Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет5/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
treatise12053

  көшудің  себептері.  50-жылдардың  басына  қарай 
буржуазия  мен  жаңа  дворяндар  революцияны  аяқталды  деп  есептеді. 
Олардың  өкіметі  мен  меншігін  қорғау  туралы  ойлау  керек  болды.  Оларға 
ауыл  мен  қаланың  «төменгілеріне»  қарсы  күресуде  тиімді  құрал  ретінде 
əскери диктатура керек болды. 
1653  жылы  сəуірде  Кромвель  ұзақ  парламенттің  қалдықтарын  қуып 
шықты.  Ұзақ  парламентті  таратуға  ел  ішінде  қарсылық  болған  жоқ.  Ұзақ 
парламент  қуылғаннан  кейін  бір  жарым  ай  өткенде  1653  жылдың  шілде 
айында  Кіші  парламент  деп  аталған  жаңа  парламент  шақырылды.  Кіші 


26 
 
парламентке  өте  діни  ағымдар  мен  секталардың  өкілдері  сайланды.  Кіші 
парламенттің  құрамында  тым  батыл  левеллерлік  элементтер  де  болды.  Осы 
топтардың бəрі айтарлықтай сол қанат құрды. Кромвель сəл қателесті. Ол ел 
ішінде  радикалдық  діни  жəне  саяси  пиғылдың  қайтадан  көтеріліп  келе 
жатқанын  ескермеді.  Өзінің  өмір  сүрген  аз  ғана  уақыты  ішінде  Кіші 
парламент  кəдімгідей  үлкен  жұмыс  атқарды.  Ол  халықтың  қалың 
көпшілігінің  жағдайын  жақсартуға  ұмтылды.  Жаңа  парламент  азаматтық 
қоғамды қайта құруға өте жігерлі кірісті.  
«Əулиелер»  (жаңа  парламент  мүшелері  осылай  аталды)  барлық  ескі 
заңдарды,  күрделі  жəне  шиеленіскен  ағылшын  құқықтарының  бəрін  шағын 
бір  кодекске  сыйдыру  үшін  комитет  тағайындап,  ағылшын  заңгерлерінің 
зəресін  ұшырды.  Бұл  тым  батыл,  демократиялық  шаралар  еді.  «Əулиелер» 
шіркеу  мəселесіне  де  қызу  кірісті.  Жаңа  парламент  Англиядағы  некенің 
бірден  бір  формасы  ретінде  азаматтық  некені  енгізді,  оның  заңдық  күші 
болды. Шіркеулік десятинаны жою, канцлерді соттауды жою, əскердің санын 
қысқарту туралы, борышы барларды түрмеден босату туралы мəселе қойды. 
Кедейлерге мемлекеттік көмек ұйымдастыру туралы заң жобасы жасалды.  
1653  жылы 16  желтоқсанда  қабылданып,  «басқару  құралы»  деп аталған 
жаңа  конституцияға  байланысты  Кромвель  лорд-протектор  (қорғаушы, 
есіркеуші)  дəрежесіне  ие  болды,  «республиканың»  өмірлік  басшысы  болып 
шықты. Кромвель елді бір палатадан тұратын парламентпен бірігіп басқаруға 
тиіс  болды.  Парламент  Англияның  400  депутатынан,  Шотландия  мен 
Ирландиядан 30 депутаттан құрылуға тиіс болды.  
1654  жылы  қыркүйекте  жаңа  конституцияға  сəйкес  сайланған  бірінші 
парламент шақырылды. Алайда жаңа парламентте Кромвельге оппозициямен 
кездесуге  тура  келді.  Тіпті  бұл  парламентте  де  бірен-саран  республикалық 
пиғылдағы  депутаттар  болды.  Олар  жаңа  конституцияның  кейбір 
қағидаларын талқылап, мəні бар түзетулер енгізді. Депутаттардың бұл бөлігі 
парламенттің  егемендігін  жақтап,  протекторға  парламенттің  еркін 
орындаушының рөлін ғана берді. Осыдан кейін Кромвель парламентті өзінің 
диктатурасын мойындағысы келмегендерден тазартты. Кромвель бағынғысы 
келмеген  депутаттардан  «тазартқан»  осы  парламенттің  өзі  əскерді 
(Кромвельдің  басты  тірегін)  57  мың  адамнан  30  мың  адамға  дейін 
қысқартуды талап етті. 
Əскерді  екі  еседей  дерлік  қысқартуды  талап  ете  отырып,  парламент 
жауынгерлердің  борышын  өтеуге  ақша  босатпады,  əскер  үшін  протектор 
талап еткен қаржыны бекітпей тастады. 
Сосын  1655  жылы  22  қаңтарда  Кромвель  парламентті  таратып  жіберді. 
20  айға  созылған,  парламентсіз  басқару  кезеңі  туды,  бұл  кезде  елге  лорд-
протектор  мемлекеттік  кеңеспен  бірігіп  басшылық  етті.  Англияның  саяси 
құрылысы əскери диктатураның айқын формасына көшті. 
Протектордың


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет