Ғарыштық геодезия жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді


-сурет. а) тура және кері азимуттар; ә) дирекциондық бұрыштар



бет9/23
Дата20.06.2023
өлшемі5,5 Mb.
#179029
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
геод

11-сурет. а) тура және кері азимуттар; ә) дирекциондық бұрыштар;
яғни, кері диррекциондық бұрыш пен тура диррекциондық бұрыштардың айырмашылығы 180°−қа тең. Жалпы алғанда мына формуланы пайдаланған дұрыс,
αкері= αтура+180° (15).
Геодезиялық және маркшейдерлік өлшеулердің барлығы да сызықтар диррекциондық бұрыштар арқылы бағдарланады, өйткені сызықтың диррекциондық бұрышы жер бетінің кез-келген нүктесінде өз мәнін өзгертпейді, яғни тұрақты. Бұл – диррекциондық бұрыштардың азимутқа қарағандағы бір ерекшелігі. Ал, тура және кері азимуттар арасындағы байланысты мына формуладан көруге болады:
Акері= Атура+180°+γ (16).
мұндағы γ – меридиандардың жақындасу бұрышы, яғни меридиан мен осьтік меридиан (x) немесе оған параллель сызық арасындағы бұрыш. Бұл бұрыштың мәні әр нүктенің 0-дік меридианнан қашықтауына байланысты ауытқып отырады. 9-сурет бойынша АВ сызығының негізгі азимуты Ан, ал диррекциондық бұрышы αАВ десек, онда:
γ= αАВ− Ан (17).
яғни, нақты бір нүктедегі кез-келген сызықтың азимутымен диррекциондық бұрышының айырмашылығы (γ – осы нүктедегі негізгі меридиан мен осьтік меридианның жақындасуына тең).
Егер дирекциондық бұрыш − (α) белгілі болса, онда негізгі азимутты мына формула арқылы анықтайды: Ан=α+γ (18)
Осьтік меридианнан батысқа қарай орналасқан нүктелер үшін меридиандардың жақындасу бұрышының мәні теріс болып келеді.
5-лекция
Сызықтарды бағдарлау және өлшеу нәтижелерін өңдеу кезінде румб деп аталатын сүйір бұрыш пайдаланылады. Шамасы 0°−тан 90°−қа дейін өзгеретін осьтік меридианның оңтүстік және солтүстік жағынан екі жаққа қарай бір нақты сызыққа дейін есептелетін сүйір бұрышты румб дейді.
12-суретте әр ширекте алынған төрт сызықтың румбтары көрсетілген. Бағытты румб арқылы табу үшін оның сан мәнінің алдына ширектің аты көрсетіледі.Мысалы, СШ (солт.шығыс), ОШ (оңт.шығыс), ОБ (оңт.батыс), СБ (солт.батыс) деп белгіленеді және осы суреттен әрбір ширекте румбтар (кестелік бұрыштар) мен дирекциондық бұрыштар арасындағы байланысты көруге болады. Ол байланысформулалары 6-кестеде берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет