Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет32/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53
Байланысты:
treatise12053

«Жоғарыдан»  соғыс  жолымен  біріктірудің  басталуы.  Солтүстік 
германдық  одақ.  Герман  буржуазиялық  прогрессистерінің  батылсыздығы, 
сонымен  қатар  60-жылдардың  басындағы  жұмысшы  қозғалысының  арта 
түсуі  Бисмаркты  «темір  жəне  қан»  жолымен  сол  кездегі    маңызды  мəселені 
шешуге  итермеледі.  Бисмарк  Пруссия  айналасындағы  жерлерді  біріктіруді 
сол  кезде  Дания  құрамына  кірген  Шлезвиг  пен  Гольштейнді  Пруссияға 
қосудан бастады.  
1852  жылы  Лондон  хаттамасы  бойынша  Данияның  аумақтық 
тұтастығына кепілдік берген ұлы державалардың қатарындағы Франция мен 
Ресей  бұған  төтеп  бере  аламады.  Франция  мексикандық  экспедицияда 
сəтсіздікке ұшырады. Ресей болса, Қырым соғысынан кейін жалпыеуропалық 
істерде  уақытша  өз  беделін  жоғалтты.  Оған  қоса,  Ресейдің  жағдайы  1863 
жылы  Польшада  басталған  көтеріліске  байланысты  қиындады.  Австриямен 
уақыттан  бұрын  шиеленісті  болдырмау  үшін  Бисмарк  оған  бірігіп  əрекет 
жасауды ұсынды. 
1864  жылдың  басында  австро-прусс  əскерлері  Данияға  қарсы  соғысты 
бастайды;  ол  бірнеше  айдан  соң  Шлезвиг  жəне  Гольштейнді  тартып 
алынуымен аяқталады. Австрия мен Пруссия арасында табысты бөліске салу 
бойынша  ұзаққа  созылған  келіссөздер  басталады,  олар  1865  жылы  Гаштейн 
конвенциясымен аяқталды. Пруссия Шлезвиг пен Лауенберг герцогтықтарын 
өз  басқаруына  алды,  ал  Австрия  Гольштейнді  алды.  Гаштейн  Конвенциясы 
Пруссия  жəне  Австрия  арасындағы  қайшылықтарды    жоя  алмады.  Пруссия 
Австриядан  Гольштейнді  алуды,  оны  əлсірете  отырып  Герман  Одағынан 
біржолата  ығыстыруды  көздеді.  Бұл  мақсатына  жету  үшін  Бисмарк  əрине 
басқа  мемлекеттер  тарапынан  қарсылық  көретінін  түсініп,  алдын  ала 
олардың бейтараптығына қол жеткізуге тырысып бақты. 
1866  жылы  8  сəуірде  прусс-итальян  келісімшартына  қол  қойылды. 
Италияның  Австриямен  соғыста  Венецияны  өзіне  қосып  алуына  Бисмарк 
қарсы емес екендігін айтты.  
1866  жылы  маусым  айында  прусс  əскері  Гольштейнге  басып  кірді.  16 
маусымда прусс əскері Ганновер, Гессен,  Саксонияға басып кіріп, Австрияға 
шабуыл  жасады.Австрия  күтпеген  басқыншылық  соғысына  дайын 
болмағандықтан,  олар  прусс  шапқыншылығына  төтеп  бере  алмады. 
Австриялықтарды  тас-талқан  еткен  шешуші  шайқас  Садаво  түбінде 
Богемияда  болды.  Бұл  жерде,  3  шілдеде  Австрияға  толық  жеңіліс  əкелген 
басты шайқас болды.  


128 
 
1866  жылы  23  тамызда  Прагада  қорытынды  бейбіт  бітіміне  қол 
қойылды.  Австрия Герман  Одағынан  біржолата  шығады.    Сонымен  Австро-
Пруссия  соғысы  аяқталды,  дегенмен  де  Пруссия  маңайында  барлық 
Германия  мемлекеттерін  біріктіру  жоспары  əлі  аяқталған  жоқ  еді.  Ендігі 
кезекте Пруссия мен Франция арасындағы үшінші соғыс тұр еді.  
1870  жылы  20  шілдеде  Франция  Пруссияға  қарсы  соғыс  жариялау 
туралы  декларациясын  қабылдады.    1870  жылы  4  тамызда  герман  əскерлері 
ортақ  шабуылын  бастады.  Франция  бірден  сəтсіздікке  ұшырап  отырды. 
Соғыстың басында-ақ, Франция үш шекаралық шайқастарда жеңіліс тапты.  
1871 жылы 10 мамырында Франция мен Германия арасында Франкфурт 
бейбіт  келісім-шартына  қол  қойылады.  Франция  Эльзас  пен  Лотарингия 
аймақтарының  берілгендігін  мойындады  жəне    5  млн.  франк  контрибуция 
төлейтін болды.  Франко-прусс соғысы Еуропа картасын ғана емес, сонымен 
қатар  күштер  ара-салмағын  да  өзгертті.  Еуропаның  ортасында  көлемі 
жағынан шағын  Пруссияның орнына үлкен жəне мықты Германия мемлекеті 
пайда болды.  
1871  жылы  18  қаңтарында  өз  кезінде  француз  корольдеріне  қызмет 
еткен  Версаль  сарайында  Пруссия  королі  І  Вильгелм  Германияның 
императоры  болып  жарияланды.  1871  жылы  сəуірде  елдің  федеративтік 
мемлекеттік  құрылымын  бекітуші  Германияның  Атазаңы  қабылданады.  
Германияның бірігуі аяқталды.  
 
 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Германиядағы аграрлық қатынастардың қалыптасу барысы? 
2. Екі силезиялық соғыс нəтижесі? 
3. «Ағартушылық абсолютизмі» деген атау қабылданған кезең? 
4. Ауыр өнеркəсіптің дамуына тоқталып өтсеңіз? 
5. Пруссиядағы революциялық қозғалыстың орын алуы? 
 
Өзіндік жұмыс тақырыбы
1. Бисмарк саясатының маңыздылығы 
 
 
 
 


129 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет