Ғарыштық геодезия жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді



бет1/23
Дата20.06.2023
өлшемі5,5 Mb.
#179029
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
геод


1-лекция
Геодезия – Жер туралы ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі. «Геодезия» деген сөздің өзі грек тілінен аударғанда, «жерді бөлу» мағынасын білдіретіндігі, оның адамзаттың тыныс тіршілігінде жер учаскелерін өлшеуге, бөлуге байланысты пайда болғандығының дәлелі.
Сөйтіп, геодезия – Жердің пішіні мен анықтауда, оның жекелеген бөліктерін планға, картаға түсіруге, жердің қималарын (профильдерін) жасауда, инженерлік жұмыстарды жобалауда, жүргізуде және пайдалануда қолданылатын әртүрлі өлшеу әдістері туралы ғылым.
Геодезия ежелгі ғылымдардың бірі бола тұрса да, адамзат қоғамының, ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты өзінің мазмұнын өзгертіп отыруы. Соның нәтижесінде геодезия бірнеше дербес ғылыми-техникалық салаларға бөлінуі:
1. Жоғарғы геодезия – жердің және планеталардың фигуралары мен көлемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді.
Жоғарғы геодезия мәселелерін шешу үшін жүргізілген егжей-тегжейлі зерттеулер барысында одан геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия, ғарыштық геодезия сияқты және пәндер бөлініп шықты.
Геодезиялық астрономия – тірек жүйелерін құруды аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтау мәселелерімен шұғылданады.
Геодезиялық гравиметрия– жер бетінің жекелеген нүктелерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жер пішінін зерттеумен айналысады.
Ғарыштық геодезия – жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді.
2. Геодезияның (топографияның) еншісіне жер бетінің шағын аймақтарын жазықтық ретінде қарап, оны өлшеу мен қағаз бетіне кескіндеу тиген.
3. Картографияда жер бетінің едәуір аймақтарының кескіндерін әртүрлі мақсаттағы түрінде жасау әдістері мен процестері және көбейту технологиясы зерттеледі.
4. Аэрофототопография – аэросуреттер бойынша топографиялық карталар мен пландар жасау әдістерін зерттейді және жетілдірумен шұғылданады.
5. Қолданбалы геодезия – ізденістер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, құрылыс жабдықтарын монтаждау, табиғат байлықтарын пайдалану, т.б. инженерлік жұмыстар кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда жоғарғы геодезияның, топографияның, маркшейдерлік істің де негіздері кең пайдалынылады, ал кей кездерде өзіне тән өлшеу тәсілдері мен аспаптарын қолданылады.
Геодезия пәнінің негізгі ғылыми-техникалық міндеттеріне мына төмендегідей жұмыстар жатады:
 жер бетіндегі нүктелердің координатарын белгілі бір жүйеде анықтау;
 тау-кен кәсіпорындарын жобалау, салу және пайдалану кезінде қажетті әртүрлі өлшеулерді жер бетінде, жер қойнауында, атмосфера қабатында, теңізде және ғарыш кеңістігінде жүргізу;
 республикамыздың қорғаныс мұқтаждығын геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз ету мәселелері жатады;
Алдына қойылған міндеттерді атқаруды геодезия, математика, физика, астрономия, география, геоморфология, фотограмметрия, механика, радиоэлектроника сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенеді. Геодезиялық өлшеулердің нәтижелерін өңдеуде осы күнгі ғылыми математикалық өңдеу әдістері мен есептеу техникасы, соның ішінде әртүрлі цифрлы және электронды машиналар қолданылады.
Физика геодезияны электроникамен және электротехникамен қатар оптикалық, оптикалық-механикалық, электронды-оптикалық аспаптар мен жүйелердің жобалау есептерінің негіздерімен толықтырады. Астрономия геодезияны геодезиялық тірек жүйелерін дамыту үшін бастапқы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Автоматика, телемеханика және радиоэлектроника салаларындағы ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде аса жаңа геодезиялық аспаптар құрастырылады. Географияны білу жер бедерін құрайтын ландшафт элементтерін, жер бетінің табиғи жамылғыларын және адам қызметінің нәтижелерін дұрыс түсіндіруді қамтамасыз етеді. Жер бедерінің пішіндерін және олардың өзгеру заңдылықтарын танып білуде геология мен геоморфология көмекке келеді.
Жерді зерттеу оның сыртқы гравитациялық өрісіне зерттеулер жүргізумен байланысты. Ал гравиметрияның заңдары мен аспаптарын пайдаланбай, мұндай зерттеулер жүргізу мүмкін емес.
Геодезияның халық шаруашылығының түрлі-түрлі салалары үшін практикалық үлкен маңызы бар. Мәселен, геодезиялық өлшеулер, жолдар, каналдар, жерасты құрылыстары (метро, кабельдер, құбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілері) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы кен орындарын барлау және пайдалану кездерінде кең қолданылып келеді. Геодезия жер иегерлерін орналастыруды, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, жауынгерлік операцияларға талдау жасау және т.б. үшін пайдаланылады.
Геодезиның дамуы туралы қысқаша мәлімет:
Адам баласының барлық тіршілігі жермен байланысты екені бәрімізге аян. Сол себепті жерді зерттеуге арналған ғылымдардың бірнеше түрлі тараулары бар.
Грек тілінде жерді «геоид» дейді, осыған байланысты жерге арналған ғылымдардың көпшілігі осы буынмен басталады: геодезия, геология, геофизика,геоботаника, геомеханика және т.б.
Бұл ғылымдардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және өлшеу мәселесі қоғамның даму тарихымен тікелей ұштасып жатады. Қоғам тарихының әр дәуірінде жермен шұғылдану дәрежесі де әртүрлі сатыда болып келді. Адам қоғамының даму дәрежесінің өзі сол жер байлығын пайдалана білу тәсіліне тәуелді. Сол себептен жер өлшеу әдістерінің дәрежесі Адам қоғамының даму тарихын көрсететін бір айқын дерек болып табылады.
Жер өлшеу әдістері мен ірі құрылыстардың көрнекті ескерткіштері дүние жүзінде бірнеше жерлерде бар. Мысалы, біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда Ніл өзенінің бойында салынған суару жүйелері мен каналдарда геодезиялық өлшеулер қолданылған. Ежелгі Мысыр (Египет) елінде орасан зор құрылыстар салынған. Ал Египет патшаларыының өздері тірі кездерінде салғызған пирамидалардың ішіндегі ең үлкені – Хеопс пирамидаларының төрт қырының әрқайсысы 230,13 метрден де, ал бір-бірінен айырмашылығы 2 см-ден аспайды. Мұндай құрылыстар салу, арнаулы геодезиялық өлшеулерсіз жүргізілуі мүмкін емес.
Біздің заманымыздан ғасыр бұрын өмір сүрген грек математигі Евдем «жерді өлшеу нәтижесінде египеттіктер метрия ғылымын ойлап шығарды» - деп жазды. Жер өлшеу өнерін египеттіктерден үйренген гректер, оны алғашқы кезде «геометрия» деп атады. Геометрия заңдары жер өлшеуді әрдайым қолданылады, барлық ғылымдарға ұстаздық еткен ұлы ғалым – Аристотель өлшеу ғылымын геометриядан бөліп айту үшін оны «геодезия» деп атаған.
ІІІ ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Эратарен градустық өлшеулердің көмегімен жер радиусын анықтаған.
Бұдан кейін геодезия Үндістанда, Орта Азияда, Араб елдерінде дамыды. Дүние жүзінде осы күнге дейін сақталып қалған ірі құрылыстар қатарында жататындар: Үндістанда – Чанрагута, Қытайда – ұлы қорған (қабырға), Жапонияда – Тодайдзи, Индонезияда – Боробудудр, Арабияда – құдыс, медина, Бағдат кейінгі Ақсақ темір заманынан бастап салынған тамаша құрылыстар сол дәуірде қажарына жататындар: Шахи-Зинда, Тадж-Махал, Хожа-Ахмед Яссауи мавзолейі, Ұлықбегі обсерваториясы, т.б.
Айтылған құрылыстар сол дәуірде жоғарға дәрежелі мәдениеттің жоғары болғанын дәлелдейді.
Араб мәдениетінің дамыған кезінде Арстотельден кейінгі жүзінде білім мен мәдениеттің «екінші ұстазы» атанған данышпан, энциклопедист, ғалым Әбу
Насыр аль-Фараби (870-950 жж.) геодезия ғылымы, геодезиялық оптикалық аспаптар жөнінде өзінің «Ғылымдардың тізбегі» атты еңбегінде былай деген: «Геодезия ғылымы арқылы адамзат алыс орналасқан, көз жетпейтін заттардың мөлшерін, шамасын бір затпен, екінші заттың арақашықтығын, биіктігін, теңдігін, (мысалы: ағаштың, үйдің биіктігін, өзеннің тереңдігін) анықтауға болады. Кейде қателеспес үшін өлшеулерде әртүрлі оптикалық аспаптар қолданылады» деген.
Ресейдегі геодезиялық жұмыстар XVIII ғасырда І Петрдің дәуірінде жүзеге асырылды. 1973 жылы Ресейде географиялық департамент құрылып, 1758-1765 жылдары орыстың ұлы ғалымы М.В. Ломоносов оның жетекшісі болды. Сол кездері геодезистерді дайындайтын оқу орындары ашылып, геодезиялық аспаптар шығарыла бастады. Осы кезде Ресейде теңізде жүзудің, әскери істің және сауданың кең дамуы геодезиялық өлшеулер жүргізіп, карта жасауды талап етті. Осы мақсатпен аз зерттелген аудандарды зерттеу үшін арнайы экспедиция жіберілді. Осы экспедициялардың бірі Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, қырғыз және қытай шекараларында топографиялық түсірістер жүргізді. Экспедиция құрамында қызмет атқарған, жерімізді алғаш қағаз бетіне түсіріп, карта жасаған атақты ғалым Ш.Уәлиханов Омбыдағы Кадет корпусын бітіріп, жиырма екі жасында орыс география қоғамына мүше болып сайланды.
Ш.Уәлихановтың география және топография саласындағы елеулі еңбектері жайлы оның бес томдық шығармалар жинағының үш томынан толық мағлұмат алуға болады.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі геодезиялық жұмыстардың жоғарғы дәрежеде жүргізілуіне көп еңбек сіңірген орыс астрономы және геодезист, Ленинградтағы Пулков обсерваториясының негізін қалаушы В.Л. Струве болды.
Геодезиялық қызметтің қарқындап дамуына Кеңес өкіметі кең жол ашты. Геодезиялық ғылыми жұмыстарды жүргізуге арналған геодезиялық орталық ғылыми-зерттеу институттар мен мамандар даярлайтын көптеген оқу орындары ашылды. 1925 жылдан бастап бұрынғы Кеңестер Одағында мемлекеттік карталар жасау үшін жер бетін әуеден суретке түсіру қолданылады. Ал қазіргі кезде топографиялық-геодезиялық жұмыстардың және картографияның бұдан әрі дамуына ғарыштық техника үлкен әсер етуде.
Жер пішінінің жаңа өлшемдерін анықтауда, бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесінің теориясын жасауда және практикаға ендіруде Ф.Н.Красовский бастаған орыс ғалымдары зор еңбек етті. Геодезия мен картография саласының дамуына М.С.Молоденский, А.А.Изотов, А.С.Чеботорев, Н.А.Урмаев, т.б. қосқан еңбектері айтарлықтай.
Қазақстан Республикасында геодезиялық қызметті ұйымдастырудың тәртібі:
Бүгінгі таңда геодезия жоғарғы ғылыми деңгейде, аса жаңа техникалық базада дамып, халық щаруашылығының барлық саласының мұқтаждықтарын қанағаттандыруда.
1974 жылдан шельфті жалпы мемлекеттік картаға түсіру одан әрі дамыды,
теңіз түбінің беті координаталар мен биіктіктердің бірыңғай жүйесінде кескінделді. Теңіз түбін түсіру үшін жер бетін әуеден суретке түсірген сияқты теңіз түбінің сурет карталары мен планын алуға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалық құрамдар жасалды.
Қазақстанда топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметті Республикамыздың жер ресурстарын басқару Агенттігі басқарады. Геодезияның келешекте өркендеуіне жақсы жағдай жасалды деуге болды.
Оған 1940 жылдары Жамбыл мен Қарағандыда, 1946 жылы Талғарда ұйымдастырылған геодезиялық отрядтардың қазіргі таңда «оңтүстікгеодезия», «Астротопография», «Алматыгеокарта», «Солтүстікгеодезия» сияқты ірі мемлекеттік өнеркәсіпке айналып, Қазақстан Республикасы әскери күштерін геодезиялық ақпараттармен қамтамасыз ететін орталықтың ашылуы мен қатар, Қазақстанда геодезиядан мамандар дайындауда Қ.Н.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеттің, т.б. еңбектері дәлел.
Жоғарыда айтылған мекемелердің негізгі өндірістік міндеттері мыналар:

  1. республикамыздың кең байтақ территориясында геодезиялық тірек жүйесін дамыту мен карталар жасауда қажетті топографиялық түсірулер жүргізуде жоғарғы дәлдіктегі жұмыстарды ұйымдастыру.

  1. Әртүрлі мақсаттарға қажет карталарды, пландар мен атластарды жасау және оларды басып шығару.

  1. Әртүрлі мекемелерге геодезиялық және топографиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру, олардың орындау сапасын бақылау және барлық мәліметтерді бір жүйеге келтіру.

Жер ресурстарын басқару Агенттігінің жанында республикада атқарылған картографиялық және геодезиялық жұмыстардың бәрі жиналған Орталық картографиялық қор және Мемлекеттік геодезиялық басқармасы бар. Бұл Мемлекеттік басқарма топографиялық және геодезиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат береді. Олардың орындалу сапасын бақылайды, әрі келешектегі геодезиялық жұмыстар атқаратын материалдарды бір жүйеге келтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет