Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет36/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53
Байланысты:
treatise12053

1812  жылы  Конституция.  1810  жылы  қыркүйекте  Кадисте  жаңа  бір 
палаталық  кортестер  құрылды.  Кортес  мүшелерінің  көпшілігі,  заңгерлер, 
жоғары шенеуліктер жəне офицерлер болды. Оның құрамында қайраткерлер 
мен  зиялы  қауым  да  аз  болмады.  Олар  1812  жылы  қабылданған 
Конституцияны шығаруға өз үлестерін қосты. Конституция халық егемендігі 
мен  билікті  бөлу  негізінде  жасалды.  Монарх  құқықтары  сайлау  құқы 
негізінде  шақырылып  отырған  бір  палаталы  кортестермен  шектелді.  Дауыс 
беруге 25-жастан бастап барлық ер адамдар қатысты, ал үй жұмысшысы мен 
сот  бойынша  құқықтарынан  айырылған  ер  адамдардың  барлығы 
қатыстырылмады.  
Кортестер  жоғарғы  заң  шығару  билігін  иемденді,  корольде  тек  вето 
құқығы  сақталды:  егер  заң  жобасын  монарх  қабылдамаса  ол  кортестерге 
қайта  жіберілді  жəне  егер  кейінгі  екі  сессияда  ол  қабылданса  күшіне  енді. 
Алайда  король  маңызды  билікті  сақтап  қалды:  ол  жоғары  мемлекеттік 
шенеуніктер  мен  офицерлерді  тағайындады,  кортестер  санкциясынан  соғыс 
жариялап, бейбіт бітімдер жасады. Конституциядан кейін кортестер көптеген 
антифеодалдық  жəне  антишіркеулік  декреттер  қабылдады:  жалға  берудің 
феодалдық түрлері, шіркеулік десятина жəне шіркеу пайдасына тағы да басқа 
төлемдер жойылды. Шіркеу монастрлық жəне корольдік иеліктердің бөлігін 
сату  жарияланды.  Сонымен  қатар  қауымдық  меншік  жойылып,  қауымдық 
жерлер сатыла бастады.   Кортестердің 
көптеген 
шаралары 
елде 
капитализмді  тездетуге  бағытталды.  Бұл  сатушылыққа  жол  берілмеді, 
экономикалық саудада шектеулер жойылды, капиталға салық енгізілді.   
 Конституция  қабылдау  кезінде  француз  əскерлерінің  жағдайы 
қиындады.  1812  жылы  Наполеонның  Ресейге  жорығына  байланысты 
Испаниядағы армияның маңызды бөлігі сонда жіберілді. Осыны пайдаланып 
испан  əскерлері  француздарға  соққы  берді,  кейін  олар  əскерлерін  Эвро 
өзеніне  алып  кетуге  жəне  1813  жылы  қарашада  испан  территориясын 
толығымен тастауға мəжбүр болды. 


144 
 
Алайда  Наполеон  елде  билігін  сақтауға  тырысты.  Ол  Францияда 
тұтқынға  ұшыраған  Фердинанд  VІІ  келіссөздер  жүргізіп,  оған  Испанияға 
оралып  таққа  отыруды  ұсынды.  Фердинанд  VІІ  бұл  ұсынысты  қабылдап 
Франциямен  достық  қатынасты  сақтауға  міндеттенді.  Алайда  Мадридте 
жиналған  кортестер  Фердинандты  ол  1812  жылғы  конституцияны 
бекітпейінше король деп мойындаудан бас тартты. 
Кортестер  мен  абсолютизмді  жақтаушыларды  қасына  жинап  алған 
Фердинанд  VІІ    арасында  күрес  басталды.  Өзіне  мемлекет  басшысы  рөлін 
алып  Фердинанд  VІІ  1812  жылғы  Конституцияны,  кортестердің  декреттерін 
мойындамайтындығын  айтып  манифест  шығарды.  Кортестер  таратылып,  ал 
олар  құрған  үкімет  құрамына  кірген  либералды  министрлер  тұтқындалды. 
1814  жылы  мамырда  Фердинанд  VІІ  Мадридке  барып  абсолюттік 
монархияның орнатылғандығын жариялады. 
Наполеонға  қарсы  ұлт-азаттық  күрес  испан  халқының  жеңісімен 
аяқталды.  Ол  бірінші  империяның  жаулап  алу  жоспарының  құлдырауында 
үлкен  рөл  атқарды.  Ұлт-азаттық  күреспен  қатар  басталған  алғашқы  испан 
революциясы  буржуазиялық-демократиялық  болды.  Онда  шешуші  рөлде 
шаруалар,  қолөнершілер,  қала  кедейлері,  қалыптасып  жатқан  пролетариат 
болды.  Алайда  əлсіз  испан  буржуазиясы  революцияны  басқара  алмады, 
алғашқы    Испан  революциясы  аяқталмаған  болды.  Фердинанд  ҮІІ  елге 
қайтып  оралуынан  кейін  Испанияда  абсолюттік  монархия  орнатылды, 
революцияға 
қатысқандарды 
қатаң 
жазалау 
басталды. 
Бұрынғы 
иеленушілерге монастрь, шіркеу жер меншіктері қайтарылды.  
ХІХ  ғасырдың  50-70-жылдарының  басындағы  Испаниядағы 
буржуазиялық  революциялар.  ХІХ  ғасырдың  ортасында  30-жылдардан 
басталған  Испаниядағы  өнеркəсіп  төңкерісі  кең  қанат  жайды.  Каталонияда 
мақта-мата  өнеркəсібі  алғашқы  болып  машина  өндірісіне  көшкен  болатын. 
60-жылдардың    басына  қарай  жіп  иіру  (қолмен)  өндірістен  толық 
шығарылды. 30-жылдары Барселонаның тоқыма кəсіпорындарында алғашқы 
бу  машиналары  пайдалана  бастады.  Мақта-мата  өнеркəсібінде      машиналар 
қолданыла  бастады.  ХІХ  ғасырдың  ортасында  металлургияда  қайта  құру 
басталды.  60-жылдардың  аяғына  қарай  теміржол  Мадридті  ірі  қалалармен 
байланыстырды, оның ұзындығы 5 мың км жуық болды.  
Алайда өнеркəсіп  төңкерісінің басталуы Испанияның алдыңғы қатарлы 
капиталистік елдерден артта қалушылығын жоймады. Испан өнеркəсібі үшін 
қажетті  құрал-жабдықтар  мен  машиналар  шетелден  əкелінді.  Шетел 
капиталы  теміржол құрылысында да үстемдік етті жəне тау кен өндірісінде 
де  үлкен  рөл  атқарды.  Елде  кіші  жəне  орта  кəсіпорындар  көп  болды. 
Испанияның артта қалушылығы ең алдымен ішкі нарықтың дамуын тежеген 
ауылшаруашылығында  феодалдық  қалдықтардың  сақталуымен  түсіндірілді. 
Елдің өнеркəсібі капиталдың жетіспеуінен зардап шекті. 
Фабрикалық 
өндіріске 
көшу 
қолөнешілердің 
күйзелуімен, 
жұмыссыздықтың көбеюімен, еңбек шарттарымен жұмысшылардың өмірінің 
төмендеуімен  бір  мезетте  жүрді.  Мəселен,  астуриилік  тау  кеншілерінің 


145 
 
жұмыс күні 12-14 сағат болды. ХVІІІ ғ. Аяғындағы халық санының өсуі жəне 
қалалардың дамуы ауылшаруашылық өнімдеріне сұранысты көбейтті.  
Төртінші    буржуазиялық  революция  (1854-1856  жж.).  Буржуазиялық 
қайта  құрулардың  аяқталмаған  жағдайында  капитализмнің  одан  əрі  дамуы 
50-жылдардың  басында  барлық  қоғамдық  қайшылықтарды  туғызды. 
Өнеркəсіптік  төңкеріс  қолөнершілердің  кедейленуіне,  жұмысшы  табының 
жалақысының  төмендеуіне,  жұмыссыздар  санының  артуына  əкелген 
болатын. Салықтың көбеюі наразылықты күшейтті.   
1854  жылы  генерал  О’Доннель  басшылығымен  оппозициялық  топтар 
үкіметті  құлатуға  шақырды.  1854  жылы  шілдеде  Барселонда,  Мадридте, 
Малагеде, Валенсияда халық көтерілістері басталды.  Нəтижесінде Эспартеро 
басқарған  (прогрессистер)    жəне  əскери  қызмет  лауазымын  О’Доннель 
(модерадос тобы) иеленген үкімет құрылды.   
Үкімет  тапшылықты,  зəрулікті  қысқарту  мақсатымен    шіркеу  жерлерін 
конфискелеп,  сата  бастады.  Сатылған  жерлердің  бəрі  əрине  сөзсіз 
буржуазияның,  шенеуніктердің,  буржуазияға  айнала  бастаған  дворяндардың 
қолына өтті, ал бұл дворяндар мен буржуазияның жоғары тобы арасындағы 
одақтың нығаюына əкелді. 1855  жылдан басталған қауымдық жерлерді  сату 
ХІХ  ғасырдың  аяғына  дейін  жалғасты.  Ал  бұл  шаруашылықтарға  үлкен 
зиянын  тигізді.  Шаруалар  кедейлене  бастады.  Жұмысшы  жəне  шаруа 
қозғалыстарының  даму  шараларына  қарсы  ірі  буржуазия  мен  либералды 
дворяндар 
контрреволюциялық 
лагерьге 
көшті. 
Əскери 
министр 
революциялық  күресті  басып  жаншуды  өзіне  алды.  14  шілде  1856  жылы  ол 
Эспартероның  отставкаға  кетуін  арандатып,  кортестерді  таратты.  Бұл  қадам 
Мадридте  наразылық  туғызды.  Халық  үш  күн  бойы  армияға  қарсы  қарулы 
күрес  жүргізді.  16  шілдеде  көтерілісті  О’Доннель  басып  тастады,  шіркеу 
жерлерін сатуды тоқтатып, ұлттық милицияны таратты.  
1854-1856  жылдары  революция  дворяндар  мен  ірі  буржуазия 
арасындағы  ымырамен  аяқталды.  Буржуазия  шаруа  қожалықтарын  тонау 
арқылы  өздерінің  жер  иеліктерінің  өсуіне  қол  жеткізді.  Шаруалардың 
жағдайының төмендеуі елде шаруа толқуларының өсуіне əкелді. 1845 жылы 
конституция  сақталды.  Революциядан  кейін  екі  блок  пайда  болды: 
консерваторлар  мен  либералды  одақ.    Консерваторларды  генерал  Нарваэс 
басқарды,  олар  ірі  жериеленуші-дворяндардың  мүддесін  қорғады.  
Либералды  Одақ  буржуазияға  айналған  дворяндар  мен  жоғары  буржуазия 
тобының  мүддесін білдірді, оның басшысы генерал О’Доннель болды. 1856-
1868  жылдары  О’Доннель  үкіметі  билікте  үш  рет  болды  жəне  оны  үш  рет 
Нарваэс үкіметі ауыстырды.    
Бесінші  буржуазиялық  революция  (1868-1874  жылдар).  1868  жылы 
қыркүйекте  Кадисте  эскадра  көтеріліс  жасады.    Бұл  көтерілістен  кейін 
Мадрид,  Барселонада  халық  қару  жарақ  қоймасын  жаулап  алды.  Изабелла 
ханшайым Испаниядан қашты.  
Жаңа үкіметке  прогрессистер мен либералды одақ өкілдері кірді,  билік 
сауда-өнеркəсіп  буржуазиясы  мен  буржуазияланған  дворяндардың  қолына 
өтті.  60-жылдардың  аяғы-70-жылдардың  басында    үкімет  сауда  мен 


146 
 
өнеркəсіптің  дамуын  реттеген  бірқатар  шараларды  іске  асырды.  Қаржы 
жүйесі реттелді, жаңа кедендік тариф қабылданды. Үкімет  əлі де сақталған 
шіркеу  иеліктерін конфискелеп, оны сата бастады.  
1869  жылы  қаңтарда  Құрылтайшы  кортестерге  сайлау  барысында 
монархиялық  партия-прогресистер  мен  либералды  одақ  жеңіске  жетті.    320 
орынның  70  орынын  республикашылар  алды.    1869  жылы  маусымда  жаңа 
конституцияны  жасау  аяқталды.    Испания  конституциялық  монархия  деп 
жарияланды, ерлер үшін жалпыға бірдей сайлау құқы негізінде екі палаталы 
парламент  құрылды.  1869  жылғы  Конституция  негізгі  буржуазиялық-
демократиялық  еркіндіктерді  жəне  ар-ождан  бостандығын  бекітті.    1870 
жылы  Испания  королі  тағына  Италия  королінің  ұлы  Амадео  Савойский 
отырды.  1874  жылы  3  қаңтарда  елде  мемлекеттік  төңкеріс  болды.  1874 
жылдың  желтоқсанында  король  болып  Изабелланың  ұлы  Альфонс  ХІІ 
тағайындалды.  1876  жылғы  елдегі  карлистердің  соғысы  карлистердің 
жеңілуімен аяқталған болатын. 
Испания  тарихында  орын  алған  буржуазиялық  революциялар  елдің 
капиталистік даму жолында кедергі болған көптеген феодалдық қалдықтарды 
жойды.  Феодалдық  абсолюттік  тəртіптерге  қарсы  күресте  шешуші  рөлді 
халық бұқарасы атқарды. 
ХҮІІ-ХІХ  ғасырлардағы  Португалия.  Жаңа  кезеңнің  басында  
Португалия  Испанияның  иелігінде  (1581  жылдан)  болды.  1640  жылы 
Лиссабонда  испан  үстемдігіне  қарсы  күрес  болды.  Ірі  феодалдардың  бірі- 
Жуан  де  Браганса Португалияның  королі деп  жарияланды.  Ұзаққа  созылған 
соғыстардан  кейін  Испания  1668  жылы  Португалияның  тəуелсіздігін 
мойындады.  Халықаралық  аренада  күшті  одақтас  іздеу  мақсатымен 
Португалия  1703  жылы  Англиямен  мəңгілік  одақ  жөнінде  келісімге  қол 
қойды.  Бұл  португалдық  шарапты  Англияға,  ал  ағылшын  маталарын 
португалдық  нарыққа    əкелуге  жол  ашты.  Сондай-ақ  бұл  келісім 
Португалияны экономикалық жəне саяси жағынан Англияға тəуелді етті.  
ХVІ  ғасырдың  ІІ-жартысы  –  ХVІІ  ғасырларда  Португалияда 
экономикалық  құлдырау  болды.  Экономикада  басты  орынды  ірі  феодалдар-
майораттар иелері алды. Дворяндар мен шіркеудің қолында өңделетін жердің 
3/2  бөлігі  болды.  Солтүстік  жəне  орталық  аудандарда  шаруалар  жерді 
феодалдық  міндеттер  мен    ұзақ  мерзімге  берілген  жалға  беру  негізінде 
пайдаланды. Португалияның оңтүстігінде ірі жер шаруашылығы басымырақ 
болды, оның иелері жерді жалға  ірі арендаторларға берді. Қалаларда цехтық 
қолөнер үстем болды.  
ХVІІІ  ғасырда  шарап  экспортының  көбеюі  жəне  астық  пен  зəйтүн 
майына  деген  бағаның  өсуі  ауылшаруашылық  тауарының  өсуіне  жəне 
дамуына  əсер  етті.  Португалдық  ауыл  тұрғындарының  көп  бөлігі  жерсіз 
болды,  олар  ірі  арендаторларға  жұмыс  істеді.    Оңтүстіктегі  астықты 
аудандарда  байыған  шаруалар  шыға  бастады,  олар  енді  сеньорлардың 
жерлерін жалға ала отырып, батрактардың еңбегін пайдаланды. 
ХVІІІ  ғасырда  өнеркəсіпте  капиталистік  қатынастың  орнауы  байқалды.  
Ғасырдың ортасында жібек, мақта-мата, қағаз, шыны теріден заттар жасаған 


147 
 
мануфактуралар пайда болды. Бірақта португальдық өнеркəсіп  ағылшындық 
тауарлардың  көптеп  келуінен  жəне  бəсекелестігінен  баяу  дамыды.    Еуропа 
елдеріне  Португалия    өзінің  тауарларын  шығарып  отырды,  бір  сөзбен 
айтқанда  отар  елдің  шикізат  көзі  болды.  Елдегі  орын  алған  əлеуметтік-
экономикалық  үдерістер  буржуазияның  жоғары  табы  мен  саудамен 
айналысқан дворяндардың бір бөлігінің жақындасуына əкелді.  
Португалдық  абсолютизм.  ХVІІ  ғасырдың  аяғы-ХVІІІ  ғасырда 
абсолютизмнің  нығаюы  жалғасты.  Барлық  билік  корольдің  жəне  ол 
тағайындаған  министрдің  қолында  болды.  Сарай  маңындағы  жəне 
мемлекеттік  аппарат  аристократтарының  сұраныстарын  отар  елдерді  қанау 
жəне  салықтарды  көбейту  арқылы  қанағаттандырылып  отырылды,  барлық 
ауырпалық  шаруалар,  қолөнершілер  жəне  буржуазияға  түсті.  Үстем  тап-
дворяндар  мен  дін  басылары  салықтың  едəуір  бөлігінен  босатылды. 
Католиктік шіркеу едəуір экономикалық жəне саяси ықпалға ие болды. ХVІІІ 
ғасырда Португалияда 500-ге таяу монастырьлер болды.  
Португалияның  экономикалық  артта  қалуы,  сыртқы  сауданың  пассивті 
балансы,  мемлекеттік  бюджет  тапшылығының  өсуі  абсолютизмге  бірқатар 
реформалар  жүргізуге  мəжбүр  етті.  Мұндай  реформа  Помбаланың  есімімен 
байланысты.  Импортты  қысқарту  үшін  Помбала  үкіметі  корольдік 
мануфактура,  сауда  компаниялары  мен  жеке  мануфактуралар  құруды 
қолдады,  оларға  салықтық  жеңілдік  мен  монополиялық  құқықтар  берді. 
Бұндай  шаралар  капиталистік  қатынастың  дамуына  əсер  етті.  Помбала 
үкіметі салықтық жүйені реттеді, армия мен флотты қайта құрды. 800-ге таяу 
бастауыш  жəне  орта  діни  мектептер  ашылды,  университеттерде 
жаратылыстану пəндері оқытыла бастады.  
1777  жылы  Жозе  І  қайтыс  болғаннан  кейін  Помбала  билігі  құлатылып, 
қайтадан  аристократтар  мен  дін  басыларының  саяси  ықпалы  нығайды. 
Сөйтіп  ағартушылық  абсолютизм  саясаты  ескі  тəртіп  күштерінен  жеңіліс 
тапты.  Бұл  жеңіліс  капиталистік  қатынастың  дамуын  қолдаған  жəне  ескі 
феодалдық  қатынас  арасында  шиеленісті  тудырды.  ХІХ  ғасырдың  басында 
Португалия  артта  қалған  аграрлы  ел  болды,  халқының  80-пайызы  ауыл 
шаруашылығымен  айналысты.  Майораттардың,  феодалдық  міндеттіліктің, 
шіркеулік жер иеліктері капиталистік қатынастың дамуына кедергі болды.  
Португалдық  өнеркəсіптің  басты  саласы  тоқыма,  тері,  тамақ 
өнеркəсіптері  болды.  Порту  жəне  Лисабон  аудандарында  шашыраңқы  жəне 
орталықтандырылған  мануфактура  болды.  Ішкі  кедендік  салықтар  жəне 
көптеген  монополиялар    мануфактура  мен  ішкі  сауданың  дамуына  кедергі 
болды. Өнеркəсіптің дамуына кері ықпалын тигізген оның Англияға тəуелді 
болуы  да  еді.  1810  жылы  жаңа  сауда  келісіміне  қол  қойды,  бұл  келісім 
Англияның экономикалық ықпалын одан əрі бекітті.  
Француз  буржуазиялық  революциясы  жəне  наполеондық  соғыстар 
кезінде  Португалия  Англия  жағынан  соғысқа  тартылған  болатын.  1807 
жылдың  аяғында  португалдық  үкімет  континенталдық  блокадаға  қосылудан 
бас  тартқан  болатын,  француз  əскері  Португалияны  жаулап  алды.  Король 
жəне  сарай  маңындағы  аристократтар  Бразилияға  қашты.  1808  жылдың 


148 
 
жазында  елдің  солтүстігінде  француз  басқыншыларына  қарсы  халық 
көтерілісі  болды,  оны  пайдаланған  ағылшындар  1811  жылы  Португалиядан 
француздарды  толығымен  қуып  шығып,  барлық  билік  ағылшын  маршалына 
берілді,  португалдық    армияда  басты  қызметтерді  ағылшын  офицерлері 
иеленді.  Буржуазия,  интеллигенция,  либералды  дворяндар  феодалдық 
тəртіпке жəне ағылшын басқыншылығына наразы болды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет