Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет14/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
Байланысты:
treatise12053

 саясаты жəне Фронда. Мазарини, Ришелье сияқты, ақылды 
əрі  айлалы  болып,  абсолютизм  саясатын  жүргізуге  тырысты.  Бұл  əр  түрлі 
қоғам  топтарында  наразылық  тудырды.  Францияның  оңтүстік-батысында 
көтерілген  шаруаларды  билеушілер  жіберген  əскермен  басылды.  Қалалар 
парламенттері  өкіметке  қарсы  болды,  себебі  билік  оларға  жаңа  салыққа 
санкция  жариялауды  талап  етті.  Жоғарғы  сот  палатасы  париж  парламенті 
салықты  бекітуге  қарсы  болғанда,  король  бұйрығымен  оның  отырыстарына 
тыйым    салынды.  Күрес  оты  тұтанды.  Париж  парламенті  халық  арасында 
жəне  қала  магистраттарының қолдауын  тапқан король  жарлықтарына  қарсы 
бірталай  реформа  жасау  жөнінде  шешім  қабылдады.  1648  жылы  Париж 
парламентінің екі көшбасшысы тұтқынға алынды. Оған жауап ретінде Париж 
тұрғындары  мыңдап  баррикадаларды  салды.  Бұл  қозғалыс  Фронда  деп 
аталып  кетті.  Оны  көбінесе  парламенттік  деп  есептейді,  бірақ  ол  жалпы 
халықтың  қолдауына  ие  болып,  1648  жылдан  1649  жылға  дейін  созылды. 
1650-1653 жылдары Фронданы король билігін шектеуді жəне Бас штаттарды 
құруды  талап  еткен  аристократтар  тобы  басқарды.  Екінші  Фронда 
«ханзадалар  Фрондысы»  деген  атқа  ие  болды.  Мазарини  осы  Фронданы  да 
жеңіп шықты. 
Людовик
  ХIV  абсолютизмі.  1661  жылы  Мазарини  қайтыс  болып, 
Людовик ХIV елді жалғыз өзі биледі. Людовик ХIV билігі тұсында француз 
абсолютизмі  өзінің  шарықтау  шегіне  дейін  жетіп,  құлдырау  кезеңі  де 
басталды. Осы кезеңді көбінесе «алтын ғасыр», «Людовик ХIV ғасыры» деп, 
ал оның өзін «күн-королі» деп атады. Оның билігі кезінде король билігі өсіп, 


41 
 
мемлекеттік  орталықтандыру  нығайды.  Король  тұлғасын  ұлықтау, 
салтанатты  сарайдың  рəсім  жүргізу  салты,  шегі  жоқ  тойлар,  Версальда 
салтанатты король резиденциясын салу – абсолютизмнің салтанат құрғанын 
дəлелдейді.  
Мемлекеттің  негізгі  қаражаты  соғыстарға  кетті.  Людовик  ХIV  54  жыл 
билігі  кезінде    33  жыл  соғыспен  болды.  Бірақ  оның  негізгі  мақсаты  – 
Еуропада  гегемонияға  ие  болу  –  жүзеге  аспады.  Францияның  жеке 
мемлекеттермен  əрі  мемлекеттер  коалициясымен  жүргізген  үздіксіз  ауыр 
соғыстар елдің қаражаты мен қаншама адам өмірлерін əкетті. Людовик ХIV 
төрт соғыс жүргізу нəтижесінде халық саны қатты қысқарды. ХVІІ ғасырдың 
соңғы  ширегінде  Францияда  15  млн.  астам  адам  болса,  ХVІІІ  ғасырдың 
басында 12 млн. халық қалды. Əсіресе Испан мұрасы үшін соғыс (1701-1714) 
ауыр  болды.  Осы  соғыс  барысында  Севенн  тауларында  камизарлардың 
(chemis  сөзінен  –  көйлек:  көтеріліске  шыққан  шаруалар  киім  үстінен  ақ 
көйлек киген) көтерілісі басылмады.  
Соғыстар  мемлекеттің  экономикалық  жағдайын  бұзды.  Паржиде  жəне 
басқа да қалаларда қарапйым халықтың, буржуазияның, тіпті дворяндардың 
наразылығы  үнемі  сезіліп  тұрды.  Көтерілістер  қалаларды  шарпыды.  Тіпті 
талантты  экономист  Францияның  өнеркəсіп,  сауда  жəне  қаржыны  бас 
бақылаушысы  Кольбер  елдің  ауыр  экономикалық  жағдайынан  шығара 
алмады.  Кольбер  белсенді  түрде  меркантилизм  саясатын  жүргізду.    Ол 
протекционистік баж салығын, ірі мануфактураларды субсидиялады жəне ір 
түрлі  артықшылықтар  берді.  Жаңа  отарларды  басып  алу  үшін  мемлекеттің 
қатысуымен  Ост-Үнді,  Вест-Үнді,  Левантиялық  сауда  компаниялары 
құрылды. 
Француз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет