162
бұдан бұрынғы барлық заңдар өз күшін сақтады. Петербургте Финляндия
ісімен айналысатын, тікелей патшаға бағынатын арнайы штат-секретариат
құрылды. Жаңа мемлекеттің - Ұлы Финлянд княздігінің тілі-швед тілі болды.
Ресеймен кедендік шекара сақталды. Көп кешікпей елдің астанасы Абодан
(Турку) Гельсингфорсқа (Хельсинки) ауыстырылды. 1812 жылы елдің əскери
күштері де қалпына келтірілді.
1808-1809 жылдардағы оқиғалар Финлянд халқының тарихында
маңызды рөлге ие: өзіндік дамудың, финлянд мемлекеттілігінің негіздері
жасалынды, ел ендігəрі жоқшылыққа ұшырайтын соғыстардан жəне əскери
шығындардан құтылды. Осының барлығы, яғни ірі Ресей нарығының
арзаншылығы, Ресей империясының ішіндегі игі мəртебе елдің
экономикалық дамуына едəуір жағдай жасады. 1830 жылдан кейін ең
алдымен ” тоқыма жəне металлургиялық өнеркəсіпте, одан кейін халық
шаруашылығының басты саласында –ағаш тілетін салада өнеркəсіп төңкерісі
басталды. Ауыл шаруашылығында капиталистік қайта құрулар едəуір
қарқында жүрді. Жалпы алғанда елдің жағдайы, Финляндияны 1848-49
жылдары жəне 30-жылдардағы революциялық толқулар ықпалы тимеген
Ресей империясының ”ең тыныш” аймағына айналуына əкелді. Ресейге
қатысты адалдығын финлянд халқы Қырым соғысында (1853-56 жж.)
Финляндия аумағы ағылшын-француз флотының шабуылына ұшыраған
кезде көрсетті.
50-жылдардың соңында - 60-жылдардың басында Финляндияда жалпы
Ресей үрдісінің құрама бөлігі болып келген маңызды өзгерістер болды. 1858
жылы елдің іс жүргізу швед тілінен фин тіліне өтуі туралы жарлық
шығарылды. 1863 жылы қыркүйекте (1809 ж кейін І-ші рет) патшаның өзі
жеке ашқан сейм шақырылды. Король өзінің сөйлеген сөзінде Финляндияны
автономды конституциялық князьдік екенін құптады. 1869 жылы сеймнің
реформасы қабылданды; оның жиналу жүйелілігі белгіленді (5 жылда бір
рет), оны сайлаудың жаңа тəртібі мен оның құдіреті (шексіз құқы)
анықталды. Осы жылдары елдің капиталистік даму жолындағы соңғы
кедергілері жойылды: жеке кəсіпкерлік үшін құқықтық шектеулер жойылды,
еркін сауда жəне жергілікті валюта (марка) енгізілді, қала жəне ауылдың
өзін-өзі басқаруы енгізілді. Финляндияның автономды буржуазиясы тез арада
Ресей империясының экономикалық жəне саяси салада алдыңғы қатарлы
бөлігі болып қалды.
Достарыңызбен бөлісу: