Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет21/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53
Байланысты:
treatise12053

 
 
 


66 
 
5-ТАҚЫРЫПХVІІІ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ-ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 
БАСЫНДАҒЫ ФРАНЦИЯНЫҢ БАСҚЫНШЫЛЫҚ СОҒЫСТАРЫ  
ЖƏНЕ ВЕНА КОНГРЕСІ 
 
Консулдық  жəне  І  империя  жылдарында  наполеондық  Франция 
Еуропаның  мемлекеттерімен  толассыз  қантөгіс  соғыстарын  жүргізді. 
Наполеонның  əскери  диктатурасының  орнауымен  буржуазиялық 
Францияның  Еуропаның  феодалдық-монархиялық  мемлекеттерімен 
жүргізген  соғыстарының  сипаты  да  өзгерді.  Францияның  ұлт-азаттық 
соғыстары  енді  басқыншылық,  контрреволюциялық  соғысқа  айналды. 
Еуропаның  басып  алынған  елдерінде  жəне  Францияға  тəуелді 
мемлекеттерінде Наполеон оларды француз тауарлары үшін тұтынушы 
нарығына  жəне  Франция  өнеркəсібі  үшін  оларды  шикізат  көзіне 
айналдырды.  Тəуелсіз  мемлекеттерде  француз  буржуазиясының 
мүддесін орындау мақсатында өздерінің экономикалық дамуы тежелді. 
Себебі  тиімсіз  сауда  келісімдерін  жасау  жəне  күштеп  француз 
тауарларына  монополиялық  бағалардың  қойылуы  сөзсіз  өзінің  кері 
əсерін тигізді.  
Наполеон  соғыстарының  басты  мақсаты  Францияның  Еуропада 
əскери-саяси 
жəне 
сауда-өнеркəсіптерін 
иелену 
еді. 
Əскери 
жетістіктер  бұдан  да  басқа  жаңа  жоспарларға  ұмтылдырды,  яғни 
Францияның  еуропалық  жəне  дүниежүзілік  үстемдігін  орнату. 
Антифранцуздық  коалицияға  кірген  Англия,  Ресей,  Австрия,  Пруссия 
мемлекеттері  тек  Францияның  үстемдігін  орнатуына  қарсы  шыққан 
жоқ, сонымен бірге олардың өздерінің агрессиялық мақсаттары болды. 
Бұл  мемлекеттердің  арасында  біршама  қайшылықтар  да  болды.  Ресей 
мен  Австрия  Балкандағы  иелікке  ұмтылса,  Австрия  мен  Пруссия 
герман  жерлерінде  үстемдікке  ұмтылды.  Ал  Наполеон  Бонапарт  болса 
мұндай  мемлекеттер  арасындағы  қайшылықтарды  өте  тиімді 
пайдалана  алды.  Халықаралық  қатынастардың  ортасында  басты  назар 
екі 
капиталистік 
мемлекеттердің 
Англия 
мен 
Францияның 
экономикалық жəне саяси бақталастығында болды. 
1800  жылы  француз  буржуазиясына  қарсы  құрылған  феодалдық 
еуропалық  мемлекеттердің  ІІ-ші  коалициясы  сыртқы  қайшылықтардан 
ыдырады.  Наполеон диктатурасының  бекінуіне  оның  жеңістері  көп 
көмектесті.  Бірінші  консул болысымен  -  ақ  ол  Францияның  барлық  күш  — 
қуатын  басқыншыларға  қарсы  жұмылдырды.  1800  жылы  14  маусымда 
Наполеон армиясын Альпі тауларының биік асуларынан алып өтіп, 
Солтүстік  Италиядағы  Маренго  деген  жерде Австрияның  үлкен 
армиясын жеңген еді. Ресей соғыстан шықты. Австрия да соғыстан шығып, 
бітімге  келісті.  1801  жылы  Ресеймен  жəне  Австриямен  бейбіт  бітім 
жасалды.  Бітім  бойынша  Австрия  Рейннің  солтүстік  жағалауын  жəне 
Бельгияда  Францияның  үстемдігін  мойындады.  Австрия  мен  Ресей 
француз  өкіметінің  Италияда  жүргізген  ұстанымын  мойындады. 


67 
 
Францияның билігі Италияның барлық аумағына, герман мемлекеттерінің 
бөлігіне, Бельгия, Голландияға тарады.  
1802 жылы Амьенде Англиямен бейбіт бітім жасасты, бірақ бұл бітім 
əлсіз  болды.  Өйткені  Англия  Франциямен  сауда  келісімін  жасаспақшы 
болды.  Оның  негізінде  күшті  ағылшын  буржуазиясы  үшін  тиімді  «еркін 
сауда»  ұстанымы  жатты,  бірақ  Наполеон  келіспеді.  Осы  кезде  ол  жаңа 
басқыншылық  соғыстарының  жоспарларын  жасады,  яғни  тек  Англияның 
əскери күшін талқандап қана қоймай, оның отарларын жаулап алып, оны 
еуропалық нарықтан ығыстырып, Еуропадағы саяси беделінен айыру еді.  
Англия  мен  Франция  арасындағы  əскери  қимылдар  1803  жылы 
қалыптаса  бастады.  Ағылшын  жағалауларына  Наполеон  өз  десанттарын 
дайындай бастады. Наполеонның басқыншылық саясаты Ресейге де қауіп 
төндірді.  1805  жылы  Наполеондық  Францияға  қарсы  3-одақ  құрылды. 
Оған  Англия,  Ресей,  Австрия  жəне  Неаполитан  княздігі  кірді.  3-одақпен 
басталған  соғыс  Франция  үшін  сəтсіз  болды.  1805  жылы  21  қазанда 
Трафальгар  мүйісінің  жанындағы  шайқаста  адмирал  Нельсон  басқарған 
ағылшын  флоты  франко-испан  флотын  қиратты.  Англия  осыдан  кейін 
Наполеон үшін тіс батпайтын елге айналды. 
Алайда  құрлықта  Наполеон  1805  жылы  желтоқсанда  Аустерлиц 
түбінде Австрия  мен  Ресей  империяларының  біріккен  армиясын  асқан 
шеберлікпен жеңіп шықты. Наполеон сол жеңісті мақтан етіп, одан кейінгі 
сəтті  шайқастарын бастарда,  «Міне  тағы  да  Аустерлиц  таңы  атып  келеді» 
дейтін еді. Австрия мен Франция арасында бітімге қол қойылды. Осы бітім 
бойынша Австрия Наполеонды Италия королі деп мойындады, контрибуция 
төледі.  Австрия  Наполеонға  Венеция,  Истрия,  Далмацияны  берді. 
Неаполитан  тағына  Наполеон  өзінің  бауыры  Жозефті  отырғызды.  Басқа 
бауыры  –  Людовик  1806  жылы  вассалды  Голландияның  королі  болды. 
Француз  үкіметі  өзінің  позициясын  Оңтүстік  жəне  Батыс  Германияда 
күшейтті.  1806  жылы  16  герман  мемлекеттерінде  Рейн  одағы  құрылып, 
Наполеон  Бонапарттың  протекторатында  болды.  1806  жылы  Наполеон 
қуатты империя құрды, оның билігі Рейннің батысында ғана емес, Рейн мен 
Эльба өзендерінің арасында, Италия толығымен бағынды, енді ол Балканға 
кіруді көздеді. 
Австрия  талқандалғаннан  кейін  1806  жылы  Ресей,  Англия,  Пруссия, 
Швеция  Наполеонға  қарсы  4-одақты  құрды.  Бұған  дейін Пруссия  бірде-бір 
одаққа  кірмеген  болатын,  енді  Австрияның  əскери  жеңілісін  пайдаланып, 
өзінің үстемдігін Германияның солтүстігінде орнатпақшы болды. Йена жəне 
Ауэрштедт  жерлерінде  болған  шайқаста  Пруссия  тағдыры  шешілді. 
Наполеон Пруссияны жеңіп, бір ай ішінде бүкіл елді басып алды. 1806 жылы 
21  қарашада  Берлинде Наполеон  «континенттік  блокада»  туралы  декретке 
қол  қойды.  Барлық  Францияға  тəуелді елдерге  Англиямен  сауда  жасауға 
тыйым  салынды.  Декретті  бұзушылар  қатаң  жазаланды.  Бонапарт 
Англияны блокадамен 
тұншықтырмақшы 
болды, 
яғни 
Англияның 
экономикалық  қуаттылығын  қиратуды  көздеді.  Бірақ  бұл  бос  қиял  еді.  Бұл 
блокада  қайта  еуропалық  елдердің  экономикасы үшін ауыр  болды.  Француз 


68 
 
өнеркəсібі  ағылшын  өнеркəсібінің  арзан  жəне  жоғары  сапалы  тауарларын 
ауыстыра  алмады,  тіпті  француз  өнеркəсібінің  өзі  ағылшын  өнеркəсібінің 
бұйымдары мен шикізатынсыз дамуының мүмкін еместігін көрсетті.  
1806  жылы  Пруссияның  жеңілуімен,  Наполеон  одақтастарды  толық 
жеңген  жоқ  болатын.  Ресей  соғысты  жалғастыра  берді.  1807 жылы  Шығыс 
Пруссиядағы 
Прейсиш 

Эйлау 
жəне 
Фридланд 
қалалары 
түбіндегі шайқастарда  Наполеон  Ресей  армияларына  екі  дүркін  соққы 
берді.  1807  жылы  7  шілдеде  Франция  мен  Ресей  өзара  Тильзит  бітіміне 
қол  қойып,  одақ  құрды.    Александр  І  Англиядан  қол  үзіп,  Францияның 
басып алған жерлерін мойындады. Ресей болса Түркия мен Швецияға қарсы 
еркін қимылдар жасай алатын болды. Осы жерде бір мезгілде франко-прусс 
бейбіт бітіміне де қол қойылды.  
Тильзит бітімі бойынша Наполеон Пруссия княздігін біржолата жойып, 
орнына  Францияға  тəуелді  бірнеше  мемлекеттер  құрмақшы  болды.  Ресей 
бұған  келіспеді,  ал  Наполеон  оған  Польша  жерлерін  беруді  ұсынды. 
Пруссия  княздігі  сақталды,  бірақ  азайтылған  түрде.  Оның  аумағынан 
Вестфаль  княздігі  құрылды  (ол  Наполеонның  бауыры  Жеромға  берілді). 
Пруссия  континенталды  блокадаға  қосылды.  Еуропадағы  жаңа  күштердің 
ара  салмағы  қалыптасты.  Келісім  бойынша  Еуропада  екі  қуатты 
державаның үстемдігі қарастырылды. Тильзит бітімі əлсіз болды. Наполеон 
Еуропада  үстемдік  орната  алмағандығымен  келісе  алмады,  орыс  өкіметі 
Франция  тарапынан  ылғи  да  əскери  қауіпсіздікті  сезсе  де,  Еуропадағы 
өзінің  ықпалының  əлсірегендігімен  келіспеді.  Сондай-ақ  континенталды 
блокада Ресей империясының экономикасына қатты соққы болды.  
1807  жылы  Наполеон  əскері  Португалияны  басып  алды.  1808  жылы 
Испанияны  жаулады.  Бірақта  француз  басқыншыларына  қарсы  бүкіл 
Испания халқы көтерілді. Ұлт-азаттық көтерілістер бүкіл түбекті қамтыды. 
1800-1807 
жылдардағы 
Наполеон 
соғыстары 
Францияның  
революциялық соғыстарының 
жалғасы 
болып 
табылады. 
Олар 
еуропалық коалициялар  шапқыншылығынан қорғану  соғыстары  деп  атауға 
болатын  еді.  Бұл  кездегі  Наполеон  армиясының  жорықтарын  Еуропа 
халықтары революциялық  феодализмге  қарсы  жорықтар  деп  түсінді. 
Италия  мен Германияда,  тағы  басқа  елдерде  феодалдық  тəртіп  жойылып, 
буржуазиялық  қатынастарға  жол  ашылды,  Наполеон  кодекстері  енгізілді. 
Бұл  жетістіктер  кездейсоқ  емес,  оның  алғышарттарын революция  жасаған 
болатын.  Француз  армиясы  бас  бостандығы  мен  меншігі үшін  күресетін 
ерікті  шаруалардан  тұратын.  Ал  оларға  қарсы  армиялардың көпшілігінде 
басыбайлы шаруалар солдат болды.  
Революция жаңа соғыс стратегиясы мен тактикасын тудырса, Наполеон 
оны жетілдірді.  Бұрынғы  əлсіз  əскери  шептердің  орнына Наполеон  шебер 
қимылдайтын  икемді,  атқыштар  жасағын  енгізген болатын.  Шайқаста  атты 
əскер  мен  артилерия,  жаяу əскер  қимылдарын  үйлестіре қолдану  ісін 
жоғары  шеберлікке  көтерді.  Шабуыл  мен  қорғануды,  əдіс-тəсілдер мен 
барлау 
жүргізуді 
соғыспен 
шебер 
үйлестірді. 
Солдаттарды 
көсемдердің жеңіске  деген  сенімділігі  жігерлендіре  түсті.  Алайда  біртіндеп 


69 
 
Наполеон соғыстары  мен  империя  саясаты  жауынгершілік,  тонаушылық 
сипат  ала бастады.  1808 жылы  Наполеон  Испанияны  өзіне  бағындыруды 
ойлады.  Испан  королі  ІV  Карлды  жəне  оның  мұрагерлерін  алдап  тұтынға 
түсіріп,  оның  орнына өз   ағасы  Жозеф   Бонапартты   отырғызды.   Испан 
халқы   Жозефке   бас игісі келмеді.  Басқыншыларға  қарсы ұлт  -  азаттық 
көтеріліс басталды. 
Сарагоса  қаласының  халқы  екі  айдай  берілмеді.  Əр  көше,  əр 
үй бекініске  айналды.  Сарагоса  түбінде  француздар  15  мың  солдатын 
жоғалтып,  қала  халқының  жартысынан  астамы  қаза  тапқан  соң  ғана,  басып 
ала алды. 
Испан  халқының  ұлт-азаттық  көтерілісі  Еуропаның  француз 
басқыншыларының  езгісіне  ұшырыған  басқа  да  халықтарының  бас 
көтеруіне  түрткі  болды.  Осы  кезден  бастап  Наполеонның  соғыстары 
революциялық,  антифеодалдық  сипатынан  айрыльш,  əділетсіз,  жаулап  алу 
соғысына  айналды. 1809 жылы Англия 5-одақты құрды. Оған Австрия ғана кіреді. 
1809 жылы  Наполеонның  қиын  жағдайын  пайдаланған  Австрия  тағы да 
соғыс  бастады.  1809  жылы  шілдеде  Ваграм  түбіндегі  соғыста  Наполеон 
тағы  да  жеңіске  жетіп,  Вена  қаласын  алды.    Австрия    империясы   
континенталды   
блокадаға   
қосылды.  
1809 
жылы 
қазанда 
Шенбрунн бейбіт  бітіміне  қол  қойылады.  Австрияның  барлық  жерлері 
Наполеонға қосылды.  
Англияны оқшауландыру мақсатын сылтау қылған Наполеон Бонапарт
Папа аймағын,  Голландияны, бүкіл  солтүстік теңіз жағалауын  басып алып, 
Еуропаның картасын  өз  еркіне  орай  қайта  пішті.  Голландия,  Неаполь, 
кейбір  германдық  мемлекеттердің  тағына  өз  туыстарын,  кейбір 
қолбасшыларын  отырғызды.  Бұл  кезде  империя  өз  қуаттының  шыңына 
жеткен сияқты еді. 1811 жылы Француз империясында 71 млн адам болды. 
Сонымен  бірге  тап  осы уақыттан  бастап  оның  ішкі əлсіреуінің  белгілері 
байқала  бастады.  1811  жылы  экономикалық  дағдарыс,  жұмыссыздық 
байқалды.  Ел  өнеркəсібінің  тоқырауы, шикізат  пен  өнім  сату  нарығының 
жетіспеушілігі  сезілді.  Континенталды блокададан  Англиядан  гөрі 
Францияның өзі көбірек зардап шекті. Еуропаның ірі порттарындағы сауда 
тоқтап  қалды.  Франция  халқы,  сол  сияқты  буржуазия  да  ұзаққа  созылған 
соғыстардан  мезі  болды.  Бүкіл  континентте  Наполеон империясының 
саясатына  наразылық  өте  түсті.  Тек  Ресей  ғана  дербестігін сақтап 
Англиямен саудасын жалғастырды, сөйтіп күш қуатын арттыра берді. Ресей 
тұрғанда 
Наполеонның 
Еуропаны 
толық 
билей 
алмайтындығы 
түсінікті болды.  
Табыс  пен  билік  басын  айландырған  Наполеон  1812  жылы  24 
маусымда Ресей жеріне жорыққа шықты. Орыс армиялары 600 шақырымдық 
майданға  созылған  үш  бөлімнен тұратын.  Генерал  М.  Барклай  де  Толли 
басқарған  бірінші  армия  Ковно-Вильно  қалалары  тұсында  болса,  П.И 
Багратионның  екінші  армиясы  Неман жəне  Буг  өзендерінің  аралығында 
тұрды,  ал  үшінші,  генерал  А.П  Тормасовтың армиясы  Киев  бағытын 
қорғады.  Орыс  əскеріндегі  200  мыңдай  қол  осылай үшке  бөлінсе, 


70 
 
Наполеонның  қарамағындағы  600  мыңдық  үлкен  армия  соғысты  жылдам 
қимыл, 
үлкен 
шайқаста 
шешуге 
ұмтылды. 
Орыс 
армиялары 
ондай шайқастан  бас  тартып,  қоршауға  түспей,  кері  шегіне  берді. 
Ақыры Багратионның  əскери  шеберлігінің  арқасында  бірінші  жəне  екінші 
армиялар  Смоленск  түбінде  қосылды.  Осы  арадағы  қақтығысудан  кейін 
қоршауға  қалу қаупі  төнгендіктен  Барклай  де  -  Толли  тағы  да  шегінуге 
бұйрық  берді. Смоленскі  алу  Наполеонның  үлкен  жеңісі  болды.  Мəскеуге 
жол ашылды. 
Соғыс  басталған  екі  айдан  бері  орыс армиясының  шегіне  беруі 
саяси басшылықты да, генералдарды да, халықты да толқытты. Барклай де 
-  Толлидің  тегі  шетелдік  болғандықтан  опасыздық жасауы  мүмкін  деген 
лақап  таралды.  Ақыры  Александр   I армия  басшылығына  Суворовтың 
шəкірті, үзеңгілесі М.И Кутузовты тағайындады. Жаудың күші əлі де басым 
болғандықтан  Кутузов  та  шегінуді  жалғастырды.  Ақыры,  Мəскеуге 110 
шақырым  қалғанда,  Бородино  ауылының  тұсында  ол  соғыстың  оданарғы 
барысын 
айқындауға 
тиісті 
шайқас 
ұйымдастыруға 
шешім 
қабылдады. Бородино  шайқасы  1812  жылы  26  тамызда  таңғы  сағат 
бесте басталды.  130  мың  орыс  армиясына  120  мың  француздар  шабуыл 
жасады.  Багратион  армиясы  6  сағат  бойы  Наполеонның  атақты 
қолбасшылары  Даву,  Ней,  Мюраттардың  жеті  шабуылына  төтеп  берді. 
Сегізінші  шабуылда Багратион  ауыр  жараланган  еді  (кейін  қаза  болды). 
Сол 
сəтте 
басшылықты 
қолға 
алған 
генерал 
Дохтуров 
болды. Шайқастың тағы бір шешуші кезеңі  Раевский  батареялары  үшін 
өткен  ұрыс  болды.  Үлкен  шығын,  қантөгіспен француздар  бұл  бекіністі 
алған  еді.  Алайда  селдіреп  қалған  жау  енді  шабуыл  жасауға  дəрменсіз  еді, 
сондықтан  Наполеон  өз  армиясына  шегінуге  бұйрық берді.  Сол  күні  кешке 
қарай  қансыраған  екі  армия  шайқасты  тоқтатты.  Оның  нəтижесінде 
Наполеон  шешуші  жеңіске  жете  алмады,  оның  армиясы  үлкен  шығынға 
ұшырады, 30 мың əскерінен, соның ішінде 49 генералынан айрылды. Орыс 
армиясы 
44,5 
мың 
адамнан 
айрылды. 
Кейін 
өз 
естелігінде 
Наполеон Бородино 
шайқасына 
мынандай 
баға 
берді: 
«Менің 
шайқастарымның  ішінде Мəскеу  түбіндегі  ең  қатты  қантөгісті  болды. 
Француздар  ол  шайқаста  жеңіске жете  алатындығын  көрсетсе,  орыстар 
жеңіс  бермейтіндігін  байқатты».  «Бұл  күн, - деп жазды  М.Кутузов, - орыс 
сарбаздарының  қайтпас  қайраттылығы  мен ерлігінің  мəңгілік  ескерткіші 
бола  алады.  Олардың əрқайсысы  жауға  берілмей сол  арада  өлуге  дайын 
болды». 
Соғыстың 
ертеңгі 
күні 
орыс 
армиясы 
ұйымдасқан 
түрде 
қырғын даласынан  шығысқа  қарай  шегінді.  1  қыркүйек  күні  Фили 
кыстағында М.Кутузов əскери кеңес өткізіп, жаңа шайқас өткіземіз бе, əлде 
Мəскеуді  жауға  береміз  бе  деген  мəселені  талқылауға  ұсынды.  Əрқилы 
пікірлер  айтылса  да, М.Кутузов  Мəскеуді  жауға  беріп,  шегінуге  шешім 
қабылдады.  «Мəскеуді жоғалтқанмен  Ресей  орнында  қалады.  Егер  біз 
армиядан  айырылсақ,  онда Мəскеу  де,  Ресей  де  құлдырайды»  -  деді ол.  2 
қыркүйекте  Наполеон  Мəскеуді алды. Француздар қалаға  кірісімен  онда 


71 
 
өрт  басталды.  Өрттің  күштілігі  соншалықты,  күн  мен  түннің айырмасы 
болмады.  Жеті  күннің ішінде  Мəскеу ғимараттарын  өрт  алды.  Француз 
солдаттары 
өртпен 
араласып, қарақшыларды ұстаумен əуре 

сараң болып, əскери тəртіптен айрыла бастады. Наполеон үшін бұл кезең 
жаман  түс  сияқты  көрінді. Мəскеуде отырып,  Александр  патшаның 
елшілерін  35 күн  күткен ол,  ақыры бас  иген орыс үкіметін көре  алмай,  кері 
қайтуға  бұйрық  берді.  Міне  сол  кезде  Ресей  армиясы Тарутино  мен 
Малоярославль  түбінде оңтүстікке қарай  беттеген  француздарға тойтарыс 
беріп,  оларды  өткен  шайқас  барысында  қирай  талқандалған Смоленск 
бағытында шегінуге мəжбүр етті.  
Орыстардың шабуылынан күн сайын жүздеп, мыңдап қырылған, аштық 
пен  аяздан  зардап  шеккен  Наполеонның  ұлы  армиясы  соңғы  соққыны 
шекарадағы Березина өзенінен өткенде алды. 
Орыс 
халқының 
Отан 
соғысы 
Наполеон 
жеңілмейді 
деген көзқарасты  жоққа  шығарды.  Ұлы  армияның  орыс  даласында 
күйреуі  бүкіл Еуропа  халықтарыныц  француздық езгіге қарсы  көтерілуіне 
түрткі болды. Германия мен Италияда, Голландияда, тағы басқа елдерде ұлт-
азаттық көтерілістер жалыны лаулай бастады. 
1813  жылы  көктемде  жаңа  6-шы  одақ  құрылды.  Оған  Англия,  Ресей, 
Швеция,  Пруссия,  Испания,  Португалия  кірді.  Наполеон  өзін  Австрия 
қолдайды  деп  сенді.  Ол  одақтастарына  қарсы  жаңа  армия  құра  бастайды. 
Наполеон  мен  6-коалиция  арасындағы  шешуші  шайқас  1813  жылдың  қазан 
айында  Лейпциг түбінде  болды.  Мұны  «халықтар  шайқасы»  деп  атады. 
Оған  бүкіл  одақтастар  əскері  қатысты.  Бұл  шайқаста  Наполеон 
біржолата  талқандалды.  Одақтастар  армиясы  1814  жылдың  басында 
Францияның  жеріне  кірді.  Елдің  ішінде  жағдай  ауыр  болды.  Енді 
буржуазия  Наполеонға  сенуді  қойды.  1814  жылы  жорық  ұзаққа 
созылмады.  1814  жылы  наурызда  одақтастар  Шомон  трактатына  қол 
қойды.  Наполеон өзінің ұлы үшін тақтан түспекші болды. Бірақ Еуропалық 
мемлекеттердің 
қысымымен 
Сенат 
француз 
тағына 
Бурбондар 
династиясынан  –  граф  Прованскийді  (ол  Людовик  ХVІ  бауыры) 
тағайындауды шешті жəне оны шақырып Людовик ХVІІІ деп өкімет басына 
отырғызды. Наполеон одақтастар келісімі бойынша Эльба аралына жіберілді. 
1814  жылы  30  мамырда  Париж  бітімі  болды.  Франция  жаулап  алынған 
жерлерінен  айырылды  жəне  1792  жылғы  шекараларына  дейін  қайтарылды. 
Келісім Венада халықаралық конгресті шақыруды қарастырды. 
1814  жылы  мамырда  Людовик  ХVІІІ  конституциялық  хартияны 
жариялады.  1814  жылғы  Хартия  бойынша  король  билігін  парламент  (екі 
палаталы)  шектеді.  Жоғары  палатаны  король  тағайындайды,  ал  төменгі 
палата  мүліктік  ценз  негізінде  сайланды.  Бұл  ірі  жер  иеленушілерге, 
дворяндарға,  ірі  буржуазияға  билік  берді.  Ал  ескі  француз  аристократтары 
жəне  дін  басылары  ескі  феодалдық  тəртіптің  орнатылуын  талап  етті.  20 
мыңдай наполеон  офицерлері  мен чиновниктерін босату  Бурбондарға қарсы 
наразылық  тудырды.  Онда  Наполеон  қайта  өкімет  басына  келсін  деген  
наразылықтар  туды.  Наполеон  осыны  пайдаланып  қайтадан  1815  жылы 


72 
 
наурызда ол 1100 жақтастарымен Францияның оңтүстігіне келіп түсті. Бүкіл 
халықтың,  қуанышты  қолдауымен  бір  де  бір  оқ  шығармастан  20 наурызда 
ол  Парижді  алды.  Бурбондар  қашып  үлгерді.  Наполеонның  жаңа билігі 
тек  жүз  күнғе  ғана  созылды.  Францияға  қарсы  жаңа    жетінші  коалиция 
құрылды. Оған  Англия,  Ресей,  Пруссия,  Австрия  кірді.  1815  жылы  18 
маусымда Ватерлоо түбінде Наполеонның соңғы шайқасы болды. Екінші 
рет  тақтан  бас  тартқан  Наполеон  Атлант  мұхитындағы Қасиетті  Еленаға 
жіберді, 1821 жылы Наполеон осында қайтыс болды.  
Францияға  Бурбондар  тағы  қайтып  келді,  бірақ  феодализм 
мен абсолютизмге,  ескілікке  жол  жабылды.  Бурбондар  1830  жылғы 
француз халқының екінші революциясында тақтан мəңгілікке тайдырылды. 
Наполеонның  жеңілуі  Еуропа  монархиясы  мен  халықтары  үшін 
де француз  революциясының  жеңілісі  деп  қабылданды.  Француз  езгісіне 
қарсы ерлікпен шайқасқан орыс, неміс, итальян  халықтары  өзінің құлдық-
қа, басыбайлыкка  қайта  түсуі  үшін  күрескен  болып  шықты.  Шынында 
бүкіл Еуропада  кертартпа  істер,  патшалар  мен  князьдердің  қайта  келуі, 
шаруалардың тəуелділігі, дарға асу мен түрмеге тығу, азаптау белең алды.  
Халықаралық  қатынастардың  Веналық  жүйесінің  қалыптасуы. 
Наполеонды  жеңгеннен  кейін  барлық  еуропалық  державалардың  өкілдері 
(Түркиядан басқасы)  Еуропада феодалдық  тəртіпті жəне наполеондық соғыс 
барысында  құлатылған  бірқатар  бұрынғы  əулеттерді  қайта  қалпына  келтіру 
мəселелеріне  байланысты  шешім  қабылдау  үшін  Австрия  астанасында 
жиналды. Бұл конгресс қатысушыларын тағы да бір ортақ міндет біріктірген 
еді – ол революциялық жəне демократиялық қозғалыстармен күрес. Сонымен 
қатар, конгресс Франциядағы бонапарттық тəртіптің қайта оралмауына жəне 
Еуропаны  жаулап  алу  əрекетінің  болмауына  тұрақты  кепілдікті  қамтамасыз 
етуі,  жеңімпаз  державалардың  аумақтық  дəмеленулерін  қанағаттандыруы 
қажет  болды.  Талейран  Венаға  келмей  тұрып-ақ  Франция  мүддесі 
тұрғысынан  қарағанда  «легитимизм  принципін»  ұсынудың  оңтайлы 
болатындығын  түсінген  болатын.  Бұл  принциптің  мəні  Еуропа  жерлерін 
қайта  бөлу  мен  аумақтық  шекараларды  өзгерту  барысында  революциялық 
соғыстар басталғанға дейінгі, яғни  1792 жылға дейінгі заңды негізде болған 
аумақты қалдыруы қажет болды.  
Конгресс  жұмысы  ішкі  қайшылықтардың  салдарынан  нəтижелі 
болмады. Сол кезде Талейран өзінің көздеген мақсатына жету үшін  жеңімпаз 
мемлекеттер  арасында  алауыздық  туындатып  отырды.  Франция  болса, 
Ресейдің  күшеюіне  кедергі  келтіруге  емес,  Францияның  тікелей  көршісі  əрі 
жауы  Пруссияның  күшеюіне  кедергі  жасауға  мүдделі  болды.  1815  жылы  3 
қаңтарында жасырын келісімге үш держава өкілдері қол қойды. Ол Ресей мен 
Пруссияға  қарсы  бағытталып,  Австрия,  Франция  жəне  Англияны  «егер 
жоғары  келісім  жасаған  жақтардың  біріне  бір  немесе  бірнеше  державалар 
тарапынан  қауіп  төнсе,  əрқайсысы  150  мың  солдаты  бар  армия  жіберу 
арқылы  бір-біріне  көмекке  келуге»  міндеттеді.  Үш  қатысушының  үшеуі  де 
қарсыластармен сепаратты бейбіт келісім жасаспауды міндетіне алды.  


73 
 
Вена конгресі Германияның саяси бытыраңқылығын бекітті. Александр, 
Меттерних секілді, Германияның феодалдық бөлшектелгенін бекіту жөн деп 
санады.  Англия  бұл  мəселеге  бейтарап  қарады,  ал  Пруссия  болса,  күреске 
араласқысы  келгенмен,  əлсіз  еді.  Вена  конгресі  өкілдерінің  барлық  ой 
шабыты  қатысушы  мемлекеттерде  күшейіп  келе  жатқан  буржуазия 
мүдделеріне  қандай  да  бір  жеңілдік  жасағысы  келмейтіндіктерін  дəлелдеді; 
неміс  халқының  Германияның  бірігуіне  артқан  үмітінің  күл-талқан  болуы 
кертартпа күштердің жеңісі еді. 
1815  жылы  9  маусымында  Вена  конгресінің  соңғы  жиналысы  болды, 
онда 121 баптан жəне 17 жеке қосымшадан тұратын «Қорытынды актіге» қол 
қойылды.  Бельгия  Голландияның  жаңа  короліне  сыйланды;  Данияға 
Шлезвигтен  басқа,  немістік  Гольштеин  берілді;  Австрияға  Ломбардия  мен 
Венецияның таза итальяндық халқы берілді; Германия 38 дербес мемлекетке 
бөлініп қала берді. Польша тағы да үш бөлікке бөлінді, оның үстіне бұрынғы 
Варшава  герцогтіғінің  жерінен  жаңа  Польша  корольдіғі  құрылды.  Познань, 
Гданьск (Данциг) жəне Торунь - Пруссияның, ал Бастыс Украина (Галиция) 
Австрияның иелігінде қалды. Краков қаласы, «оған қарасты облыспен бірге, 
Ресейдің,  Австрияның  жəне  Пруссияның  қамқорлығындағы  «мəңгілікке 
еркін, тəуелсіз жəне бейтарап қала» деп жарияланды. Қуатты екі еуропалық 
держава  –  Англия  мен  Ресей  Франциямен  ұзақ  мерзімді  соғыстан  едəуір 
нығайып,  күшейіп  шықты.  Англия  өзінің  бұрын  да  аз  болмаған  отарлық 
иеліктерін  кеңейтті.  Ол  өзінің  басты  бəсекелесі  –  Францияны  ығыстыру 
арқылы  толыққанды  «теңіз  иесі»  болып  қалды  жəне  басқа  елдерді  өзі 
орнатқан тонаушылық сипаттағы «теңіз құқығын» мойындауға мəжбүр етті.  
Негізгі саяси жəне аумақтық мəселелерді шешуден басқа, Вена конгресі 
Бас  трактатқа  қосымша  актілер  ретіндегі    бірқатар  арнайы  қосымша 
қаулылар қабылдады. Олардың ішінде 1815 жылы 8 ақпанында қол қойылған 
«Державалардың  негрлерді  сатуды  жою  жөніндегі  Декларациясы»,  1815 
жылы  19  наурызында  конгресс  қабылдаған  «Дипломатиялық  өкілдердің 
рангілері  туралы  Ереже»  маңызды  орын  алады.  Бұл  қаулы  ХVІІ  ғасырдың 
дипломатиялық  тəжірибесінде  əдетте  үлкендік  мəселесіне  қатысты  болатын 
шиеленістерді реттеді. Рангілер: 1) елші, папалық легат жəне нунций; 2) өкіл; 
3)  сенімді  өкіл  деп  белгіленді.  Кейінірек,  1818  жылы  бұл  үш  рангаға 
министр-резидент  рангісі  енгізілді,  ол  өкіл  мен  сенімді  өкілдің  арасынан 
орын алды. 
1814  жылы  Венаға  жиналған  жеңімпаз  мемлекет  билеушілері:  1) 
Франция  тарапынан  қайталануы  мүмкін  басқыншылыққа  қарсы  кепілдеме 
құру;  2)  өздерінің  жеке  аумақтық  мүдделерін  қанағаттандыру;  3)  ХVІІІ  ғ. 
француз буржуазиялық революциясының барлық салдарларын жою жəне ескі 
феодалдық-абсолюттік тəртіптерді барлық жерлерде қалпына келтіру сияқты 
үш негізгі мақсат қойды. 
Бірақ осы мақсаттардың тек алғашқысы ғана толығымен орындалды. Ал 
екіншіге  –  аумақтық  мүдделерін  қанағаттандыруға  келсек,  тек  бірқатар 
жеңімпаз  елдер  ғана  Франциямен  болған  ұзақ  та  қан  төгісті  соғыстан 
Еуропаның едəуір əлсіз елдерінің есебінен кеңейіп шықты. Вена конгресінің 


74 
 
үшінші  мақсаты  –  революциялық  бастауларды  жою  жəне  легитимизм 
қағидаттарын  толығымен  бекітуге  қатысушы-мемлекеттер  қол  жеткізе 
алмады.  Осылайша,  Еуропада  жəне  жалпы  əлемде  халықаралық 
қатынастардың  Веналық  деп  аталған  жаңа  жүйесі  орнатылып,  ол 
қатынастардың  жаңа  тəсілдері  мен  нысандарын  бекітті  жəне  құрлықтағы 
қарама-қайшылықтарға жаңа түйін салды. 
 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Наполеон соғыстарының басты мақсаты қандай еді? 
2. Тильзит бітімі бойынша мəселе қалай шешілді? 
3. Наполеонның 1812 жылғы Ресей жеріне жорығы қалай өтті? 
4. 1814 ж. мамырдағы Людовик ХVІІІ конституциялық хартиясының мəні. 
5. Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесі қалай қалыптасты? 
 
Өзіндік жұмыс тақырыбы
1. Наполеон соғыстарының сипаты. Наполеон империясының күйреу себептері. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет