Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет33/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53
Байланысты:
treatise12053

10-ТАҚЫРЫПХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ИТАЛИЯ МЕМЛЕКЕТІ  
 
20-40-жылдардағы  Италияның  экономикалық  дамуы.  1814-15 
жылдардағы Вена конгресі Италияның саяси бытыраңқылығын бекітті. Енді 
Италия  8  дербес  мемлекетке  бөлінді.  Италияда  Наполеон  тəртібі 
жойылғаннан кейін монархиялық тəртіптер қайта орнады. Франция үстемдігі 
шын мəнінде Австрия империясының үстемдігімен алмасты. Сөйтіп Австрия 
Италияның ең бай, неғұрлым дамыған жерлері Венеция аумағына ие болды. 
Сонымен  бірге  Австрияның  қол  астында  Орталық  Италия  мемлекеттері 
болды.  Парма,  Мадена  мемлекеттерінің  басында  Австрия  империясының 
жақын  туыстары  отырды.  Австрия  Папа  мемлекеттерінің  бірқатар 
қалаларында əскери гарнизон ұстау құқына ие болды.  
Ал  Неаполитан  корольдігін  оның  армиясын  Австрия  генералы 
басқаратындай  одақтық  шарт  жасауға  мəжбүр  етті.  Сонымен  Италияның 
барлық  мемлекеттері  (Сардиния  корольдігінен  басқасы)  азды-көпті 
Австрияға тəуелді болып шықты. Əсіресе Австрияның билігі Ломбардия мен 
Венецияда  күшті  болды.  Мұнда  əруақытта  мыңдаған  Австрия  армиясы 
тұрды. 
Сот, 
əкімшілік 
жəне 
тағы 
басқа 
биліктер 
австриялық 
губернаторлардың  қолында  болды.  Австрия  Ломбардия  мен  Венецияны 
үздіксіз тонап отырды.  
ХІХ  ғасырдың  І-жартысында  Италия  аграрлы  ел  болды.  Халықтың 
көпшілік  бөлігін  шаруалар  құрады.  Олар  дворяндар,  шіркеу,  буржуазия 
жерлерін  жалға  алуға  мəжбүр  болды.  Жалға  беру  шарттарын  орындау 
барысында  шаруалар  ұзақ  уақыт  жер  иеленушілерге  тəуелді  болды.  20-
жылдардың  ортасында  Италияда  экономикалық  өрлеу  басталып,  30-40-
жылдары  жылдамдатылды.  Ол  өнеркəсіпті,  ауылшаруашылығын  қамтып, 
əсіресе  елдің  Солтүстігінде  капиталистік  қатынастың  нығаюына  мүмкіндік 
жасады.  Үлкен  жетістіктерге  жібек  шаруашылығы  жетті.  Италия  еуропалық 
елдерге  жібек  өнімдерін  шығаратын  басты  елге  айналды,  əсіресе  Англияға. 
Пьемонта  мен  Ломбардияда  дворян  жериеленушілердің  бір  бөлігі 
буржуазияға  айнала  бастады,  осындай  дворяндар  өз  иеліктерінде 
капиталистік  түрдегі  шаруашылықтар  жүргізіп,  жер  өңдеу  тəсілдерін 
жақсартып,  ауылшаруашылық  өнімдерін  саудаға  қоса  бастады.  Осы  екі 
солтүстік  аудандарда  ауылшаруашылығында  жұмысшылардың  жұмысы 
кеңінен қолданылды.  
Өнеркəсіпте  де  белгілі  бір  алға  жылжулар  болды.  Оның  өнімдерінің 
мөлшері  көбейді,  ең  алдымен  жібек  жіп  иіретін  орталықтанған 
мануфактуралар  саны  өсті,  өнеркəсіптің  жаңа  салалары  пайда  болды.  1818-
1821  жылдары  Ломбардияда  тұңғыш  рет  4  механикалық  тоқыма  станок 
(Жаккарда француздық жүйе) қолданылса, 1847 жылы олардың саны 850-ден 
астам болды. Осының нəтижесінде елде алғаш машина жасау шеберханалары 
пайда болды. 40-жылдардың аяғына қарай пайдаланылған барлық машиналар 
судың  көмегімен  қозғалысқа  қосылды.  Италияда  көмір  жəне  темір 
рудаларының жетіспеушілігі металлургияның дамуына кедергі болды.  


130 
 
40-жылдары  Италияда  теміржол  салу  құрылысы  дамыды.  1839  жылы 
Неаполь-Портичи  алғашқы  қысқа  линиясынан  кейін,  Милан-Венеция,  
Ливорно-Пиза, турин-Монкальери жəне тағы басқа жолдар салынды. Италия 
мемлекетінің сыртқы саудасы 1830-40 жылдары екі есеге өсті.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет