Ғарыштық геодезия жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді



бет23/23
Дата20.06.2023
өлшемі5,5 Mb.
#179029
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
геод

15-лекция
Кран асты балкаларын монтаждаудағы қадалау жұмыстары. Кран асты балкалары ретінде құрама, алдын ала керілген, темірбетонды таврлық жəне екі таврлық қималы балкалар пайдаланылады (155-сурет). Балкалар əртүрлі құя жаншылған профильдерден жасалуы мүмкін. Кран асты швеллер жəне ағаш бөренелерден тұратын балкалары үстіне бұрандалар арқылы бекітілетін рельстер жатқызылады (156-сурет). Балкаларды төсеніш үстіне жатқызып, уақытша бағанадағы тіреулерге сопақша тесігі бар жалбыз арқылы бекітеді. Кран асты балкалар өндіріс ғимаратының құрамына кіреді жəне бір уақытта барлық ғимаратпен бірге монтаждайды. Кран асты балкаларын салу келесі ретпен атқарылады. Кран асты балкаларын қоймастан бұрын, мысалы, ұзынабойлық АА

жəне ВВ осьтерімен бірге, шеткі I-II жəне III-IV бағана консольдеріне 
балкалардың ұзынабойлық осьтерін салады (3.60 а-сурет). Ол үшін бағаналардың ішкі қырларынан кран асты жолының осіне дейінгі жобалық 
өлшемін салады, ал олардың арасы өлшенуі керек. I жəне III нүктелеріне ретімен теодолит орнатып, II жəне IV дүрбіні бағыттап, барлық консольдардың тірек жазықтығына

осьтерін шығарады да, а1 , а3 ,..., b1 , b2 нүктелерін белгілейді. Əрі қарай қатар нүктелерден бағаналардың ішкі қырынан d кесін ділерін өлшейді (157 ə-сурет). Өлшеу нəтижелерін əр бағанаға бояумен жазып қояды.

Биіктік бойынша алдын ала балкаларды жатқызу үшін консольдердің тірек жазықтықтарын нивелирлеудегі берілімдерін жəне бағаналардағы ойық-сызықтардың нөлдік биіктіктерін пайдаланады. Консольдердің жəне бағана төбелерінің есептелінген биіктіктері арқылы ірі масштабта профилін салады да, сол арқылы кран асты темір жолының орташа жазықтықта орналасу деңгейін белгілейді. Орташа деңгей арқылы конструкция құрылымының астына салатын жалбыздың қалыңдығын анықтайды. Кран асты балкаларын түзету, негізгі бағана каркасын салып болған соң жүргізіледі. Балкалардың біиіктік бойынша орналасуын тексеру үшін бағананың төменгі қырындағы ойық-сызықтың биіктік шамаларын пайдаланады. Осы ойық – сызықтан болат таспамен, кран асты жолының рельс басынан 0,3 – 0,5 м жоғары, биіктік шамасын бағана үстіне 0,5 немесе 1 м дейін дөңгелектеп шығарады. Əрі қарай нивелирді орнатататын орын іздейді, ол кран асты балкаларының деңгейінен жоғарырақ жəне кран асты жолының жобамен ортасында болуы керек. Егер кран асты балкаларының қатары бір шама ұзын болса (200 м жоғары), онда нивелирлеу үшін бірнеше тұрақ жасайды. Нивелирді орнату үшін арнаулы орын (тиянақ) жасайды, яғни нивелир тиянағы нивелирлеушінің тұрған орнынан бөлек болуы керек. Нивелирлеу үшін қысқартылған екі жақты рейкалар қолданылады, оларды консоль жанындағы балканың үстіне орнатады. Сонымен бірге əр бағана қырына салынған ойықсызықты да нивелирлейді. Ойық-сызықтар арқылы салмалардың қалыңдығын тексеріп отырады. Кран асты балкаларын түзету нəтижесінде олардың бағана консольіндегі орналасу тəсімін, кран асты балкалардың үстінгі бетінің қабылданған шамасынан қанша ауытқығанын қоса жа зып отырады. Кран асты рельстерін монтаждауды қадалау. Кран асты балкаларын орнатып болған соң, кран асты рельстерін жобалық орнына жатқызады. Рельстің бір жағын теодолитпен қатаң түрде жатқызады да, екінші жағын рельсаралық қашықтығын сақтай отырып, өлшеп жатқызады. Көпірлік кранды рельс бойымен тексере отырып, өткізгеннен кейін ғана рельсті соңғы рет түзеп салады. Кранның дұрыс істеп тұру жағдайын қамтамасыз ету үшін кран асты рельстері түзу сызықты, пареллель, жазық жəне 273 бір жазықтықта жатуы керек. Бұл талаптарды орындау үшін рельс осьтерін қадалауды ұйымдастырады.
Айталық, АВ сызығы ғимарат ішіне құрылыс осьтерін қадалау кезінде бекітілген кран асты иінінің симметрия осі Алдымен көпірлік кран рельсінің осін, кран асты балкасына (Б) шығарады. Ол үшін АВ сызығына параллель l қашықтықта ab сызығын жүргізеді, мұнда ab сызығы арқылы өтетін тік жазықтық, кран асты балкасына бекітілген арматура кесіндісі үстіндегі a/ , b/ нүктелерін басып өтуі керек. d қашықтығына тең, қатар сызықты жоғарыға жеткенше шығарып, кран асты рельсі осінің жобалық орналасу жағдайын анықтайды. Рельстің екінші жағын кран жолының жобалық арақашықтығына тең етіп, өлшеп табады. Мұнда температураға, өз салмағынан созылуға түзету шамаларын есепке алып отыру керек.

Рельстердің түзу сызықтылығына. Кран асты рельстері осьтерінің арасын өлшеу тəсімі 18–589274 түбін (астын) ығыстыра қазып түзету арқылы қол жеткізеді. Түзетілген рельсті балкаға арнаулы конструкциялы құрсау арқылы бекітеді. Рельстің биіктігін, оның астына салынатын салманың қалыңдығын өзгерте отырып реттейді. Егер рельстер осінің арасындағы қашықтық өлшегіш жабдықтан артық болса, онда тіктеуіштің көмегімен атқаруға болады. Ол үшін рельс осінің бағытына перпендикуляр тақтайларды бекітеді де, олардың шет жағына а1 жəне а2 нүктелеріне ауыр тіктеуіш іледі. Тіктеуіштерді жазық тақтай деңгейінен төмен түсіріп, қою сұйық құйылған ыдыс ішіне түсіреді. А жəне В арақашықтығын өлшейді. Толық рельстер арасын өлшеу үшін d арақашықтығына миллиметрлік сызғышпен өлшенген, тіктеуіш жібінен кран асты балкаларына немесе рельстеріне дейінгі d1 жəне d2 кесінділерін қосады . Кран асты балкаларын, рельстерін соңғы рет түзетіп жəне монтаждап болған соң, кран жабдықтарын пландық жəне биіктік орналасу жағдайларының тəсімін жасайды да, монтаждау жұмыс тарын тапсыруға дайындайды. Тəсім үлгісі берілген. Фермаларды монтаждау кезіндегі қадалау жұмыстары. Негізгі жабу конструкциясы болып фермалар саналады, олардың жабу ұзындығы 12, 15, 18,...., 36 м болып келеді. Фермаларды үшбұрышты полигональды, параллель белдемелі етіп жасайды. Фермалардың ең көп тараған түрі – полигональды қаңқалы болып келеді. Фермаларды монтаждау жұмыстарын қадалау, бағаналар басына бағана қатарының осін салудан тұрады. Ол үшін бағаналардың бірінің үстіне теодолит орнатып, оны шеткі бағананың ортасына бағдарлайды да, осы ось сəулесін аралықтағы барлық бағана қатарының басына проекциялайды. Бағана үстіне ферманы орнатып болған соң, ферманың төменгі белдемесінің жазықтығын жəне ферма жазықтығының тіктігін тексеріп түзетеді. Ферманың төменгі белдемелік жазықтығын, ферманың түйіндік (жалғасқан) нүктелерін нивелирлеу, ал түзу сызықтығын тірек түйіндері арасына сым керу арқылы түзетеді. Төменгі белдеменің төмен ойысуы (стрела прогиба) ферма ұзындығының 1/1500 қатынасындай шамадан кем, бірақ 10 мм артпауы керек.

Ферма жазықтығының, сонымен бірге ортаңғы түйіндерінің тіктігін, яғни тік жазықтықтан ауытқуын тіктеуіш арқылы тек середі. Ферманың тік жағдайынан ауытқу шамасы, ферма биіктігінің 1/250 қатынасындай шамадан аспауы керек. Монтаждау жұмыстарының сапасы төменде келтірілген шектік шамаларды сақтауға байланысты. Кран асты балкалары жəне кран асты темір жолдары құрама темірбетондарының шектік шамалары: 
1. Іргелес бір қатардағы бағаналар үстіндегі кран асты рельстерінің айырмашылығы (l – бағаналардың аралық қашық тығы), 0.001 l, бірақ 10 мм көп емес; 
2. Кран асты балкалары осьтерінің, бағананың тірелген қадалау осінен ауытқуы ±5 мм; 
3. Бір иіндегі кран асты рельс осьтерінің аралық қашықтықтарының ауытқуы ±10 мм; 
4. Кран асты рельс осінің, кран асты балкалар осіне қарағандағы ауытқуы, ±15 мм; 
5. Екі іргелес бағаналар қатарындағы жəне екі көлденең қималық бағаналарының, кран асты балкаларының жоғарғы жақ биіктік шамаларының ауытқуы ±15 мм; 
6. Бір ғимарат тұсындағы кран асты рельс бастарының биіктік шамаларының ауытқуы: бір иінде, 15 мм; тіреулерде, 20 мм.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет