Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет39/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
Байланысты:
treatise12053

1789-1815  жылдардағы  Голландия.  Батав  республикасы.  Француз 
революциясы  қарсаңында  Голландияда  саяси  реакция  үстем  еді. 
«Патриоттардың»  революциялық  буржуазиялық-демократиялық  қозғалысын 
Пруссия  қаруымен  басқан  Статхаудер  Вильгельм  V  жəне  сауда-қаржы 
олигархиясы  елдің  ішінде  қуғын-сүргінді  күшейтіп,  сыртқы  саясатта 
француздарға қарсы коалициямен жақындасу бағытын ұстанды.  
Сондықтан да француз Конвенті 1793 жылы 1 ақпанда Нидерландының 
Құрама  провинцияларына  соғыс  жариялайды.  Француз  армиясының 
жеңісімен оның 1794-1795 жылдары қыста елге енуі Вильгельм V Англияға 
кетуге мəжбүр етті. Билікке келген «патриоттар» 1795 жылы мамырда Батав 
республикасының  құрылуын  жариялады.  Франциямен  бейбітшілігін  одақ 
жасасқан  республика  оған  саяси  жағынан  тəуелді  болды.  Сөйтіп  жиырма 
жылдық  француз  үстемдігі  Голландияда  басталады.  Жаңа  республикада 
басталған саяси күрестегі басты мəселе конституция туралы болатын.  
Ұзақ талқылаулардан кейін 1798 жылы жаңа конституция қабылданады. 
Батав республикасында Директорияда сияқты ортақ мемлекеттік заң шығару, 
сот  жəне  қаржылық  жүйемен  орталықтандырылған  басқару  енгізілді. 
Провинциясы  автономия  жойылып,  қалалық  патрициат  құқықтары  қатты 
шектелді.  Шаруалардың  крепостнойлық  тəуелділігі  мен  дворяндардың 
жеңілдіктерінің  қалдықтары  жойылып,  протестанттық  шіркеу  мемлекеттен 
бөлінді.  1798  жылы  конституция  орталықтандырылған  Голландия 
мемлекетінің құрылуына алғышарттар жасады.  
Бірақ  реформалар  антидемократиялық  шаралармен  қатар  мемлекеттің 
ішкі істеріне тікелей араласқан  Францияға тəуелділіктің күшею жағдайында 
жүрді. 1806 жылы маусымда Батав республикасы Наполеон інілерінің бірі – 
Луи  басқарған  Голландия  корольдігі  болып  өзгерді.  4  жылдан  кейін  1810 
жылы шілдеді Голландия Француз империясына қосылды. 
Француз  иелігі  кезеңіндегі  Голландия  экономикасы  зор  шығынға 
ұшырады. Француз армиясын қамтамасыз ету мен флотты салу үшін шексіз 
реквизиция  мен  ірі  қаржының  жиналуы  халық  бұқарасының  өмір  деңгейін 
түсіріп,  буржуазияның  көп  байлығын  иеленді.  Континенталды  блокада 
дəстүрлі  сауда  байланыстарына  зиянын  тигізіп,  көптеген  кəсіпорындардың 
жабылуына  əкелді.  Голландықтардың  наразылығы  күшейіп,  ол  француз 
үстемдігіне қарсы ашық күреске ұласты. 
Наполеон əскері Лейпциг түбіндегі шайқаста жеңілген де француз əскері 
Голландиядан  шығарылады  да,  француз  əкімшілігі  Голландияда  билік 
басында  бір  күнде  бола  алмайды.  1813  жылы  15  қарашада  Амстердамда 
көтерілген  халық  француз  үстемдігін  құлатады.  Елдегі  қалыптасқан 


152 
 
жағдайды  оранжистер  көсемдері  шебер  пайдалана  білді.  Бірнеше  күннен 
кейін құрылған уақытша үкімет Голландия тағына соңғы статхаудердің ұлы 
Вильгельм Оранский отырғызылды.  
ХVІІІ  ғасырдың-ХІХ  ғасырдың  басындағы  Швейцария.  ХVІІІ 
ғасырдың 
аяғында 
Швейцария 
тəуелсіз, 
одақтық 
келісімшартпен 
байланысқан контондардың конгломераты еді. Ел 13 контондар мен бірнеше 
одақтық  жерлерден  тұрды.  Елде  капиталистік  өндірістің  мануфактуралық 
түрі  тез  қарқынмен  дамыды.  1780  жылы  Швейцария  Еуропада  мақта-мата 
шығарудан  І-ші  орынды  иеленіп,  мануфактурада  150  мыңдай  адам  жұмыс 
істеді.  Елдегі  капитализмнің  дамуына  көптеген  феодалдық  қалдықтар, 
яғницех жүйесі мен қалаларда патрициат озбырлығы, католиктік кантондарда 
сақталған  шаруалардың  феодалдық  борыштылығы  тежеді.  Сонымен  қатар  
əрбір  кантон  өз  шекарасында  кедендік  баж  салығын  жинады,  өз  ақшасын 
құйды,  жеке  əскері  мен  ерекше  əкімшілік  құрылымды  иеленді.  Женева, 
Цюрих,  Берн,  Базель  сияқты  сауда-өндірістік  орталықтарының  өзінде 
аристократия мен патрициат буржуазияны билікке жақындатқызбады. Бұның 
бəрі  «үшінші  сословиені»  кантон  олигархиясына  қарсы  күресті  бастауға 
итермеледі. 
Елдің  үстем  табы  Франциядағы  революцияны  жақтыртпаса  да,  оның 
ықпалының 
Швейцарияға 
таралуын 
тоқтата 
алмады. 
1792 
жылыреволюциялық  Рейн  армиясы  І-ші  коалиция  əскеріне  тойтарыс  бере 
отырып,  Базельді  басып  алғанда  алдыңғы  қатарлы  буржуазия  Раурак 
республикасын  жариялайды.  Ол  1793 жылы  Франция  құрамына  кірді.   1798 
жылы наурызда бүкіл Швейцария Директория қолында болды. Оларға сүйене 
отырып 1798 жылы сəуірде Швейцария республиканшылары «біріккен жəне 
ажырамас  Гельвет  республикасын»  жариялап,  1795  жылы  француз 
конституциясын  негізге  ала  отырып,  өзінің  буржуазиялық  конституциясын 
қабылдайды.  Гельвет  республикасы  француздар  жасаған  қуыршақ 
мемлекеттердің  бірі  болды.  Ол  Директориямен  тең  құқылы  емес  одақ 
жасасып, бірнеше кантондардың (Базель, Женева, т.б.) Францияға қосылуын 
мойындады.  ІІ-ші  коалициямен  соғысқа  енген  Швейцария  əскери 
қимылдардың  театрына  айналды.  1815  жылы  Швейцарияның  бұрынғы 
шекарасын  қалпына  келтіріп  (Вена  конгресі  арнайы  актпен),  оған 
бейтараптық пен біртұтастық кепілдігін берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет