Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет37/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53
Байланысты:
treatise12053

1820-1823  жылдардағы  буржуазиялық  революция.  Испанияда  1820 
жылғы революциялық күштердің жеңісі португалдық əскерилерді де шешуші 
қимылға  итермеледі.  24  тамызда  1820  жылы  Порту  гарнизонында  көтеріліс 
бастады.  Көтерілістің  басшылары-полковник  Сепулвед  пен  Кабрейр 
конституция  жасауды  талап  етті.  Қыркүйек  айының  басында  көтеріліс 
Португалияның  солтүстігіндегі  қалаларға  жайылды.  15  қыркүйекте 
революция  Лисабонда  жеңіске  жетті.  Уақытша  үкімет  кортес  шақыруды 
шешті.  1821  жылы  қаңтарында  жиналған  құрылтайшы  кортестер  бірқатар 
буржуазиялық  қайта  құруларды  жүзеге  асырды.  Атап  айтсақ,  феодалдық 
міндеттілікті,  ішкі  кедендік  салықты,  инквизицияны  жойып,  баспа 
сөзбостандығын жариялады. Англиямен сауда келісімі бұзылып, ал армиядан 
ағылшындар  қуылды.  1822  жылдың  қыркүйегінде  кортестер  конституция 
жобасын  дайындап  болды.  1822  жылы  Конституция  Португалияны 
конституциялық монархия деп жариялады. Заң шығарушы билігі бірпалаталы 
кортеске,  атқарушы  билік  корольдің  қолында  қалды.  Конституция 
сайлаушыларға  мүліктік  цензы  қоймады,  сайлау  құқынан  жұмысы  жоқ 
адамдар  мен  құлдар  айырылды.  1821-1822  жылдары  кортеске  түскен 
көптеген  шаруалар  петицияларына  қарамастан,  елде  жер  иеленудегі 
міндеттіліктер  өзгертілмеді.  1823  жылы  феодалдық  аристократия  мен  дін 
басылары  Испанияға  француз  интервенциясының  басталуын  қолдана 
отырып, 
шабуылға 
кірісті. 
1823 
жылдың 
мамырында 
армияда 
контрреволюциялық  толқу  басталды,  ол  либералдар  билігін  толығымен 
жойды. Революцияның жетістіктерінің барлығы жойылды.  
Мигелистік  соғыстар  жəне  1836  жылғы  революция.  1820-1823 
жылдары  португалдық    революцияның  жеңілуі  нəтижесінде  реакцияшыл 
күштердің  жеңісі  мықты  болмады.  20-жылдардың  ортасына  қарай 
либералдар мен феодалдық реакция арасындағы күрес қайтадан династиялық 
шиеленіс формасын ала отырып  жандана түсті.  1826 жылы король Жоан VІ 
қайтыс  болды,  енді  португал  тағы  үшін  күрес  Жоан  VІ-ның  кіші  ұлы 
Мигелдің атымен мигелистік соғыс деп аталды. Мигелдің маңына феодалдық 
жəне дін басылары топтасты. 
Ірі  буржуазия  мен  либералды  дворяндар  мигелистерді  билікке 
жібермеуге  тырысты,  олар  бразилиялық  император  Педру  І-нің    кішкентай 
қызы  Марияны  отырғызбақшы  болды.  Оның  жақтаушыларының  ұраны 
француздық “1814 жылғы Хартия”үлгісінде жасалған “1826 Конституциялық 
хартия”  болды.  Конституциялық  хартия  1822  жылғы  Конституцияға 
қарағанда өте орынды болды. Онда; екі палаталы парламент құруды, жоғары 
палатаны  король  тағайындады,  ал  төменгі  палата  сайланатын,  сайлау  құқы 
жоғары  мүліктік  цензымен  шектелді.  1834  жылы  мигелистік  соғыстар 


149 
 
либералдардың жеңісімен аяқталды, феодалдық реакция талқандалды. Билік 
либералды  дворяндар  мен  ірі  буржуазияның  қолына  өтті.  Либералдар  1826 
жылы    Конституциялық  хартияны  жүзеге  асырды.  Үкімет  соттық  жəне 
салықтық реформалар жүргізді, кəсіпкерлік қызметке еркіндік берді. 500-ден 
астам  монастрьлар  жабылды,  олардың  мүліктері  конфискеленді,  сатылды. 
Бұл  буржуазиялық  жер  иеленушіліктің  өсуіне  жəне  буржуазия  мен 
либералды дворяндардың мүдделерінің бірігуіне əкелді.  
Бірақта  бұл  Конституциялық  хартия  халықтың  көп  бөлігін  саяси 
құқықтарынан  айырды,  ал  бұл  ұсақ  буржуазия  мен  төменгі  қала  халқының 
наразылығын  тудырмай  қоймады.  1836  жылы  қыркүйекте  Лиссабон 
гарнизоны  көтеріліске  шықты.  Бұқара  халықтың  қолдауымен  революция 
жеңіске  жетті.  Сентябристер  1822  жылы  Конституцияны  қайтадан  қалпына 
келтірді. Сентябристердің басшысы ірі саяси қызметкер М. Пассуш болды.  
30-жылдардың  аяғына  қарай  революциялық  өрлеу  өзінің  дамуында 
тоқтап  тұрды,  олар  ірі  жер  иеленушілердің  құқына  қол  сұғуға  бата  алмады. 
1838  жылы  жаңа  конституция  жасалды,  онда  сайлау  құқы  шектелді. 
Сентябристердің беделінің түскендігін ескі тəртіпті жақтаушылар пайдалана 
отырып, 1842 жылы мемлекеттік төңкеріс жасап, Конституциялық хартияны 
қалпына келтірді.  
40-жылдары  сентябристер  мен  хартияны  жақтаушылар  арасында  күрес 
басталды. Бірақ португалдық шаруалардың 1846 жылы салықтық езгіге қарсы 
көтерілісі  жəне  1848  жылы  еуропалық  революциялар  екіжақты  келісімге 
келуге итермеледі.  50-жылдардың басында екі жақ бітімге келді. 1852 жылы 
хартияға  сайлау  құқын  кеңейткен  “қосымша  акт”  қабылдады.  Үкімет 
феодализмнің  бірқатар  қалдықтарын  жойды,  Португалияда  майораттар 
өзгертілді.  
50-60-жылдары  Португалияда  мануфактуралық  өндіріс  кеңейтілді. 
Тоқыма өнеркəсібінде алғашқы машиналар пайда болды, бу двигательдерінің 
саны  өсті.  50-жылдардың  ортасында  теміржол  құрылысы  басталды.  Бірақта 
ішкі  нарықтың  саяздығынан  жəне  ауыл  шаруашылығындағы  феодалдық 
қалдықтардың сақталуынан өнеркəсіп төңкерісінің дамуын тежеді. 
 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Карл ІІ патшалық құрған кездердегі елдің саяси жағдайы? 
2. Кортестердің шараларының негізгі бағыттары 
3. О’Доннель басшылығымен ұйымдастырылған топ? 
4. Помбала реформасы мəні? 
 
5. Мигелистік соғыстардың себебі? 
 
Өзіндік жұмыс тақырыбы
1. Кадистегі эскадра көтерілісін жан-жақты қарастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет