Ғарыштық геодезия жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді


-сурет. Румбтар және дирекциондық бұрыштар арасындағы байланыс



бет10/23
Дата20.06.2023
өлшемі5,5 Mb.
#179029
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
геод
академиялык
12-сурет. Румбтар және дирекциондық бұрыштар арасындағы байланыс.


6−кесте Диррекциондық бұрыштар мен румбтар арасындағы байланыс.

Ширектер нөмірлері

Дирекциондық бұрыштардың өзгеруі

Румбтардың аттары

Байланыс формалары

I

0°≤α≤90°

СШ

r11

II

90°≤α2≤180°

ОШ

r2=180°–α2

III

180°≤α3≤270°

ОБ

r33–180°

IV

270°≤α4≤360°

СБ

r4=360°–α4

Дирекциондық бұрыштарды румбтарға (таблицалық бұрыштарға) аударғанымыз, тригонометриялық функциялардың 0°−тан 90° аралығындағы таблицалық нақтылы мәндерін пайдалануға мүмкіндік береді.


Келесі сызықтың дирекциондық бұрышын анықтау.
Егер АВ сызығының дирекциондық бұрышы αАВ белгілі және В нүктесіндегі оң жақ горизонталь бұрыш βоң өлшенген болса, онда келесі ВС қабырғасының дирекциондық бұрышы αВС (13–сурет) былайша анықталады:
αВС= αАВ+x (19)
мұндағы x=180°–βоң онда: αВС= αВС+180°–βоң
Егер В нүктесіндегі сол жақ бұрыш βсол өлшенген болса, онда αВС дирекциондық бұрышы мына формуламен анықталады:
αВС= αАВ–180°+βсол (20).

13-сурет. Дирекциондық бұрышты анықтау схемасы.

Тура және кері геодезилық есептер.


Геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда пункттер координаталары, олардың арақашықтықтары мен дирекциондық бұрыштары тікелей немесе кері геодезиялық есептерді шешу арқылы анықталады.
Тура геодезиялық есеп. Егер координаталары белгілі А пунктінен, екінші В пунктіне дейінгі арақашықтық d және дирекциондық бұрыш αАВ белгілі болса, онда В пунктінің координаталарын табуға болады. Координаталардың бір пунктте осылайша берілуі тура геодезиялық есеп деп аталады. АВ полигонның бір қабырғасы, ал дирекциондық бұрышы αВА делік (14–сурет).

14-сурет. Тура геодезиялық есеп.

Бастапқы А нүктесінің (xА, уА) координаталары белгілі де, шарт бойынша В нүктесінен (xА, уА) координаталарын (xВ, уВ) анықтау керек. 14–сурет бойынша:




xВ– xА=Δx

(21)

уВ– уА=Δу







Мұндағы Δx пен Δу координа өсімшесі
деп аталады. Тік бұрышты үшбұрыш АВС– дан Δx пен Δу былайша анықталады:

Δx=d·cosα

(22)

Δу=d·sinα

Тексеру:
Координаталар өсімшелері Δx пен Δу–тің таңбалары cosα мен sinα–ға байланысты оң және теріс болып келеді. Дирекциондық бұрыш α–ның әртүрлі мағынасына сәйкес Δx пен Δу таңбаларының өзгеруі 7–кестеде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет