Байланысты: Омар Жұлдыз Күнделік Практика күнделік1 (копия) (копия) 2
Тапсырма: Қатты дәрілік препараттар өндірісімен танысу Қысқаша конспект: 1. Қатты дәрілік түрлер Қатты дәрілік қалыптар - қатты қасиетінің арқасында көлемі мен геометриялық формасы тұрақты болып табылатын дәрілік қалып түрі. Дәрілік қалыптардың қатты формасы қолданылуы мен сақтау ерекшелігі ыңғайлы, кең таралған дәрілік қалып.
Қатты дәрілік түрлерге: таблеткалар, драже, ұнтақтар, гранулалар, капсулалар, пилюлдер жатады.
Таблеткалар деп дәрілік зат пен қосымша заттарды нығыздау тәсілімен алынатын, ішке қолданылатын мөлшерге бөлінген қатты дәрілік түр. Олардың кейбір түрлерін сыртқа (алдын ала еріткеннен кейін) қолданады. Таблеткалар ыңғайлы дәрілік түр болып табылады: олар ұзақ мерзім сақталып, препараттардың жағымсыз дәмін жасыратын портативті қасиеті бар. Таблеткаларды фармацевтиалық өндірістерде арнайы машиналардың көмегімен дайындайды. Қосымша зат ретінде қант, крахмал, натрий гидрокарбонаты, натрий хлориді, какао, желатин ерітіндісі, су, спирт және т.б. қолданылады. Ұзақ мерзім сақталған таблеткаларды қабылдау алдында олардың ыдырағыштығын тексеру қажет.
Драже –дәрілік және қосымша заттарды қант түйіршіктерінде бірнеше қайталап қабаттау жолымен алынатын, ішке қолдануға арналған мөлшерленген қатты дәрілік түр. Дражені өндірістік әдіспен дайындайды. Қосымша заттар ретінде қант, крахмал, бидай ұны, какао, шоколад, тағамдық, лактар, бояғыштар және т.б. қолданылады. Драже массасы 1,0-нан артық болмауы қажет.
Гранулалар –фармацевтикалық өндірістерде өндірілетін дәрілік түр. Өндірістерде қосымша зат ретінде қант, шарап қышқылы, натрий гидрокарбонаты, крахмал, глюкоза, тальк, қант сиропы, тағамдық бояғыштар және тағы басқа заттар пайдаланылады. Иісі мен дәмі ащы, тітіркендіргіш әсері бар дәрілік заттар көбінесе гранула түрінде шығарылады.
Капсулалар ішуге арналған мөлшерленген ұнтақ, паста тәрізді, түйіршіктелген немесе сұйық дәрілік түрлерден тұратын қабықша. Капсула түрінде жағымсыз дәмі мен иісі бар немесе тітіркендіргіш әсері бар дәрілік препараттарды шығарады.