«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы


ЖАЛЫНСЫЗ ҚЫЗДЫРҒЫШТАРҒА АРНАЛҒАН ЭКЗОТЕРМИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет21/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#90083
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
ЖАЛЫНСЫЗ ҚЫЗДЫРҒЫШТАРҒА АРНАЛҒАН ЭКЗОТЕРМИЯЛЫҚ 
ҚОСПАЛАР 
 
Қыдырәлі А., Сатбергенова А. 
Ғылыми жетекшісі: доцент м.а. Тілеуберді Е. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
 
Көптеген зерттеулер көрсеткендей жалынсыз қыздырғыштар жеңіл
қауіпсіз, пайдалануға ыңғайлы, баптауларды мүлде немесе жартылай қажет 
етпейтін, тағамды жылдам жылытатын және жалынсыз болуы қажет. 
Жалынсыз қыздырғыштар түнгі уақытта әртүрлі жағдайларда қолдануға 
ыңғайлы, және желдің немесе қолайсыз ауа райының әсеріне ұшырамайды. 
Жалынсыз қыздырғыштар далалық жағдайларда тағамдарды жылтқыш 
ретінде қолданылатын химиялық жылу көздерінің бірі. 
Жалынсыз қыздырғыштар пакет-қыздырғыштан тұрады. Қыздырғыш 
элемент (пакет-қыздырғыш) - ақ кеуекті пакет, оның ішінде химиялық қоспа 
болады. Сумен жанасқанда қыздырғыш элемент суды буландыра отырып, 
жылудың айтарлықтай мөлшерін бөліп шығарады. Осы кезде бөлінген бу 
температурасы +80 

С-қа дейін көтеріледі. 
Құрамында темір бар магний қортпасының ұнтағы, NaCl тұзы, беттік 
активті зат және pH реттегіш ретінде тамақ қышқылының ангидридінен 
тұратын шар диірменде дайындалған қоспа жалынсыз қыздырғыштарға 
арналған экзотермиялық композиция болады. Экзотермиялық композициясы 
бар кеуекті қаптамаға қышқылды қосуға болады. Қышқыл pH ортасын 4-7 
аралығында болуын реттейді, өйткені магнийдің сумен реакциясы pH төмен 
болса өте тез және pH жоғары болса өте баяу жүреді. Бұл композицияның 
кемшілігі – беттік активті заттардың, ангидридтердің немесе бос 
қышқылдардың бар болуы, ол компоненттің құрамындағы магний 
қортпасының үлесін азайтады, сондықтан да композиттің жылу бөлуін 
төмендетеді.
Наноұнтақтарды пайдалану сумен экзотермиялық реакциялардың 
режимі мен нәтижелеріне оң әсер етіп, меншікті жылудың бөлінуін 
қамтамасыз етіп, тағамды қыздыру температурасын жоғарылатып, қыздыру 
уақытын қысқартады. 
Экзотермиялық қоспа су қосу арқылы белсендіріледі. Сумен реакциядан 
кейін уытты емес қалдық түзіледі, ол магний гидроксийдінің әлсіз 
ерітіндісінен тұрады. Құрамында 5% Fe үлесі бар 4г Mg 151г тағамның 
температурасын шамамен 55 ºС-қа; төменгі температурасы 21 ºС және 
жоғарғысы 76 ºС-қа дейін жоғарлатуға қабілетті. Жылу қаптамадан газ және 
бу тәрізді сутегі бөлінеді. Газ тәрізді сутегі тез ыдырайды және қауіп 
төндірмейді. Ашық жалынның және ұшқынның көмегімен сутегіні жағу 
әрекеті тұтануды тудыра алмайды. Қаптамадан жылу өткізгіштігі бойынша 
тамаққа жылу беріледі. Жылу қыздырғыштарға арналған қоспаның сумен 
реакцияға түсуі арқылы өндіріледі. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы 
269 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет