы 
Пфальцті жəне сонымен байланысты курфюрстікті сақтап қалды. Швейцария 
мен  Құрама  провинциялардың  Республикасы  (Голландия)  империя 
құрамынан бөлініп шығып, олардың дербестігі мойындалды. Вестфаль бейбіт 
бітімінің  негізгі  кепілі  ретінде  жеңіске  жеткен  екі  держава  –  Франция  мен 
Швеция танылды.  
Вестфаль  бейбіт  бітімі  Германияның  кальвинистер,  католиктер, 
лютерандардың діни құқықтарын теңестіріп, шіркеу меншігінің мемлекеттік 
меншікке  ауысуын  (секуляризацияны)  заңдастырды,  бірақ  Герман 
княздерінің  қол  астындағыларының  діни  көзқарасын  белгілеуіне  тыйым 
салды.  Алайда  княздер  сыртқы  саясаттарын  өз  бетінше  жүргізу,  соғыс  ашу, 
бітімгершілік жасау, келіссөздер жүргізу құқықтарына ие болды, бірақ неміс 
княздерінің сыртқы саясаты империяға қарсы келмеу керек деп белгіленді.  
Вестфаль бейбіт бітімінің маңыздылығы: Германияның ішкі құрылысын 
ұзақ  уақытқа  тұрақтандырып,  оның  саяси  бөлінуін  бекітумен  айқындалады. 
Еуропа  құрлығындағы  мемлекеттердің  шекараларын  анықтай  отырып, 
Вестфаль  бейбітбітімі  ХVІІІ  ғ.  аяғындағы  француз  буржуазиялық 
революциясына дейінгі барлық келісімшарттардың бастапқы құжаты ретінде 
қарастырылды.  
ХІV 
Людовик 
билеген 
кезде 
(1643-1715 
жылдар) 
француз 
абсолютизмнің  даңқы  өрлеп,  оның  халықаралық  маңызы  артты,  алайда 
биліктің  соңғы  жағына  таман  құлдырау  бой  алды.  Францияның  сыртқы 
саясаты  мен  дипломатиясы  əулеттік  соғыстармен,  яғни  белгілі  бір  аумаққа 
қатысты  мұрагерлік  құқығын  алға  тартып  соғыс  ашу  арқылы  Франция 
иеліктерін  кеңейтумен  сипатталды.  ХІV  Людовиктің  тұсында  жүргізілген 
төрт  əулеттік  соғыс  Францияның  Еуропаға  қатысты  əсерін  əлсіретіп,  оның 
Еуропада үстемдік етуінің аяқталуына əкелді. Бірінші соғыс Бельгияны, яғни 
нидерланд  революциясы  салдарынан  Нидерландтардың  Испанияның  қол 
астында  қалған  бөлігін  жаулап  алу  үшін  ашылған  еді.  Соғысты  ашу  үшін 
пайдаланылған сылтау əулеттік сипатқа ие болды. Испанияның жаңа королі, 
ІV  Филипптің  екінші  некеден  туылған  ұлы  ІІ  Карл  (1665-1700  жылдар) 
Фландрия  заңы  бойынша  таққа  ие  болуға  тиіс  емес  деп  сылтауратып,  ХІV 
Людовик ІV Филипптің бірінші некеден туылған қызына үйленгендігін алға 
тартып, əйелінің атынан Бельгия жеріне қол салды. Келесі кезек өзіне келеді 
деп  қауіптенген  Голландия  ХІV  Людовиктің  бұл  əрекетіне  қарсы  тұрды. 
Англия,  Швециямен  одақтаса  отырып  Голландия  Францияға  қарсы  соғыс 
жүргізді.  Соғыс  ұзаққа  созылмай  (1667-1668  жылдар),  Аахен  бейбіт 
келісімімен  аяқталды.  Франция  шекараға  таяу  орналасқан  бірнеше 
бекіністерді иемденді (Лилль жəне т.б.). 
Соғыс  ашу  Францияның  өзі  үшін  қауіпті  еді,  өйткені  Еуропаның  өзге 
державалары  одақтаса  отырып,  оған  қарсы  тұратын.  Оған  1672-1679 
жылдардағы  екінші  əулеттік    соғыс  та  дəлел  болды.  Бұл  соғыста  ХІV 


166 
 
Людовиктің  Англиядан  көмек  алуға  бағытталған  жəне  Голландия  мен 
Швецияның  одақтасуына  қарсы  жасаған  іс-əрекеттері  де  сəтсіздікке 
ұшырады.  Керісінше,  француздарға  қарсы  коалицияға  енді  бранденбург 
курфюрсті  Фридрих-Вильгельм  қосылды,  өйткені  ол  қуатты  Францияның 
орнына  өзінің  көршісі  ретінде  əлсіздеу  Голландияның  болғанын  көздеді. 
Францияға неміс, испан Габсбургтері, тұтастай империя да қарсы тұрды.   
Дегенмен  Швецияны  Бранденбургге  қарсы  соғысқа  тарту  Францияның 
дипломатиялық табысы еді. Алайда 1675 ж. Бранденбург курфюрсті Фридрих 
Вильгельм  Фербеллин  түбінде  шведттерге  күйрете  соққы  берді.  1679  ж. 
Нимвегенде  келісімге  келіп,  соның  нəтижесінде  Бельгия  жерінің  біршама 
бөліктері (Камбрэ, Валансьен), Франш-Контэ шығыс шекарасында толық бір 
аймақ Франция иелігіне өтті.  
Нимвеген  бейбіт  бітімі  жасалған  кезі  Францияның  Еуропадағы 
үстемділігінің  шарықтау  шегі  еді.  Қасиетті  Рим  империясының  саяси 
əлсіздігін  пайдалана  отырып,  ХІV  Людовик  империяның  Франциямен 
шектесетін  жерлеріне  қол  салды.  Қайта  қосу  бойынша  арнайы  палаталар 
құрылып,  онда  француз  заңгерлері  корольдің  империяның  белгілі  бір 
жерлеріне  қатысты  құқығы  бар  екендігін  дəлелдеп  отырды.  1681  ж.  ХІV 
Людовик  Страсбургті  ойламаған  жерден  басып  алды.  Осы  кезеңде  түріктер 
Венаға  қауіп  төндіргендіктен,  империя  мен  Испания  1684  ж.  Регенсбург 
келісімі арқылы жаңадан қосып алған жерлер ХІV Людовиктің иеліктері деп 
мойындады.  
Франция  үстемдігінің  күшеюі  бүкіл  Еуропаны  дүрліктірді.  1688  ж. 
Англияда  жаңадан  монархия  қалыптасқан  кезде  оның  болашақ  монархы, 
Голландияның  ірі  саяси қайраткері,  штатгальтер  ІІІ Вильгельм  Оранскийдің 
(1672-1702  жылдар)  бастамасымен  Голландия  Францияға  қарсы  жаңа 
коалицияны  құрды.  Нимвеген  келісімінен  кейін  көп  кешіктірмей  ол 
Францияны  оқшаулау  мақсатымен  дипломатиялық  науқанды  өрбітті. 
Осының  нəтижесінде  құпия  қорғаныс  одағы  -  Аугсбург  лигасы  құрылып, 
оның  құрамында  император,  Испания,  Голландия,  Савойя,  неміс 
княздіктерінің бірқатары, итальяндық патшалар, Францияның бұрынғы досы 
Швеция да болды. Өйткені Швецияның саясатында өзгеріс кезеңі басталды. 
ХVІІ  ғ.  бірінші  жартысында  империяның  əлсіреуін  көздеген  Швеция 
Франциямен одақтас еді, Парижден субсидия ала отырып, соның айтқанымен 
жүретін  Швеция  енді  ХVІІ  ғ.  екінші  жартысында  Францияның  күшеюінен, 
оның  Бельгия  мен  Голландияға  қол  салуынан  қауіптене  бастады.  1681  ж. 
Швеция  Францияға  қарсы  Вильгельм  Оранскиймен  одақтасты.  Франция  өз 
жауларының ортасында қалды. Осы кезеңнен бастап Францияның Англиямен 
ұзақ күресі басталып, осы күрес ХVІІІ ғ. халықаралық қатынастар тарихында 
көрініс тапты.     
ХІV  Людовик  күшінің  əлсіреуіне  қарамастан,  Рейн  бойындағы  жаулап 
алушылық  іс-əрекеттерін  тоқтатпады.  1688-1697  жылдары  Францияны 
əлсіреткен үшінші соғыс болды. Осыған қарамастан ХІV Людовик төртінші, 
соңғы соғысын жариялады жəне бұл соғыс Францияны күйзелтті. Англия мен 
Франция арасында отаршылдық тонауда бақталастық күрестер болып жатты. 


167 
 
Бұл  күрестердің  ең  маңыздысы  1701-1714  жылдардағы  испан  мұрасы  үшін 
соғыс  еді.  Ол  əулеттік  соғыс  ретінде  басталып,  Франция  мен  Англия 
арасында  теңізде  жəне  отаршылдық  саясатта  үстемдік  ету  үшін  жүргізілген 
күрес ретінде аяқталды. 
Соғыстың тұтануына мұрагері жоқ Испан королі ІІ Карлдің қазасы себеп 
болды.  ХІV  Людовик  өзін  Испания  иелігіндегі  жерлердің  мұрагерімін  деп 
мəлімдеді. Бұл тарихтағы мұрагерліктің ең ауқымдысы еді. Бұл жерде мəселе 
Еуропадағы саяси тепе-теңдіктің Францияның пайдасына қарай ауытқуында, 
оның əлемдік үстемдікке ұмтылуында еді. ХІV Людовикке Испаниямен бірге 
оның  иелігіндегі  итальяндық,  нидерландық,  бірқатар  африкалық  жəне 
америкалық жерлер мұра ретінде тиесілі еді. 
ХVІІ  ғ.  90-жылдарында-ақ  ХІV  Людовик  өзге  державалармен  осы 
мұраны  бөлісу  жөнінде  келіссөздер  жүргізген  еді.  Испан  королінің  тағы  бір 
мұрагері:  испан  королі  ІІІ  Филипптің  немересі  –  Австрия  эрцгерцогі  Карл 
пайда болды. ХІV Людовик Англия мен Голландияның Габсбургтерге қарсы 
бірлесуіне,  сол  арқылы  Францияға  қарсы  коалицияны  болдырмауға  күш 
салды.  Лондон  мен  Гаагадағы  Францияның  елшілері  ағылшындар  мен 
голландықтарды  Испания  тағына  тек  Бурбондардың  немесе  тек  қана 
Габсбургтердің  отыруы  Еуропадағы  тепе-теңдікті  бұзады  деп  сендірді. 
Венадағы  Францияның  елшісі  Еуропада  бейбітшілікті  сақтап  қалу  үшін 
Испанияны  бөліп  алу  керек  деп  императорды  сендірумен  болды.  Бұл 
қызметінде француз дипломаттары белгілі нəтижелерге жете алды.  
1698  жылы  жəне  1700  жылдары  Испан  королі  ІІ  Карлге  білдіртпей 
Испанияны бөліп алу туралы екі келісім жасалды. Əрине, ІІ Карл ол туралы 
біліп,  қатты  ашуланған  еді.  Испан  королі  ІІ  Карл  алыс  кедей  туысы  - 
курфюрст  Баварскийге  мұрасын  қалдырмақшы  еді,  бірақ  ол  бала  жеті 
жасында  қайтыс  болды.  Сол  кезде  ІІ  Карл  Испанияны  талан-тараждан 
құтқармақ оймен мұраны француз ханзадасына қалдыруды ұйғарды.  
1701  ж.  басында  ХІV  Людовик  V  Филипптің  француз  тағына  құқылы 
екендігін  мойындады,  француз  горнизондарын  Испаниядағы  нидерланд 
провинцияларына  кіргізе  бастап,  испан  губернаторлары  мен  вице-
корольдеріне  өзіне  бағынуды  бұйырды.  Нидерланды  мен  Англиядағы 
соғысты  жақтаушылар  наразы  болды.  ХІV  Людовик  болса  осы  өсек-аяң 
шындыққа  айналуына  күш  салды.  Ол  Францияда  ақырғы  күндерін  өткізіп 
жатқан Англияның бұрынғы королі ІІ Яковке барып оның ұлының корольдік 
атағын мойындайтынына салтанатты түрде уəде етті. 
Еуропадағы  жағдай  Франция  үшін  жайсыз  болды.  ХVІІ  ғ.  80-
жылдарындағы коалиция қайта құрылды – барлық Еуропа елдері Францияға 
қарсы  бірікті.  1701  ж.  басталған  соғыс  Франция  үшін  сəтсіз  болды.  Ол 
Испания,  Италия,  Нидерланды  жəне  Пиреней  бойындағы  Германияда 
тұтанды.  Соғыстың  бірінше  кезеңінде  (1701-1704  жылдар)  Франция 
мардымсыз  жетістіктерге  жетсе,  одан  кейінгі  уақытта  бірнеше  жеңілістерге 
ұшырады.  Елдің  ішінде  ашаршылық  басталып  (1704-1710  жылдар),  Севенн 
тауларында  орналасқан  камизар-протестанттар  көтерілістерге  шықты. 


168 
 
Француздардың  əскери  ахуалы  тек  1710-1717  жылдары    біршама  жақсарды. 
Соңында ХІV Людовик өзге елдерді келісімге келуге көндірді. 
1704 ж. ағылшындықтар Жерорта теңізіне апаратын жол – Гибралтарды 
басып  алып,  Португалиямен  сауда-саттық  келісімін  жасасты  (Метуэн 
келісімі, 1703 ж.). Португалия экономикалық жағынан Англияға бағынышты 
болып қалды. Сондай-ақ бұл келісім Португалия жеріне ағылшындықтардың 
мануфактуралық өнімдерін салық төлемей енгізуіне құқық берді. Португалия 
арқылы  бұл  өнімдер  контрабанда  ретінде  Испанияға  ағылатын.  Америкада 
Бостон,  Нью-Йорк  тұрғындары  жаңа  Франция  жерлерін  жаулап  жатты. 
Соғыстың  негізгі  қаражатын  Англия  көтерді;  Англияда  бейбіт  өмірге  деген 
талпыныс  басталды.  1710  ж.  сайлауда  соғысқа  қарсы  тұрған  торилер 
көпшілік дауысқа жетті. Мальбороға қазынаны тонады деп айып тағылды, ол 
рас еді. 1711 ж. император І Иосиф қайтыс болды, оның орнына таққа оның 
кіші інісі, испан тағына үміткер Карл отырды.  
Бұл жағдайда V Карл империясының қайта орнауы, орталық Еуропаның 
(Германия, Италия) жаңадан өркендеуі шындыққа айналғандай еді. Вестфаль 
бейбіт  бітімімен  келмеске  кеткен  империя  қайта  орнағандай  еді. 
Француздардың көмегімен таққа отырған Испандық V Филипп 1710 ж. жаңа 
елінде  өз  билігін  орнатты.  1711-1712  жылдардағы  науқандарда  одақтастар 
жеңіске  жете  алмады.  Осылардың  салдарынан  өз  одақтастыран  жасырып 
ағылшындықтар  француздарды  бірінші  болып  бейбіт  келісімге  келуге 
шақырды.  1711  ж.  қаңтарында  ағылшын  үкіметінің  құпия  өкілі  Францияға 
келіп корольдің сенімінен шыққан голландықтарсыз-ақ сепараттық келісімге 
келуді  ұсынды.  Ұсыныс  қабылданды.  Келесі  келісімдер  құпия  түрде 
жүргізілді.  Ағылшындықтардың  талаптарын  Францияға  ақын  Прайар 
королева  Аннаның  хатымен  қоса  əкелді.  Қазан  айында  Англияның 
одақтастары  голландықтар  мен  немістер,  Англия  мен  Франция  арасындағы 
бейбіт  келісіммен  оқып  танысты,  олар  келісімнің  өздеріне  қатысты  тұстары 
жарияланбағанын сезді де.  
1712  ж.  ақпанында  Утрехтте  конгресс  шақырылды.  Ұзақ  келісіссөздер 
нəтижесінде  келісімшартқа:  Испания,  Франция  бір  жақтан  Англия, 
Голландия,  Бранденбург,  Савойя  –  екінші  жақтан,  1713  ж.  11  сəуірінде 
Утрехт  келісіміне,    1714  ж.  7  наурызында  Раштадт  келісіміне  Франция, 
Испания  жəне  империя  қол  қойды.  ХVІІІ  ғасырдағы  Еуропа  тарихында  бұл  
екі келісім маңызды рөл атқарды.  
ХVІІІ  ғ.  бірінші  жартысының  басында  Түркия,  Польша,  Швеция 
тарапынан  күшейген  Ресей  Франциямен  одақтас  болуды  көздеді.  Франция 
үкіметі  бұл  үш  мемлекетпен  достық  қарым-қатынастарды  сақтағысы  келген 
соң,  Ресей  Францияның  қарсыласы  Австрия  жəне  Габсбургтермен 
жақындасты.  Осы  кезде  Польша  іштей  əлсіреп,  Польшаны  өзіне  бағындыру 
үшін  Ресей,  Франция,  тағы  басқа  державалар  арасында  күрес  басталды. 
Курфюрст  Саксонский,  ол  сол  кезде  Польша  королі  ІІ  Август  қайтыс 
болғанда,  Ресей  мен  Австрия  Польша  тағына  оның  ұлы  ІІІ  Август  лайықты 
деп  шешті,  Франция  болса  бұрынғы  король  (кезінде  тақтан  алынған) 


169 
 
Станислав Лещинскийді қолдады. Өйткені ХV Людовик Станиславтың қызы 
Марияға үйленген еді. 
Ресейді  шалғайдағы  ел  деп  есептейтін  француз  үкіметі  Ресейдің 
достығын  бағаламау  қауіпті  екендігін  түсіне  бастады.  Енді  ол  Ресейге 
Швеция  мен  Түркияны  қарсы  қойғысы  келіп    талпынғанымен,  оны  да  іске 
асыра алмады. Лещинскийді қорғау үшін тек өз күшін жұмсауға тура келді. 
Дегенмен  ХV  Людовик  орыс  патшайымы  Францияны  жақтайды  деген 
қауесетті  естіп,  Ресейге  аббат  Ланглуаны  елші  ретінде  жіберді.  Аббат 
Ланглуа  Ресейге  Бернардони  деген  лақап  атпен  барып,  Анна  Ивановнадан 
Станислав  Лещинскийді  Польша  королі  ретінде  тануын  сұрамақшы  еді. 
Оқшауланып  қалған  Польша  1734  ж.  Австрия  мен  Ресейдің  талаптарымен 
келісуге мəжбүр болды. 
ХVІІІ  ғ.  Англияның  сыртқы  саясаты.  ХVІІІ  ғ.  Англия  екі 
революцияны  басынан  өткізген  соң,  саяси  құрылымын  реттеп,  сауда-саттық 
пен  отаршылдық  саясатын  жүргізді.  Англияға  Еуропа  тарапынан  қауіп  жоқ 
еді. Ол бар күшін басқа жаққа бұрды да, Еуропада саяси комбинацияларымен 
шектелді.  Бисмарк  бұл  туралы:  “Англияның  саясаты  Еуропадан  ағылшын 
мүддесін жан-тəнімен қорғайтын ақымақ тауып алуға келіп саяды” деген еді. 
Бұл  ХVІІІ  ғ.  Англияның  қарсыласы  саналып  келген  Францияға  қарсы  өзге 
елдерден “дос” тауып алу саясаты болатын.  
ХVІІІ  ғасыр  -  ұлы  Британ  империясын  дүниеге  келтірген  ғасыр  – 
Франция  мен  Англия  арасында  осы  империя  үшін  күрес  кезеңі.  ХVІ  ғ. 
Англия Испанияға күйрете соққы берді, ХVІІ ғ. Голландияны жеңді. ХVІІ ғ. 
Америкада  біраз  жерлерді  иемденген,  Үндістанға  көз  салып  отырған  ұлы 
держава Франция бар еді, сондай-ақ француздар Антил аралдарына да ие еді.  
Ғасырдың  ортасында  Франция  Англияға  қарсы  шыға  бастады,  əсіресе 
теңізде  күрес  шиеленісті.  1745-1755  жылдардағы  Француз  министрі  Маша 
шет ел кемелерінің салығын тоннасына 5 млн ливрге дейін көтерді. ХVІІІ ғ. 
50-жылдары Франция əскери флотын күшейтті, 1756 ж. француз флоты күші 
жағынан ағылшын флотымен теңесті. ХVІІІ ғ. бірінші жартысында ағылшын 
парламентінде  вигтер  партиясы  басым  болды,  бұл  партия  сыртқы 
қақтығыстарға  қатысуды  қаламады.  “Егер  француздар  келсе,  төлемін 
беремін,  бірақ  қақтығыстың  керегі  жоқ”  деген  нақыл  сөз  -  сол  заманның 
ұраны еді. Англияның билеуші топтары француздардың табысына наразылық 
білдірді.  Уильям  Питт-үлкені  көршімен  бейбіт  қарым-қатынастар  үзген 
болатын. 
ХVІІІ  ғ.  Германия.  Австрия  –  Пруссия  бақталастығы.  ХVІІІ  ғ. 
Англияның  билеуші  топтары  қомақты  қаржыға  ие  еді.  Олар  өз  мүдделері 
үшін  одақтастарды  сатып  алуға  қол  жеткізді.  еді.  Отыз  жылдық  соғыста 
əлсіреген  Германия  ыдырау  үрдісінің  шарықтау  шегінде  тəуелсіз 
мемлекеттер  саны  мыңға  жетті.  Рыцарлардың  иелігіндегі  осы  майда 
мемлекеттер  күйзелісте  болғандықтан,  өз  əскерлерін  ақшаға  жалдауға 
мəжбүр  болды.  1648  ж.  Вестфаль  бейбіт  бітіміне  сəйкес  олар  саясатта  өз 
бетінше əрекет етуге құқылы еді. Əскер сату, сол арқылы отанын сату сияқты 
келеңсіз іс-əрекеттер етек алды. Жарты ғасырда неміс князьдері осы жолмен 


170 
 
137  млн  ливрді  Франциядан,  ал  Англиядан  45,5  млн  фунт  стерлинг  қаржы 
тапты. Пайдаға құныққан олар адамдарды еріксіз əскерге əкетіп жатты. Ланл-
граф  Гессенский  Англияға  17000  адамнан  тұратын  əскерін  жалға  берді. 
Қайтыс  болғандар  мен  жаралыларға  берілетін  сыйақыны  қоспағанда,  бұл 
үшін  Англия  2800  мың  фунт  стерлинг  төлеп,  ол  əскерді  америкалықтармен 
соғыста  пайдаланды.  Басқа  да  ірі  неміс  княздьдерінің  төртеуі  ХVІІІ  ғ.  70-
жылдарында 5 жылда осы əдіспен 33 млн талер тапты.  
Осы  саяси  бытыраңқылықтың  арасында  Германияда  екі  ірі  мемлекет  –
Австрия,  Пруссия  ерекшеленеді.  ХVІІ-ХVІІІ  ғғ.  Пруссия  кең  өрістеп,  ұлы 
державаға  айналуы  Шығыс  Еуропа  тарихындағы  маңызды  фактілердің  бірі 
болды. Бұл мемлекеттің негізі Бранденбург курфюрсті еді, ол ХV ғ. басында 
Гогенцоллерндер  үйіне  тиесілі  болды.  ХVІІ  ғ.  басында  оған  Пруссия 
қосылды, яғни Тевтон орденінің байырғы жерлері (Гогенцоллерндердің басқа 
таралымына жататын).  
“Ұлы  курфюрст”  атанған  І  Фридрих-Вильгельмнің  (1640-1688  жылдар) 
кезінен  бастап  Бранденбург-Пруссия  халықаралық  дəрежеде  маңызды  орын 
алды.  Осы  кезден  бастап  Пруссия  Германия  шекарасында  Австрияның 
қарсыласы болды. Пруссия əскери-крепостнойлық держава саналды. Ондағы 
билеуші топ – дворяндар - өнімдерін Батыс Еуропа нарығында сатып отырған 
Пруд  шаруаларынан  алынатын  салық  арқылы  өмір  сүрді.  Бранденбург 
курфюрсттері  (кейін  Пруссия  корольдері)  де  ірі  помещиктер  еді.  Өзен 
арқылы  өтетін  сауда  жолдарын  қорғау,  көрші  елдермен  үздіксіз  соғыс, 
əсіресе Швециямен (нан жəне ауылшаруашылық заттарын шет елге Балтика 
арқылы  шығару  үшін)  Пруссияны  ірі  əскери  державасына  айналдырды. 
Пруссия  қолайлы  сəтті  пайдаланып,  көрші  елдерді  жаулап,  жер  аумағын 
кеңейтумен болды. Олар тек бір мақсатты – көп ақша, үлкен əскер – көздеді. 
Пруссия  жерін  кеңейтуде  ІІ  Фридрих  (1740-1786  жылдар)  зор  еңбек 
сіңірді,  ол  əскери  талантымен,  дипломатиядағы  шеберлігімен  ерекшеленеді. 
Ол  тарихта  жазушылық  мұрасымен  де  белгіді  болды,  “Сансусиден  шыққан 
философ”  деген  атқа  ие  болды.  Макиавеллидің  “Патша”  еңбегін  теріске 
шығарған  еңбегін  жариялады.  “Антимакиавелли”  деген  еңбегінде  ол  былай 
деп 
жазды: 
“Макиавеллидің 
Патшасы 
адамгершілік 
тұрғысынан 
қарастырғанда  Спинозаның діни  еңбектеріне  ұқсайды:  Спиноза дін сарайын 
жоққа  шығаруға  талпынды;  Макиавелли  саясатқа  бүлік  əкелді  жəне 
адамгершілік ережелерін жоюды мақсат етті”. Алайда таққа отырған сəтінен 
бастап  ІІ  Фридрих  бұл  жазғандары  жөнінде  ұмытты.  Макиавеллидің 
кеңестерін Прусстық ІІ Фридрих бұлжытпай жалғастырды, бұл жөнінен оған 
тең  келетін  патша  жоқ  еді.  Сыртқы  саясатты  тек  өзі  жүргізіп,  оның 
нəтижелеріне  қатысты  бар  жауапкершілікті  өзіне  алды.  Ол:  “Егер  алаяқтық 
белең алса, оны жасаушы біз болайық” деген қағиданы ойлап тапты. 
Австрия тағының мұрагері ретінде VІ Карл Мария-Терезияны танығаны 
үшін  ІІ  Фридрих  одан  өнеркəсібі  өркендеген  Силезияны  сұрады.  Мария-
Терезия  келіспегендіктен,  ол  Австрияға  қарсы  коалиция  құрып  Силезияны 
басып  алды  (1740-1748  жылдар).  “Маған  жанның  ұлылығы  жөнінде 
айтпаңыз,  Патша  ең  бірінші  өз  мүддесін  ойлауы  керек”  деген  еді  ол  бір 


171 
 
ағылшын  дипломатына.  Франция  Габсбургтерге  қарсы  саясатын  жүргізе 
отырып, 
Мария-Терезияның 
қиын 
жағдайын 
пайдаланып 
қалуды 
ойластырғанда,  ІІ  Фридрих  француз  елшісіне  тапқан  пайдасымен  бөлісемін 
деп  уəде  етті.  Осының  нəтижесінде  Австрия  мұрасын  бөліп  алу  жөнінде 
Франция, Испания, Бавария, Пруссия келісімі дүниеге келді. 
Француздар  Германияда  Пруссия  королінің  мүддесі  үшін  жұмыс 
жүргізіп  жатқанда  («роuг  lе  roі  dе  Рrusseң),  Пруссия  королі  Мария-
Терезиямен  астыртын  келісім  жасасты.  Ол  Мария-Терезиядан  Бреславль, 
Нейс  қалаларымен  қоса,  төменгі  Силезияны  ғана  сұрады,  ал  өзге 
одақтастарын алдап соғу үшін Пейсені екі апта бойы соққылайтынын айтты, 
сөйтіп,  оны  күшпен  басып  алған  болып  көрінеді.  Кейін  ол  ақталған  кезде 
Франция  Германияны  ыдыратуға  талпынды,  сол  себепті  Мария-Терезияны 
құтқаруға  мəжбүр  болдым  деді.  Австриялықтар  қауіпті  жауынан  құтылып 
франко-бавария  əскерлерін  жеңген  тұста  ІІ  Фридрих    одақтастарына  көмек 
ретінде бір гусарлық полкін ғана жіберді. Сонымен бірге ол курфюрст Карл-
Альберт Баварскийдің (француздардың күшімен император болып сайланған) 
Жоғарғы  Силезияны  Пруссияға  қосуына  келісуіне  қол  жеткізді.  Бұған 
австриялықтардың  көне  қоймайтынын  білген  ол  соғысты  австриялықтарға 
қарсы  бұрып,  Чаславтың  түбінде  оларды  жеңіп,  ағылшындардың  көмегімен 
Силезияға  иелік  етті.  ІІ  Фридрихтің  бұл  құйтырқысы  Парижге  мəлім 
болғанда,  үлкен  айқай  болды.  Фридрихты  табысымен  құттықтаған  оның 
“досы”  Вольтер,  кейін  халық  алдына  шығып  кешірім  сұрамағанда, 
Бастилияға қамалатын еді.  
1748  ж.  Аахен  келісімі  Силезияны  ІІ  Фридрихке  заңды  түрде  берді. 
Мария-Терезия аса қатуланды. Өзін Аахен келісімімен құттықтаған ағылшын 
елшісіне  ол  “соңғы  көйлегімді  берсем  де  өзіме  тиесілі  жерді  түбі  қайтарып 
аламын  деп  мəлімдеді”.  Австрияның  Германияға  қатысты  мəселелердегі 
басты  қарсыласы  Пруссия  екендігі  Мария-Терезияға  енді  белгілі  болды. 
Кейін  Австрия  ІІ  Фридрихке  қарсы  Ресей,  Франциямен  бірігіп  коалиция 
құруға  қол  жеткізді.  Соңы  Пруссияға  қарсы  бағытталған  Жеты  жылдық 
соғысқа  ұласты.  Жеті  жылдық  соғыс  Франциядағы  Ұлы  буржуазиялық 
революция  алдындағы  жалпыеуропалық  қақтығыстардың  соңы.  Осы 
қақтығыста революция кезінде толығымен анықталған қарама-қайшылықтар 
мен халықаралық күштердің орны айқындалды.  
Біріншіден, ағылшын-француздардың үстемдік үшін күресі жаңа кезеңге 
өтті. Екіншіден, Австрия мен Пруссияның Германияда үстемдік жүргізу үшін 
күресі  күшейді.  Барлық  қақтығыстың  негізі  осы  екі  күрес  болды.  Франция-
Австрия  арасындағы  ғасырға  созылған  шиеленіс  (Бурбондар  –  Габсбургтер) 
жойылды да, франко-австрия одағы пайда болды. Еуропа қақтығысына Ресей 
империясы араласты. Бұл Ресейдің халықаралық алаңдағы орнын көрсететін 
жаңа кезең еді.  
ХVІІ  ғ.  екінші  жартысы  мен  Наполеон  соғыстарына  дейінгі  аралықты 
француздар  екінші  жүз  жылдық  соғыс  деп  атайды.  Бірінші  Жүз  жылдық 
соғыстағы сияқты (1338-1453 жылдар), Англия мен Франция əлемде бірінші 
орынға  ие  болу  үшін  күресті.  Бірақ  ХVІІ-ХVІІІ  ғасырлар  ХІV  ғ.  қарағанда 


172 
 
əлем  біршама  ауқымды  еді.  Тез  дамып  келе  жатқан  Англия  Үндістандағы 
француз  агенті  Дюпленің  қол  жеткізген  табыстарына,  Францияның 
Америкадағы  жерлерге  иелік  етуіне  зор  қызғанышпен  қарады.  Англияның 
сауда-саттықтағы  жалауы  бүкіл  əлемде  желбіреді.  Солтүстік  Америкада 
ағылшындардың саны француздардың санынан асып кетті.  
Испан мұрасы үшін болған соғыстан бастап Ангия Франциямен күресін 
тоқтатпады.  50-жылдары  Англия  кемелері  Францияның  сауда  кемелерін 
қуғындады.  1755  ж.  бір  айда  8000  адамымен  300  кеме  тұтқындалды.  ХV 
Людовик  оған  қарсы  шығып,  кінəлілерді  жазалауды  талап  еткенде, 
ағылшындар бұған жауап ретінде тағы да екі француз фрегатын жаулап алды. 
ХV Людовик Англияға қарсы соғыс ашуға мəжбүр болды. 
Австрия  мен  Пруссия  арасындағы  қақтығыстар  Австрия  мұрасы  үшін 
болған  соғыстан  бері  жалғасып  келеді.  Австрия  үкіметі  жаңа  соғысқа  қызу 
дайындалды.  Австрия,  Пруссия,  Франция,  Англия  одақтастар  табу 
мақсатында  дипломатияны  өрістетті,  нəтижесінде  қақтығысқа  бүкіл  Еуропа 
араласты.  
Бұрынғы  екі  қарсылас  –  Франция  мен  Австрияның  одақтасуы  Еуропа 
үшін  күтпеген  оқиға  болды.  Сонымен  қатар  Франция  өзінің  бұрынғы 
одақтасы  -  Пруссияға  қарсы  шықты.  Англия  екінші  жүз  жылдық  соғыстан 
бастап  Францияның  басты  қарсыласы  ретінде  Габсбургтер  монархиясына 
қолдау  көрсетті.  ХVІІІ  ғ.  бұл  саясаттың  қажеттілігі  екі  есеге  артты:  Англия 
Ганноверді  (жаңа  ағылшын  əулетінің  иелігі)  Франциядан  қорғауға  мəжбүр 
болды. Алайда Англия Еуропада жаңа əскери держава – Пруссияның да бар 
екендігін білді. Мария-Терезиядан үмітін үзген Англия (ол бұл кезде Силезия 
үшін  күресіп  жатыр  еді),  Пруссияны  жалдауға  болатындығын  түсінді.  ІІ 
Фридрих  бұған  қуана  келісті.  Ол  Ресейдің  басып  алу  қаупінен  осылай 
құтыламын  деп  ойлады.  Сонымен  бірге,  ІІ  Фридрих  Франциямен  де 
қатынастарды жалғастырғысы келді.  
Ресей болса Пруссияның жетістіктерін көре тұра одан сескене бастады. 
Канцлер Бестужев Пруссияға қарсы ұстанымда болды. Ол 1755 ж. ағылшын 
елшісі  Вильямспен келісім  жасады.  Ресейдің  80000-дық əскері  үшін  Англия 
Ресейге  500  мың  фунт  стерлинг  төледі  жəне  жыл  сайын  100  мың  фунт 
стерлинг  беруге  уəделесті.  Бестужев  Англияның  басты  жауы  ІІ  Фридрих 
Прусский деп ойлады.  
Англия  болса  Францияға  қарсы  Ресей,  Австрия,  Пруссияны  қосып 
коалиция  құра  білді.  ІІ  Фридрих  ағылшын  елшісімен  келісімге  отырғанда 
Ресейдің  басып  алу  қаупінен  құтыламын  деп  ойлады.  Ал  ағылшын-француз 
дауында  ол  делдал  ретінде  болуын  көздеген.  ІІ  Фридрих  жəне  ХV 
Людовиктің қысымынан да құтылғысы келген. 
 1756  ж.  16  қаңтарында  Уайтхолл  келісімі  жасалып,  онда  Пруссия  мен 
Англия  Германияның  тұтастығын  сақтап  қалуға  бар  күшін  салатындығын 
жəне  осыған  қарсы  шыққан  қандай  да  болсын  державамен  соғысуға  дайын 
екендігін білгенде Ресей, Франция, Австрия үкіметтері наразылығын жасыра 
алмады.  Англия  оларды  сатып  кеткенін  Австрия  мен  Ресей  түсінді.  Бірақ 


173 
 
барлық  кінəні  ІІ  Фридрихтан  көрді.  Ашуға  булыққан  Франция  өзінің 
қарсыласы болып келген Австриямен жақындасты.  
Мария-Терезия Францияға ХVІІІ ғ. ірі дипломаты Кауницті жіберген еді. 
1751 ж. Кауниц Австрияның Париждегі елшісі болып тағайындалып, Австрия 
мен Францияны жақындатуға күш салды. 1755 ж. Англия француз кемелерін 
жаулағанда  ІІ  Фридрих  ХV  Людовикке  өз  жоспарын  ұсынды.  Ол  жоспар 
бойынша  ХVЛюдовик  Бельгияны  басып  алу  керек,  сонда  ІІ  Фридрих 
Богемияға  басып  кіріп,  австриялықтарды  жеңіп,  Германияны  жаулап  алуға 
тиіс еді. Сөйтіп, 1866 ж. Бисмарктың жоспарын еске салатын жоспар дүниеге 
келді.  Австрия  болса  ІІ  Фридрихтің  сол  уақытта  Англиямен  де  жүргізген 
келіссөздер  туралы    хабардар  болды.  Бұл  жөнінде  ХV  Людовикке  Мария-
Терезия жеткізді. 
ІІ Фридрих пен Англия арасындағы Уайтхолл келісімі туралы білген ХV 
Людовик  енді шешім  қабылдады. 1756 ж.  1  мамырда  Австрия  мен  Франция 
арасында өзара кепілдіктер жөнінде, яғни соғыс бола қалған жағдайда екі ел 
бір-біріне  көмек  қолын  созуға  уəделескен  Версаль  келісімі  жасалды. 
Ағылшын-орыс келісімінен бас тартып, 1756  ж. 25 наурызында императрица 
Елизавета  Австриямен  одақтас  болды.  ІІ  Фридрихке  қарсы  шабуыл 
ұйымдастыру  үшін  Ресей  Австрияға  көмек  ретінде  80000  адамдық  əскер 
беруге  келісті.  ІІ  Фридрих    жеңілген  жағдайда  Австрия  Силезияны,  Ресей 
Шығыс  Пруссияны  иемденбекші  болды.  Француз  дипломаттары  бұл 
коалицияға курфюрст Саксонский Польша королі ІІІ Августің қосылуына қол 
жеткізді.  1757  ж.  бұған  Швеция  қосылды  (ол  субсидияға  қызықты  жəне 
Померанияны иемденуге үміттенді).  
Коалицияның  негізінде  екі  келісім  жатты:  1757  ж.  2  ақпанда  Ресей-
Австрия  келісімі,  мұнда  Австрия  Ресейге  жыл  сайын  1  млн  рубль  төлеуге 
келісті; 1757 ж. 1 мамырдағы Версаль келісімі, онда Франция 105 мың адам 
жасақтап,  Мария-Терезияға  12  млн  флорин  көлемінде  жыл  сайын  субсидия 
беруге міндеттеме алды. 1756 жылы соғыс басталды. ІІ Фридрихтің жағдайы 
мүшкіл  еді.  Талантты  қолбасшы  ІІ  Фридрих  10  шайқастың  үшеуінен  ғана 
жеңіліс  тапты.  Француз  абсолютизмі  генералдарының  дарынсыздығы  оған 
көмектесті. Австрия қолбасшылары да жəй қимылдады. Бірақ 1757 ж. Гросс-
Егерсдорф,  1759  ж.  Кунерсдорф  түбінде  Ресейден  жеңіліс  тапты.  1760  ж. 
Ресей əскері Берлинді де біраз уақытқа дейін қол астында ұстады.  
ІІ  Фридрихтің  жағдайын  1762  ж.  5  қаңтарында  императрица  Елизвате 
Петровнаның қазасы құтқарып қалды десе болады. Жаңа  император ІІІ Петр 
оған  көмек  қолын  созды.  Ол  генерал  Чернышевқа  ІІ  Фридрихтің  əскерімен 
бірігіп  Австрияға  соғыс  ашуға  бұйырды.  Францияның  Пруссияға  қарсы 
соғысы созылған сайын Англия қуана түсті. 1759 ж. Англия Канаданы басып 
алды, 1761 ж. Үндістаннның Пондишери қаласын иемденді. Француз флоты 
талқандалды. Бұл соғыс - 1763 ж. 10 ақпанда - Парижде жəне шығыста - 1763 
ж.  15  ақпанда  -  Губертсбургтегі  екі  бейбіт  келісіммен  аяқталды.  Франция 
Канададан,  Солтүстік  Америкадағы  иеліктерінен  айырылып,  тек  Жаңа 
Орлеанды  сақтап  қалды.  Миссисипи  өзенінің  оң  жағалауын  Испанияға 
берілді жəне Англияға берілген Флорида үшін Испанияға төлем жасау керек 


174 
 
болды.      Ол  тек  5  қаланы  сақтап,  Үндістаннан  бас  тартуға  мəжбүр  болды. 
Австрия Силезиядан айырылды.  
Сөйтіп,  батыста  Жеті  жылдық  соғыс  Францияның  отаршылдық  қуатын 
жойып,  Англияның  теңіздердегі  үстемдігін  қалыптастырып,  ал  шығыста 
Пруссияның Германияда үстемдік етуінің алғашқы қадамы болды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет