Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет34/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53
Байланысты:
treatise12053

1831  жылғы  Орталық  Италиядағы  революция.  Италиядағы  1820-
1821  жылдардағы  революция  басып  тасталғаннан  кейін  елде  қатаң  бақылау 
орнатылды.  Паптық  мемлекетте  бір  соттың  шешімімен  500-ден  астам  адам 
сотталған. 1822-1828 жылдары Неаполь мен Рим өкіметі 60 революционерге 
таяуды  жазалады.  Бірақта  құпия  қозғалыстарды  басып  тастай  алмады. 
Көтерілісті  қайта  жандандыру  үшін  жаңа  əрекеттер  жасалды.  1831  жылы 
ақпанда  Моден  мен  Пармада  көтеріліс  басталды.  Революция  басында 
жетістіктерге  жетті.  Болоньеде  құрылған  уақытша  өкімет  жəне  көтеріліске 
шыққан  басқа  қалалардың  өкілдері  шіркеу  папасының  билігінің 
жойылғандығын  жəне  Папа  иелігіндегі  жаңа  мемлекеттік  құрылым  жөнінде 
мəселені  шешу  үшін  Құрылтай  жиналысын  шақыруды  жариялады.  Бірақта 
билік  басындағы  либерал-буржуазия  өкілдері  Парма  мен  Модена 
көтерілісшілерімен  біріккен  күрес  ұйымдастыру  үшін  ешқандай  шаралар 
жүргізбеді.    Наурыз  айының  аяғында  Австрия  армиясы  елге  кіре  отырып 
əлсіз революция əскерінің қарсылығын басып тастады. 
Енді  елдегі  азаттық  қозғалысының  бағдарламасы  мен  тəсілін  өзгерту 
керектігін  түсініп,  бұл  міндетті  орындауды  30-жылдардың  басындағы 
қалыптасқан  демократиялық  ағымның  басшысы  Джузеппе  Мадзини  (1805-
1872  жж.)  өзіне  алды.  1831  жылы  Марсельде  (жүздеген  итальян 
қуғындалушыларын біріктірген)  құпия «Жас Италия» ұйымын құрды. Оның 
мақсаты Италияның бытыраңқылығын жою жəне оны «Альпіден Сицилияға 
дейін  біріктіріп,  біріккен  біртұтас  мемлекет  құру,  астанасы  Рим  қаласы 
болады.  Ұлттық  тəуелсіздік  жолындағы  күресте  «Жас  Италия»  ұйымы  зор 
роль  атқарды.  Мадзини  итальяндықтарды  жергілікті  мүддені  жалпы  ұлттық 
мүддеге  айналдыруға  шақырды.  Ол:  «Провинциялық  идеялардан  аулақ 
болыңдар. 
Пьемонттықтар 
болмаңдар, 
тоскандықтар 
болмаңдар, 
романольдықтар болмаңдар, – италияндықтар болыңдар»-деді. 
Бірлік пен ұлттық тəуелсіздік талаптарымен қатар «Жас Италия» ұйымы 
республика  орнатуды  талап  етті.  Бұл  талаптар  Конституциялық  монархия 
орнатқысы келген буржуазия мен либералдық дворяндардың талабына əрине 
қайшы  келді.  Мадзини  ұсынған  бағдарламасының  басқа  талаптары: 
азаматтардың  заң  алдындағы  теңдігі,  саяси  бостандық,  жалпыға  бірдей 
сайлау құқы болды. 
  «Жас 
Италия»  ұйымының  басқа  құпия  қоғамдардан  басты 
айырмашылығы бұл ұйым Италияның ұлт-азаттық қозғалысында тұңғыш рет 
революциядағы  басты  жəне  шешуші  күш  ретінде  халыққа  сенім  артуында 
еді.  Бірақта  жаңа  ұйымның  бағдарламаларында  өте  көптеген  қарама-
қайшылықтар  болды.  Сонымен  бірге  Мадзини  ұлт-азаттық  қозғалысында 
халықтың  атқаратын  шешуші  рөлін  біле  тұрса  да,  ұлттық  қозғалыс 
«төмендегілердің» таптық күресіне айналады деп қауіптенді. 


131 
 
Бұқараны  материалдық  жағынан  ынталандыру  керектігін  мойындай 
отырып,  Мадзини  феодалдық  меншікті  жою  жөнінде  мəселе  қоймады. 
Мұндай  ұстаным,  əрине,  «Жас  Италияның»  шаруалармен  жақындасуына 
негіз  бола  алмады.  Мадзини  бұқарамен  байланыста  болмағандықтан  ол  аз 
ғана,  бір  топ  революционерлердің  астыртын  əрекеті  арқылы  өкімет  басына 
келуге тырысты. Мадзини қозғалысының орталығы Пьемонт пен Ломбардия 
болды.  1834  жылы  Мадзинидің  басшылығымен  Сардиния  корольдігіне 
əскери  экспедицияға  шығуға  əзірлік  жасалды.  Ол  елдегі  жалпы  көтеріліске 
белгі  болуы  керек  еді.  Бұл  экспедицияға  Италияның  халық  батыры 
Гарибальди  қатысты.  Бірақ  бұл  экспедиция  сəтсіздікке  ұшырады.  Мадзини 
шетелге  кетуге  мəжбүр  болды.  Ол  Женеваға,  сосын  Лондонға  барып,  сол 
жерден көтеріліске басшылық ете берді. Өлім жазасына кесілген Гарибальди 
де Италиядан кетуге мəжбүр болып, 1836-1848 жылдары Оңтүстік Америкада 
Латын  Америка  халықтарының  бостандығы  мен  тəуелсіздігі  жолында  күрес 
жүргізді.  
Бұдан кейінгі жылдарда көтеріліс Сицилияда, Папа мемлекетінде болды. 
30-шы, 40-шы жылдардағы мадзинистердің бас көтерулері «Жас Италияның» 
ұйымдық  жəне  саяси  жағынан  əлсіздігін  көрсетті.  Халық  қолдауынан  қол 
үзген  бұл  көтерілістер,  əрине,  сəтсіздікке  ұшыраған  еді.  Дегенмен  «Жас 
Италия»  жасаған  үгіт-насихат  итальяндықтардың  ұлттық  сана-сезімінің 
дамуына  түрткі  болды,  олардың  көбі  азаттық  қозғалыстың  басты  мақсаты 
елді біріктіру қажеттігін түсінді.  
«Жас  Италия»  ұйымының  жіберген  қателіктері  мен  сəтсіздіктерін 
буржуазияның  либералдық  ағымы  пайдаланып  қалды.  Олар  күрестің 
революциялық  əдістеріне  қарсы  шықты.  Олар  Италия  мемлекеттерінің 
басшыларын  реформа  жасауға  көндіруге  тырысты.  Либералдардың  саяси 
көзқарастары  Винченцо  Джобертидің  шығармаларында  айқын  бейнеленді.  
Джоберти  Италияны  біріктіру  мен  азат  ету  ісін  Папа  өз  қолына  алуы  керек 
деп санады. 1846-47 жылдары феодалдық-абсолюттік тəртіптерге наразылық 
жəне Италияны Австрия езгісінен азат етуге ұмтылушылық қалың қоғамдық 
топтарды  қамтыды.  Италияда  революцияның  алғы  шарттарының  қалыптасу 
белгілері  байқалды.  1845-46  жылдардағы  егіннің  шықпай  қалуы,  сонан  соң 
Еуропадағы өнеркəсіп жəне сауда дағдарысы, осының салдарынан туындаған 
банкрот пен жұмыссыздық əрине революциялық дүмпуді тездетті. 
Революцияның І кезеңі (қаңтар-тамыз 1848 жылыТəуелсіздік үшін 
соғыс.  1848  жылғы  12  қаңтарда  Сицилияда  итальян  революциясының 
бастамасы  болған  көтеріліс  бұрқ  ете  түсті.  Себебі  феодалдық  қаналу 
Италияның басқа мемлекеттеріне қарағанда Сицилияда өте күшті болған еді. 
Оның  себебі  Сицилияда  Бурбондар  династиясы  үстемдік  құрғандықтан  ол 
отарлық  жағдайда  еді.  Көтеріліс  Неаполитиан  Бурбондарының  саясатына 
жауап  ретінде  бұрқ  ете  түсті.  Көтерілісшілер  Бурбондар  династиясын 
құлатуды,  автономияны  жеңіп  алуды,  Неаполитиан  корольдігінен  бөлініп 
шығуды талап етті. Палермо тұрғындары екі аптаға жуық корольдің 10 мың 
əскерімен  шайқасып,  əскердің  шегінуіне  қол  жеткізді.  Мессина  бекінісінен 
басқа барлық арал көтерілісшілердің қолына өтті.  


132 
 
Үкімет  басына  Уақытша  үкімет  келді.  Палермода  уақытша  үкіметті 
басқарған  либералды  буржуазия  1812  жылғы  сицилиялық  конституцияны 
қалпына  келтіргісі  келді.  Конституция  бойынша  Сицилияға  автономия 
берілді,  саяси  тұтқындарға  амнистия  жасалды.  Конституция  бойынша 
Парламент екі палатадан: Пэр палатасы жəне депутаттар палатасынан тұрды. 
Депутаттар палатасы сайланды, ал пэр палатасын король тағайындайтын еді.  
Сицилиядағы  оқиғадан  кейін  көтеріліс  көрші  Неаполь  ауданында  да 
басталды. Астананың өзін демонстрациялар жайлап алды, король Фердинанд 
ІІ  саяси  тұтқындарды  азат  ете  бастады,  Конституция  жариялайтындығын 
айтты.  Революцияның  жалғасы  болып  табылған  оңтүстіктегі  қоғамдық 
қозғалыстың  басты  ұраны  көптеген  итальян  мемлекетінің  конституциясын 
енгізу еді. Либералды буржуазияның жəне күшті халық манифестациясының 
қысымымен  Тосканда,  Сардин  корольдігінде  жəне  Паптық  мемлекеттерде 
ақпан-наурыз  айларында  конституция  енгізілді.  1848  жылы  17  ақпанда  ұлы 
Герцог  Тасканский  Конституцияны  жариялады.  1848  жылы  4  наурызда 
Сардин королі Карл Альберт те Конституция жариялады. 15 наурызда Папа 
облысында Конституция жарияланды. 
Бұл Конституцияның бəрі 1830 жылғы француз конституциясы үлгісінде 
жасалып,  шектеулі  сипатқа  ие  болды.  Бұл  мемлекеттердің  үкіметтері 
Конституцияны енгізу арқылы революцияны болдырмауға тырысты. Алайда 
революцияның 
болатындығында 
сөз 
жоқ 
еді. 
Париждегі 
ақпан 
революциясынан  кейін,  Австриядағы  наурыз  революциясынан  кейін  жаңа 
революциялық  толқын  бүкіл  Италияға  тарады.  Венадағы  көтеріліс  туралы 
хабар, Метернихтың қашуы, Австрияда. 1848 жылы 17 наурызда Венецияда 
күшті демонстрация болды: демонстранттар саяси тұтқындарды босатты. 18 
наурызда  Миланда  көтеріліс  басталды.  Милан  мен  Венецияда  халық 
революциясының  жеңісі  патриоттық  толқынының  өрлеуіне  үн  қосты. 
Көтерілісшілердің  басты  мақсаты  –  австриялықтарды  қуып  шығу  болды. 
Демонстранттар Италияның патшалары мен барлық халқынан көмек сұрады. 
Ломбардиядағы  Австрия  армиясының  жағдайы  өте  қиындап  кетті.  22 
наурызда Австрия армиясы шегіне бастады. Кешікпей бүкіл Венеция облысы 
Австрия  оккупанттарынан  азат  етілді.  Венеция  республика  болып 
жарияланды.  
Милан  революциясының  жеңісі  Италиядағы ұлт-азаттық қозғалысының 
одан  əрі  өсуіне  зор  ықпал  етті.  Бұл  жеңіс  Австриямен  арадағы  соғыстың 
басталуын тездетті. Бұлардың ізінше Пармо мен Модена герцогстволарының 
халқы өз билеушілері мен австрия əскерлерін қуып шықты. 
Сардиния  корольдігінде  де  революциялық  толқын  өте  күшті  болды. 
Халық  Австриямен  соғыс  ашуды  талап  етті.  1848  жылы  24  наурызда  Карл 
Альберт  Ломбардия  мен  Венеция  халықтарына  арнап  үндеу  қабылдады. 
Мұнда  корольдік  əскерлер  Ломбардия  мен  Венеция  жеріне  барып, 
Австрияны талқандау ісіне көмек көрсететіні айтылды. 1848 жылы 6 сəуірде 
Австрия  мен  Сардиния  əскерлері  арасында  бірінші  қақтығыс  болды. 
Сардиния  армиясының  соғысқа  дайындығы  өте  нашар  еді.  Армияның  Бас 
Штабында  тіпті  Ломбардияның  не  географиялық,  не  топографиялық 


133 
 
карталары  болмады.  Сардиния  армиясының  шабандығы  мен  батыл 
қимылдауы  тек  оның  техникалық  нашар  əзірленгендігінен  емес,  саяси 
мақсатқа  байланысты  болған  еді.  Соғыстың  бас  кезінде-ақ  Пьемонт  үкіметі 
Ломбардия  үкіметінің  Сардиния  корольдігіне  бірігуін  қалаған  болатын. 
Сондықтан да оны тоқтату  ісі осы  мəселенің шешілуіне  байланысты болды. 
Сонымен бұл саясат Австрияға қарсы күресте біртұтас ұлттық майдан құруға 
бөгет  жасады.  Ол  саясат  Австрия  əскерлерінің  бас  командашысы  генерал 
Радецкийдің қосымша күш алып, қарсы шабуылға шығуына мүмкіндік берді. 
Бұл  арада  1848  жылы  наурыз  күндерінде  Пьемонттан  басқа  да  мемлекет 
басшылары көмекке келді.  
Халық  көтерілісінен  қорыққан  либералдар  Австриямен  халықтың 
революциялық  соғысын  болдырмауға  тырысып  бақты.  Мұндай  соғысты 
Оңтүстік  Америкадан  қайтып  келген  Гарибальди  ғана  жақтады.  Басқа 
монархтарда  халық  қаруынан  қорқып,  Сардин  корольдігінің  күшеюін 
қаламады.  Осылардың  нəтижесінде  сəуір  айының  соңында  Пий  ІХ 
Австриямен  соғыс  жүргізуге  қарсы  екенін  жариялап,  Ломбардиядан  өз 
əскерін  кері  қайтарып  алды.  Папаның  іс-əрекетін  Тоскан  герцогы  мен 
Фердинанд ІІ-де қолдады. Соғыс барысы Пьемонт əскері үшін сəтсіз болды. 
Өйткені  Папа  жəне  Неаполитан  əскерінің  соғыстан  шығуы,  антиавстриялық 
майданды əлсіретті.  1848 жылдың шілде айында Кустоц түбіндегі шайқаста 
Пьемонт  əскері  қатты  жеңіліске  ұшырады.  Миланды  австриялықтар  алып 
қойды.  1848  жылы  9  тамызда  келісімге  қол  қойылды.  Соғыс  уақытша 
тоқтатылды. Сонымен Италия мемлекеттерінің Австрияға қарсы соғысының 
бірінші кезеңі 1848 жылдың тамызына дейін созылды.   
Революцияның екінші кезеңі (1848 жылдың тамызы – 1849 жылдың 
тамызы).  Пьемонт  əскерінің  жеңілісі  жəне  монархтардың  азаттық  соғысқа 
қатысудан бас тартуы либералды бағыттар арасында қайшылықтар туғызды. 
Пьемонт,  Тоскан,  Папа  мемлекеттерінің,  Неапольдің  итальян  мемлекетінің 
ұлттық  тəуелсіздігіне  қол  жеткізу  мақсатымен  əскери  жəне  саяси  Лига  құру 
жөніндегі  келіссөздері  қайшылықтармен,  монархияның  арасындағы 
сенімсіздіктен  сəтсіздікке ұшырады.  Демократтар  Пьемонта  жеңілісі ұлттық 
соғыстың  жеңілісі  емес  деп  түсініп,  олар  енді  өте  белсенді  түрде  əрекеттер 
жүргізе  бастады.  Олар  жалпыитальяндық  Құрылтай  жиналысын  шақыру 
идеясын ұсынды. Бұл жиналыс азаттық қозғалысты басқару жəне Италияны 
біріктіруді  дайындау  жөніндегі  орталық  болмақ.  Бірақта  бұл  міндеттерді  іс 
жүзінде  демократтардың  билікке  келуінсіз,  монархияны  қиратусыз  мүмкін 
емес  еді,  сондықтан  жалпыитальяндық  Құрылтай  жиналысының  ұраны 
революцияны  тереңдету  еді.  1849  жылы  қаңтарда  Римдік  Құрылтай 
жиналысына  жалпыға  бірдей  сайлау  құқы  негізінде  сайлау  болды. 
Жиналыстың  құрамына  көптеген  демократтар,  Гарибальди,  кейіннен 
Мадзини  сайланды.  1849  жылы  20  наурызда  Карл  Альберт  сегіз  айлық 
уақытша  бітімді  бұза  отырып,  соғысты  қайта  жариялады.  Бірақта  қабілетсіз 
басқару  кінəсінан  Пьемонт  əскері  үш  күннен  кейін  жеңілді.  Карл  Альберт 
тақтан  түсіп,  Италиядан  кетті.  Патша болып  оның ұлы Виктор  Эммануил  ІІ 
болды. Ол бірден əскери қимылдарды тоқтатты.  


134 
 
Пьемонт  əскерінің  жеңілісінен  кейін  30  сəуірде  француз  əскері  Римге 
шабуыл  жасап,  жаулап  алғысы  келді,  бірақ  оларды  Гарибальди  əскері 
талқандады.  Римге  енді  оңтүстіктен  неаполитан  əскері,  ал  австриялықтар 
солтүстіктен  шабуыл  жасады.  Рим  империясы  интервенттердің  шеңберінде 
қоршауда  қалды,  олардың  бірнеше  майданда  соғыс  жүргізуге  күші  жетпеді. 
Тек  3  шілдеде  француздар  римді  басып  алып,  республикалық  тəртіптерді 
жою туралы жариялады. Италиядағы Рим республикасы басып тасталғаннан 
кейін  революцияның  соңғы  жері  –  Венеция  болды.  Екі  ай  бойы 
австриялықтар  қаланы  ала  алмады.  Тек  аштық,  эпидемия,  венециандық 
өкіметке  22  тамызда  тізе  бүгуіне  əкелді.  1848-49  жылдардағы  революция 
жалпыитальяндық сипатқа ие. Бұған дейін ешқашанда Италия халқы азаттық 
қозғалыстар мен демократиялық қайта құрулар жөніндегі күреске дəл осылай 
шоғырланбады.Революцияның бүкіл өн бойында оның қозғаушы күші халық 
бұқарасы  болды.  Бірақта  халық  қозғалыстарын  саяси  күштер  дұрыс 
пайдалана алмады. 
Италиядағы  бұл  революция  өзінің  сипаты  жағынан  буржуазиялық 
болды. Революция жеңілуінің салдарынан реакциялық күштер жеңіске жетті. 
Итальян  мемлекеттерінде  өкімет  басында  буржуазия  қолдаған  феодалдық 
топтар  болып  шықты.  Италияда  Австриялық  қанау  сақталып  қалды. 
Италияның  саяси  бытыраңқылығы  да  сақталып  қалды.  Сонымен  революция 
алдында тұрған түбегейлі мəселелер толығымен шешілген жоқ.         
Италияның  бірігуі.  1848-1849  жылдардағы  революцияны  басып 
тастағаннан  кейін  Италияда  қайтадан  бытыраңқылық  жəне  реакцияның 
бейбастығы  басталды.  Барлық  мемлекеттерде  (Сардин  корольдігінен  басқа) 
абсолюттік  тəртіп  қайта  орнатылды.  Абсолюттік  монархияның  тірегі  армия 
мен  полиция  болды.  Ал  Сардин  корольдігінде  конституциялық  құрылым 
сақталды.  Жергілікті  реакция,  сондай-ақ  Австрияның  оны  тарату  əрекеттері 
сəтсіз  болды.  50-жылдары  конституциялық-парламенттік  тəртіп  Пьемонта 
либералдарының  басшысы  граф  Камилло  Кавурдың  (1810-1861)  қызметінің 
арқасында  нығайды.  Өзінің  поместьесін  капиталистік  негізде  құра  отырып, 
ауылшаруашылығын  өнімдерінің  саудасын  дамытты,  сондай-ақ  банк, 
коммерциялық,  өнеркəсіптік  бастамаларына,  теміржол  құрылысына  белсене 
қатысты.  
1850 жылы Кавур премьер-министр болған соң, Пьемонта өкіметі басты 
мемлекеттермен  сауда  келісімдерін  жасады,  кедендік  тарифтерді  жойды, 
теміржолдар,  шосселер  мен  каналдардың  салынуына  ат  салысты,  қаржы 
жүйесі мен несие күшейтілді. 30-жылдарда-ақ Кавур елді австриялықтардың 
езгісінен  құтқаруды  қолдады,  тек  ол  тəуелсіздік  жолындағы  халық 
революциясын  қолдамады.  Сондықтан  ол  күшті,  қуатты  одақтастар  іздеді, 
Австрияны біртіндеп ығыстырып шығаратын оның ойынша ол Франция мен 
Англия  болды.  Осы  державалардың  ықпалымен  Пьемонт  1855  жылы 
Ресеймен  соғысқа  қатысып,  Крымға  18-мыңдық  корпусын  жіберді.  Ондағы 
Кавурдың ойы Пьемонтпен Франция мен Англияның жақындасуына əкеледі 
деп  үміттенді.  Крым  соғысы  аяқталғаннан  кейін  1856  жылы  Париж 
конгресінің  күн  тəртібіне  Кавур  итальян  мəселесін  қойғыза  алды.  Бірақта 


135 
 
оның  талқылануы  сəтсіз  болып,  Пьемонтта  ашық  түрде  итальян  ұлтының 
мүддесін қорғайтындығын білдірді. 
Италиядағы революцияның жеңілуі ұлт-азаттық қозғалысының 2 негізгі 
бағытында  едəуір  алға  жылжушылық  байқатты.  Революция  аяқталғаннан 
кейін  республикандық  лагерьде  оның  жеңілуінің  себептері  талқыланды. 
Кейбір  демократтардың  ойынша,  республикашылардың  бағдарламасында 
терең əлеуметтік қайта құрулардың болмауы, атап айтқанда шаруаларға жер 
беру жəне тағы басқа. Халықтың негізін құрайтын шаруаларды революцияға 
тартуды, қатыстыруды да қарастыру қажет еді. 
Рим республикасының социал-утописі Карло Пизакане (1818-1857) 1849 
жылы  Италиядағы  аграрлы  мəселенің  шешілуін  ірі  жер  иеліктерін  жойып, 
шаруаларға  жерді  бөліп  беруден  көрді.  К.  Пизакане,  Д.Монтанелли, 
Д.Феррари  радикалды  демократтар  ұлттық  қозғалыс  халық  бұқарасының 
мүддесін  білдіретін  əлеуметтік  қайта  құрулармен  сəйкестендірілуі  қажет, 
сонда  ғана  халық  бұқарасы  азаттық  күреске  қатысады  деп  дəлелдеді. 
Осындай  позициялармен  олар  Мадзиниді  сынап,  оны  республикалық  лагерь 
басшылығынан  босатуға  талпынды.  Бірақ  олардың  əрекеті  сəтсіз  болды, 
өйткені көптеген демократтар шаруа революциясынан қорықты. Мадзинидің 
ойынша  итальян  революциясы  тек  ұлттық  мəселені  шешеді  деп  есептеді. 
Құпия  ұйымдар  арасында  алауыздық  туып,  көптеген  демократтар 
Мадзинимен  қол  үзді.  50-жылдардың  аяғында  Пьемонт  ұлт-азаттық 
қозғалысының негізгі күшіне айналды. 
Пьемонта  мен  Франция  одағы.    Наполеон  ІІІ  сыртқы  саясатының 
мақсаттарының  бірі  австрияны  Италиядан  ығыстыру,  онда  Франция 
үстемдігін  орнату  болды.  Наполеон  ІІІ  ұсынысы  бойынша  1858  жылдың 
жазында француз курорты Пломбьерде Кавурмен құпия кездесу болып, онда 
франко-пьемонт  əскери  саяси  одағының  шартына  келіседі,  ол  1859  жылы 
қаңтарда  құпия  келісім  болып  белгіленген.  Ол  Ломбардия  мен  Венецияның 
австриялықтардан азат етілуін, осы аудандардың Пьемонтқа қосылуын жəне 
жоғары  Италия  корольдігін  құруды  шешті.  Пьемонт  –  100  мың,  Франция  – 
200  мың  солдат  қоятындығын  шешті.  Осы  көмек  үшін  Наполеон  ІІІ  Сардин 
корольдігі  Францияға  өзінің  территориясының  бір  бөлігін  Савойя  мен 
Ниццаны (халқының көбі француз тілінде сөйлейтін) беруді талап етті. Бұдан 
басқа Наполеон ІІІ Италияның орталығында Тоскан базасында туыс бауыры 
басшылығымен  корольдік  құруға  тырысты.  Неаполитан  тағына  өзінің  қол 
шоқпары- ұлы Мюратты отырғызбақшы болды. Бытыраңқы Италияның аяқ-
қолы байланып, Францияға тəуелді болмақшы болды. 
Келісімге  қол  қойылған  соң  одақтастар  Австрияға  қарсы  соғысқа 
дайындалды.  1859  жылы  26  сəуірде  Австриямен  соғыс  басталды.  Əскери 
қимылдар  одақтастар  əскері  үшін  жемісті  болды.  Маджентта  4  маусымда 
Австрия армиясы жеңілгеннен кейін олар Миланнан кетті. 8 маусымда оған 
салтанатты  түрде  Наполеон  ІІІ  мен  Пьемонт  королі  Виктор  Эммануил  ІІ 
кірді.  Маусымның  аяғындағы  əскери  қимылдар  нəтижесінде  Австрия 
армиясы бүкіл Ломбардияны тастап кетті. Соғыс Орталық италияда азаттық 
қозғалысының  өрлеуіне  əкелді.  Орталық  Италияда  халық  қозғалысының 


136 
 
өрлеуі Наполеон ІІІ Тоскан тағына өзінің қолшоқпарын отырғызу ойын бұзу 
қаупін  туғызды.  Сондай-ақ  Австрияны  қолдау  мақсатымен  Пруссияның  да 
соғысқа  қатысу  қаупі  туды.  Мұның  барлығы  Наполеон  ІІІ  əскери 
қимылдарды тоқтатуына əкелді. Өзінің одақтасына ескертпестен ол 11 шілде 
1859  жылы  Виллафранка  қалашығында  Австрия  императоры  Франц 
Иосифпен  бейбіт  келіссөз  жүргізді.  Кездесуде  Австрия  Наполеон  ІІІ 
Ломбардияны  береді,  ал  ол  Пьемонт,  Тоскан,  Моденді  береді  жəне  ескі 
басшылары, папа билігі оның барлық иелігінде қайтадан сақталады, Венеция 
Австрия  қолында  қалады.    Виллафранк  бейбіт  келісімі  Италияның  барлық 
жерінде наразылық туғызды. Кавур отставкаға кетті. Патриоттық күштер ескі 
тəртіпті орнатпауға тырысты. 
Оңтүстік  Италиядағы  революциялық  қозғалыстар.  1859  жылдың 
жазы  мен  күзінде  Кавур  саясаты  тоқырауға  тірелген  кезде  Мадзини  папа 
иелігінде  (Римді  азат  ету  мақсатымен)  жəне  Неаполитан  корольдігінде 
революциялық  қимылдарға  шақырды.  Демократ-мадзинистер  арасында 
Сицилияға  қарулы  отряд  жіберу  идеясы  туды,  ондағы  мақсат  Бурбондарды 
жою.  Көпшілік  сицилиялықтардың  король  үкіметіне  деген  өшпенділігінен 
1860  жылы  сəуірде  Палермода  демократтар  дайындаған  көтеріліс  болады. 
Көтеріліс жеңіліс тапқан соң, ауылды жерлерде шаруалар толқулары болады.  
Пьемонтта  болған  сицилия  революционері  Гарибальдиге  Сицилияға 
көмек көрсетуін өтінеді. 6 мамыр күні Гарибальди «мыңнан астам адаммен» 
Генуядан  екі  кемемен  жүзіп  кетті.  11  мамырда  «мыңдықтар»  Сицилияға 
келді.  Палермода  көтеріліс  басталды.  3  күнгі  қиян-кескі  ұрыстан  кейін 
бурбондықтар  бітімге  келіп,  Палермоны  тастап  кетті.  Гарибальди  əскері 
Сицилияны  азат  етті.  Монархияның  əлсіздігін  көрген  жəне  халық 
қозғалысының  кең  етек  алуынан  қорыққан  жер-иеленуші  буржуазия  мен 
дворяндар  бұқара  халықтың  жеңісін  пайдалана  отырып,  жергілікті  жердегі 
билікті  басып  алды.  Бурбондық  тəртіп  құлатылды,  бұл  гарибальдиге 
Неапольге жол ашты. Неапольді алған соң Римді жəне Венецияны азат етуге 
тырысты.  Неапольге  көрнекті  демократия  өкілдері  тіпті  Мадзини  де  келді. 
Гарибальди  Оңтүстіктің  Пьемонтқа  қосылуын  кейінге  қалдырмақшы  болды, 
барлық  итальян  жерлері  толық  азат  етілгенше  деп,  ал  республикандықтар 
болса  бұл  олардың  ұстанымын  нығайтуға,  құрылтай  жиналысын  құруға,  
пайда  болып  келе  жатқан  итальян  үкіметіне  демократиялық  сипат  беруі 
мүмкін  деп ойлады.  Бірақта  либералдар  демократтардың  бұл  жоспарын  іске 
асыруға  кедергі  жасамақшы  болды.  Олар    Гарибальди  армиясының  жеңісі 
елдегі 
революциялық 
жəне 
республикандық 
күштердің 
нығаюын 
Пьемонттық  монархияға  қауіп  төндіреді  деп  қорықты.  Сондай-ақ  Кавур 
папаның  шіркеулік  билігін  жою  əрекеті  итальян  ісіне  шетелдіктердің  (ең 
алдымен  Наполеон  ІІІ)  араласуына  əкеледі  деп  есептеді.    Либерал-
монархистер  мен  демократтардың  (Кавурмен  Гарибальди  арасында) 
шиеленісіне  əкелді.  Кавур  демократтарды  озу  үшін,  Папа  мемлекетіндегі 
революциялық қимылдарды тез арада тоқтату үшін əрекет етуге Наполеон ІІІ 
көндірді.  Француз  императорының  келісуімен  Пьемонт  əскері  Гарибальди 
Неапольге  кіргеннен  кейін  үш  күннен  соң  папа  иеліктеріне  кіріп, 


137 
 
провинцияның  үлкен  бөлігі  Марке  мен  Умбриді  басып  алды.  Қазан  айында 
Пьемонт əскері неаполитан жеріне кіріп, Гарибальдидің Римге деген жолын 
бөгеп тастады.  
Осы кезде неаполитан ауылдарындағы жағдай да қиындап кетті. Мұнда 
да  Сицилиядағы  сияқты  халық  бұқарасы  бурбондық  тəртіптердің 
жойылғандығы,  Гарибальдидің  жеңісін  олар  өздерінше  түсініп,  енді  жер 
туралы  мəселені  шешуге  болады  деді.  Алғашында  гарибальди  Калабрии 
қоғамдық  жерлерін  шаруалар  тегін  пайдалана  берсін  деген  декретін 
шығарады.  Оңтүстіктің  əртүрлі  аудандарында  шаруалар  қоғамдық  жерлерді 
өз  беттерінше  бөлісе  бастады.  Ауылдың  жоғарғы  тап  өкілдеріне  бұл 
ұнамады.  Олар  Оңтүстіктің  жоғарғы  тап  өкілдері  Неаполь  мен  Пьемонттың 
бірігуін,  яғни  Савойлық  монархия  ғана  олардың  жер  меншіктерін  сақтай 
алады  деп  түсінді.  Жоғарғы  тап  өкілдерінің  қолдауына  сүйенген  либерал-
кавуристер  демократтарды  жеңді.  Гарибальдидің  Оңтүстік  Италиядағы 
жоғары  басқаруды  бір  жылға  беруін  талап  еткен  өтініші  орындалмады, 
король  Виктор  Эммануил  бас  тартты.  Гарибальди  диктатурасы  жойылып, 
оның  шығарған  декреттері  жойылды,  армиясы  таратылды.  Гарибальди 
кішкене Капрер аралына кетіп қалды. 
Бірыңғай итальян мемлекетінің құрылуы. Пьемонт басқарушы тобы 
жалпыитальяндық  құрылтай  жиналысын  шақыруға  жол  бермеуге  тырысты 
жəне бірігу жолын жай Сардин корольдігінің территориясын кеңейту арқылы 
жүзеге  асырмақшы  болды,  олар  азат  етілген  аумақтағы  халықтарға 
Пьемонтқа  қосылуы  үшін  дауыс  беруді  ұсынды.  21  қазанда  елдің 
Оңтүстігінде  өткізілген  плебисцит  Сардин  корольдігімен  Неаполь  мен 
Сицилияның  қосылуын  қолдады,  қарашада  плебисциттер  ерекше  маңызды 
мəселе барлық халық пікірін сұрау нəтижесінде оның құрамына Умбрия мен 
Маркеде  кірді.  Сөйтіп,  1860  жылдың  аяғында  Италия  (Римнен  басқа)  шын 
мəнінде  бірікті.  Туринде  жиналған  жалпыитальяндық  парламент  17  қазан 
1861  жылы  Итальян  Корольдігінің  құрылғандығын  жария  етті,  оның 
басшысы  Пьемонт  королі  Виктор  Эммануил  болды.  Елдің  бірігуі  заңдық, 
соттық,  ақша  жəне  кедендік  жүйлердің,  салық  салу  жүйелерімен  үйлесе 
жүрді.  Ал  бұл  елдің  экономикалық  жақындасуына  жол  ашты. 
Теміржолдардың  қарқынды  түрде  салынуы  нəтижесінде    (оның  ұзындығы 
1861  жылы  2500  км-ден  1871  жылы  6200  км-ге  жеткен)  Италияның  басты 
аумақтары  арасында  байланыстар  орнады.  Бірақта  біртұтас  итальян 
мемлекеттерінің құрылуы еңбекшілердің өмір сүру жағдайын жақсартпады.  
60-жылдары  Италияның  жағдайы  шиеленісті  болды.  Солардың  бірі 
Неаполитан шаруаларының көтерілісі еді. Елдің Оңтүстігіндегі 1861 жылдың 
жазындағы  жағдай  азамат  соғысын  еске  салады.  Италия  өкіметі  шаруа 
мүддесіне  қатысты  ешқандай  да  шаралар  жүргізбей,  Оңтүстікте  120  мың 
армиясын шоғырландырып, тек қарулы күшпен ғана басуды көздеді. 
Италияның  бірігуінің  аяқталуы.  1862  жылдың  жазында  Гарибальди 
Сицилияға  келіп,  Римге  жорыққа  шақырды.  1862  жылы  тамыз  айында 
Аспромонтедегі шайқаста Гарибальди ауыр жарақаттанып, оның көп солдаты 
тұтқынға  түсті.  1866  жылы  Венецияны  азат  ету  мақсатында  либералды 


138 
 
үкімет  Бисмарктың  Австрияға  қарсы  Пруссиямен  əскери  одаққа  бірігу 
ұсынысын 
қабылдады. 
Италияның 
тұрақты 
армиясы 
дарынсыз 
қолбасшылардың  басқаруымен  Тироль  тауларындағы  Кустоц  шайқасында 
жеңіліп қалды, ал флот Адриат теңізіндегі Лисса аралындағы ұрыста жеңілді. 
Нəтижесінде Италияны масқара еткен бұл Венецияны Наполеон ІІІ қолынан 
алуға  тура  келді,  өйткені  Австрия  берген  болатын.  Венеция  облысы 
қосылғаннан  кейін  Гарибальди  1867  жылдың  күзінде  бірнеше  мыңдаған 
еріктілермен  қайтадан  Римді  азат  етуге  кірісті.  Ментандағы  ұрыста 
француздармен қақтығыста гарибальдықтар жеңіліс тапты. Гарибальдидің өзі 
тұтқындалып,  итальян өкіметімен Капрер аралына жіберілді.  
1870 жылы франк-прусс соғысы басталғанда француз корпусын Римнен 
кері шақырып алды. Наполеон ІІІ империясының құлауының ізінше итальян 
əскері  20  қыркүйекте  Римге  кірді,  ал  1871  жылы  жазынан  Италия  астанасы 
Рим  болды.  Римнің  азат  етілуімен  итальяндық  ұлт-азаттық  қозғалыс  – 
Рисорджиментода  аяқталды.  Бөгде  елдің  езгісі,  Италия  тағдырына  көптеген 
ғасыр  бойы  зиянды  кеселін  тигізіп  келген  шіркеудің  діни  билігі  (елдің 
бытыраңқылығы  мен  артта  қалуын  сақтаған)  жойылды.  Елдің  тарихи 
дамуының  басты  мақсаты  –  оның  бірігуінің  жүзеге  асуы,  итальян  ұлтының 
қалыптасуын аяқтады. 
Италияны  біріктіру  күресі  ішкі  ұлттық  қозғалыстардың  əлсіздігінен 
(шаруалар  тартылмаған)  80  жылға  таяу  созылды.  Халық  толқуларының 
нəтижесінде Орталық Италияның негізгі бөлігі Сардин корольдігімен бірікті. 
1860  жылы  буржуазиялық-демократиялық  топтар  өздерінің  жақтастарының 
шешімділігімен жəне гарибальди қолбасшының дарындылығының арқасында 
9  млн  халқы  бар  түбектегі  ең  ірі  мемлекет  Неаполитан  корольдігінде 
абсолюттік  тəртіптерді  революциялық  жолмен  («төменнен»)  жойды,  ал  бұл 
осы бірігу ісінде маңызды үлес қосты. Бірақ буржуазиялық революционерлер 
Оңтүстік  аралдарда  шаруалардың  жер  үшін  кең  етек  алған  күрестерін 
басқарудан  бас  тартты,  өйткені  олар  жеке  меншікке  қауіп  төнеді  деп 
қорықты.  Сондықтанда  демократтар  шаруалар  арасында  тірек  бола 
алмағандықтан  əлсіз  болды,  мұның  өзі  біріктіруді  революциялық  жолмен 
аяқтай  алмады  жəне  жаңа  итальян  мемлекетіне  демократиялық  ерекшелік 
бере  алмады.  Ақырында  либерал-кавуристер  Гарибальди  жеңістерінің 
жемісін  пайдаланып,  біріктіруді  монархиялық  жəне  консервативті  негізде 
жүргізді. 
Əлеуметтік  жоспарда  біріктіру  Солтүстік  жəне  Орталық  Италиядағы 
жəне  Оңтүстік  жериеліктеріндегі  шаруалар  мүддесі  үшін  аграрлық  қайта 
құрулар  жүргізуге  бөгет  болған  ірі  буржуазия  мен  буржуазияға  айналған 
дворяндар  арасында  ымыраға  əкелді.  Либерал-кавуристер  үстем  етуші 
таптық блокқа сүйене отырып Пьемонт үлгісіндегі Италияда конституциялық 
монархия  орнатты.  Италия  халқының  көп  бөлігі  барлық  шаруалар,  қала 
халқы, ұсақ буржуазия парламенттегі сайлауға қатыспады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет